Аша? саба?: вариативтік Мал шаруашылы?ы


Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: В.К «Ата дәстүр-асыл қазынам»
Тақырыбы: «Мал шаруашылығы»
Мақсаты:  а)білімділік:балаларды кәсіп түрлерімен таныстыру, әр істің ерекшеліктерінің пайдасын үйрету.ә)тәрбиелік: төрт түлікті қадірлей отырып, оның ішінде қойдың қасиеттері жайында түсінік беру,оқушыларды еңбекқорлыққа,алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. б)дамытушылық: оқушыларды өз бетімен мүсіндеуге және ермексазбен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру,қойға тән ерекшеліктерді ажырата білуге үйрету,шығармашылық белсенділіктерін арттыру.Қажетті құралдар:ермексаз,тақтайша,таяқша,қол орамал,ойыншық қой,дайын мүсіннің үлгісі.Пәнаралық байланыс:Қоршаған ортамен таныстыру,математика,музыка,орыс тілі,ағылшын тілі.Көрнекілігі: киіз үй, төрт түлік мал ойыншықтар,жайлау,шырша,құм,шөптер,интербелсенді тақта,қой туралы слайд. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,әңгімелеу,көрсету,жайлауға саяхат,жұмбақ шешу,мақал-мәтел,логикалық ойын.Билингвизм:Қой-баран-sheep,қозы-ягненок-lamb, жылқы-лощадь, сиыр-корова, ешкі-коза.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс- әрекеті Мотивациялық қозғаушы ояту кезеңі:1.Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, балалар?Балалар шеңберге дөңгелене тұрып,бір-біріне тілектерін айтады. Қуанамын мен де,қуанасың сен де.Қуанайық бәріміз,арайлап атқан күнге.Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Бәріңе сәттілік тілеймін!Балалар көтеріңкі күйде бір-біріне сәттілік тілейді.Балалар,бүгін бізде шығармашылық білім саласының мүсіндеу оқу іс-әрекеті. Сәлеметсіз бе!Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңіІІ.Жаңа сабақ.Кіріспе сөз :-Балалар,біз бүгін саяхатқа шығамыз.Қане көздеріңізді жұмыңыздаршы,бейне бір өздеріңізді жасыл жайлауда, көк майса шалғын жерде,ата-әжелеріңіздің қасында жүргендей сезініңіздер. Енді көзімізді ашайық.Балалар,біз жайлауға келдік.Бәріміз таза ауамен дем алып,сәл тынығып алайықМұнда қараңдар,сіздер не көріп тұрсындар?Қандай төрт түлік мал жүр?- Дұрыс айтасындар,бұрынғы заманда ата-бабаларымыз төрт түлік мал өсірген, жайлауда киіз үйде тұрған.Киіз үйдің бір қасиеті,қыста суық кірмейді,жазда күннің көзі өтпейді,күзде жаңбыр өтпейді.Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білесіңдер?-Енді,балалар, жұмбақтың шешуін тауып беріңдер:Кішкентай ғана бойы бар,Айналдырып киген тоны бар. Бұл не? -Қой атасы-Шопан ата.- Қой-баран, қозы - ягненок (орыс тілінде ) - Қой-sheep, қозы- lamb (ағылшын тілінде ) -Иә, балалар, «Мал өсірсең қой өсір,өнімі оның көл-көсір»деп бұрынғы аталарымыз айтып кеткендей қойдың пайдасы өте көп. Мал шаруашылығы біздің елімізде жақсы дамыған. Осы шаруашылықтың ішінде қой шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Өйткені қойдың жүні,еті біз үшін ең қажетті өнім. Қойды жазда жайлауда,қыста қыстауда бағады. Жазда қойды далаға шөпке бағамыз,таза су береміз.Қыста қолдан шөп береміз, жем береміз, су береміз,қораның қиын тазалаймыз.