«Бастауыш мектеп жасында?ы о?ушыларды? ойлау ?абілеттері мен коммуникативті да?дыларын дамыту»


«Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативті дағдыларын дамыту»
Ақмурзиева Ботакөз
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Кіріспе бөлім
Зерттеу жұмысында көрсетілген мәселе: Еліміздің әлуметтік - экономикалық дамуының стратигиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көз қарасы мен шығармашылық әлуметінің таныидық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасауда. Бұл жайдағы мектептің мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жасап, толық қанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.
Ол үшін:
Білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлға бағытталуы;
Әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;
Оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетімен білімін толықтыруға үйрету керек.
Зерттеу орны:
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі - оқытудың нәтижесін болжап оқушыларың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп оны санасында терең зерделей отырып шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани ұмтылысын қалыптатыруды қажет етеді.
Мектептегі информатика пән саласындағы педагогикалық іс-әрекет.
Оқушылардың информатика пәніндегі компьютерлік жұмыстарды орындаудағы оқушының ойын дамыту, коммуникативтік дағдыларын дамыту, оқыту әдісі - ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру.
Өзіндік жұмыстардың мақсаты:
Оқушыларың алған білімін жүйелей білуге дағдырландыру, өзіндік ой-қорытынды жасай білуге дағдыландыру, шапшаң ойлау қаблетін дамыту оқушылардың алған білімдерінің деңгейін бағалау, терең білім негіздерін қалыптастыру, оқушыларды жеке жұмыс істей білуге үйрету, оқушылардың бойына жинақылық туғызу, дүние танымын кеңейту логикалық ойлау жүйесін дамыту, оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы негізі білімін жан жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы ролінің мәнін ашу.
Өз бетімен жұмыстың дидактикалық мақсаты:
Ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;
- интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық-жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту.
- Оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы
«Логика және алгоритм бағыты» және «Копьютер және ақпараттық технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минумумға орай қазіргі кезде информатика пәнін оқытудын әдістері күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарында информатика курсын оқытуыдың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады.
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізгі
Ойды логикалык түрде дамыту;
Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік
Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу. (8. 20-22 б )
Міндетері
- Оқушыны еркін ойлауға дағдыландыру;
- Нақты шешім қабылдай білуге үйрету;
- Ашық еркін сөйлеуге баулу;
- Саналы шешім қабылдауға үйрету;
- Өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру
- Екі түрлі пікірдің біреуін таңдауға дағдыландыру
- оқушылардың логикалық және алгоритімдік ойлау қабілетін жетілдіру;
- компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыру;
- оқушылардың комуникативтік тілдік ойлау қабілеті мен шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
- оқушылардың әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субьектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету;
- оқушыларда информатика аумағының негізгі ұғымдары мен білімдерін қалыптастыру;
- информатика аумағында біліктіліктер мен құзырлықтарды қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілікке баулу;
- немесе құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау. [15.23-24б]
Зерттеу әдістері:
Информатика сабағында оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан түрде жүргізіледі: практикалық жұмыстар, компьютерлік ойындар ойнау, сурет салып үйрету, деңгейлік жұмыстарды беру арқылы тапсырмалар орындау, оқулықтармен жұмыстар жасау, қосымша әдебиеттермен жұмыс жүргізу.
Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың коммуникативті ойлау қабілеттерін дамыту.
Педагогикалық тәжірибені іске асыру үшін басты негізделген болжамы:
Оқушыларды компьютер мен толық жұмыс жүргізе білуге үйрету. Білімді игеруге, оқи білуге тәрбиелеу білім беру үрдісінің негізінде айналса балалардың жан-жақты дамып, жетілдіруінің негізгі болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Дидактикалық білім, оқушының ұлттық дүниетанымын кеңейтудегі қызығушылықтың ролі туралы танымдық теориясы саласындағы оқушының шығармашылық зерттеу процесіндегі және педагогикалық процесті ұйымдастырудағы жүйелі, құрылымдық, тұлғалық, іс-әрекетік қатынастар, оқытудың шеберліктері саналады.
Ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері:
Теориялық білімді сыныпта беру;
Интерактивті тақтада баяндау;
Үйдегі өзіндік жұмыс (оқулықпен, ата-аналардың көмегі)
Сабақтан тыс факультативтік, компьютермен жұмыстар.
Актуалдылығы - бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативті дағдыларын дамытудың басты сипаттамасы – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Информатика пәнін жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына енгізделді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Зерттеудің обьектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту-тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс –әрекеті.
Зерттеудің тапсырмалары – оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативті дағдыларын дамытудың басты сипаты мен тиімділігіне көз жеткізу.
Әр пән бойынша оқу моделдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау.
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;
- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау;
- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Жаңашылдығы – болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап- тірліктерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңарту, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етудің, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
= 2 \* ROMAN II. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесін негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
= 21 \* ROMAN XXI ғасыр – жаңа технология мен ақпараттардың ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдыңызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр.
Ел болашағы – білімді ұрпақта. Бүгінде ақпараттық технология космостық пен жылдапдықпен дамуда десек те артық айтпаған болар едік. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру әрине күрделі дайындықты талап етеді. Ал осындай ақпараттық кеңістікке баланы ерте бастан дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр.
Оқушыларға әлемдік технологиялар арқылы әлемдік ақпараттар кеңестігіне шығу, жаңалықтарды меңгерту және өмір ағымына ілесе алатын, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін белсенді, білімді жеке тұлға даярлау міндетіміз.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:-ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;-информатика пәніне деген қызығушылығын тудыру;- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;-өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;-дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;- пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:-мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;-сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;- білім мен тәрбиенің бірізділігі;- сабақтың жүйелілігі;- әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;- әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;--оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;- үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
Соңғы уақытта информатика пәні қай сыныптан бастап оқыту дұрыс-деген сұрақтарға пікір-талас да аз емес. Міне, осының негізінде информатика пәнін бастауыш сыныптан (даярлық топтан) бастап оқыту практика жүзінде тиімділігін дәлелдеді. Балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет. Баланың психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері бойынша да есте сақтау қабілеті, қызығушылығы, ой-өрісінің дамуы, машықтылығы, танып білуге деген талпынысы, оқуға деген құлшынысы да дәл осы кезде (5-11жаста) өте жоғары болады.[6.6 б ]
«Информатика пәнінің» даму бағыттары:
Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістердің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістері жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
- ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
- әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдік нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатиканы оқыту бағыттары мен оқыту сапасын арттыруға қолданатын педагогикалық технологиялар арасындағы байланыстылықты сипаттайтын модель [1 сызба].
Информатика пәнінің базистік оқыту жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (2-5 сыныптар) – пропедевтикалық курс. Онда компьютермен алғашқы танысу түсінігімен таныстырылды, қарапайым компьютерлік жаттығу программалары мен дамытушы компьютерлік ойындарды беру арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үрдісі қарастырылады.
Екінші кезең (6-10сыныптар) - базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндеті (минимум) жалпы білімдік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгеруге сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызыметінде оны еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. «Информатика» пәнінің базалық мазмұны төмендегі матералдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпаратық үрдістер, компьютер мен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
Үшінші кезең (11-12 сыныптар) – информатика пәні бойынша жоғары сыныптардың көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді жалғастырады. [№109-10б]
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасында «кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіруге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болды» делінген болатын мектептің бастауыш сыныптарында.
«Ақпараттық мәдениет негіздерін» оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сол себепті де осы пәнді 1-сыныптан бастап компьютерді оқыту процесіне енгізу арқылы білім сапасын арттырады деп ойлаймын.
