Диалог ж?не монолог ар?ылы о?ушыларды? с?йлеу ж?не ойлау ?абілетін арттыру?а арнал?ан м?тіндер жина?ы
«Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Диалог және монолог арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау қабілетін арттыруға арналған мәтіндер жинағы
Құрастырған : қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Баймухамбетова Аида Амантайқызы
Мектеп оқушыларына қазақ тілін оқытудағы мақсат- оқушыларға диалог және монолог арқылы тіл үйрету, яғни қазақ тілінде біршама сөйлей білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Мәтіндер жиынтығының мақсаты:оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытындысын жасауға үйрету.
Тауық, тышқан және құр.
Ерте заманда тауық, тышқан, құр-үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:
-Дән таптым!-деп айқалапты.
-Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?-депті тауық.
-Мен апара алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де апара алмаймын,-депті құр.
Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.
Тауық:
-Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?-депті.
-Мен апара алмаймын,-депті тышқан
-Мен де апара алмаймын,-депті құр.
-Мен,-деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.
-Мен де жеймін,-деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.
Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.
-Кім қамыр илейді?-деп сұрапты тауық.
-Мен илей алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де илей алмаймын,-депті құр.Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:
-Кім от жағады?-деп сұрапты.
-Мен жаға алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де жаға алмаймын,-депті құр.Отты да тауық өзі жағыпты.
-Пешке нанды кім салады?-деп сұрапты тауық.
-Мен сала алмаймын,-депті тышқан.
-Мен де сала алмаймын.,-депті құр.Нанды да тауықтың өзі салыпты.
-Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.
Тауық нанды алып қойыпты да:
-Мұны кім жейді?-деп сұрапты.
Тапсырма:
1.Мәтін кімдер туралы?
2. Ой қозғау. Нан туралы не білесің?
нан
Түске алданғандар.
Үш аңшы ауға шығыпты.Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты.Аңшылар әбден шаршап,бір өзеннің жағасына келіп түнейді.Үйректі пісіреді.Үйрек піскен соң, бір аңшы:
-Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз,сондықтан біреуіміз ғана жейік,-депті.
-Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
-Кім жақсы түс көрсе,үйректі сол жесің,-депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып,үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды.Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
-Қандай түс көрдіңдер?-деп сұрайды.
-Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін,патша болыппын.,-дейді
-Мен жұмаққа кіріппін,жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,-депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
-Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым.Бірің патша болған соң,енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,-депті.
1.Тапсырма орындау
1.а) Аңшылар нешеу?
ә) Қандай құс аулады?
б) Түс дегеніміз не?
в) Аңшы қандай қулық жасады?
2. Көнерген сөздерді тап.
3. Топтастыру
аңшы
Қойылатын сұрақтар:
«Дос» ұғымын қалай түсінесің?
Досыңның басына қиындық түскенде көмек бердің бе?
Достарың көп пе?
Осыдан соң оқушылардың арасында «дос» туралы ұғымға талас пікірлер туады. Әркім өздерінің достары туралы ой-пікірлерін айтады. Сонымен қатар балалар достық, достықтың мәнін, маңыздылығын түсінеді.
Соңында оқушыларға «Менің досым» деген тақырыпқа шағын эссе жазу тапсырылады.
«Дос» ұғымына топтастыру әдісін жасайық.
Сырыңды айтасың
ДОС
Басына қиындық
Адал дос болады түскенде көмек бересің.
«Менің досым»
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
Апасы Ырысбектің қолына екі алма ұстатты.
– Досқа бергенің босқа бергенің емес. Дұрыс істегенсің. Мына алманың біреуін өзің же де, біреуін досыңа бер.
– Апа, менің досым жалғыз емес.
– Ендеше қанша?
– Бесеу.
– Олар кімдер?
– Антон, Ғаниден, Әпсалам, Бауыржан, Вова...
Шешесі бес алма берді.
