ТА?ЫРЫБЫ: ТУРИЗМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДА?Ы ДУАЛДЫ О?ЫТУДЫ ДАМЫТУДЫ? ТИІМДІЛІГІ (колледж)
ТАҚЫРЫБЫ:ТУРИЗМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бибина Тұрарбекқызы Хатимуллина
Лаура Серікқалиқызы Батырғалиева
Айнагүл Қайырболатқызы Опиева
Орал қаласы
МКҚК Технологиялық колледж
Туризм бүгінгі таңда дамыту мақсатында қолға алынып отырған ел басының жіті назарындағы жетекші салалардың бірі. Мұны біз ел басымыздың жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауынын айқын көре аламыз. Жалпы еліміз бойынша қазіргі кезде 24 туризм орталығы жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып өлкетану және экологиялық тәрбие беру бағытында өз жұмыстарын жандандырып отырса соның 14 туризм орталығы өзіміздің батыс өңірімізде шоғырланған. Бұл дегеніміз облыс бойынша барлық аудандарымыз туризм орталықтарымен қамтылған дегенді білдіреді. Ал сол орталықтарды тәжірибелі мамандармен қамту сұранысын қамтамасыз ету жоғары оқу орындарымен қатар кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінеде жүктелінгендіктен, мемлекеттік тапсырыс бойынша МКҚК «Технологиялық колледжі» 2009-2010 оқу жылдарына бастап 0511000 –«Туризм» мамандығы бойынша, 0511012 –«Туризм жөніндегі әдіскер нұсқаушы» біліктілігімен мамандар даярлауда. Колледж мамандыққа қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Атап айтқанда спорттық туризмге қажетті скаладром, велосипедтер, шаңғы, сақтандыру системалары, арнайы тау және вело туризмге арналған каскалар, туристік шатырлар т.б. қажетті құралдармен жабдықталған.[]
Кәсіби құзіретті білікті мамандар дайындауда сапаны жоғарылату мақсатында аталған білім ордасы 2013 – 2014 оқу жылынан «Туризм» мамандығын дуалды оқыту жүйесіне енгізді. Колледж оқушыларын кәсіби білікті және білімді құзіретті тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығымен дуалды оқыту жүйесі бойынша келісім шарт жасалынды.
Орталық басшысы Фомин Виктор Павлович өз басшылығымен оқушылардың тәжірибеден өтіп құзіретті тұлға ретінде қалыптасуына қажетті жағдай жасауда. Аталған келісім шарттың нәтижесінде оқушылар орталықтың базасында жұмыстанып туристік құрал – жабдықтарын пайдаланып жаттығуға толық мүмкіндік алды. Туризм орталығына қарасты «Евразия» туристік сауықтыру орталығы, «Самал» туристік лагерінде оқушылар білікті нұсқаушылардан тәжірибе алып мамандықтарына байланысты шеберліктерін арттыруда. Туризм орталығы сонымен қатар қазіргі кезде, шипалы «Шалқар көлі» жағалауындада балалар туристік демалыс базасын жасақтап жабдықтауда. Бұлда өз кезегінде оқушыларымыздың жан-жақты сапалы білім алуында өз септігін тигізетіні сөзсіз. Туризм мамандығы оқушылары облыстық туризм орталығының жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын көптеген спорттық, өлкетану, экологиялық шараларға қатынасып облыс бойынша көптеген жетістіктерге қол жеткізуде.