«Информатика» оқу бағдарламасы – бұл оқушылардың ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын меңгеруге негізделген ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды өмірге күнделікті практикалық қызметтерге және осы тұрғыдан білімін жалғастыруға «Информатика» пәнінің мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуді іске асырудың дидактикалық негіздері
Информатиканы оқыту мазмұнын оқушылардың информатика бойынша білімдердің қажатті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар нақты ақпараттық технологиялар құралдарына сәйкес инварианттыы болу керек. [50-52]
Оқу барысында «ақпараттық процестер» ұғымының қалыптасуы, дамуы және жалпылынуы қажет. Сонымен, ақпараттық процестердің түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестерді қарастыруға келеді. Бұл ақпараттық процестер компьютердің функционалдық құрылғыларын оқытуда өте қажет. Ақпараттық процестерді автоматтандыру мүмкіндіктері үшін (жасанды ақпараттық процесстерден табиғи процесстерге өту) ақпаратты өңдеуінің бірегей түрге (санау жүйелері) келтіру, компьютермен ақпаратты өңдеудің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың неғұрлым күрделі іс-әрекеттерді: алгоритмдеу және модельдеу процестері қарастырылады. «Ақпараттық процестер» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, мәтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау және өңдеу ерекшеліктерін, сонымен қатар ақпараттық, телекоммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын оқыту барысында іске асырылады. Нәтижесінже ақпараттық процесстердің әлуметтік аспектілері қарастырылады.[№6.36б]
Анықталған негізгі ұғымдар материалды ғылыми, біртұтас және белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашуға, олардың нақты фактілерден және шынайы құбылыстарда ашуға мүмкіндік береді.
Пән бойынша оқу жүктемесі
ҚР МЖС ЖОБ базистік оқу жоспарына сәйкес информатикадан аптасына бөлінген сағаттар санының көлемі:
1-4 сыныптардан аптасына 1сағаттан, жалпы оқу жылында 136 сағат соның ішінде:
сыныпта –аптасына 1сағат,оқу жылында 64сағат;
сыныпта-аптасына 1сағат, оқу жылында 34сағат;
сыныпта-аптасына 1сағат,оқу жылынжа 34сағат:
сыныпта-аптасына 1сағат,оқу жылында 34сағат.
Бұл пән информатиканың базалық түсініктерін игеруге, балалардың жүйелік, логикалық және обьектіге бағыталған ойлау қабілетін жетілдіруге; дүниенің ақпараттық бейнесін дұрыс түсінуге көмектесетін коммуникативтік тілді қалыптастыруға бағытталған деп айтуға негіз бар.
Аталған пәнді оқып-үйрену келесі біліктіліктердің одан әрі дамуына ықпал етеді:
- ақпараттық жүйелі түрде талдау;
- әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу;
- өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу;
- модельдеу;
- болжау;
- өзіндік және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
Сонымен қатар жоғары сыныпта информатиканы оқытудың пән аралық байланысы өте зор. Компьютерде жұмыс істеуді игеру барысында балалар қазақ, орыс, ағылшын тілінде мәтін тереді, қатемен жұмыстар жүргізеді, сурет салады, арифметикалық өрнектерге, сөз есептерге алгоритм құрайды, дыбыспен жұмыс істейді. Демек информатика пәні: математика, ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, ән-күй сабақтарымен байланысты өткіледі.
Жаңа технология бойынша балаларға компьютерді жетік үйрету жолдарының бірі сабақта электрондық оқулықтарды кеңінен қолдану болып табылады.
Электронды оқулықтарды қолданудың тиімділігі мен жетістіктері:
-білімді игерудегі барлық материалдың сан алуан түрілігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер, сурет-сызбалар, диаграммалар тағыда басқалар болып табылады;
- тапсырмалардың әр түрлілігі;
- коммуникативтік дағдыларын дамыту мүмкіндігі;
- игерген жаңа білімді өз бетімен бекітіп, қорытындылауы;
- орта және жоғары буынға барғанда электронды оқулықтар мен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі.
Сонымен қатар оқушылардың білім-білік деңгейін анықтайтын негізгі әдістер:
- тестік жұмыстар;
- өзіндік жұмыстар;
- бақылау жұмыстары;
- практикалық тапсырмалар;
- лабороториялық жұмыстар;
Міне оындай жұмыстар негізінде коммуникативтік дағдылары бастауыш сыныптан дамыған оқушылар ортаңғы, жоғары буынға барғанда информатика пәні еш қиындықсыз қарсы алады, еш нәрседен қамықпайды, жаңа техниканы игеруге қалыптасқан, техникалық терминдерді сауатты әрі батыл қолданатын оқушы болады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, есте сақтау қабілеті мықты, қызығушылығы әрі машықтылығы жақсы дәрежеде жетілген оқушы дайындалып шықса, онда информатика пәнінің бастауыш сыныптан енгізілуінің дұрыстылығына еш күмән келмес еді. [информатика оқу бағдарлама 1-4 сыныптар.[1-5б]
Сынып бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар
1-сынып оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпарат ұғымы мен оның көптүрлілігің;
- ақпараттарды тасымалдаушыларды;
- ақпараттық процестерді (ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау);
- компьютердің негізгі бөліктерінің мәнін,
- компьютермен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігінің ережелерін;
- адам қызыметінің түрлі салаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктерін;
- әрекет ұғымын;
- әрекеттің негізгі тізбектерін(сызықтық,тармақталу,қайталау);
- мәтіндік және графикті редактордың мәні мен негізгі мүмкіндіктерін;
Нені үйрену керек?
