Саба? жоспары А?паратты жазу ж?не санау. А?паратты тасы?ыштар (5-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты тасымалдаушылар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар, кубик
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, бейнелеу өнеріСабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру , баяндауСабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны информатика пәнін оқытуда қолдану. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
оқушыларды түгендеп;
оқушы көңіл күйін бағыттау;
сабаққа деген ынтасын ояту.
І.Қызығушылықты ояту.
Смайлик арқылы
1 - смайлик:
Компьютермен жұмыс істеу барысында нысандарға қандай амалдар қолдануға болады?
/Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру/
2 - смайлик:
Бас әріпті іске қосу пернесі қалай аталады?
/Caps Lock пернесін басамыз/
3 - смайлик:
Компьютердің құрылғылары неше түрге бөлінеді?
/2 /
4 - смайлик:
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін қандай екі бұйрық беріледі?
/Көшіру (Копировать) және Кірісітіру (Вставить)/
5 - смайлик:
Монитор қандай құрылғы?
/ақпаратты бейне бетке шығару құрылғысы/
6 - смайлик:
Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады?
/колонкалар/
ІІ. Мағынаны тану.
М: Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?
О: Ақпарат – сақтау. Түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
М: Адам ақпаратты қалай қабылдайды?
О: Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.
М: Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпараттың түрлерін есімізге түсірейік.
Ақпарат
Сан, Видео, Мәтін, Дыбыс, Графика
Нысанды бумадан жылдам іздеуІзделінетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі. Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Кеңейтілген іздеуФайлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.
Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.
Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.
Ақпаратты тасымалдаушыларКомпьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт - дик. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет. Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Ақпарат тасымалдаушылар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Ленталық ақпарат тасушылар. Ол өте жұқа магнитті лентадан тұратын тасушылар. Оларға кассеталар (аудиокассета, видеокассета т. б.) жатады. Көлемі бірнеше мегабайттан бірнеше гегабайтқа дейін болады.
2. Дисктік тасушылар. Оларға айтып тұрғандай CD/DVD/Bleu - ray сияқты тасымалдаушылар жатады. Олардың көлемі бірнеше гегабайт болады.
3. Қатты магниттік диск. Оған дискеталар жатады. Олардың көлемі бірнеше мегабайт қана болады.
4. Қатқыл магниттік диск [HDD] [Hard disk drive]. Бұл көлемі және құрылымы жағынан ең күрделі тасымалдаушы. Оған қатқыл дискілер жатады. Олардың көлемі өте үлкен бірнеше гигабайттан бірнеше террабайтқа дейін болады.
5. Флеш - жад [FDD] [Flash Disk Drive]. Бұл өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы. Көлемі де бірнеше гегабайт болады. Бұлардың SD, MicroSD түрлері бар.
Ақпаратты жазуWindows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.
Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындауларың керек:
• Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;
• Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;
• Файлдың атын теру;
• Сақтау батырмасын басу.Ақпаратты оқу
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу (Открыть) бұйрығын (немесе Ctrl + O пернелері) орындау керекОй толғаныс.
«Кубизм» әдісін қолдану . Оқушылар 3 түсті кубикті ортаға лақтырып қандай түс түссе, сол түсті конверттен сұрақтарға жауап береді
1. Ақпарат тасуыштарға нелер жатады?
/дискета, флешка, диск т. б./2. Ленталық ақпарат тасушыларға нелер жатады?
/Кассеталар (аудиокассета, видеокассета)/
3. Өте ыңғайлы және кең таралған тасымалдаушы/Флеш - жад/
4. Бір байт – ол:
/8 битке тең/
5. 1 Кбайт – ол:
/1024 байт/
6. «Information» сөзінде қанша бит бар?
/88 бит/
7. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
/видео/
Сергіту сәті: би «Monkey Dance»
Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.
Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;Жиі - жиі көзге арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек;Экранды қолмен ұстамау керек;
Копьютердің жанына артық зат қоймау керек;
Сыныпқа мұғалім кіргенде тұрып амандасу міндетті емес.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
SinKaz бағдарламасымен жұмыс жасау
Тексеру:
1. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
D) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамызС) Tab пернесін басамызD) Бос орын пернесін басамыз3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
D) Құру
4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
D) Құру
5. Ctrl + O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру
6. Ctrl + S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
D) Құру
7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
А) Ctrl + S
B) Ctrl + O
C) Alt + F4
D) Alt + Tab
Қорытындылау. Әрбір бөлім бойынша жақсы қатынасып отырған оқушыға жұлдызшалар беріледі. Сол жұлдызшалардың нәтижесімен бағалау.
Үйге тапсырма: «Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасығыштар» тақырыбын оқып түсінгенін айту