Ырысбек алмаларды алып, үйден шықты
Қожанасыр.
Бір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:
-Қожаке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:
-Же,шапаным ,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп:
-Сіз не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді.
Сонда Қожа:
-Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті.
1.Зат есімдерді теріп жазу.
жалқы жалпы
2.Қожанасырға мінездеме жазып көр.
ақылды
Қожанасыр
3. Сөздікпен жұмыс.
Той-
Киім-
Үй иесі-
Шапан-
Төр-
2. (топтастыру әдісін жасаймыз).
Нанды қастерлеу керек. Ұннан жасалады.
НАН
Тоқаш Жерге тастауға болмайды
Сонда нан бола ма?
Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші.
Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен.Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.
Ертегінің мазмұнын мұғалім түсіндірді. Сұрақ-жауаптар қойылды.
а) Мәтін кім туралы? (Егінші мен қасқыр)
ә) Екеуі не туралы сөйлесіп отыр? (Нан туралы)
б) Қасқырдың қандай екенін байқадыңдар? (Шыдамсыз).
Әр қатар кезектестіріп оқушыларға рөлге бөліп оқытады.
1. Ертегінің ерекшелігі неде?(Адам мен аңның әңгімелесуі. Адамның қиялынан туындайды).
2. Нанның қалай дайын болғанын баяндап бер.
1.Ой қозғау.
Балалар, нан қалай жасалады?
Ұннан.
Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
Таба нан, бөлке нан, тоқаш т.б.
Қане, балалар нан ұғымын қалай түсінесіңдер?
Ақселеу.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты.Оның біреуі-Ақселеу де, екіншісі-Абыз.Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
-Ақселеу,қаш,әне,ит келіп қалды!-деп,Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
-Мен қаш дегенде неге қашпадың?Қашсаң,сен де аман қалатын едің,-деді.
-Мен қашсам, денсаулығын жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-деді Ақселеу.
-Ақселеу бала да болса, азамат екен!-деді екеуінің әңгімесін тындап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
Тапсырма.
Мәтін не туралы?
Достық ұғымын қалай түсінесің?
Екі баланың аты кім?
Олар неден қорықты?
Ақселеу қандай ерлік көрсетті?
2. Сын есімдерді тап.Тапқан сын есімдерді пайдалана отырып , Ақселеуге мінездеме беру.
Ақселеу
Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...
Содан соң нан бола ма?
Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.
Содан соң нанды жеуге бола ма?
Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек.Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...
Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.
Сонда жеуге бола ма?
Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
Егінші мен қасқыр
Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
Нан.
Маған да наныңнан берші!
Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Егінші қасқырға:
Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.
Содан соң нан бола ма?
Құлын.
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді.Оны ана ағашқа байлап қойды.Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі-ақ.Жанына жақындауға қорықтым.Біраздан кейін тәуекл еттім.Құлын менен үркіп ,біраз жерге ұзап барып,қарап тұрды.Қайта келіп,есік алдындағы шелекті иіскелей бастады.”Жануар-ай, шөлдеген екенсің ғой”деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым.Құлын жасқана басып суға жақындады.Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп,пысқырынып шегінді.Суды азайтып ағыздым.Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті.Осылайша екеуіміз достасып кеттік.Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.
1)тапсырма
1. Құлын ненің баласы? (жылқының)
2.Жылқының пірін қалай атайды?
3.Құлын әңгімесінде не суреттеледі?
2) Жинақтау. Мәтіндегі тірек сөздермен жұмыс.
Құлын
Бие
Ағаш
Су
Көше
Достасу
3) Сөздік аудармасын жаз.
Ата-
Бие-
Құлын-
Су-
Сырт киім Бас киім Аяқ киім.
Көйлек,тымақ,жейде, етік, туфли,белдемше,тон,бәтенке,бөрік, пальто,шалбар,костюм,орамал, свитер,қалпақ,күртке,кофта,қамзол.
2. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және олардың антонимін табыңыз.