- ақпарат және ақпраттық процесстерге мысалдар келтіре білуді;
- ақпаратты тасымалдаушыларға мысаодар келтіре білуді;
- әрекеттерге мысалдар келтіре білуді;
- сурет салудан «бояуды» және «қылқаламды» қолдана білуді;
- қарапайым мәтіндерді теру, өңдеу және пішімдеуде мәтіндік редакторды қолдана білу
2-сынып оқушылардың білім мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпараттарды түрлендіру формаларын;
- ақпараттарды кодтау тәсілдерін;
- адам қызметінің түрлі салаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктерін;
- алгоритм үғымы мен орындаушының анықтамасын;
- тізбектер ұғымын мен орындаушының командалар жүйесін;
- сандық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу тәсілдері мен оның мәнін біледі.
Нені үйрену керек?
- ережелер бойынша ақпараттарды түрлендіруді:
- калькулятор режимінже жұмыс жасауды;
- пернетақталарды қолдануды (пернетақтадан қазақ, орыс, ағылшын әріптерін, кішкентай бас әріптерді, цифрларды және арнайы символдарды енгізуді)
- орындаушының командалар жүйесі арқылы алгоритмдерді сипаттауды;
- компьютерде дыбыстық және сандық ақпараттарды өңдеуді;
- жергілікті желі бойынша ақпараттар жіберуді және қабылдауды үйренеді.
3-сынып оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпарат ұғымы мен оның көптүрлілігін;
- ақпараттарды тасымалдаушыларды;
- ақпараттық процестерді (ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау);
- компьютердің негізгі бөліктерінің мәнін;
- компьютермен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігінің ережелерін;
- адам қызыметінің түрлі салаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктерін;
- әрекет ұғымын;
- әрекеттің негізгі тізбектерін (сызықтық, тармақталу, қайталау);
- мәтіндік және графиктік редактордың мәні мен негізгі мүмкіндіктерін;
Нені үйрену керек?
- ақпарат және ақпараттық процесстерге мысалдар келтіре білуді;
- ақпаратты тасмалдаушыларға мысалдар келтіре білуді;
- әрекеттерге мысалдар келтіре білуді;
- сурет салуда «бояуды» және «қылқаламды» қолдана білуді;
- қарапайым мәтіндерді теру, өңдеу және пішімдеуде мәтіндік редакторды қолдана білу
2-сынып оқушыларының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпараттарды түрлендіру формаларын;
- ақпараттарды кодтау тәсілдерін;
- адам қызыметінің түрлі салалаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктерін;
- алгоритм ұғымы мен орындаушының анықтамасын;
- тізбектер ұғымы мен орындаушының командалар жүйесін;
- сандық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу тәсілдері мен оның мәнін біледі.
Нені үйрену керек?
- ережелер бойынша ақпараттарды түрлендіруді;
- калькулятор режимінде жұмыс жасауды;
- пернетақталарды қолдануды (пернетақтадан қазақ, орыс, ағылшын әріптерін, кішкентай және бас әріптерді, цифрларды және арнайы символдарды енгізуді);
- компьютерде дыбыстық және сандық ақпараттарды өңдеуді;
- жергілікті желі бойынша ақпараттар жіберуді және қабылдауды үйренеді.