Күтімі жақсы болғанда ғана қойымыз семіз болады. Оның еті де, жүні де пайдалы. Қойды жыл сайын қырқып тұрамыз, ал қырқылған жүнінен киіз,алаша тоқиды.Қой бағатын адамды «шопан» деп атаймыз.-Балалар, енді мына суреттерге қараңдаршы.Суреттен не көріп тұрсындар?Міне, осындай еңбектердің арқасында жылы тон,етік тігіледі.Жарайсыңдар! Бұл тапсырмаға жақсы жауап бердіңдер.ІІІ.Сергіту сәті.Сергіту жаттығуы:Санамақ саусақ ойыны(Қимыл тәсілмен саусақтарын жаттықтырады)Сен тұр-қойыңа бар!Сен тұр-сиырыңа бар!Сен тұр-жылқыңа бар!Сен тұр-түйеңе бар!Нешеу болды?(төртеу)Төрт түлік малды бір сөзбен қалай айтуға болады?Балалар, қолымызды сергітіп алдық,енді қойымызды ермексазбен мүсіндейік. Тазалық ережесі:1.Үстел үстін,киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу;2. Ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін,қолды орамалмен сүртіп,сабынмен тазалап жуу;Мүсіндеудің негізгі жұмсарту және есу тәсілдерімен таныстыру:1.Бүтін ермексазды жұмсарту;2.Есу қиын болатындықтан ермексазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бөлікке бөлу;3.Алдымен алақанға алып жұмсарту;4.Тақтайшаға ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керек.ІV.Мүсіндеу тәсілдерін түсіндіру.1.Ермексаздан тіктөртбұрышты етіп негізін дайындап аламыз.2.Ермексаздан цилиндр-басын,цилиндр-денесін, төрт шұжық-аяқтарын домалату тәсілімен жасап аламыз.3.Цилиндрден денесінің пішінін келтіріп, жалпақтап, негізге жапсырамыз.4.Цилиндрден бастың пішінін жасап,денесінің жоғарғы бөлігін ермексаздың көмегімен біріктіреміз.5.Басына құлағы мен кекілін біріктіреміз.6.Аяқтарын денесіне ермексаз көмегімен біріктіреміз.7.Ұшты таяқшаның көмегімен көзі мен ауызын белгілеп, денесіндегі жүннің түрін келтіреміз.- Қазір қандай мезгіл?-Иә , балалар, қазір қыстың соңғы айы.-Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?Көктемде күн жылынады. Қар еріп, шөптер көктеп шығады.Сіздер жасаған көп қойды тапсырып көп өнім аламыз. Бұл сендердің еңбектеріңіз. Сіздердің қойды мүсіндеулеріңіздің арқасында бір қойымыз бір қора қой болды.Жесе тағам,ішсе сусын,кисе киім,тұтынса бұйым.Назарларын интербелсенді тақтаға аудару.Балаларға фотосуретті көрсетіп,яғни қой туралы керекті мағлұмат беру. (Слайдпен жұмыс) Рефлексивті Коррекциялаушыіс-әрекеттіңбағалау кезеңі
V.Ойын ойнату:1. «Момын жануарды тап» 2. «Қойдың төлін тап»VI.Бекіту.Балалардың жасаған жұмыстарын қарап,мүсіндеген қойларын бағалау,мадақтау.1. Қандай үй жануарларын білесіңдер?-(Сиыр,қой,түйе,жылқы,ешкі)2 Әр түліктің төлдерін ата?-(Бұзау,қозы,бота,құлыншақ,лақ)3.Қойдың жүнінен не жасайды?4.Қойдың қандай пайдасы бар? Жесе тағам ішсе сусын ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ кисе киім тұтынса бұйым Балалар, сендерге бүгінгі өткен тақырыбымыз ұнады ма? Сау болыңыздар! Күтілетін нәтиже:Баланың білуі тиіс:Қойдың жүнінен киім,терісінен аяқкиім жасалатынын.Баланың меңгеруі тиіс:Төрт түлік малға күтім қажет екенін меңгеріп қана қоймай,ермексаздан қой бейнесін мүсіндеуді үйренеді.Баланың жасай алуы:Жұмбақ шешеді,әңгіме құрастырады,геометриалық пішіндерден қойдың бейнесін жасайды.