Ша??ы туризміндегі ?ауіпсіздік ережелері. Жеке ж?не топты? ?ауіпсіздік
Бекітемін:
Директордың ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова ___________
Бағдарлама жоспары: Шаңғы туризмінің техникасы мен тактикасы
Сабақ тақырыбы: Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері. Жеке және топтық қауіпсіздік
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Қатысушылардың шаңғы туризм барысында кездесетін қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, теориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету.
Дамытушылық: Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері. Жеке және топтық қауіпсіздік туралы туристік дағдыларын қалыптастыру, шаңғы туризміне спорттық – туристік дайындықтарын нығайту,спорттық икемділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім
қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: - Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен
тактикасы
Туристік-спорттық дайындық
Дене тәрбиесі
Оқыту әдісі: Шаңғы туризмі барысындағы қозғалыс кезінде шаңғышылардың
өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін міндетті түрде орындалуға
қажетті жеке және топтық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып
жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін үйрету.
Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:
Акт
Топшамалар
Туристік сақтандыру системасы
Карабин, дюльфер, пруссик
Шаңғы
Негізгі және көмекші арқандар
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)
Қос жолсерік қалай байланады?
Арқанды маркировкалаудың қандай түрлері бар?
Қабысу байлауының маңызы қандай?
Карабинді байлау не үшін қажет?
Академиялық байлауы қандай жағдайларда қолданылады?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері. Жеке және топтық қауіпсіздік.
Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)
Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді.
Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді.
Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады. Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал – жабдықтары ( примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа – райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы туризміне қатысушылардың басты кедергілері: қар жауып тұрған кездегі қозғалыс (әсіресе қары борпылдақ, жұмсақ ормандарда), биік, ұйлыға өскен бұталар, мұзы жақсы қатпаған өзендер, жоғары немесе төмен түсуге мәжбүр ететін биік қия, жоталар.
Жорық кезіндегі қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 шақырымнан аспағаны жөн. Қарапайым турист 1 шақырымға 15 – 14 мин жүріп өтеді. Қозғалыс бір қалыпты болады. Қозғалыс ырғағы рельефне байланысты, туристерін физикалық дайын жақтарымен табиғат жағдайларда үлкен рол атқарды.
Топ мүшелері бір бойымен бір адамнан қозғалу шарт, алда штурман жүріп отырады, өйткені ол із кесуші жолды жақсы біледі, ал саптың соңында жөндеуші шебер жүруі тиіс. Адамдар бір – біріне өте тақалмай аралары ашық болу керек. Алшақтық 1,5 – 2 м қашықтық қажет. Қалада немесе ауыл ішінде кең жолдарға екеуден, үшеуден жүруге болады, орман арасындағы өсімдіктер, өзен – көлдер мен нулы жерлерді өткелдер арқылы жүріп өтіп, қауіпті жерлерден жіп немесе тартпа арқылы өтуі керек. Шаңғымен жорыққа шыққанда сәл өзгеше болады, таңертеңгі сағат 8 – 9 шамасында, түскі үзіліс 1 сағаттан аспауы тиіс.
Шаңғышылардың арақшықтығы қозғалыс жылдамдығына байланысты.Ал ылдидан түскен кезде, жылдамдықты көбейтуге болады. Бірінші топтағылар белгіленген жерге әбден жеткенде ғана келесілері төмен сырғанай алады. Күн батқан кезде қозғалыс тоқталады. Техниканы дұрыс қолдану шарты , тәртіп сақтау.
Жаяу және шаңғы туризмінің техникасымен тактикасын үйренген кезде мыналарды ескеру керек.
Қозғалыс кестесін дұрыс жасау
Уақытты тиімді пайдалану.
Әр түрлі жолдарды кедергісіз жүріп өтуге дағдылану.
Шаңғы туризмі кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелері
Қандай да болмасын жорық кезінде ең бірінші сақтық ережелерін орындау керек. Әсіресе тау беткейлері немесе жоталардың арасымен өтер кезде айқалап өлең айтуға немесе музыка тыңдауға болмайды. Егер де қар көшкіні бола қалған жағдайда, қар көшкіні болған жаққа артымызды беріп, салқынқандылықты сақтап, әлсіз мінездікті танытпай, аяқ – қолымызды бауырымызға жинап, басымызды төмен иіп, отыруымыз қажет. Мұндай қауіпті аймақта,шаңғы таяғын ілмешегінен алып, шаңғыны аяғыңызға бос тағып, жүруіміз қажет.Қар көшкінінің астында қалған адамды іздеу кезінде бір қатарға тұрып, арнайы іздеу құралдарымен іздейміз. Ондай құралдар болмаған жағдайда, шаңғы таяғымен, ұстайтын басын қарға сүңгіту арқылы іздейміз. Іздеу кезінде зардап шегуші зақым келтіріп алмай мұқият әрі тез іздеуіміз қажет. Қар астында қалған адам, барлық күшімен аяғымен, қолынан қарды итерім, тыныс алардай ашық жер жасау керіп.Зардап шегушіні қар астынан шығарып алғаннан соң, оған жылы киімдер жауып, басын көтеріңкілеп, жатқызуымыз қажет немесе керек.
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:
1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.
2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.
3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.
4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.
5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.
6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.
7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.
8. Құрал – жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.
9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.
10. Таңертең ерте шығу.
13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.
14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.
Қозғалыс кезіндегі топтық қауіпсіздік ережелері:
1. Топпен жүру.
2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.
3. Беделді, білгір жетекші.
4. Аса жылдам жүруге болмайды.
5. Режим. Ағза терморегуляциясы.
6. Бір біріне көмек беру.
7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.
8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.
9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу. Жолдың үлкен жартысын таңертең өту.
10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.
11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.
12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.
13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.
14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.
15. Үсіп қалмауды бақылау.
16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.
17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.
Қауіпсіздік ережелері
Шаңғы туризм дегенімізді қалай түсінесіз?
Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері басқа туризм түрлерінен артықшылығы неде?
Жеке сақтандыру дегеніміз не?
Топтық сақтандыру дегеніміз не?
Үсіктен сақтану жолдары қандай?
Шаңғы жорығы кезінде соныңда кім жүреді?
Шаңғы жорығында төмен сырғанап түсу кезіндегі қауіпсіздік ережесіне сай қандай ара қашықтықты ұстану керек?
Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?
Жолға шыққанда қауіпсіздік ережелері қандай?
Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне не кіреді?
Шаңғы жорығында қарапайым туристің орташа жылдамдығы қанша?
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!
ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып орындайды.
Оқушыларды топтарға бөлу
Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу
Тапсырмалар бөлу
Өз беттерімен жұмыстану
Әрбір оқушыны жекелей қадағалау
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
Технологиялық процестің орындалуын бақылау
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау
ІV. Қорытынды нұсқау.
Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту
Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту
Оқушылардың бағаларын хабарлау
Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру