Есту м?мкіндігі шектеулі балалар?а ?аза? тілін о?ытуда жа?а технологияларды ?олдануды? тиімді жолдары. (баяндама)


Есту мүмкіндігі шектеулі балаларға қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолданудың тиімді жолдары
Жоспар:
Жоспар:
І. Кіріспе .
Жаңа технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Деңгейлеп – саралап оқыту – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі .
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Жаңа технологияларын жиі қолдану - оң нәтиже береді.
Есту мүмкіндігі шектелген балалардың сөйлеу тілін, есту қабілетін дамытып, сөздерді дұрыс байланыстырып айтуын қадағалап отыру көп еңбекті қажет ететіні белгілі. Сондықтан да уақыт талабына сай жаңаша оқытудың түрліше әдіс – тәсілдерін арнайы мектепке бейімдеп пайдалану керектігі осы күнгі мәселелердің бірі болып отыр.
Оқытудың жаңа технологиясы педагогика ғылымының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараевтың
« Деңгейлеп – саралап оқыту жүйесі» туралы іліміне сүйеніп , өзім сабақ беріп келе жатқан сыныптардағы ашық сабақтың үлгілерін, тапсырмалар жүйесін жинақтадым.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясында әр оқушының даму ерекшелігіне сай білім беру – оқушыда дамымайтын қабілетті қинамау, әр деңгейге сай тапсырмалар жүйесін жасай отырып, оқушылардың даму жолын белгілеу.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының мақсаты:
1. Барлық оқушыға стандарт түрде білім беру;
2. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
3. Балалардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру;
4. Қабілетті балалрды анықтау.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен, қол жеткізер мақсаттармен ерекшеленеді. Ал сол әдіс – тәсілдерді іріктеп, халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың « Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніп, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікіріне сүйенгеніміз жөн деп ойлаймын.
Деңгейлеп – саралап оқыту – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.
Мақсатым – өзіндік ой – талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау. Бұл технология, біріншіден дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсендігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Әр оқушының мелекеттік деңгей алуға кепілдік береді. Деңгейлік оқыту жүйесінің сапасын арттыруда оның тиімді жақтары көп. Бірншіден, сыныптағы оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді қатысуын қадағалайды , белсенділігін оятуда түрткі болады.Екіншіден, өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпейді, сонымен қатар тәртібі мен мінез – құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге, өз бетімен жұмыс істеу оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының тиімділігі сол, ол оқушылардың орындаған деңгейдік тапсырмалары арқылы олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.Яғни, мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға мүмкіндік алады. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушы алдына мақсат қоюға жетелейді. Жаңадан алған ақпараттарын бұрынғы білімдерімен ұштастырып, өз ойын айтуға дағдыландырады. Деңгейлік тапсырмалар оның жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетінше жетілдіріп, біліктілігі мен дағдысын дамытуға арналады. Бұл тапсырмалар осы тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы материалдарды қамтиды. Тапсырмаларды оңайдан қиынға қарай күрделендіру арқылы оқушылыпрдың пәнге қызығуын, бір деңгейлен екінші деңгейдегі тапрсырманы орындауға яұмтылуын қалыптастыруды мақсат етеді.
Мен өз тәжірибемнен осы жаңа технология негізінде құрған бір сабағымдағы деңгейлік тапсырмаларды көрсетіп кетейін. Бұл тапсырмалар жүйесі арнаулы мектепте қазақ тілін оқыту бағадарламасына сәйкес құрастырылады. Біздің оқушыларымыздың ерекшелігіне сай бір сынып төмен оқитын болғандықтан, тапсырмалар жүйесі 4-сынып оқулығындағы тақырыптар бойынша топтастырылады. Міндетті үш деңгейлік тапсырмалар әр тақырыпқа құрастырылып, төртінші шығармашылық деңгейге тіл дамыту сабағында өтетін тақырыптармен байланыстырып отырды.
Деңгейлік тапсырмалар:
Зат есімнің септелуі
І деңгей: Сөздерге септік жалғауларын жалғап жазыңдар
Мектеп, үй, кітап, орындық, ағаш, өріс, әжесі.
ІІ деңгей: Сөздерден сөйлем құрастыр. Зат есім қай септікте тұрғанын сөздің үстіне жазыңдар.
