Жа?а заман саба?ы ?андай болу керек? та?ырыбында?ы педагогикалы? ке?ес аны?тамасы
«Жаңа заман сабағы қандай болу керек?...»
(2014-2015 оқу жылының өзекті тақырыбына сәйкес өткізілген педагогикалық кеңестің анықтамасы).
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқытуды бағдарламасымен жүргізілетін жүйелі үрдіс. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту үрдісіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Қазіргі заманда елімізде білімге, оқытудың тиімді түрлеріне, туындаған мәселелерден шығу жолдарына аса зор көңіл бөлініп отыр. Бұл мұғалімдерден жаңа формация педагогының қалыптасын талап етеді. Қазіргі заман сабақтарын жүргізетін мұғалімнің қалыптасы пирамидасы тұлғалық және әдістемелік жағынан жетілуді қажет етеді.
Педагогикалық кеңес тақырыбына орай байқау бағдарламасы құрылды:
Сабақта үштік дидактикалық мақсаттың орындалуын байқау;
Ұтымды әдістер мен тәсілдерді, оқыту құрылдарын дұрыс таңдау, сабақтың әр кезеңінде олардың тиімді ықпалын бақылау;
Танымдық белсенділікті қамтамасыз ететін, оқушылардың сабақ барысында өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар формасын үйлестіру;
Сабақ барысында және үйде алған білімін бекітудің формалары мен тәсілдерін анықтау және оны жүйелеп, жалпылауды есепке алу;
Оқушылардың алған білімдерін, іскерлік пен дағдыларын пайдалануға нақтылы мүмкіндіктерді жасауды қадағалау;
Белсенді, қарқынды оқыту әдістерін қолдану;
Дифференциялып, даралап оқытуды ескеру;
Бақылау мен білімді бағалауда, үй тапсырмасын берудегі тиімділікті белгілеу;
Оқыту құралдарын, АКТ, көрнекіліктерді мақсатты, тиімді, кешенді пайдалану мүмкіндігін қарастыру.
Педагогикалық кеңес тақырыбына орайдаярлық шаралары өткізілді:
«Жаңа заман сабақтары үлгілері» ашық сабақтар циклы.
Тақырыпқа орай барлық пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысылады.
Мұғалімдер мен оқушылардан сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылады.
«Жаңа заман сабағының жоспары» байқау көрмесі
Шығармашылық топтар құрылды.
Шығармашылық топтарға қатысылған сабақтарға талқылау жасау үлгісін ұсыну:
1-топ: «ашық микрофон» тәсілі (өздерінің қатысқан сабақтарына пікір айту)
2-топ: редакция тобы: «мини-газет шығару» (қатысқан сабақ бойынша газет шығару)
3-топ: «сабақ-мұражай» (қатысқан сабақтың ең ұтымды жақтарын мұражайға орналастыру)
4-топ: «Ойлан, келіс және теріске шығар» тәсілі (қатысылған сабақ бойынша берілген сұрақтарға талқылау жасау)
Ойлану келісу Теріске шығару
Үш мақсат орындалды (білімділік, дамыту, тәрбиелік) Оқушылардың кейбірі оқу еңбегіне қамтылмады Тәсілдер тақырыпқа сай таңдалған Оқушылар білімі есепке алынып отырылды Өздік жұмыстың үлесі арттырылды Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылды Оқушының логикалық ойлауы, таным белсенділігі арттырылды Бағалау нақты болмады Дәстүрлі сабақ болды Теория мен практика байланысы болмады Топтық, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс сәтті ұйымдасты Сабақ қорытындыланып, кері байланыс жүзеге асырылды Үй тапсырмасы кеңінен ойластырылған Көрнекіліктер мен АКТ сабақ сапасын арттырмады. 5-топ: «бухгалтериялық есептеу» (қатысылған сабақтың жаңа заман сабағына лайықтылығын есептеп шығару)
Сабақ өткізген мұғалімдерге тапсырма: жаңа заман сабағы үлгісін өткізуге даярлықты РАФТ стратегиясы бойынша жазу. Шығармашылық топтар жауаптарын тыңдау.
