?МЖ То?ты? ж?мысы мен ?уаты.Джоуль-Ленц за?ы (8 сынып)


Бекітемін:
Пәні: Физика және астрономия
Қысқа мерзімді жоспар №38
Сабақтың тақырыбы : Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы №201 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Шілдебаева Айгүл
Сынып: 8 «В» Сабақтағы оқушылар саны: 14
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтағы оқыту мақсаттары: Оқушылар үйренеді:
1.Электр тогының жылулық әрекетін білуі, мысалдар келтіре алуы, токтың жұмысы, қуаты туралы білуі, Джоуль-Ленц заңын тұжырымдай алуы.
2. Жылу мөлшері, токтың жұмысы, токтың қуаты шамаларының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
3.Токтың жылулық әрекетін түсінуі, өз қортындыларын жасай алуы. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығаруы.
Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар:
Электр тогының жылулық әрекетін біледі, мысалдар келтіре алады, токтың жұмысы, қуаты туралы біледі, Джоуль-Ленц заңын тұжырымдай алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Жылу мөлшері, токтың жұмысы, токтың қуаты шамаларының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын қолданып есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар:
Токтың жылулық әрекетін түсінеді, өз қортындыларын жасай алады. Орташа, жоғары деңгейдегі есептерді шығарады.
Тілдік мақсаттар Физикалық терминдердің дұрыс қолданылуына мән беру.
Пәнаралық байланыстар Математика
Алдыңғы білім Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Дерек көздер, ресурстар 1.Б.М. Дүйсембаев, т.б, Физика және астрономия. Алматы «Мектеп», 2015 ж
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, І деңгей
3. Электронды оқулық, 8 сынып
4.В.И.Кем, Б.А.Кронгарт Физика . Есептер жинағы
Жоспар
Жоспар-
ланған мерзім Жоспарланған іс-шаралар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау түрі
Кіріспе
(3мин) Сергіту.
Топқа бөлу Ынтымақтастық ортасын құру. Ережелерді еске түсіреді. Әлеуметтік орта, ынтымақтастық ортаға енеді Ынталанды-
ру
Үй тапсырма-сы (8 мин)
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырып бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады.
ойлану
талқылау, диалог
жауап беру
Мадақтау

3 мин
Қызығушылығын ояту
Миға шабуыл . Сұрақтар арқылы

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ой-пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбын ашады. Негізгі бөлімі
(13 мин)
Мағынаны тану
Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау
І топ. Токтың жұмысы
ІІ топ. Токтың қуаты
ІІІ топ. Джоуль-Ленц заңы
Шағын топ ішіндегі оқушылардың жұмысын бақылау. Барлық оқушылардың белсен-ділігін, әрекет түрін, оның сапасын, өзара ынтымағын, нәтижеге жету ниеттерін бақылау. Арнайы рөлдерге бөліну арқылы шағын топта кіші жоба әзірлейді. Топтық жұмысты құрылымдауға үйренеді. Басшы рөлдерге бөледі, бақылайды,
Оқушылар жоба бойынша сұрақтар қояды-жауап береді,
Топ спикері қорғайды. Критерий арқылы бағалау
1.Қорғау тәртібін сақтау: Уақыт және әдептілік;
2. Мазмұнның толық ашылуы;
3. Өмірден мысалдар келтіруі.
5 мин Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар-дың танымы, сөйлеу, тыңдалым,жазылымы, оқылымы, ойлау қабілеті артады

Қорытын-
ды бөлімі
8 мин
Ой-толғаныс
Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау. Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды.
Жаңа тақырып бойынша өз білімдерін тексереді, сыни ойланады, ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары дамиды
Кері байланыс.
5 мин
Маған ұнады, маған ұнамады.
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын ауызша айтады.
Үйге
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді. Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Жұптық жұмыс. Формулалар сөйлейді
№ Тапсырмалар
Оқушы жауаптары
1 Токтың жұмысын есептеудің формуласын жазыңдар. 2 Негізгі формуладан ток күшінің, кедергінің , уақыттың формуласын қорытып шығар. Токтың қуатының формуласын жазыңдар. Негізгі формуладан кернеудің, ток күшінің формуласын қорытып жазыңдар. 3 Джоуль-Ленц заңының формуласын жазыңдар. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
1.Егер кернеуі 4 В, ток күші 250 мА болса, қалта фонарының шамымен жүретін электр тогы 10 мин ішінде қандай жұмыс атқарады ?
2.Электр плиткасы 220 В кернеуге және 3 А ток күшіне лайықталған. Электр плиткасындағы токтың қуатын анықтаңдар.
3.Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ал ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды?
ІІ деңгей
1.Электр тізбегінің ұштарындағы кернеу 2 В. Ондағы 1А; 0,1 А; 10 А ток күштері 1 мин уақытта қанша жұмыс жасайды ?
2.Электр шамында «220В; 60 Вт » деп жазылған. Ток 8 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды? Шамдағы ток күші неге тең ? Оның кедергісі қандай ?
ІІІ деңгей
1.Қуаты 11 кВт, 220 В кернеуге есептелген , электрқондырғының кедергісін табыңдар.
2.Қалта фонарының шамында «6,3 В ; 0,22 А» деп жазылған. Оның қуаты мен кедергісін табыңдар. Фонарь 5 мин жұмыс істегенде, қанша энергия шығын болады?