Балаба?шада?ы мемлекеттік тілді? ж?ргізілуі


Балабақшадағы мемлекеттік тілдің жүргізілуі
Қазір «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» екенін түйсінген өзге ұлт өкілдері де балаларын қазақ балабақшасына беруді үрдіске айналдыра бастаған. № 6 «Нұрай» балабақшасында бүгінде 68 өзге ұлт өкілі тәрбиеленеді.Балабақша тәрбие бұлағы десек , мемлекеттік тілдің уызына жарытатын да осы жер.
Балабақшадағы ең басты мәселе – жас жеткіншектерге ұлттық рухта тәрбие беру, баланың зердесіне ұлт құндылықтарын сіңіру.Бүгінгі бала – ертеңгі азамат екенін басты нысанда ұстау.Осы тұрғыдан алғанда , біздің балабақшада балалардың елін сүйген саналы азамат болып өсуі үшін мемлекеттің басты құндылықтарын дәріптеудеміз.
Балаларды: ауызекі сөйлеуге, қазақ тілі сабақтарында өткен сөздерін сөйлем ішінде дұрыс қолдана білуге үйретеміз.Қазақтың ұлттық дәстүрімен , тұрмыс- салтымен , ұлттық ерекшеліктерді бойына сіңіреміз.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»деген Елбасы сөзінен кейін мемлекеттік тілді өркендету, оған деген қажеттілікті сезіндіру , өзге ұлтқа үйретуде жаңа бағыт-бағдар беріліп жатыр.Мемлекеттік Тіл туралы Заңының қабылданғанына 22 жыл толуына орай өз тілімізге деген қажеттілікті сезіндіру арқылы қазақ тілін сұранысқа ие бола алатындай дәрежеге жеткізуіміз керек.Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек дейді. Қазіргі кезде мемлекеттік тілге бет бұрып жатқан өзге ұлт өкілдері баршылық, балабақшаға балаларын орналастыра алмай жатқан ел қаншама?Ал, орналастырғандар ше, олар мемлекеттік тілді меңгеруге емес, баламыз балабақшаға барса болды деген ұғыммен береді.Балабақшада жүріп қазақ тілінде үйренгенімен , шыға бере өз тілдерінде сөйлесіп бара жатқан ата – аналар мен балаларды көргенде күні бойы жасаған еңбегің зая кеткендей күй кешесің.Сол себепті біз ата – аналармен де жұмыс жасаймыз.Балалардың қазақ тілі дәптерлеріне тапсырма беру арқылы , біз ата-аналарға да мемлекеттік тілді үйретеміз. Әр сабақ сайын балалардың бойына сіңіре қайталап отырамыз: Мемлекеттік тіл қай тіл?Отанымыз қалай аталады? Біздің рәміздеріміз қандай? Елбасы кім? Ұлттық ойындарымыз қандай?
Сонымен қатар, балабақшадағы қазақ тілі сабағы өзге ұлт өкілдері балаларының қазақша сөйлеп үйренуіне көп көмек береді.Балабақшада жасалынып жатқан жұмыстар аз емес, әр өзге ұлт өкілі баласымен , олардың ата – аналарымен сөздік, жеке жұмыстар жүргізіледі.Мемлекеттік тілді қызметшілерге де үйретіп жатырмыз.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»атты өзге ұлт қызметкерлерінің арасында да, өзге ұлт балалары үшін сабақтан тыс уақытта «Тілашар» үйірме жұмыстары өтеді.
Өзге ұлт өкілі қызметкерлеріне қазақ тілін үйрету әдістемесін тарату, тәжірибелік сабақтар көрсету, мемлекеттік тілді меңгеруіне мүмкіндік тудыру.
«Ана тілім - ар ұятым» деген сөз ұранға айналатындай кезең жетті. Ендеше неге ана тілімізді дамытуда шорқақтық танытып отырмыз?Өткен тарих пен бүгінгі заманның ерекшеліктерін болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз. Бүгінгі болған оқиға – ертеңгі шежіре.Осы шежірені ертеңгі ұрпақтың қай тілде немесе қандай түсінікте қабылдайтыны бізге белгісіз.Қасиетті тілімізді ары қарай дамыта түсу, бұрынғы бар байлығы мен қалыптасқан нормаларын бұзбай сақтау бүгін парымыз ғана емес, ертеңгі ұрпақтың алдындағы жауапкершілігіміз.
№ 6 «Нұрай» балабақшасы- қазақ тілі мұғалімі Макишева Т.Қ.