Педагогикалық кеңес тақырыбына орай педагогикалық ұжымнан сауалнама алынып, келесідегідей сұрақтар қамтылды:
«Управление современной школой»басылымынан алынды .2013,№5) Бағалау: 1,2,3,4,5
№ Мазмұны Баға
1 Сабақ мақсаттарын қоя білуіңіз, сыныпқа күнделікті сабақта жариялау 4,7
2 Оқушыларды білімді белсенді игеруге бағыттай білуіңіз 4,5
3 Сабақта қарқынды оқыту әдістерін қолдана алу мүмкіндігіңіз 4,3
4 Сабақтың барлық уақытын тиімді қолдануыңыз, қорытындылып бағалау жүргізуіңіз 3,8
5 Оқытудың топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы нәтижеге жете білуіңіз. 4,2
6 Үй тапсырмасының көлемі мен оқушы біліміне тиімділігін кеңінен ойластыруыңыз 4
7 Бақылау мен бағалауды сабақтың барлық барысында нақты қадағалай білуіңіз 4,1
8 Оқыту құралдарын, (АКТ, көрнекіліктер, сызбалар мен кестелер, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды) сабақ мазмұнымен үйлестіруіңіз 4,6
Педагогикалық ұжымнан алынған сауалнама нәтижесінің салыстырмалы диаграммасы:
Қорытынды: неғұрлым жоғары деңгейді байқатқан көрсеткіш мұғалімдердің сабақ мақсаттарын қоя білуі және сыныпқа күнделікті сабақта жариялау (4,7); оқыту құралдарын, (АКТ, көрнекіліктер, сызбалар мен кестелер, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды) сабақ мазмұнымен үйлестіру екені байқалса, төмен деңгейді көрсеткен сабақтың барлық уақытын тиімді қолдануыңыз, қорытындылып бағалау жүргізілуі (3,8), үй тапсырмасының көлемі мен оқушы біліміне тиімділігін кеңінен ойластыру (4); бақылау мен бағалауды сабақтың барлық барысында нақты қадағалай білуі (4,1). Ендеше, педагогикалық ұжымға сабақтың тиімділігін арттыратын уақытты үнемді қолдану, үй тапсырмасының көлемін кеңінен ойластыру, бақылау мен оқушы білімін бағалаудың жолдарын жетілдіру қажет.
Педагогикалық ұжымның жаңа заман сабағына қойылатын талаптарды әдістемелік жағынан ықпалдастыру, кәсіби құзіреттілікті күнделікті іс-әрекетте қолдану жағдайларын бақылау мақсатында сауалнама алынды. Сауалнамаға енгізілген сұрақтар кестесі:
№2. Бағалау: 1.«иә », 2.«жоқ», 3.«кейде» 4.«қиналамын» (цифрлар қоюға болады)
№ Мазмұны 1 2 3 4
1 Әр сабаққа күнделікті мұқият ізденіп, даярланамын, қосымша әдебиеттерді қарастырамын 19 1 2 Оқушыларды әр тақырыбыма қызықтыруға тырысамын 19 1
3 Жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданамын, әр сабақтың мақсатына орай іріктеймін 14 5 1
4 Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізуге қызығамын, сабақтарға ықпалдастырамын 16 1 3
5 Оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға бағыттаймын 17 2 2
6 Деңгейлеп оқытуды қолданып, барлық оқушыларды оқу еңбегімен қамтимын 11 6 3
7 Оқушыларға қойылатын талап түсінікті, нақты, ғылыми түрде болуын қадағалаймын 15 2 3
8 Оқушылардың өздік жұмыстарының үлесін арттыру арқылы белсендіре аламын 17 1 2
9 Белгіліден белгісізге, жеңілден ауырға өту жағдайын нақтылаймын 16 2 1
10 Интербелсенді әдістерді тиімді таңдай аламын 16 2 2
Сауалнама қорытындысының салыстырмалы диаграммасы:
Сауалнама қорытындысынан байқалғандай педагогикалық ұжымда жоғары көрсеткішті байқатқан сабаққа күнделікті мұқият ізденіп, даярлану, қосымша әдебиеттерді қарастыру, оқушыларды тақырыпқа қызықтыруға тырысу бағыттары болса, төмен деңгейді байқатқан деңгейлеп оқытуды қолданып, барлық оқушыларды оқу еңбегімен қамту және жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданып, әр сабақтың мақсатына орай іріктеу бағыттары болды. Сондықтан, педагогикалық ұжымға жаңа заман сай оқытудың тиімді түрлерін енгізіп, оқушылардың жеке бс қабілеттеріне орай деңгейлеп оқытуды кеңінен дамыту керек.
Педагогикалық кеңес тақырыбына орай орта (8а, 8б, 9а,) және жоғары буын (10-11) оқушыларынан сауалнама алынды.
