Баяндама «Жас ?рпа??а рухани-адамгершілік т?рбие беру жолдары.»
Тақырыбы: «Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру жолдары.»
Қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін алдымен өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Алдымен салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу-мектептің, мұғалімнің, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы. Қай халықты алсақ та әрқайсысына өзіне тән ұлттық дәстүрі, тәрбие бастаулары бар. Сол ұлттық салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үлкен міндет. Егер осы алтын қазыналар:ұлттың салт-дәстүрі, мәдениеті жалғасып атадан балаға мұра болмаса, халықтың келешегі де жоқ.
Адам-ұлы тұлға. Адамгершілік-оның жоғары, саналы, адамдық қасиеті. Жалпы адамның адамдық қасиеті бес жасқа дейін қалыптасады. Адамдық қасиет қалыптасқан соң адами мінез-құлықпен адамгершілік қасиеттерді адам бойына сіңіру үшін игі әрекеттер үйретіледі. Әрекеттерге адам әдеттеніп, әдет өмірлік қолданысына айналып, адамның санасы әдет-ғұрыпты игере бастайды да, ол әдет-ғұрып әдетке айналып, одан әрі дамып әдептілікке ұласады.Сөйтіп, игі іс-әрекеттің мәдени ірге негізі-әдеп болады. Әдеп ұлттық қолданыста мәдени дәстүрге айналады. Дәстүр ұлттық өмір қолданысында салтқа (заңдылыққа) айналып, содан салт-дәстүр пайда болады. Салт-дәстүрдің ұлттық санадағы көрінісі-салт-сана (яғни салттың ұлттық санаға сіңуі) деп аталады. Бұл ұрдістер игі іс-әрекеттің мәдени сәулеті деп аталады. Жеке тұлғаның бойына адамгершілік қасиетті дарыту жолдары осылай дамиды. Мысалы, үлкенді сыйлау әдетін үйреніп дағдыланған бала әдеп (этника, этика) қалыптастырады да әдепті болады, одан әрі қарай сондай адамдардың әдептілігі салт-дәстүрге айналады. Міне, осы сабақтастықтан салт-сана (ұлттық санаға сіңген әдеп) пайда болады.
Адамға адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ісі отбасынан басталады. Адамгершілік қасиеттерді (имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, т.б.) адам бойына дарыту үшін әуелі үйрету, содан кейін дағдыландыру, талап ету, мәжбүр ету тәсілдері қолданылады.
Жастың үлкенді сыйлауы, оның өмір заңдылықтарына сенуі, адам баласына тек жақсылық ойлауы адамның ең әуелі отбасындағы тәрбиесінде қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеде адам адамгершілікті сәлем беруден бастап үйренеді.Сәлем-әдептіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар. Адамдар бір-біріне кездескенде «Ассалаумағалейкум», яғни, «Сізге Алланың нұры жаусын», «Уағалайкум ассалам», оны қазақшаласақ, «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені. Осылай амандасуы арқылы адамдар бір-біріне тілеулестігін, ізгі ниетін, достығын білдірген. Сәлемдесу әдебінің де қалыптасқан дәстүрі, салауатты салты болған. Сәлемдесу-адамгершіліктің басты белгісі.
Адамның бойына адамгершілік, имандылық тәлімдерін дарытудың жолдары мына төмендегідей.
1.Адамгершілік қасиеттерді жеке тұлғаға үйретіп, оны орындауын талап ету.
2.Әдептілік негіздерін адамға үйретіп, оны орындау жолдарын көрсету.
3.Имандылық дәстүрін (болашаққа, өмір заңдылықтарына сену, адал, әдепті, шыншыл болу, үлкен-кішімен сыйласу, кісілік жасау, т.б.) адамға жан-жақты ұғындырып, оны өмір қолданысын талап ету.
4.Адамгершілік және имандылық дәстүрлері туралы пікірлесу. Пікірталас, ойжарыс, айтыс ұйымдастырып, ой мен істі ұйымдастыру.
5.Имандылықтың, ұлттық мәдени уағыздар мен қағидалардың адамгершілік негізі екенін дәлелдейтіән түрлі ойындар, қойылымдар ұйымдастыру.
6.Басылымдар арқылы адамгершілік, имандылық туралы материалдарды оқуды ұйымдастыру.
7.Визуалдық, аудиовизуалдық (картина, кинофильм, радио, театр) тәрбие тәсілдерін ұйымдастыру арқылы адамның имандылық қабілетін қалыптастыру.
Жалпы адамгершілік дегеніміз-адамның қоғамдағы моралдық нормасын орындауға белсене қатысуы және өз бойына тәртіптілік пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыруы, сонымен қатар Отанға, халқына, еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке деген жауапкершілік сезімінің тәрбиеленуі болып табылады.
Адамның жан дүниесіне, болмысына терең үңіліп, олардың бейнесіндегі маңызды қасиеттері туралы психологиялық тұжырымдар, ой-пікірлер айтқан қазақ халқының ірі тұлғаларының бірі-Ж.Аймауытов адамға өзінің жан дүниесін түсіне білуіне көп көмектескен. Ол адамның өзін-өзі тануы өте қиын екенін айтады. Маңайымыздағы адамдар бізді кім деп біледі? Яки, біз өзгелердің кезінде кім болғыңыз келеді? Осыны «әлеуметтік мен» дейміз. Біздің күнде көріп, жолығып шүйіркелесетін адамдар біздің суретімізді түсіретін түрлі айна екені хақ.