Мектепке, оқушылар, барды, күзде. Қызыл, Зәуренің, бар, көйлегі.
Жинады, балалар, ағаштан, алма.
ІІІ деңгей: Төмендегі сөздерді септеңдер
А.с кім? Оқушы не? Бөлме
IV деңгей: Суретке қарап отырып « Отбасы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Керекті сөздер: отбасымыз шағын, көмектесу, ауылдағы ата – әжесі,
үй – ішін жинастыру, әрдайым, отбасындағы адамдар, олардың жұмыыстары, кәсібі, үй шаруашылығы.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексерілді. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақыланады.Есту мүмкіндігі шектеулі оқушылардың сөздік қоры жеткіліксіз,оларға өз ойларын жеткізу қиын,сондықтан тапсырманы топ-топқа бөліп ,берілетін тапсырманы баланың даму ерекшелігіне қарай ұйымдастырып отырамын.
Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңестікті құру енгізілді. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісінің тиіміді тәсілдері іздестірілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Интерактивті тақта арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы\танымдық дүниелерінің дамуына мүмкіндіктер жасалады. Ақпараттық технология арқасында әрбір оқушының тек дәстүрлі ақпарат көздерінен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері бар. Интерактивті тақтамен сабақ өткізу оқушылардың белсенділігін арттырады, оларды ынталандырады, теориялық білімін практикада қолдануына үйретеді, пәнге деген қызығуын арттырады. Есту мүмкіндігі шектелген балалардың топтық және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, сабақ үстінде жекелеген тапсырмалар мен көмек түрлерін пайдалануда сыныпта шығармашылық жағдай жасауға мүмкіндік туғызылады. Өйткені, әрбір оқушы өзіндік мүмкіндігіне қарай нақтылы және қызықты жұмыс орындайды. Мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан балалар өз бетінше ізденуге, шығармашылықпен айналысуға ынталанып, белсенді болуға, өзара көмек беруге дағдыланып келеді. Оқушылардың бойындағы қабілеттерді шыңдап, олардың сабаққа белсенді қатысуларын қадағалап отырамын. Әрине барлық оқушы бір деңгейде қабілетті емес, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасауға тырысамын.
9 «Д» - сыныпта өткен ашық сабақта түрлі оқытудың жаңа әдістерін қолдандым. Қазақстандағы елеулі күндермен басталған ашық сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысты.Сабақ әрі тартымды, әрі қызықты болды.Әсіресе бекіту бөлімінде болған білім ағашы ерекше әсер қалдырды. (Сызбаларға тоқталу)
Арнаулы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері – есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік туғызу болып табылады. Есту мүмкіндігі шектелген оқушылардың сөздік қоры жеткіліксіз, сөйлеу мүмкіндігі шектеулі болады. Сөздерді байланысқа түсіріп айта алмайды. Бұл оқу үрдісіндегі ең күрделі мәселе болып отыр. Бірақ соған қарамастан біз олардың қалдық есту қбілеттерін дамыта отырып, ауызекі сөйлеу және жазу тілін қалыптастыру, дыбыстардың дұрыс әрі оның түсінікті айтылуын үйрету, сөздерді байланыстыра айта білу дәрежесінде түрлі жұмыстар ұйымдастырамыз. Әрине бұл жұмыстарды қазіргі жаңа технология элементтерімен байланыстыра отырып, сабақ өткізу барлық оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін әдістердің тиімді жақтарын пайдалана білуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
* Оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылығы артады;
* Өз бетімен іздену қабілеттері артып отырады;
* Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігіне ие болады;
* Қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
* Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге мүмкіндік алады;
* Оқушылардың ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдері, сөздік қорлары, танымдық ой-өрісінің дамуына мүмкіндіктер жасалады;
Қорыта келгенде айтарым, білімді азаматты тәрбиелеп шығару жолында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жиі қолданып тұрсақ, оң нәтижесін берері сөзсіз деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қараев Ж.А. «Педагогическая технология обучения» Алматы-1999г.
Кобдикова Ж.У.«Оқыту процесін технологияландыру» Алматы-2000 ж.
«Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция жинағы» 2012 ж.
«Қазақстан мектебі» журналы №6, 2012 ж.
Рау Ф.Ф. «Устная речь глухих» М.,1973г.
Өмірбаева К.О. «Деңгейлік тапсырмалар» Ақтөбе, 2000 ж.