Дуалды? о?ыту ж?йесі – жа?а заман талабы
Дуалдық оқыту жүйесі – жаңа заман талабы
1) Мақала жазудағы мақсатым - өндірістік оқыту сабақтарында дуалдық оқыту жүйесін қолдану арқылы студенттердің құзіреттілігін, өз мамандығын танып білуін арттыру тиімділігін қарастырады.
2) Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
3) Елбасы жолдауында «Дуалдық оқыту жүйесі кәсіптік- техникалық білім берудің бір бөлігі болуы керек»,- деп атап көрсеткендей, дуалдық оқыту жүйесін - жаңа заман талабы, деп білемін.
Елбасы жаңа кезеңдегі әлемдік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты жолдауында 4 пунктінде былай деп атап кеткен «Білім және кәсіби машық –заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағыттарына, бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»!
4) Сондықтанда ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас ұрпақтың ақыл ой және рухани потенциалын барынша дамытуға мүмкіндігі бар ұлт дайындау керек.
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі мақсаты, яғни білім саласы қызметкерлері алдына қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру. Яғни әркімнің жеке қабілетін ескере, жаңа технологиялық әдістерді қолданып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан – жақты дамыған, оның білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, қоғамның әрбір мүшесінің толыққанды білім алу үшін тең дәрежеде жағдай туғызу, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды тәрбиелеу және жоғарғы деңгейге жеткізу б.т.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - техникалық - кәсіптік оқу орындарының жұмыс берушілері жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі дүние жүзілік тәжірибеде дәлелденген.
Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Бұл тәжірибе жоғарғы білікті маман даярлауда бірден бір (лидер) көсем жүйе.
Дуалды оқыту жүйесінде барлық тараптардың қарым - қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады.
Кәсіпорын үшін - Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар ретінде оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі, нағыз өз жұмысының майталманын дайындауға мүмкіндік береді, әрі жұмысшы іздеуге, жаңадан келген жұмыскерді үйретуге, оның үйренуіне кеткен уақытты және артық ақшаны үнемдеуге болады.
Білім алушы жастарға - бұл әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, оқу мен жұмысты бірге алып жүру арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Ал мемлекет үшін – ол сөзсіз ұтыс, кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады.
Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Колледж қаладағы жоғары дәрежелі және даму үстіндегі кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікке ұзақ мерзімді келісім шарттарға отырып білікті мамандар ресурсын дайындауға қызығушылығы жоғары:
ДУАЛДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ ЖОБАСЫНА АСТАНА ҚАЛАСЫ «ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК ҚАТЫСЫП АТСАЛЫСУДА.
Осыған байланысты колледжде арнайы экспериментті топ және оқу-әдістемелік құжаттар құрылды.
Мамандарды дайындауды дуалды оқыту бойынша «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК, «Елорда Асханасы» ЖШС, «Rixos President Hotel Astana» қонақ үйі, Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасымен және Астана қаласы Білім басқармасы арасында төрт жақты келісім шарт жасалды.
Бүгінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1-2 курс ПКК-239, ПКК-249 топ студенттерін оқу кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру үшін ЖШС «Елорда асханасы», «Rixos Prezident Hotel Astana», «Hillton Hotel Astana» кәсіпорындарынан тәжірибеден өтуде. Тәжірибе алу орындарында білім алушыларға кәсіби білім алу үшін жағдай жасалынған. Әрбір студентке жеке жетекші беріліп, кәсіпорын базасында факультативті сабақтар беріледі.Тәжірибе барысында өзін жоғары дәрежеде көрсете алған студенттерге сертификаттар беріледі.
Жас білім алушылардың бұл оқу жүйесіне деген ойын білу мақсатында келесі нұсқадағы сауалнамалар жүргізілді.
1. Сіз оқуға түсерде мамандығыңызды өз еркіңізбен таңдадыңызба?
А) иә 60%
Б) әке-шешем таңдады30%
В) басқа____________10%
2. Таңдаған мамандығыңызбен болашақта жұмыс істей алатындыңызға қаншалықты сенмдісіз?
А) 50% - 11%
Б)80% - 36%
В) 100% - 53%
3. Оқу жылына 2 жыл берілген, ол сіздерге өз мамандығыңызды толық игеруге жеткілікті ме?
А) жеткілікті 60%
Б) жеткіліксіз32%
В) маған бәрі бір8%
4. Мектеп оқу жүйесіне қарағанда колледжде оқу сізге қиын емеспа?
А) жоқ, мүлдем қиын емес 46%
Б) иә, қиындықтар бар 43%
В) маған бәрі бір 11%
5. Сіздің дуалдық оқу жүйесіне деген көзқарасыңыз?
А) жақсы, маған ұнады, бұл жаңа оқу технологиясы өз мамандығыңды жаңадан танып білудің жолы 76%
Б) жоқ бұл жұйе жаңа оқу технологиясына келмейді 16%
В) білмеймін 8%
Берген жауаптарына қарап отырып, студенттердің өз мамандықтарына деген көзқарастарының 100% болмасада, көп жастарға олардың болашағы қызықтыратындығын көруге болады. 60% студенттер өз мамандығын өз еріктерімен таңдағанына қарағанда қазіргі заманауи жастар өздеріне не керек екенін біледі және таңдаған мамандығы олардың болашағы екендігіне сенеді. Білім алушылардың дуалдық оқу жүйесі жобасына көзқарастары 76%жақсы, маған ұнады, бұл жаңа оқу технологиясы өз мамандығыңды жаңадан танып білудің жолы - деп жауап берді. Бұл жауапқа қарап сеніп айтуға болады.
Қорытындылай келгенде, дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі:
Оқыту жүйесінде теория мен тәжірибе қатар іске асыру. дуалдық білім беру жүйесі – жаңа индустрияландыру үшін кадрлар даярлаудың тиімді жолы;
дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін – теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
дуалдық жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр. Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;
жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді;
дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
Жаңа жұмыс орындарында жаңа жұмысшының жұмысқа деген көзқарасы, үйрену уақытының төмендеуіне және тез сіңісуіне әкеледі.
Әлеуметтік серіктестіктерге отырған кәсіпорындардың жұмысшылырының тұрақтылығы жақсарады.
Жаңадан келген жас жұмысшыға кететін шығындар төмендейді.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету;
Сапалы оқу жүйесін қалыптастыру; бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Сөзімнің соңын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің 2015 жылғы жолдауымен аяқтағым келеді.
«...Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан!».