Оқушылардың 2012-2015 оқу жылдары аралығындағы жетістіктері
№ Мазмұны Уақыты
1 М.Жұмаев жүлдесі үшін облыстық тау туризмі техникасы мен спорттық шыңға өрмелеуден өткізілге ашық жарысында "Жалпыкомандалық" есепте ересектер арасында
Технологиялық колледж командасы ІІІ орын 17-20 сәуір 2013
2 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына арналған кәсіптік колледждер арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан V облыстық жарыста "Командаларды үздік таныстыру" байқауы бойынша Технологиялық колледж командасы І орын 15-18 мамыр 2013
3 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына арналған кәсіптік колледждер арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан V облыстық жарыста "Жалпыкомандалық" есеп бойынша
Технологиялық колледж командасы І орын 15-18 мамыр 2013
4 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына арналған кәсіптік колледждер арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан V облыстық жарыста "Техникалық" байқауы бойынша
Технологиялық колледж командасы І орын 15-18 мамыр 2013
5 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына арналған кәсіптік колледждер арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан V облыстық жарыста "Кросс жорық" қашықтығы бойынша
Технологиялық колледж командасы ІІ орын 15-18 мамыр 2013
6 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына арналған кәсіптік колледждер арасында өткізілген жаяу туризм техникасынан V облыстық жарыста "Жорық туралы есеп" байқауы бойынша
Технологиялық колледж командасы ІІІ орын 15-18 мамыр 2013
7 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына орай өткізілген І-ші облыстық колледж оқушылары арасындағы тау туризмі техникасы жарысында "Жалпы командалық" есеп бойынша
Технологиялық колледж командасы ІІІ орын 11-13 желтоқсан 2013
8 "Орал өңірінде халықаралық ынтымақтастық" жылына орай өткізілген колледж оқушылары арасындағы тау туризмі техникасынан 2-ші облыстық жарыста "Жалпы командалық" есеп бойынша
Технологиялық колледж командасы ІІ орын 10-12 желтоқсан 2014
9 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Өткелдер" қашықтығы бойынша Технологиялық колледж командасы ІІ орын 19-22 мамыр 2015
10 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Жорық есебі"
Технологиялық колледж командасы ІІІ орын 19-22 мамыр 2015
11 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Туристік тұрмыс және дағды"
Технологиялық колледж командасы ІІ орын 19-22 мамыр 2015
12 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Туристік КТК"
Технологиялық колледж командасы І орын 19-22 мамыр 2015
13 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "КРОСС ЖОРЫҚ"
Технологиялық колледж командасы І орын 19-22 мамыр 2015
14 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Жалпы командалық есеп"
Технологиялық колледж командасы І орын 19-22 мамыр 2015
15 Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы жаяу туризм техникасынан VII облыстық жарыста "Техникалық"
Технологиялық колледж командасы І орын 19-22 мамыр 2015
Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру негізінде оқытушыларды біліктілік арттыру курстарынан өткізу жұмыстары жүргізілді.
Біліктілік арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттар
2013-2015 жыл
№ Мазмұны Уақыты
1 Республикалық спорттық бағдарлау федерациясы
"Спорттық бағдарлау" курсы
Хатимуллина Бибина 2011-2012 о/ж
2 БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсы
Хатимуллина Бибина 2011-2012 о/ж
3 Республикалық шыңға өрмелеу федерациясы «Скаладромдағы жұмыс»
Хатимуллина Бибина 2012 жыл, наурыз
4 Республикалық шыңға өрмелеу федерациясы
"Скаладромдағы жұмыс" курсы
Хатимуллина Бибина 2012 жыл, сәуір
5 Бірінші санатты растау куәлігі
Хатимуллина Бибина 2012 жыл , мамыр
6 Аймақтық "Инженер педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жетілдіру" курсы
Хатимуллина Бибина 2013 жыл
7 Халықаралық «Остапец Свершников атындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы» куәлік
Хатимуллина Бибина 2013, қазан
8 Республикалық шыңға өрмелеу федерациясы
"Скаладромдағы жұмыс" курсы
Берлигужин Мақсот 2012 жыл, сәуір
9 Республикалық спорттық бағдарлау федерациясы
"Спорттық бағдарлау" курсы
Берлигужин Мақсот 2011-2012 о/ж
10 Облыстық су туризмі семинары
Берлигужин Мақсот 2011-2012 о/ж
11 "Арнайы пәндер оқытушысының кәсіби құзіреттілігін арттыру"
Батырғалиева Лаура 2014 жыл
Оқытудың дуалды жүйесін тәжірибеге енгізу - техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесіне енгізілгені өз нәтижесін беруде. Туризм мамандығы түлектері қазіргі кезде облыстық туризм орталығында және облыс бойынша барлық аудандарда өз еңбек жолдарын бастады. Атап айтар болсақ Опиева Айнагүл, Темірболат Ади, Халенов Ұлан, Қаленова Ажар, Қазбеков Арман, Андамасова Асылжамал, Жақсылықов Айтжан. Қайыржанов Сабыржан, Ануаров Айдын, Ғазезова Болған, Дүйсенбаева Гүлзат, Шарафеева Дина, Темірболатов Еркебұлан т.б оқушыларымыз қазіргі кезде колледж мақтаныштарына айналды.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсатыда – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке қабілетті, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы кадрлар даярлау. Осы орайда бітіруші түлектеріміздің еңбектегі қол жеткен нәтижелеріне қарап мақсаттың біртіндеп орындалып келетініне көзіміз жетуде. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып мойындалынып отырғандығы оң шешім екендігі айқын.[1]
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты – өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, сондықтан білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Ал дуалды оқыту жүйесінің енуі осы сияқты көптеген мәселелердің шешілуіне себепкер болып отыр[2]
Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.[3]
Сөз аяғын қорытындылай келе дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара бірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз дегенді айтқымыз келеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
2.Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы
3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»
4.«ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»
Резюме: В этой статье обеспечивается эффективность системы дуального обучения в области туризма.
Resume: This article provided by the effectiveness of the system of dual training in tourism.