Реферат на тему: Б?секеге ?абілетті ?о?ам ??ру негізінде к?птілді т?л?а ?алыптастыру


Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде көптілді тұлға қалыптастыру
Туечиева Ивагүл Қадірқызы
ОҚО Ордабасы ауданы Мұхаметқұд Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі,
география пәні мұғалімі
Жаһандану кең етек алған бүгінгі таңда көптілділік және көптілді білім беру, соның нәтижесінде көптілді тұлға қалыптастыру әлем елдерінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың, соның ішінде тіл саясаты мен білім беру үдерісінің маңызды тармағы болып отыр. Қазақстан үшін де аталған мәселе өзінің өзектілігін танытып отырғандығына еліміздегі тіл саясаты мен білім беру салаларындағы алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен көптілділік үшін жасалып жатқан іс-шаралар айқын дәлел бола алады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы көптілді білім беру жүйесін дамытуға үлкен назар аударып, Қазақстандағы адами қапиталды дамытуда «көп ұлттылық пен көп тілділік біздегі құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» деп атап көрсеткен болатын.«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» іске асырылуы үш кезеңге бөлініп отыр. 2011-2013 жылдар аралығында (бірінші кезең) тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар кешенін өткізу жоспарланған. 2014-2016 жылдарда (екінші кезең) мемлекеттік тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен әдістерін енгізу практикалық шаралар кешенін жүзеге асыру және тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары көзделіп отыр. 2017-2020 жылдар аралығында (үшінші кезең) өзге тілдердің қолданысын сақтаумен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нәтижесін шығару белгіленген. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз …,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында көптілді бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты
2011 - 2020 жылдарбірінші кезең: 2011 - 2013 жылдарекінші кезең: 2014 - 2016 жылдарүшінші кезең: 2017 - 2020 жылдар
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс - тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да көптілділік көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен ұлыстың көптілділікгі – социолингвистердің зерттеу нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын құрайды. Мысалы,1) тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үйішілік тіл);2) топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі);3) билік жүргізетін әкімшілік (немесе ұлт) тілі;4) көп ұлтты аймақтың ресми тілі;5) мемлекеттік тіл (немесе халықаралық байланыс тілі). Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің атқарар қызметі жан - жақты. Олар – жалпы халыққа ортақ қарым - қатынас құралы, білім мен ғылымның, ақпарат пен баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің тілі. Көптілділік билингвизмнен (қостілділіктен) бастау алады. Көптілділік үшін тілдің қолдану мәртебесінің жан - жақты болуы, қажеттіліктің қалыптасуы, сондай - ақ тілдердің туыстығы (генетик. және типол. жақындығы) шешуші рөл атқарады. Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы деп, оған жай - жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар арасында қарым - қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана - сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет - ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»- деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру - заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Ана тілімен немесе екінші тілмен шектеліп қалмай, бірнеше тілді меңгеру – бүгінгі жаһандану заманының талабы болып отырғаны белгілі. Сондықтан да көптілді білім беру, соның нәтижесінде мультимәдени тұлға қалыптастыру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдени қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
Көптілділік – бұл бәсекеге қабілетті, жан-жақты, мультимәдени тұлға қалыптастырудың алғышарты. Сондықтан да көптілділік мәселесі ең алдымен көп тілді білім беру жүйесімен тікелей байланысты.
Біз өмір сүріп, еңбек етіп отырған кезең – адам әрекетінің барлық салаларында жаһандану жүріп жатқан кезең. Бұл білім берудің артықшылықтарын қайта қарастыруды қажет ететін үдеріс. Сондықтан да ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктің қатарында тұрған көптілдік және мультимәдениеттілік әлімдік білім беру қауымдастықтарында білім берудегі базалық құзіреттілік және әлемдік білім беру кеңістігін қалыптастырудағы магистральды бағыттардың бірі ретінде анықталып отыр.
Ел Президенті Н. Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары деңгейдегі қадағалуды қажет ететін жоспар ұсынды. Яғни қазақстандық мектептердің түлектері шетелдік ЖОО-ында өз білімдерін жалғастыра алатындай, Қазақстандағы білім беру бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс. Сондықтан білім берудегі маңызды стратегиялық міндет, бір жағынан алдыңғы қатарлы қазақстан білім берудің дәстүрлерін сақтау болса, екінші жағынан мектеп түлектерін, жалпы азаматтарды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ете отырып, олардың лингвистикалық санасын дамыту болып табылады. Осының негізінде әрбір жеке азамат – мемлекеттік тілді, ана тілін және шет тілдерін еркін меңгереді. 