Черный, дешевый, принести, да. большой, хороший,ночь,тонкий, низкий, продать, покупатель, новый, дать.
3. Сатушы мен сатып алушы арасында сөйлесулер құраңыз.
Ұлттық киім.
Мәтінге 5-6 сұрақ құрастыр.
Ерлердің киімдері: жейде,шалбар,қамзол,ішік,тон. Ерлердің бас киімінің түрлері көп: қалпақ, тымақ,бөрік,малақай,т.б.
Әйелдердің ұлттық киімдері ерекше болады.Олардың киімдері әсем өрнектермен оюланып тігіледі.Көйлектердің сыртынан алтын жіппен,асыл тастармен әшекейлеген қамзол киіледі.Үйлену тойына киілетін сәукеле қымбат тастармен,күміс,маржанмен әшекеленеді.Бұны жасаушылар бір жыл еңбектенген,көп қаржы жұмсаған.
Төмендегі сөздерді оқыныз.Қазақша-орысша сөздікті пайдаланып,сөздердің мағынасын табыныз да, кестеге енгізіңіз.
Ойын.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр.Екеуі допты әрі тепті, бері тепті.Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды.Енді допты соған дәлдеп ұрды.Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.Ораз добын іздей бастады.Қараңғыда допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген.Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
-Қорықпа.Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,-деді Асқар.
-Мен өтірік айтпаймын.Байқаусызда төгіп алдым деймін,-деді Ораз.
1) Ой қозғау.
1) Егер сен Ораздың орнында болғанда не істер едің?
2) Өтірік қандай қасиет?
3) Венн диаграммасы
Алдамайтын, өтірікті жаман көреді
Тез жалтаратын,
істің оңай шешілгенін қалайтын бала
Ораз Асқар
Аулада бірге ойнады
Ойынды жақсы көреді
Екеуі де жас бала
Қазақстан Республикасы.
1.Сұраққа жауап бер:
1.Қазақстан-көп ұлты мемлекет пе?
2.Халқының саны қанша?
3.Қазақстан қай жерде орналасқан?
4.Оның жер көлемі қанша?
5.Бүгінгі Қазақстан қандай елге айналды?
6.Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті кім және қашан сайланды?
1.Мәтінді орысшадан қазақшаға аудар.
Отечеством мы зовем нашу республику. В ней жили наши отцы и деды.
В ней говорят на родном нам языке. Родина как мать. Она защищает и бережет нас от бед. Много на свете государств. Но одна у человека мать,одна у человека Родина.
2.Сөздерге синоним жаз.
Атақты-
Халық-
Ел-
Тұнғыш-
Ақыл-
1.Сөздерге синоним жаз. Сөздерге антоним жаз.
Басқарушы- Жоғарғы-
Дұшпан- Қосу -
Батыр- қорқақ-
Күш- Ірі-
Атақты- Жоқ-
Құрмет- Сыртқы-
Туу- Қолдау-
Өлу- беру-
Үй шаруасы.
Мұғалім сабақ сұрағанда,Мұрат білмеді.
-Сабақты неге білмейсің?Оқымадың ба?
-Қолым тимеді, ағай!
-Не істедің?
-Үй шаруасымен айналастым.
-Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
-Әкем үйде жоқ.Жолаушы кеткен.Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
-Отыра ғой,шырағым!-деді.
Ертеңіне Мұрат Оқуға келмей қалды.Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық.Әбден терлеген, шаршаған екен.Біз жабылып отынын тасып бердік.Аттарына,сиырларына шөп салыстық.
1.Мәтінді рөлге бөлу.
2. Көмек беру, қол ұшын беру, жәрдемдесу деген сөздерге түсінік бер.
3. Туыстық атауларды топтастыр
4. Нақты, нақты емес зат есімдерді теріп жаз.
деректі дерексіз
Тарихи қайраткерлер.
1.Мәтінді оқы, аудар.
Қазақ хандары.
