Техникалы? ж?не к?сіптік білім беру о?у орындарыны? т?лектерін сапалы к?рсеткішке дайындау жолдары
Өрлеу –біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ
Р Е Ф Е РА Т
Тақырыбы: «Техникалық және кәсіптік білім беру
оқу орындарының түлектерін сапалы
көрсеткішке дайындау жолдары»
Орындаған: Матниязова Гульнар Кадиржановна
Арал көпсалалы колледжі оқытушысы
Қызылорда - 2015
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерін сапалы көрсеткішке дайындау жолдары
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті.
Қазіргі заман болашақ мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап етілуде. Жоғарыда аталған жайларды меңгерген маман оқушылардан осы білімдерді талап ете алады. Кез келген әрекеттің нәтижесін көру үшін оған оңтайлы әдіс, тиімді жолмен келу керек. Бүгінгі таңда елімізде білім беру ошақтарының барлығында педагогикалық тұрғыдан мойындалған, нақты тәжірибемен сарапталған жаңа технологияларды қолдану кең өріс алуда. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесінің даму шарттарын айқындауды тапсырады. Осыған орай бәсекеге қабілетті маман даярлауда мемлекет оқытушылардың алдына келелі мәселелерді қойып, оын шешу жолдарын қарастырып, осы жолда нәтижелі еңбектену міндетін жүктеп отыр.
Кәсіптік-техникалық кооледжде инновациялық технологияларды қолдану оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастырып, практика мен оқу дәрісінің үйлесім табуы арқылы жетістікке жол ашады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, белгілі жайт, педагогикалық мамандану болмағандықтан, бұл салада оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін көрнекі құралдар мен оқу әдістері тиімді болу керек. Сондықтан да, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жасау міндеті қойылады. Ең алдымен сабаққа оқушыларды қызықтыра білу талабын орындау қажет. Топтағы оқушыларды психо-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, әр топқа оқытудың өзіндік жолын пайдалану шарт. Өйткені бірізділік оқытушының сабағына деген көзқарасты сол деңгейде қалдырады. Сондықтан оқытушы топтағы оқушылар құрамына қарай өз іс-әрекетін ұйымдастырады. Бұл, біріншіден, оқушының мұғалімнің алда қандай әрекеттер жасайды деген жұмбағын таптырмайды, екіншіден, әрдайым жаңашылдық танытуының арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятады, үшіншіден, оқушымен арадағы байланыс нығайып, оқытушының кәсіби шеберлігіне деген оқушының сенімі нығайып, құрметі жоғарлайды.
Оқытушы-оқушы байланысы тек біржақты емес, кері байланысты болуы шарт. Себебі үнемі тек оқытушы белсенділігіне құрылған сабақ оқушының оқу іс-әрекетін тежеп, олардың қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті кей кездері оқытушы оқушыға сенім артып, сабақты ұйымдастырып-өткізу мүмкіндігін тудыруға болады. Ой елегі мен тәжірибе сүзгісінен өткен әрекет қана нәтижелі болмақ.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін оқу орындарында бәсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:- жүйелі ойлауды;- құқықтық ақпараттық мәдениетті;- кәсіпкерлік мәдениетті;- өзін-өзі тануды;- басқаларға ұсынуды;- өз қызметін білімді талдауды;- жаңа білімді;- нано технологияларды меңгеруді;- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;- әр іске жауапкершілікпен қарауды;- нәтижеге бағытталған істерді жасауды.Осыған орай, біздің – мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы негізделеді
Техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектерін сапалы көрсеткішке дайындау жолдарының бірі - ақпараттық технологияларды пайдалану.
Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:- оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;- уақытын үнемдейді;- білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;- қашықтықтан білім алу мүмкіндігін тудырады;- қажетті ақпаратты жедел түрде алу алады;- экономикалық тиімді;- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;- оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Тәжірибе барысында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі былайша көрінетінін байқатты:
- Ой еркіндігі мен шығармашылық дамуға жол ашады;
- Техник-мамандардың оқу-іс әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі білімге қол жеткізеді;
- Оқушылардың оқу процесінде туындайтын қиыншылықтарын шешу жолдары табылады;
- Оқушының сабаққа деген ынтасы өсіп, қызығушылығы артады;
- Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығаяды.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Даярлығы жоғары білікті, кәсіби құзырлы педагог жалпы орта білім беру нәтижесі ретіндегі құзыреттіліктерді өзіндік менеджмент,ақпараттық коммуникативті технологияны меңгерген жеке құзыретті тұлға- студентті қалыптастырады, сондықтан кәсіби даярлықтың арнаулы пәндерді оқу негізінде іс-әрекеттік және тұлғалық терең бағдарлық тәсілдерін үйлестіре отырып, кәсіби құзыреттіліктерді болашақ маманға меңгерту басты міндет. Үшінші мыңжылдық – құзыреттілік білім беру жағдайында педагогтың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа формациядағы оқытушының инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Қоғамдағы білім-беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар оқытушының ісіне еңбек жолына – «инновациялық білімді», «ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті бәсекеге сай маман әзірлеуді жүктеп отыр. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай, өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда ең қиын және ең ізгілікті мамандық болып саналады. Себебі, мұғалімнің негізгі міндеті жер жүзіндегі ең құнды дүние- адамды кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет.Ең керемет деген педагогты есіңе түсіргенде оның тұлғалық бейнесі көз алдымызда ең бірінші тұрады. Ал кәсіби қасиеті екінші орында болады. Педагог өз пәнін жетік – жоғары деңгейде, жан-жақты білгенде ғана шәкірт дайындай алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»- деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек, білім меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу – әр педагогтың міндеті. Әрбір педагог жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді, ақпараттық – технологияларды қолданудың қажеттілігі туындайды. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеруде зияткерлік кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, студенттердің шығармашылық әлеуметін дамытуды, педагогтың іс-әрекетінің жаңаша тұрғыда ұйымдастырылуын талап етеді. Бүгінгі заманға жаңашыл, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті құзыретті маман даярлауда педагог-ұстаздың ақпараттық-технологияларды тиімді әрі жүйелі қолдануы арқылы,оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шеше алады. «Нағыз оқытушы» - деп, білім алушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу – кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарының аса маңызды міндеті болып отыр. Студенттерді замануи ғылым жетістіктерімен қаруландырып , өндіріске, өнеркәсіпке жаппай аттандыру кезек күттірмейтін мәселе. Жаңа заманға жаңа маман қажет екендігі баршаға мәлім, соның ішінде ол педагог алдына койылған, жүктелген – міндет екенін ескере отырып, кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етіп жүрген озім де жалпы білім беретін пәндерді оқытуда алға қойып, ақпараттық технологияны ұдайы қолданып студенттердің білімін көтеруге жұмыс жасаймын. Ақпараттық технологияны қолдана оқыту - білімнің жүйелілігін, бірізділігін жолға қоюға, нәтижеге бағытталуын жетілдіруге жетелейді. Білім ордасында студенттер арнайы білім беретін пәндердің өздеріне керек және маңызды екенін сезінуі керек. Ал жалпы білім беретін пәндерді оқыту барлық адамға ортақ міндетті орта білім алуға бағытталады. Ақпараттық технологиялық үдерісі – білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңашыл оқытушысы қажеттілігінен туындаған үдеріс.
Білім беруде жаңа технологияларды кеңінен қолдану педагогтардың кәсіби сапасын көтеру арқылы ғана мүмкін болса, сапалы оқытудың нәтижесі – оқушылардың функционалдық сауаттылығы болары сөзсіз.
«Білім беруден – білім алуға», «оқытудан – оқуға» көшу парадигмасы білім беру ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Соған орай, функционалдық сауаттылықты дамыту төмендегі іс-әркеттерді тиімді ұйымдастыруды қажет етеді, олар: білім стандарттарын жаңарту және оны әр оқушыға тиісті дәрежеде меңгерту; оқыту процесіне жаңа әдістер мен технологиялар енгізу, білім беру ұйымдарын коммуникативтік – ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру міндеттері функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделетіні белгілі. Ол, біріншіден, интеллектуалдық еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгертуді; екіншіден – ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол тұлға қалыптастыруды; үшіншіден – білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету міндеттерін іске асыруы тиіс. Бұл міндеттер білім беру үрдісінде төмендегі сұраныстарды: әр оқушының барлық пәндер бойынша білімінің тиісті стандарттарын меңгеруін; білімін дамытуға қажетті ақпараттарды сұрыптай алуға қабілетті болуын; өзгелер пікірімен санаса отырып, қарым-қатынаста өзінің ой-пікірін еркін білдіре алатын болуын; олардың бойында өз білімін үнемі жаңғыртып отыратын және жаңа дағдыларды игеріп отыратын белгілі бір дәрежедегі интеллектуалдық сапаларының қалыптасуын қажет етеді. Көріп отырғанымыздай, бүгінгі білім сапасына қойылар талаптар дәстүрлі білім, білік, дағдылар болуынан да жоғары. Бұл жерде маңызды нәрсе құзіреттілік білім мен біліктілікке негізделеді, яғни функционалдық сауаттылық пен құзіреттілік негізі білім мен біліктіліктен тұрады. Білімнің жаңа нәтижелеріне қол жеткізу білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін өзара сабақтастықпен жаңғыртуға, білім мазмұны мен білім беру үрдісін ұйымдастыруды жетілдіруге тікелей байланысты. Соған сай білім үрдісінде білім ресурстарының қайта қаралуын қажет етеді. Олар: 1) стандарттар мен бағдарламаларда білім беру мақсатының, білім нәтижелерінің нақтылануы; 2) мұғалімнің ролі өзгеруіне сай әдістер мен технологияларының өзгертілуі; 3) білім беру менеджментінің өзгеруі. Бүгінгі еліміздің білім саясатында әлем тәжірибесін шолу арқылы білім жүйесіндегі жаңа міндеттер қарастырылуда. Білім саласын Стратегиялық дамыту жоспарында төмендегі бағыттар белгіленді: 1. Қандай да бір ел өзінің адами ресурстарының дамуын ұзақ мерзімді даму стратегиясының аса жоғары басымдылығы ретінде айқындайды. 2. Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрлымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес ортаны қамтамасыз ету мүмкін емес. 3. Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Білім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді, бұл жағдайда мұғалім өзінің ұстаздық позициясын жоғалтпайды, керісінше, білім алушыны мотивациялау, оған кеңес беру мұғалімдіктің жоғары деңгейін талап етеді. Себебі, оқушыға білімді, ақпаратты алудың жолдары мен амалдарын беруде, оны түсіну мен тиімді пайдалануға үйретуде, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді білуде және олармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің жетекшілігі қажет екені белгілі. Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының «Қазақстан жолы» – 2050 Астана 2014 ж
2. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 3. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж. Қ.Р « Білім туралы» Заңы. Астана 2007 № 319 –III. 4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».
5. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006,258 – б
6 . Қ.Ж Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж, 47-бет.
7. . Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Педагогика"Педагогика/Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/2006" \o "2006"2006.-482 б.
8. «Қазақстан мектебі» журналы №8, 2004