3-сынып оқушыларының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпарат ұғымы мен оның көптүрлілігін;
- ақпараттарды тасымалдаушыларды;
- ақпараттық процестерді (ақпаратты жіберу, өңдеу, сақтау);
- компьютердің негізгі бөліктерінің мәнін;
- компьютермен жұмыс жасауда техника қауіпсіздігінің ережелерін;
- адам қызметінің түрлі салаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктері;
- әрекет ұғымын;
- әрекеттің негізгі тізбектерін (сызықтық, тармақталу, қайталау);
- мәтіндік және графиктік редактордың мәні мен негізгі мүмкіндіктерін;
- компьютерде ақпараттарды түрлендіру формаларын;
- интерактивтік тақта түсінігін;
- интерактивтік тақта құралдарының мәні;
- флипчарт түсінігін;
- интерактивтік файлдарды ашу және құруды біледі.
Нені үйрену керек?
- ақпарат және ақпараттық процесстерге мысалдар келтіре білуді;
- ақпаратты тасымалдаушыларға мысалдар кетіре білуді;
- әрекеттерге мысалдар келтіре білуді;
- сурет салуда «бояуды» және «қылқаламды» қолдана білуді;
- қарапайым мәтіндерді теру, өңдеу және пішімдеуде мәтіндік редакторды қолдана білуді;
- әртүрлі тәсілдермен флипчартты құруды үйренеді.
4-сынып оқушыларының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Нені білу керек?
- ақпараттарды түрлендіру формаларын;
- ақпараттарды кодтау тәсілдерін;
- адам қызыметінің түрлі салаларында компьютердің ролі мен мүмкіндіктерін;
- алгоритм ұғымы мен орындаушының анықтамасын;
- тізбектер ұғымы мен орындаушының командалар жүйесін;
- сандық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу тәсілдері мен оның мәнін біледі.
Нені үйрену керек?
- ережелер бойынша ақпараттарды түрлендіруді;
- кальулятор режимінде жұмыс жасауды;
- пернетақталарды қолдануды (пернетақтадан қазақ, орыс, ағылшын әріптерін, кішкентай және бас әріптерді, цифрларды және арнайы символдарды енгізуді);
- орындаушының командалар жүйесі арқылы алгоритмдерді сипаттауды;
- компьютерде дыбыстық және сандық ақпараттарды өңдеуді;
- жергілікті желі бойынша ақпараттар жіберуді және қабылдауды үйренеді. [ИНФОРМАТИКА оқу бағдарлама 1-4сыныптар.]
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттық алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпарттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
Оқу материалының практикалық жұмыстары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен бағалау, болжау, түсіндіру, сипаттау, анықтау, атау және көрсету біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Яғни жеке курс шеңберінде күтілетін нәтижелерге жетуге жағдай жасайды. Мұнда курстан курсқа өткенде бағалау мен болжамға берілетін тапсырмалардың саны ұлғая береді, ал соңғы кезеңінде мұндай типті практикалық жұмыстардың сандық үлесі үстем болады..[№4.31б]
Практикалық жұмыс жүйесі оқушының негізгі теориялар мен біліктілерді,процестер мен құбылыстарды, ақпарат туралы білімдерін информатиканың ғылыми тұрғыда берілетін информатика курсының мазмұнымен үйлестіре білуге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы информатика бойынша әсіресе ақпараттық процесстер, құбылыстарды оқытуда және информатикадағы пәнаралық байланыс білім мазмұнын тереңдетуге көмектеседі. Информатиканы оқу жүйесінің маңызды құраушысы оқушылардың оқу үдерісін түйсінуінің қажеттілігі болып табылады.
Тұлғаға бағдарланған білім берудің негізі Информатика пәнін оқытуды сапасын дамыту болып табылады.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін, комуникативтік дағдыларын қалыптасуда, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды.[№8 15-16б]
12 жылдық білім беруге көшу жағдайда информатика пәнін бастауыш сыныптан енізген білім стандарты бар. Онда былай делінген:
Бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді деп ойлаймын. Өйткені компьютерді үйрену кезіндегі мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекетің алгоритмін құру сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу және математика пәндерімен сабақтастырылады.
Сабақта қоданылатын оқытудың жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға және пәнге деген қызығушылығын ізденпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіруге өзіндік дамуына мүмкіндік береді. Сабақты түрлендіріп өткізудің маңызы өте зор.
