О?ушыны? ойлау ?абілетін дамыту жолдары


Жоспар:
I Кіріспе  
Дидактика туралы ұғым. Оқыту процесінің мәні.II Негізгі бөлім:
1. Дидактика және жеке әдістемелер.
2. Оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдары.
3.Шығармашылық қабілетті дамытуға арналған ойын түрлері
4.Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.
5.Үлестірме қағаздар мен перфокарталар үлгісі
III Қорытынды
Дидактикалық ойындар - оқытудың маңызды құралы
Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл- ой тәрбиесі болмайды.
В.А.Сухомлинский
Қазіргі заманда Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру саласында әлемнің басқа да алдыңғы қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу алдағы тұрған міндеттер. Сабақ әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу мен тәрбиенің негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Сабақта түрлі тақырыптарды меңгеру барысында оқушының дүниетанымын кеңейтіп, танымдық құзыреттілікті қалытастыру іске асырылады.
Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте “таным – білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану – заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді” деп көрсетілген.
Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Таным – ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны өмірде пайдалануға жол ашылады.
"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді. Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.. Оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетынымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.  Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. Оқытудың маңызды міндеттері:    •  Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру;•  Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;•  Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пікір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады. Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес. Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген. Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:•  арнайы іскерлік;•  оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;•  ақыл-ой іскерлігі.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:•  арнайы іскерлік;•  оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;•  ақыл-ой іскерлігі. Оқыту процесінің қызметінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудық білім беру, оқытудық тәрбиелік, оқытудық дамыту қызметтері. Оқытудық білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік  пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үіиін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:• білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;•  білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;•  білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау. Оқытудық тәрбиелік қызметі - оқытудық тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғүламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді. Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді. Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады.Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:•  оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;•  оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;•  білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;•  білім, іскерлікті бақылау және есепке алу. Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған. Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту. Екінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану. Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:•  оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;•  білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Дидактикалық материал - сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі
Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.Бұл – оқу бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Оқушы білгенін практикада қолдана отырып, ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды жақсы қасиеттерге (имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа, т.б.) тәрбиелеу.
Мысалы: Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту, әңгіме, өлең оқытып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттату, диалог құру, ойтолғау жаздыру, түрлі ойындар ұйымдастырылады.
Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Сонымен қоса қазақ тілінде «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын сабақты өткізу барысында тиімді пайдаланады.
Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарында қолдану , оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын,қиялын,сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе,ал екіншісі ойлау қабілетін,үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар сабақ үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып,отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді.
Ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде жақсы нәтижеге жетуге болады;
сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
өзіне деген сенімділік пайда болады;
логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсенді етіп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп, дамыту болып табылады.
Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау – кезек күттірмейтін іс.
Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір баланың бойында шығармашылыққа баулуға әзір болардай өзіндік ерекше қабілет, биімділік бар екен.
Бастауыш сыныптарда оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнана ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Мұндай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын таба білу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары:
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың ой-өрісі мен танымының дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы: шығармашылыққа тәрбиелеудің бір түрі оқушыны суырыпсалмалыққа үйрету.Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады.
“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.Бірнеше ойын түрлеріне тоқтала кетейін. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:Кел, балалар, келіңдер,Тамашаны көріңдер.Бізде қызық ойын бар,Барлығың ден қойыңдар
“Моншақ”ойыныОйынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Керекті сөздер: емхана, дәмхана, егіс, оқушы, сынып, дала,мектеп,дос,күз . .“Қалалар” ойыны. Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.Тапсырма үлгілері: Қар – ҚарағандыАс – АстанаАлма – АлматыОрда-Қызылорда
Үлестірме қағаздарды жеке оқушымен жұмыс жүргізгенде әрі деңгейлік тапсырма берген кезде пайдалануға болады.Осындай қағаздарды көптеп жасау ұстаз портфолиосын толтыруға септігін тигізеді.
Қазіргі жаңа технологиялардың даму заманында интербелсенді тақта арқылы да осы үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдалануға болады. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетеді әрі тиімді саналады.

Үлестірме қағаздар мен перфокарталарды ұстаздардың көбі өз сабақтарында қолданады. Мен де көп жылғы ұстаздық еңбек жолымда, үлестірме қағаздар мен перфокарталарды пайдаланудың оқушы білім сапаларының артуына пайдасы зор екендігіне көз жеткіздім. Үлестірме қағазбен жұмыс істеу кезінде, оқушының жаңа сабақтан алған білім нәтижесін көруге болады немесе бұрынғы алған білімдерін еске түсіру арқылы білім сапасын нақтылай түсуге көмектеседі.
Қорытындылай келе, дидактикалық материалдар белгілі бір мақсатта білімді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді. Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік жұмыска үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын тандай білу керек. 
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын дидактикалық материалдар оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, мұғалімнің технологиясы нәтижелі болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. С.Баялиева. Сабақта ойын түрлерін қолдану. Алматы, 2004ж. 2. А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері». Бастауыш мектеп, № 3, 2009ж. 3. З. Рақмет, Г.Ж.Тайсюганова. Сөздік ойын. Алматы, 2005ж. 4. А.С.Атабаев «Ұлттық ойындар- халық мұрасы.«Кітап» 2006 ж. 5. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001ж.
6. «Математикадан дидактикалық материалдар»,
4-сынып, «Атамұра» баспасы , 2000 ж
Т.Оспанов, Б.Қосанов, Ж.Қайыңбаев, Қ.Ағанина