Сауалнама қорытынды кестесі бойынша
№ Сұрақтар м/а Қаз әдеб Физ Шет хим биол О.т тар геог
1 Қай пәнге сабақта белсенділік танытасың? 17 17 18 11 14 13 14 16 15 16
2 Сені қызықтыра жүргізілетін пәндер қайсы? 15 13 13 11 11 8 9 7 9 17
3 Жаңа материалды өздігіңнен меңгеруге бағыттайды 13 11 12 12 8 8 11 7 18 19
4 Үй тапсырмасын қиналмай орындайсың 15 21 22 15 22 15 19 20 20 22
5 Сенің бағаңды нақты айтатын пән 14 15 14 10 7 12 9 12 12 11
6 материалды толық меңгеруге тырысасың 21 17 15 18 16 17 11 14 17 15
7 Сен үшін ең қызықсыз өткізілетін сабақтар 4 2 2 6 3 4 3 4 5 3
Сауалнама қорытындысы бойынша белсенділік танытатын пәндер ретінде әдебиет, математика, қазақ тілі пәндері, қызықтыра жүргізілетін пәндер география, математика пәндері көрсетілсе, жаңа материалды өздігінен игеруге бағыттайтын пәндер ретінде география, тарих пәндері, үй тапсырмасын қиналмай орындайтын пәндер шет тілі, әдебиет, география пәндері көрсетілген. Бағалауды нақты жариялайтын пәндер қазақ тілі, математика, әдебиет пәндері, материалды толық меңгеруге тырысатын математика сабағы, ең қызықсыз өтетін пәндер ретінде физика, тарих пәндері атап көрсетілген.
«Ойлан, келіс және теріске шығар» тәсілі (қатысылған сабақ бойынша берілген сұрақтарға талқылау жасау)
Ойлану келісу Теріске шығару
Үш мақсат орындалды (білімділік, дамыту, тәрбиелік) Оқушылардың кейбірі оқу еңбегіне қамтылмады Тәсілдер тақырыпқа сай таңдалған Оқушылар білімі есепке алынып отырылды Өздік жұмыстың үлесі арттырылды Деңгейлеп оқыту жүзеге асырылды Оқушының логикалық ойлауы, таным белсенділігі арттырылды Бағалау нақты болмады Дәстүрлі сабақ болды Теория мен практика байланысы болмады Топтық, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс сәтті ұйымдасты Сабақ қорытындыланып, кері байланыс жүзеге асырылды Үй тапсырмасы кеңінен ойластырылған Көрнекіліктер мен АКТ сабақ сапасын арттырмады. 5-топ: «бухгалтериялық есептеу» (қатысылған сабақтың жаңа заман сабағына лайықтылығын есептеп шығару математика Абенова А.Ә.
«Бухгалтериялық есептеу» сабақ тиімділігін есептеу үлгісі: 2-толы, 1- ішінара, 0- жүзеге аспады.
ҮМБ (үш мақсат бірлігі): білімділік, дамыту, тәрбиелік (жеке баға қойыңыз)
ӘТТ(әдіс-тәсіл тиімділігі): сабақта қолданылған әр тәсілге 1,2,3 ұпайдан беріңіз
ОММ (оқу материалының меңгерілуі): барлық оқушылар қамтылуы, тақырыптың толық меңгерілуі, сабақ қорытындыландылануы, өздік жұмыстардың болуы, білімді белсенді иегруі (әрқайсысына 1,2,3 ұпайдан беріңіз)
ОқҰФ (оқытуды ұйымдастыру формасы) (топтық, жұптық, жеке, ұжымдық оқыту болуы) 1-5 ұпайдың бірін беріңіз.
С т (сабақ тиімділігі) ═ (барлық ұпайларды қосыңыз, оны 26-ға бөліңіз және 100-ге көбейтіңіз, яғни
сан
3429006667500Ст ═ ×100 ═ %
26
Егер Ст 85% болса сабақ тиімділігі жоғары
Егер, 65 пен 84% болса, жақсы деңгейде
Егер, 45 тер 64% болса, орта деңгейде болғаны
Сабақ тиімділігі: %
1-топ: «ашық микрофон» тәсілі (өздерінің қатысқан сабақтарына пікір айту
2-топ: редакция тобы: «мини-газет шығару» (қатысқан сабақ бойынша газет шығару)
3-топ: «сабақ-мұражай» (қатысқан сабақтың ең ұтымды жақтарын мұражайға орналастыру)
4-топ: «Ойлан, келіс және теріске шығар» тәсілі (қатысылған сабақ бойынша берілген сұрақтарға талқылау жасау)