Көптілді білім беру – ҚазақстанРеспубликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы да басым стратегиялық бағыттардың бірі екендігін айттық. Сондықтан да көптілді білім беру, соның негізінде мультимәдени тұлға қалыптастырудың негізгі мақсаты мен міндеттері, түптеп келген білім беруді жетілдірудің бір тармағы болып табылады.
«Көптілді білім беру» терминінің анықтамасы алғаш рет 1977 жылы «Жоғарғы білім берудің халықаралық сөздігінде» «ұйымдастыруға және педагогикалық үдерістің мазмұнына енген, тілдік, этникалық, ұлттық немесе нәсілдік белгілері жағынан айырмашылықтарға ие екі немесе бірнеше мәдениет ұсынылатын тәрбие» деп берілген болатын[3].
Ғалымдардың пікірінше: «көптілділік – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Ынтымақтастықтағы халықаралық өзара қарым-қатынастар көптілдік білім берудің дамуына түрткі болды. Ел мен елдің арасындағы мәдени ықпалдастық болмайынша, ол ел дамудың жоғарғы сатысына көтеріле алмайтындығы да анық» [4].
Бірқатар ғалымдар тілді тұтастықтың бір бөлшегі ретінде мәдениетке тиесілі десе, енді бір ғалымдар тіл – мәдениетті танытатын форма ғана дейді. Ғалымдардың үшінші бір тобы – тіл мәдениеттің формасы да бөлшегі де, емес дегенді айтады. Э. Сепирдің пікірінше, «белгілі бір мәдениеттен сол қауымдастық не істейтіндігі және нені ойлайтындығын анықтауға болады, ал тіл – адамның қалай ойлайтындығы» «Мәдениет пен тілдің арқатынасы, - деп жазады Н.И. Толстой, тұтастық пен оның бөлшегінің арақатынасы сияқты қарастырылады. Тіл мәдениеттің бөлшегі, мәдениеттің қаруы ретінде қабылдануы мүмкін. Сонымен қатар тіл мәдениетке қатысты жеке де бола алады, оны мәдениеттен бөлек, немесе әртүрлі мәндегі және әртүрлі бағадағы феномен ретінде мәдениетпен салыстыруға болады».
Ал тіл мен ұлттық рухты байланыста қараған В. Гумбольдтың пікірінше, тіл – халықтың айнасы, онда белгілі бір мәдени қауымдастыққа тән әлем бейнесі тікеледі және сақталады .
Бұл пікірлерден байқайтынымыз, тіл мен мәдениеттің арақатынасы бұдан бұрынырақ та айтылып, бүгінгі ғылымдар тоғысындағы антропоцентрлік зерттеу нысандарының аясында қайтадан өзінің өзектілігін танытып отыр.  
Қазіргі уақытта көптілді білім беру мен мультимәдениеттілікті қалыптастырудың мақсаты әлембірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді, мәльтимәдени тұлғаны дамыту болып отыр. 
Көптілді білім берудің оңтайлы ұстанымдары мен оны ары қарай дамытудың тетіктерін жетілдіре түссек, Қазақстанда білім алған әрбір адам көптілдееркін сөйлей, ойлай алатын, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге, ізденуге қабілетті тұлға болып шығары сөзсіз. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Осыған орай өзіміз ағылшын тілі немесе орыс тілі маманы болмасақта, сабақ үстінде үштілді тұлға қалыптастыруға үлес қосуымыз керек.
Қорыта келгенде айтарымыз, көптілді тұлға – мультимәдени тұлға. Дәл осы мультимәдени тұлға ұғымының астарынан «дамыған лингвистикалық саналы индивид» дегенді түсінуге болады. Бүгінгі таңда мультимәдени тәрбие беру мәселелері білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі.  Бұл Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымен, тұрғындардың этномәдени ерекшеліктерімен және адамдарды өз халқының тарихынан, тілінен және мәдениетінен алыстауына әкелген жарты ғасыр бойына үстемдік еткен білім берудің бірыңғайланған жүйесімен байланысты.  Сондықтан да көптілді білім беру мен мультимәдени тұлға қалыптастыру – уақыт, замана талабы, себебі бүкіл әлем көпэтносты және көптілді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.   Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы
  2.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U11000001103.       Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U10000011184.       Международный педагогический словарь. Лондон, 1977. - http://www.scienceforum.ru/2014/470/11795.       Шаханова Р., Тымболова А. Көптілді мәдени тұлғаның ұлттық сипаты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, №1