Ма?ала О?ушыларды? ?зіндік іс-?рекетін а?паратты?-коммуникациялы? технология ар?ылы ?алыптастыру ?дістемесі


Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы қалыптастыру әдістемесі
Қоғамды ақпараттандыруға байланысты туындап отырған басты мәселе – мектептегі білім мазмұнын ақпараттандыру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын енгізу. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне көтерілуін, сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептің жоғарғы сыныптарында пән ретінде информатика пәнін оқытуда АКТ құралдарын қолданудың орны ерекше.
Оқушының өзіндік іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И.Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты «жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады». Сонымен бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауға, бақылауға, ізденуге мүмкіндік алатындай дәрежеге жетіп, өзіндік танымдық іс-әрекет жасауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, танымдық белсенділікті арттыру құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:
Оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдеріне оқушылардың ішкі оқу ынтасын ояту мен дамыту;
Оқушылардың алдына қойған іс-әрекетінің мақсатын қою мен жоспарлауды қамтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;
Оқушылардың оқу аақпараттарын өңдеуге интеллектуалдық іскерлігін қалыптастыру;
Оқушылардың өзін-өзі бақылауы мен жөндеуі негізінде оқытуда оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Енді оқытудың ақпараттық технологиясы деген не? атты сауалға тоқталайық. Қазіргі уақытта оқытудың компьютерлік технологиясының бернеше анықтамасы бар, оның ішінде И.И.Мархель берген анықтаманы алуға болады. оның пайымдауынша, оқытудың компьютерлік технологиясы (ОКТ) дегеніміз оқушының өз бетінше таным қызметін, оқытудың, оқу үдерісін басқаруды жеделдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық-педагогикалық бағдарлама, техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешені.
Ғалымдардың айтқан пікіріне сүйене отырып, біз оқушының өзіндік іс-әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін себепті байланыстағы әрекеттер тізбегін түсінеміз.
Оқушылардың сыныпта өздігінен жұмыс жасау түрін Л.П.Аристова 5 түрге бөледі:
Мұғалімнің толық ашып түсіндірмеген мәселелеріне оқушылардың зер салып оқуы;
2.Сыныпта мұғалімнің түсіндіруінде қарастырылмаған мәселелерді өздігінен оқып-үйренуге тапсыру;
3.Бұрын алған білімдерін жаңа логикалық байланыстар мен вариациялар арқылы ұғыну;
4.Жаңа алған білімдерді сыныпта пысықтау;
5.Мұғалімнің түсіндіруінен және басқа білім көздерінен алынған білімдерді пысықтау.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары – мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен қызметін жоғарлатуға жаңа мүмкіндіктер береді. Компьютер мұғалімді қажетсіз етіп көрсетпейді, керісінше оқушы мен мұғалімді тығыз байланысқа әкеледі.
Білім беруді ақпараттандыру информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқытудың негізгі бағыттары етіп төмендегі мәселелерді алдық:
Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқытудың мазмұнын оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағыттап анықтау;
Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқытудың тиімділігін анықтауда оқушының өзіндің іс-әрекетін қалыптастыруды дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді таңдаудың дидактикалық шарттарын іріктеу;
Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнінен оқушылардың жан-жақты дамуын, математика пәнінің оқытылуына компьютерді еркін пайдалана білу мүмкіндігін және оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруын дамыту мәселелеріне бағыттап факультативтік сабақты өткізу мен «Информатика мектебін» ұйымдастыру қажет.
АКТ құралдарын оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруда қолданудың талаптары
АКТ мектепте әртүрлі оқу пәндерін және сыныптан тыс жұмыстарды меңгерудің педагогикалық үдерісіне енгізілуі тиіс.
қолданылатын программалық-әдістемелік кешендердің пәнге бағдарлануы, оқу пәнінің мазмұнына және үйрету логикасына сәйкестендірілуі тиіс.