Сабақта әртүрлі ойын элементтерін пайдалану – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, олардың өздеріне деген сенімдерін қалыптастырады. [3.2009ж.6-7бет] Сондықтан біз өз мектебімізде 2006 – 2007 оқу жылында 3-сыныптан бастап енгізіледі. Мектепте ақпараттану пәнін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.
1-сынып - ақпарат, обьект, тізбектер туралы оқушылардың оқушылардың танымдарын қалыптастырып, олардың деңгейлеріне төмендегідей талаптар қойылады:
- ақпарат ұғымы, түрін өлшем бірліктерін;
- жаратылыстану, математика пәндерімен байланысын;
- салыстыру, компьютермен танысу, фигура, әрекеттер, тізбектер туралы мәліметтерді білім танысады.
2-сынып - терістеу, ақиқат пен жалған, тұжырымдар, тағыда басқа логикалық ұғымдар туралы түсініктері қалыптасады. Сонымен қатар компьютер туралы алғашқы мағлұматтар, компьютер құрылымы, құрамы туралы түсінік, графикалық редектор туралы алғашқы-«Бүріккіш», «Қылқалам», «Сызық», «Шашыратқыш» құралдарының жұмыс жасау принциптері туралы, ақпарат, ақпарат түрлері (есте сақтау, беру, алу) ақпараттарды кодтау, ақпарат көзі туралы мағұлматтар беріледі.
1-сынып нысандар жиыны, графтар, кординаталық жазықтық, ақпаратты кодтау, компьютер жады, «Paint» графикалық редакторы, екілік код, туралы түсінік береді. Бұл сыныпта оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Олар өз беттерінше суреттер салып, сақтап, көшіру қиып алу сияқты жұмыстар жасайды.
сынып-жиымдар, алгоритмдер, робот, компьютерлік желілер туралы түсінік қалыптасады.Оқушылардың өздігінен оқуға үйрену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуына талдау жасау,алған білімін практикада қолдана білуге үйрету.Оқушыларға алгоритмдер, тармақталу алгоритмі, циклдік алгоримдертуралы мағұлматтар беріледі.Оқушыларға алгоритмдер, олардың түрлері,сызықтық алгоритм, тармақталу алгоритм, циклдік алгоритмдер туралы мағұлматтар беріледі [.№3.2009ж.6-7бет]
Сабақтың тақырыбы:Ақпаратты кодтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларға ақпаратты кодтаудың негізгі тәсілдерін түсіндіре отырып, жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы:Оқушылардың ойлау қабілетінжәне есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қайталау
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,үлестірмелі қағаздар
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.ІІ. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталап өту:ІІІ. Қайталау сабақ:Код кесте.Алфавитте әрбір әріптің өзіндік номері бар.
А Ә Б В Г Ғ Д Е Ë Ж З И Й К Қ Л М
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш
18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34
Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я
35 36 37 38 39 40 41 42
І.Сұрақтан мен тапсырмалар
1.Компьютер сыныбына қандай ережені сақтап кіреміз?
2.Ақпарат дегеніміз не?
3.Ақпаратпен не істеуге болады?
4.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? 5.Тышқанда нешебатырма бар?6.Компьютердің алдында қандай арақашықтықта отыру керек?7.Ақпарат дегеніміз не?8.Ақпараттыпен не істеуге болады?
9.Кодтық кестеде неше нөмер бар?
10.Кодтық кестеде неше әріп бар?
ІІ.Ақпаратты кодтау тақырыбына шыршаны ойыншықтармен безендіру арқылы сұрақтар мен тапсырмалардыорындаймыз.
Оқушыларға ойыншықтарға жазылған сұрақтар мен тапсырмаларды орындап оны шыршаға ілуі тиіс.
1.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
1 42 11 Аяз
1 25 1 Ата
1 15 34 1 15 1 23 Ақшақар
2.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
3 38 11 7 38 19 Біздің
17 8 14 25 8 3 38 17 38 11 Мектебіміз
34 25 823 14 38 18 20 4 Ш Т Еркінов
1 25 37 18 7 1 6 37 атындағы
20 23 25 1 орта
17 8 14 25 8 3 38 мектебі
3.Код кестесі арқылы жұмбақталған сөздерді тап.
