?скер еліміз тарбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: Әскер-еліміз, армия-абыройымыз
Мақсаты: Ер балаларды Отан алдындағы азаматтық борышын ақтауға әрқашанда дайын болуға үйрету. Оқушылардың сана-сезімін, жауапкершілігін, салауаттылығын, мәдениеттілігін қалыптастыру. Өз Отанының шыныққан, табынды азаматы болуға, қиындықты жеңе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының рәміздері , туған ел, туған жер туралы қанатты сөздер, слайдтар, видео ролик, шарлар, тақырыпқа сай суреттер, әскери киінген оқушылар.
Сабақтың барысы:
Армиямыз айбынды,
Армиямыз қыранды!
Күзетеді ай нұрлы
Күн сәулесі Отанды.Біз –Отанның ұланымыз,
Біз –Отанның ұланымыз, дей келе, біздің сыныптағы ер балаларымыз ертеңгі елімізді, Отанымызды қорғау азаматтық борышы.
Сұрақ –жауап:
Қазақстанның Қарулы Күштері неше топтан тұрады?
Оқушылар:
Құрлықтағы әскери топтар
Әскери әуе күштер тобы
Әскери теңіз флоты
1-оқушы: Аға, Отан дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын түсіндірші.
2-оқушы: Отан –әр адамның туып-өскен жері, ата-анасы, туған-туысқандар, жолдастарымен тұратын атамекені. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Отан дегенге кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді.
3-оқушы: Қазақ деген пейілі кең, бай халық,
Толды арманы егеменге айналып.
Сарбаздары сап түзеді сайланып,
4-оқушы: Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздары қазақтың, сарбаздары!
5-оқушы: Бойда қызу қаны айналған жігері,
Қаһарманы заманының бұл енді,
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттілік,
Сарбаздары ол-елімнің тірегі
6-оқушы: Шекарада, күзетте,
Қас қақпайда ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз, алаңсыз балалар.
7-оқушы: Оянып таңсәріден, Ол қаруын баптайды.
Соғысты емес, алдымен
Бейбіт күнді жақтайды.
-Балалар міне сіздер Қазақстанның Қарулы Күштері туралы білдіңдер. Сендер де ертең ер жеткен соң әскер қатарына қабылданасыңдар, ол үшін сендерге көп дайындық қажет. Жастарың ертең 16-ға жеткенде сендерге мынадай Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі.
Ән: «Ән салшы, сарбазым»