Дене шыны?тыру п?нінде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру


Мамырбаева Айгуль Умирзаковна
«Заречный ауылындағы кәсіптік – техникалық колледжі»
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Білім алушылардың салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз: І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру; ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады: - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану; - физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру; - қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету; - дұрыс жыныстық тәрбие алу; - зиянды әдеттерден аулақ болу. Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді. Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен білім алушылардың қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де білім алушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл оқытушы мен білім алушылардың арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім білім алушылардың белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық білім алушылардың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық білім алушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл білім алушылар арасындағы бәсекелестікті және әр білім алушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Білім алушының шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сергіту сәтін алатын болсақ, «Эстафеталық жарыстар» атты сабақта, алдымен білім алушыларға ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталып, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарлауға болады. Міне, осы арқылы білім алушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатынына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында «Көңілді мәре» сайысы білім алушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты, сабақта биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалауға болады. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде білім алушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылады. Білім алушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды. Сондай-ақ «Спорт әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық проектор арқылы білім алушылармен зияткерлік ойын сабағын өткізіп білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға болады. Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан бастап қәзіргі таңдағы олимпиада чемпиондары туралы викторина сайысы білім алушылардың көңілінен шығып, білім алушыларымыз өз елінің патриоты екендерін сабақ барысында дәлелдеп, мүдірместен жауап беруге тырысады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңашыл әдістегі «Намыс дода», «Толағай» «Асық ату» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын топ аралық сайыс түрінде өткізуге болады. Дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде білім алушылардың: - Салт - дәстүрді құрметтеуі; - Ұйымшылдығы, ізденімпаздығы; - Намысқойлығы; - Жүйке жүйесінің шынығуы; - Ойлау қабілетінің дамуы; - Білім алуға құштарлығы; Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында: Алдымен білім алушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету. Білім алушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет. Білім алушының «Қайда?» деген сұрағына: Білім алушының және оқытушы арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет. Сабақта алдымен білім алушыға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алуға болады. Сабақ барысында білім алушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде беруге болады. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан білім алушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде білім алушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір оқытушының оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар: - Әр білім алушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну; - Білім алушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау; - Білім алушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу; Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы білім алушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, білім алушының біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтқанда: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ» сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру. Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде білім алушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Білім алушылардың танымдық
қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде білім алушылардың білім сапасы артып, оқу жылында жоғары сапаға қол жеткізуге болады. Қорыта айтқанда, алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамыту керек. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіземіз, яғни білім алушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артады. Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер: 1. Білім алушымен қарым-қатынасты қалыптастыру. 2. Білім алушының логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Әр білім алушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану. 4. Білім алушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету. 5. Білім алушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру. 6. Білім алушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру. Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде білім алушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек. Жұмыстың нәтижесінде: 1) Әр білім алушының білімі, қабілеті қалыптасады. 2) Білім алушының бойындағы жетістіктері көрінеді. 3) Білім алушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады. 4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991. 2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы 3.«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж. 4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264. 5. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж. 6. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, № 2, 2012