компьютерлік программаны қолдану сабақтың дидактикалық мақсатымен сәйкес оның құрылымына негіздей енгізілуі және қойылған міндеттерді ұтымды шешуге жеткізетіндей пайдаланылуы тиіс;
АКТ қолдану арқылы сабақты өткізуге жеткілікті білім мен білік, дағды деңгейі, тәжірибесі қалыптасқан мұғалім жүзеге асыруы тиіс;
сабақта және сыныпта тыс жұмыста оқушылардың өзіндік іс-әрекетінде АКТ қолдануға деген жағымды қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық орта құру;
қолданылатын компьютерлік программалар басқа оқу құралдарымен салыстырғанда мектеп оқушыларына технологиялық және операциялық түрде қолайлы болуы тиіс.
Оқушылардың АКТ қолдану арқылы өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруды сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізу қажет
«Информатика мектебін» ұйымдастырудың негізгі мақсаты - оқушыларды жаппай компьютерлік сауаттандыру, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, АКТ қолдану бойынша өзіндік іс-әрекетін дамыту.
Информатика мектебінің негізгі міндеттері
оқушылардың алгоритмдік-логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі кештерді ("Ғажайып алаң", "Не? Қайда? Қашан?", "Алғырлар, тапқырлар клубы", «Миллион кімге бұйырады?» және т.б.) ұйымдастыру;
математика мен информатика пәндерін байланыстыратын материалдарды таңдап, оған компьютерді пайдалану арқылы оқушыларды жан-жақты біліммен қаруландыру;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетін тереңірек қалыптастыру;
дарынды оқушыларды ерте таңдап, оларды гимназия мен арнаулы мектептерге оқуға қабылдау;
оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында компьютерді оқытудың обьектісі ретінде пайдалану мүмкіндігін арттыру.
«Macromedia Flash» технологиясын оқып-үйренейік атты курс
Мақсаты:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру.
Міндеттері:
оқушылардың интеллектуалдық және танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
оқушыларды қолданбалы программалық қамтамасыз етумен таныстыру.
Аталған курсты меңгергенннен кейін оқушылар білуі тиіс:
Macromedia Flash графикалық программасының құрал-саймандарының атауы мен қызметін;
Анимация тәсілдерін;
Публикация тәсілдерін;
Қосымша ақпараттарды алуға арналған ресурстарды
Macromedia Flash ортасының қызметі мен мүмкіндіктерін;
Программма интерфейсі (палитра және құрал-саймандар панелі, көрініс және жұмыс аумағы, уақытша сызғыш);
Векторлық және растрлік форматтар ерекшеліктері;
Macromedia Flash ортасында анимация жасау тәсілдері;
Ролик жасау кезеңдері
Анимация түрлері;
Macromedia Flash –те қолданылатын негізгі ұғымдар, «уақыт шкаласы», кілттік кадр, ролик, скрипт, сцена.
Аталған курсты аяқтағаннан кейін оқушылар меңгеруі тиіс:
Macromedia Flash программасы туралы ақпаратты өз бетімен таба білуі;
Графикалық объектілерді жасай білуі
Анимациялық эффектілерді қолдана алуы;
Macromedia Flash қосымшасын іске қоса алуы;
Бейнені жасай алуы;
н\градиенттік және растрлік құюлар жасауды қолдануы;
анимациялық ролик жасай алуы;
анимацияны жасауда түрлі эффектілерді қолдана алуы;
сурет салу құралдарын пайдалана алуы: Line (түзу сызық), Rectangle(тікбұрыш), Oval (эллипс), Реп (перо), Pencil (карандаш), Brush (кисть),.Paint Bucker (бояуы бар шелек), Ink Bottle (чернильница) редакциялау құралдары: Arrow (бағыттауыш), Lasso(лассо), Subselect ерекшелеу), Eraser (өшіргіш), Dropper (пипетка);
графикалық бейнелерді импорттауы.