Компьютерлік желілерде а?паратты? ?ауіпсіздік


№2 сабақ
Сыныбы, күні: ____9 а, ә, б,в _ 13.09.2016 ж
Мұғалімі: ___Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік, компьютерлік құқықбұзушылық түрлері
туралы түсінік беру, ҚР-ның ақпаратты қорғау саласындағы заңнамасымен
таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
ДК – мен жұмыс істеуге арналған 3 гигиеналық ережені атаңдар.
Информатика сыныбында бір жұмыс орнына қанша аудан бөлінуі керек?
Компьютерде үзіліссіз жұмыс уақытын бақылап отыру не себепті маңызды?
Орындық пен үстелдің өздеріңе лайық биіктігін анықтаңдар.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ақпараттардың (мәліметтердің) қауіпсіздігі – құпиялылықтан, біртұтастықтан және қолжетімділіктен тұратын ақпарат күйі.
Құпиялылық (конфиденциальность, ағылшынның confidence – сенім сөзінен) жеке мәліметтердің құпиялылығы, яғни, ақпарттың жайылып кетуіне жол бермеу бірінші кезекте адамның өзіне байланысты. Мысалы, банктік карталарды құпия-кодпен бірге сақтамау керек.
Компьютерлік жүйелерде Құпиялылық ақпараттарға (желімен тасымалданып, сақталатын) оған құқығы бар адам ғана көруге рұқсат етеді.
Құпиялылықты бұзу – ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге, ақпаратты ұрлауға, әрі қарай мәліметтерді, бұрмаланған ақпаратты таратуға әкеліп соғуы мүмкін.
Мысалы, жеке (дербес) ақпарат, коммерциялық құпия, маңызды ғылыми жаңалық, мемлекеттік құпия. Барлық қолданушыға белгілі құқықбұзушылық – компьютерлік вирустардың таратылуы. Вирустардың таратылуының бір мақсаты – мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізу.
Ақпараттың біртұтастығы оған құқығы бар адамға ғана өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Егер басқа біреу сендердің ақпараттарыңа өзгеріс енгізсе, оны бұрмалау (фальсификация) деп атайды. Бұрмалау (фальсификация) (латынның falsificare - боямалау) – ақиқатқа ұқсап жасалған жалған, жасанды зат.
Жалған бұрмаланған сайттан шын сайтты қалай ажыратуға болады?
Сайттың адресі қалай жазылғанын тексеріңдер.
Құпиялылығы бар ақпаратпен жұмыс істейтін ресми сайт https хаттамасын пайдаланады.
Логинді, парольді және тағы басқа құпиялы ақпаратты енгізбес бұрын құлыптың қосылып тұрғанына көз жеткізіңдер.
Егер бетті жүктегенде браузер түпнұсқалық сертификатына сенуге болмайды десе, онда әрекеттеріңнен бас тартыңдар.
Қолжетімділік – авторизацияланған қолданушыларкез келген уақытта компьютерлік жүйедегі ақпаратқа қол жеткізе алады дегенді білдіреді.
Түпнұсқаландыру (Аутентификация) жүйеде қолданушы логині, құпия сөзі, биометрлік мәлліметтері (саусақ белгілері, дауыс), криптогрфиялық кілтті немесе жеке карточка арқылы сәйкестендіріледі.
«Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасында 2016 жылға» (қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 14 қарашасындағы №174 жарлығы бойынша) дейін мынадай анықтама беріледі:
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) – ақпараттық технологияларды қолданып жасалатын қылмысты-жазаланатын әрекет, қылмысты істің бір түрі.
1903730117400Интернеттегі қауіпсіздік
Интернеттегі қауіпсіздік

75214016068500286131013188500352361515303500
68140211224Контенттік қатерлер
00Контенттік қатерлер
2040940211225Қауіпсіздікті бұзу
00Қауіпсіздікті бұзу
4186540211225Коммуникациялық қатер
00Коммуникациялық қатер

Контенттік қатерлерге - былапыт мазмұндағы хаттарды, заңды емес ұйымдарды, экстремизмді, зиянды заттарды және т.б. әрекеттерді жатқызуға болады.
Коммуникациялық қатерлерге – киберқуалау, қоқан-лоқы, жәбірлеу жатады.
Қауіпсіздікті бұзу – online-алаяқтық, вирустарды тарату, спам.
Жоғарыда қарастырылған сайттың бұрмалануынан басқа желіде мынадай киберқылмыстар таралған: фишинг, спуфинг, киберсквоттинг, DoS және DdoS-шабуылдар.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Ақпараттық қауіпсіздіктің мәні неде екенін қалай түсінесіңдер?
Құпиялылық ұғымын түсіндіріңдер.
Ақпараттың қолжетімділігі неде деп ойлайсыңдар?
Ақпараттың біртұтастығының кепілдемесі не?
Шын сайтты жалған сайттан қалай ажыратуға болады?
Ақпараттық қылмысқа анықтама беріңдер.
Ақпаратты құқықты қорғауды қандай заңдар қамтамасыз етеді?
Үйге тапсырма: Компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік.
Қосымша материалдардан «Ақпараттандыру туралы» заңын оқып келу.
Оқушыларды бағалау, күнделікпен жұмыс.