10 1 19 1 10 37 16 Жаңа жыл
17 8 23 8 14 8 24 38 Мерекесі
15 27 25 25 37 Құтты
3 20 16 24 37 18 болсын
ІІІ. Суреттегі жемістерді Код кестесі арқылы номерлеу
Қарбыз----------------------------------------
Апельсин------------------------
Алма----------------
Шие---------------------------------------
Алмұрт---------------------------------
Бақлажан----------------------


Жүзім-------------------
Сәбіз----------------------------
Қияр------------------------------
Жуа--------------------------------------
Ванан-----------------------------
Қырыққабат------------------------------
ІV.Сергіту сәті
Оқушылар музыка арқылы қимылжасайды.
6-тапсырмаКод кестесі бойынша төмендегі кодталған сөздерді тап
Қандай сөздер құрастыруға болады?
Тақтаға көптеген жасырылған сөздер шығады.
V.Бекіту
Код кестесін пайдаланып,графикалық редактордың құралдарын кодтар арқылы жаз.
Сызық- 24,37,11,37,15
Бүккіш- 3,28,23,38,14,14,38,34
Қарындаш-15,1,23,37,18,7,1,34
Эллипс-40,16,16,12,22,24
Тіктөртбұрыш-25,38,25,21,23,25,3,27,23,37,34
VІ.Үйге тапсырма
Код кестесінің көмегімен келесі сөздерді кодтар арқылы жаз.
Мысалы:
Атың:Ботакөз-3,2025,1,14,21,11
Фамилияң:Ақмурзиева-1,15,17,26,23,11,12,8,4,1
Қалаң:Жасқайрат-10,1,24,15,1,13,23,1,25
Елің:Қазақстан-15,1,11,1,15,24,25,1,18
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.
Дамытушылығы. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар,интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Оқу-құралдарын түгендеу
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру
Көлденеңнен:
Ереже бойынша ол 103тен 104ке дейінгі пернеден тұрады.
Тігінен:
1.Компьютердің басып шығару құрылғсы
2.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы:
3.Компьбтердің миы
4.Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
5.Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы
6.Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған манипулятор
7.Процессор басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны...
8.Information сөзінің аудармасы
9.Апараттың өлшем бірлігі
10.Тышқанның басқаша атауы
Компьютер құрылғыларының аттарын толықтыр:
1024890228600монитор
00монитор
1186815847725пернетақта
00пернетақта
3234055666750тышқан
00тышқан
3110865161290Жүйелік блок
00Жүйелік блок

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады?
2. Компьютер деген не?
3. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?
4. Монитордың қызметі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
3. Символдық пернелер - алфавиттi цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез - келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
1. F1, F2 - F12 дейін басқаруға арналған функцияналды пернелер.
2. ←↑→↓ – курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту.
3. Enter /ентер/- бір жолдан екінші жолға түсу үшін енгізу пернесі.
4. Backspace /баспайс/- пернесі курсурдың алдындағы қатені өшіреді.
5. Delete /делете/- пернесі курсордың артындағы қатені өшіреді.
6. Tab (Тап)- пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің кеоесі бағанасына жылжытады.
7. Caps Lock (Капс лок)- пернесінің негізгі режимі кіші әріпті енгізу, қосымша режимі бас әріпті енгізу.
8. Num Lock (Нам лок)- пернелік тақтаның қосымша бөлігін іске қосу үшін қажет.
9. Ctrl, Shift, Alt (ктрел, шифт, алт)- регистрлік пернелер, тек басқа пернелермен ғана бірігіп қызмет атқарады. Мысалы: Shift пернесімен кез келген әріпті бір мезгілде бассаңыз онда ол әріп бас әріп болып түседі.
10. Shift - a - А бас әріпін енгізу
11. Пробел - босорын пернесі.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.
Практикум:
Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:
1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы
2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:_______________________________________________________
3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter -
Esc -
Delete -
Alt –
Ctrl –
CapsLock –
Shift –
NumLock –
ІV. Үйге тапсырма:
«Пернетақта. Пернелер тобы.» тақырыптарын оқып келу.
V. Қорытындылау:
1. Сонымен оқушылар пернетақта не үшін қажет?
2. Пернетақта пернелері орналасу ретіне қарай неше бөлікке бөлінеді?
