5-сынып. ?аза? ?дебиеті. А?са? киік
«Қазақ әдебиеті» бойынша өткізілген ашық сабақ жоспары
5-сынып
Тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі.
Тақырыптың әдістемелік негізі: С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес берілген. Өлең жолдарын оқи отырып, оқушылар қайырымдылықты, мейірімділікті, достықты қадірлеуді үйренеді. Табиғатқа деген жанашырлық сезімі ояна отырып, ақын туралы тереңірек мәлімет алады.
Сабақ жүргізген мұғалімнің
аты-жөні Бигожина Бахина Олжабаевна 5 «А» сыныбы
Оқушының саны-29 Астана қаласы
№63 мектеп-гимназия
Мерзімі 30.01.2016 ж.
4 сабақ , №36 кабинет
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сілтеме 5-сынып оқулығы (123-125 бет,өлең мәтіні)
Жалпы мақсаты: Өлеңді талдай отырып,өлең идеясын ашады, ақынның шығармашылығы туралы біледі. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдай отырып, топта, жұпта жұмыс жасау, шығармашылыққа баулу. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу.
Міндеттер: 1.Бүгінгі сабақты түсінулерін анықтау;
2.Оқушыларға өздік жұмыстары арқылы білім беруге ықпал жасау, диалогтік оқыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;
3.Жаңа сабаққа белгілі бір ой, қорытындылар жасау.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері: 1.Өлеңді талдау арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығады;
2.Өлеңді талдау дағдыларын қалыптастырады;
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасайды.
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері Жаңа сабақ.
Зерттеу,жүйелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер,слайдтар,бағалау парағы т.б.
«Ақсақ киік» күйі.
Жаңа түсінік Ақын туралы тың деректермен таныса отырып, «Ақсақ киік» өлеңінің идеясын ұғынады.
Қолданым әрекеті Өлеңдегі киіктің аянышты халіне ,адам сезіміне талдау жасайды. Өлеңді қазіргі экологиялық мәселемен байланыстырады.
Талдау әрекеті Өлең жолдарын саралай отырып, тұжырым жасайды.
Шығармашылық әрекет Өлең мазмұны бойынша экологиялық мәселелермен байланыстыра отырып,киіктерге хат жазып сырласады.
Бағамдау әрекеті Өлең негізінде бүгінгі күннің проблемаларына өз көзқарастарын білдіреді, өзіндік талдау жасайды.
Күтілетін нәтиже
Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
Алған білімдерін өмірде қалай қолдану керектігін, оны пайдаланудың мүмкіндіктерін тудырады, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Тапсырмалар: І.Ұйымдастыру
ІІ. Түрлі суреттер арқылы топқа бөлінеді,топ басшысын сайлайды.
1.топ Әдебиетшілер
2. топ Суретшілер
3. топ Экологтар
ІІІ. Үй тапсырмасы. «Сұрақ-жауап» әдісі
М.Жұмабаев шығармашылығы туралы не білгендерін айтады.
Ақынның өлеңдеріне талдау жасайды.
Мағжан өмір сүрген кезең жайлы білетіндерін айтады.
Жаңа сабақ ІІ.Негізгі кезең
Тақырып жоспары
1.С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
2. Ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің идеясы
3.Киік-«Қызыл кітапқа» енген қасиетті жануар
-Балалар,мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбы жайлы не айта аласыздар?
Ендеше бүгінгі сабағымызда С.Сейфулииннің өмір жолы, шығармашылығымен танысады.
Киік те, құлан да аша тұяқты,сүтқоректілер тобына жатады. Мұғалім өлең мәтінін мәнерлеп оқиды, оқушылар мәтінді жалғастырады.
Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Бетпақдала- жері құрғақ, шөбі сирек.
Балқаш көлі мен Арал теңізі арасындағы елсіз,шөлді дала. (суреті көрсетіледі)
Киік- аталық жануар
Бөкен- аналық жануар
Сегіз көштік- ұзындық өлшемі.
Өлеңде көркемдегіш тәсілдің бір түрі теңеу кездеседі. Оқушылар өлең жолдарынан теңеуді табады,талдайды.
Топтастыру» стратегиясы.
Әдебиетшілер тобы. С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы.
Суретшілер тобы. Өлеңдегі табиғат көрінісін,киіктің сұлу әрі мүшкіл халін,адам сезімін ақын қандай бейнелі сөздермен жеткізген?
Экологтар тобы. Өлең мазмұнының қазіргі экологиямен байланысы бар ма?
Әр топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды,топпен бағалайды.
Жұмыс дәптері «Түртіп алу» стратегиясы
Дәптерді ашып,бүгінгі күнді жазамыз. Әр топ өлеңнің бір шумағын дәптерімізге жазып, өлең құрылысына талдау жасаймыз.
Проблемалық сұрақ. (Ең бірінші киіктердің қырылуы жайлы бейнефильм көрсетіледі)
1.Киік жануарының «Қызыл кітапқа» енуінің себебі неде?
2.Киіктерді аман-есен сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыздар?
3.Бетпақдала туралы не айтар едіңіз?
4.Өлеңнің бүгінгі экологиямен байланысы бар ма?5. Бұл өлең осыдан 92 жыл бұрын жазылды. Өлең ескірді ме және киіктерді қалай сақтап қалуға болады?
6. Араға бірнеше жыл салып киіктердің қырылу апаты қайталанды.Бұл сенің ойыңша дұрыс па?
7. Егер сен ақын болсаң,өлеңді қалай жалғастырар ең?
Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.
«Өзім үшін жазу» стратегиясы. Жұппен жұмыс
1.топ Өлеңдегі ақынның сезімі
2 топ Ақынның сұлулыққа көзқарасы
3.топ Ақынның табиғатқа деген көзқарасы
Сергіту сәті «Қара жорға» биін көрсету
ІІІ.Бекіту
1. «Өзімше толғаймын» стратегиясы
І.топ Киікті атқан адамға хат
ІІ топ. Жаныма жай бермеді киік зары (эссе)
ІІІ топ. Киіктің мүйізінен не жасалады? Тыңдалым,айтылым,жазылым.
2.Өлең мазмұны не туралы?
3.Өлең жолдарының мағынасын ашу.
Кері байланыс «Менің сабақтан алған әсерім». Оқушыларға парақшалар үлестіріледі.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқиды,ақын шығармашылығы туралы мәлімет алады.
Киіктердің қырылу себептері туралы ақпараттар жинайды.
Мұғалімнің әрекеті Кәкімбек Салықов ағамыздың сөзіне жазылған «Жезкиік»әнімен қорытындыланады.