15ғасырда құрылған Қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген.
-Ұлы жүз
-Орта жүз
-Кіші жүз.
Әрбір жүз тайпаларға, тайпалар-руларға,рулар аталарға бөлінген.
Қазақ халқында қоғамның билеуші тобының жоғарғы сатысында-хан тұрған.
Халқымыздың ең ірі хандары Тәуке,Абылай және т.б.болды.
1.Сұраққа жауап бер.
1.Абылай хан кім?
2Абылайдың шын аты қандай?
3.Ол қай ғасырда өмір сүрді?
4.Ол қандай батыр?
5.Абылай хан кімдермен соғысты?
6.Қазақ халқы Абылайды кандай адам деп санаған?
7.Сенің пікірің.Менің ойымша .....деп баста.
-Сенің достарыңның арасында кім қазақша сөйлейді?
-.........
-ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕТІК БІЛУ ҮШІН ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК?
-...........
-ҚАЗАҚ ТІЛІН НЕ ҮШІН БІЛУ КЕРЕК?
-...........
2.МЫНА СӨЙЛЕМДЕРДІ КЕЛЕР ЖӘНЕ ӨТКЕН ШАҚҚА АЙНАЛДЫР.
1.МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНІП ЖҮРМІН.
2.МЕНІҢ ЖОЛДАСЫМ ҚАЗАҚША БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫП ОТЫР.
Жаман жолдас.
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті.Олардың біреуі әлсіз,ауру екен.Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап,жүгіріп барып,бір ағаштың басына шығып кетеді.Ауру,әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды.Ол жерге етпетінен түсіп,өлген кісідей, дем алмастан жата қалады.Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен.Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп,дыбысы білінбеген соң,жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
-Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?-депті.
-Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,-деп досы жауап беріпті.
1.Ой шақыру.
1) Сеніңше, жаман жолдас бола ма?
Мәтіннен үзінді Менің пікірім
Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді....
2. Жолдасың туралы әңгімелеп бер.
----------------------------------------------
--------------------------------------------
------------------------------------------
3. Сын есім сөздерді теріп жаз.
Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет.
1.Орысшадан аударып тиісті сөздерді қой.
Қазақ(язык)-(государственный) тіл.Қазақстанда тұратын (нация(ы) басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды.(Они )қазақ тілін (кружок) лерде,(общество)дарда,(школа)тер мен институттарда оқып біледі.
Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады.Олар Қазақстанды өз (народ)і санайды.(Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға тырысып үйренуде.
Аудар.Сұрақтар құрастыр.
1.Диалогты толықтыр және жауабын жаз.
-Сен қазақша сөйлейсің бе?
2.Сәкен қандай бала деп ойлайсың?
-------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------
3.Етістіктерді теріп жаз.
4.Сен анаңа қалай көмектесесің? Өз бауырларыңа қандай қамқорлық көрсетесің?
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан.
Ол кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім .
Ол ұясынан құлап түсіпті.Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды
Ол жан ұшырып,өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.
Мен итімді тез өзіме шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.Мен жөніме кеттім.
Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыр.
-------------------------------------------------
-------------------------------------------------
-------------------------------------------------
-------------------------------------------------
2.Қандай құстарды білесің?
Қолқанат.
Сәкен шаруаға ұқыпты болды.Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді.Ағайынды жетеуміз.Сәкен бәрімізден үлкен.Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі.Біз оянып, далаға шыққанда,Сәкен есік алдында жүреді.Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді.Мөлдір бұлақ басына барамыз да,жуынамыз.Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима,Халима,Сәлималарды жуындырады,шаштарын тарап,өріп береді.Содан кейін барып,өзі жуынады.Біздің күндегі әдетіміз-осы.Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын,менің ақ қаздарым”,-деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады.Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
-Қолқанатым менің!-дейді.
1. Қолқанат деген сөзге синоним келтір.
---------------------------------------------
---------------------------------------------