Оқушыларды бағалау
= 3 \* ROMAN III.Қорытынды
Қорытындылап марапаттау.
Қорыта келгенде,осындай жұмыс түрлерін жүргізе отырып,жаңа технология үрдісімен оқытқанда информатика негіздерін оқыту арқылы бастауыш мектеп жасындағы тұлғалардың ойша ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдылары дамытып, жеке дара ерекшеліктері ескеріліп, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік болар еді.[№2 24-25бет]
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп,Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру долында ақпараттақ технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тимділігін арттырудың маңызы зор. Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешу де байланысты. Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналы-«ғаламдасу» үрдісі жүріп жатқан,әр түрлі байланыс жүйелері сол дененің нерв, қан тамырлары рөліне айналған мына заманда интернет жүйесін меңгермеген ел ерте ме,кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Осы ойтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, дербес компьютерді қолдау негізінде кез-келген бағдарламаны меңгерту оқу сапасын арттырып,білім беруді ақпараттандыруды жүйелі түрде іске асырады деуге болады.[№9 9-10]
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет»-деп елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудуң маңызы зор.
[№12 27бет]
Менің еңбек жолын бастағанан бергі жетістіктерім. Әр түрлі деңгейдегі байқаулар нәтижесі.
2012-2013 Мектепішілік «Жас мамандарды кәсіби қалыптастырудың жаңаша жолдары» атты семинарына қатысып «Алғыс хат» иелендім.
2013-2014 Мектепішілік «Үздік құжаттар» тақырыбындағы көрме байқауына қатысып «Алғыс хат» иелендім.
Мектепішілік Жас мамандар мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Мектептегі Жас педагог күні» тақырыбындағы тәжірибе алмасу семинарына қатысып «Алғыс хат» иелендім.
Баланы заман талабына бейімдеп шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Ойымды қорыта келе, өз жұмыстарыма талдай жасай отырып, мынадай ұсыныстарды ұсынамын:
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибелерінен жинақтар шықса;
Пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында семинар сабақтар жиі ұйымдастырылса;
Аты- жөні: Ақмурзиева Ботакөз Сембайқызы
Жұмыс орны: Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі
Мамандығы: информатика
Санаты:
1445895160655Білім беру ақпараттандыру жағдайында информатика оқыту бағыттары
00Білім беру ақпараттандыру жағдайында информатика оқыту бағыттары

221932563500Мектеп типтері
Мектеп типтері
352044060325144208560325
370967093980Кәсіптік оқыту
Кәсіптік оқыту
221869019055-10 сыныптар
005-10 сыныптар
99060850902-4 сыныптар
2-4 сыныптар

Ұсыныс:
Информатика пәнінен бастауыш сынып оқушыларына компьютерлік сынып ашылып,жаңа ақпараттық технологиямен қамтамсыз етілсе.
Бастауыш сынып бойынша информатика пәнінен оқу әдістемелік көмек пен толықтырылса.
Пайдаланған әдебиеттер
Информатика негіздері №4 2006ж
Ақпараттық мәдениет негіздері 4 сынып 2004ж
Ақпараттық мәдениет негіздері 3 сынып 2004ж
Б.Басарсенова А Бастауыш мектеп №4 2007ж
Д.Қуанова А Бастауыш мектеп №5 2005ж
Информатика негіздері №6 2005ж
Жаңа информациялық технологиялар 2005ж
Информатика негіздері №6 2008ж
Информатикадан тестік тапсырмалар жинағы (әдістемелік құрал) Алматы 2006ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы Информатика оқу бағдарламасы. Оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер (1-4 сыныптар)
Информатика негіздері №1 2007 ж
Информатика негіздері №3 2006 ж
Информатика негіздері №2 2009 ж
С. Сағындықов Бастауыш мектеп №5 2004 ж
Информатика негіздері №4 2007 ж
Т. Түгелбаева Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №9 2006 ж
Информатика негіздері №3 2010
4. Жұмабаев М.Педагогика.Алматы,Рауан,1993. 250б.
Булекбасова Б. «Инновациялық технология», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б.
Малахова Е. Болон процесі. «Басты мәселелер туралы», 2008 ж. 150 б.