Этнопедагогика ғылымында адамдарды ұлттық мінез-құлық әдептері негізінде тәрбиелеуге көңіл бөлінген. Халық салтында имандылық бастауын әдептен алған. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Олар мінез-құлық әдептері, жүріс тұрыс әдептері, адамдармен қарым-қатынас әдептері болып үшке болінеді. Мінез-құлақ әдептеріне: биязылық, кішіпейілділік, салмақтылық, кеңпейілділік, кеңойлылық, бауырмалдық, шыдамдылық, сыйластық, ұстамдылық, білімділік, ұқыптылық, тындырымдылық, адамгершілік, қайрымдылық,адалдық қасиеттері кіреді.Жүріс-тұрыс әдетеріне: есіктен сәлем беріп оң аяқпен кіру, нанды екі қолмен үзу, тамақты оң қолмен жеу, айға қарап қол шошайтпаутамақ ішкенде жамбастамау ,киімді оң жақпен киіп, сол жақпен шешу, үйге қарай жүгірмеу, есінегенде ауызды оң қолдың сыртымен жабу, ақты теппеу, астан соң бата қайыру, ұрлық жасамау, кітапты жерге тастамау, табанды тартпау, босағаны кермеу, есікті қатты жаппау, киімді жадағай жамылмау, аяқты айқастырмау, дауыс көтермеу, өтірік айтпау және т.б.қасиеттер кіреді. Қатынас әдептеріне: үлкеннің алдын кеспеу, үлкенге бұрын сәлем беру, екі қолмен амандасу, улкеннен бұрын дастарханға қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, кішіге-ізет, үлкеге-құрмет көрсету, үлкеннің алдында жамбастамау, ата-ананы құрметтеу, затты өзгеге оң қолмен беру, ата-анаға қарай аяақ созбау, төрт түлікті қастерлеу, мазарға қол шошайтпау, қазаны құрметтеу, дәм тұзды ақтау және т.б.қасиеттері енеді.
Бұл көрсетілген әдеп нұсқаларын өсіп келе жатқан жас ұрпақты жарасымды әдептілік пен ұнасымды ізеттілікке тәрбиелеуді, одан әрі аламгершілікке ұластыруды халқымыздың тәрбие қағидалары деп түсінуге болады.
Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік: адамның аты-жөнін құрметтеп атау. Адамның аты-жөнін құрметтеп, оны өз аталуында атамай жоғары құрметті атаумен атау сыйласым, азаматты ардақтау болып табылған.
Қазақ отбасында ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз бала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбеққор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.
Соңғы жылдары тәрбие берудің ауқымының кеңейіуіне байланысты оған қойылатын талап та жағарылады. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін, ең бастысы, балалардың алдындағы жаупкершілігін күшейтуге тиіспіз» деген
болатын. Осы тұста жастарға әдеп , ізгілік , адамкершілік тәрбиесін беруге
тікелей араласатын ата-ана, мектеп, оның ішінде мұғалімдер мен сыныпжетекшілері, қоғамдық орындар болып табылады.
Мектептерде оқушылар арасында әдептілік бағытында сәйкес ата-аналардың
қатысуымен тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, «Қыз сыны»
«Жігіт сұлтаны», «Қоғамдық орындардағы әдептілік деген не?», «Жастардың
әдептілік мен адамгершілігі» «Адамгершілік бағытындағы қарым-қатынас
мәдениеті» және т.б. әдептілік-адамгершілік тәрбиесі бағытындағы іс-шаралар өткізіледі. Тәрбие жұмыстары қыз балаларға тән әдептілік пен
ізеттілікке, ұл балаларға тән әдеп әрекеттері бойында қалыптасқан үлгілі
әдептер мен қарым-қатынас әдептеріне баға беріледі. Олардың көзқарастары мен ойлау қабілеттері назар аударылады. Тәрбелік іс-шараларға ата-аналарды қатыстыру олардың белсенділіктерін арттырады.
Бұл ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру арқылы адамгершілік бағытындағы қарым-қатынас мәдениетін жақсартуда, оқушылардың әдептілік қасиеттерін қалыптастыруда жоғары мүмкіндіктер туатынын дәлелдейді.
Рухани-адамгершілік бағытындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыту үшін төмендегідей қасиеттерді қалыптастыру қажет.
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін жас ұрпаққа жас кезінен бастап, ең маңызда адамдық саналарды-адамгершілікті, сүйюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамытуы керек.
Рухани-адамгершілік бағытындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін рухани-адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу керек.
Білім беру мекемелерінен тыс жас ұрпақтың адамдық асыл қасиеттері игеруіне ықпал ететіндей жағдайлар туғызу керек (қоғамдық шаралар ұйымдастыру)
Өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу, әлеуметтіксаяси жағдайларда өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгілікті құндылықтаға сүиене отырып мақсат қоя білуіне жағдайлар жасау керек.
Осындай қасиеттерді адам бойына қалыптастыра алатын болсақ, адамгершілік бағытындағы қарым-қатынас мәдениеті жоғары деңгейде көрінері анық.