Урок по математике К?пжа?тар
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні ШмановаРысгулРыспаевнаМерзімі: 3.12.15
Уақыты: 14.00
221, 321, 421 топтарБатыс Қазақстан «АТиСО»
академиялық колледжіСабақ тақырыбы Көпжақтар. Призма. Параллелепипед. Пирамида
СілтемеГеометрия оқулығы, слайдтар, таратпа қағаздар
Жалпы мақсаты 1. Оқушыларды көпжақтардың анықтамаларын және қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру.2. Модельдермен жұмыс жүргізу арқылы геометрия пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру, психологиялық ерекшеліктерін, ойлау қабілетін, есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту.3. Оқушыларды табандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім аладыОқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады
Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері ашыладыСабақтың түрі, әдіс-тәсілдері Бекіту сабағы, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, көшбасшылық
Сабақтың көрнекілігі Слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмаларКүтілетін нәтиже Берілген есепті шығаруда қай формулаларды қолданатынын көре алады.
Формула қорытып шығара алады.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топқа бөлу (фигуралар бойынша)
Бағалау критерийлері:
Миға шабуыл, сұрақ қоя алу дағдысы
Жұпта, топта жұмыс істеуіМатематикалық сауаттылығы
Өз ойын жинақтауы
Топта өзін-өзі ұстауы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. АмандасуСыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин.«Жүрек жылуы» тренинг- оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?- Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке толы.- Менің жүрегім қамқоршы- Менің жүрегім адал.- Менің жүрегім жақсылыққа толы- Менің жүрегім бақытты.- Менің жүрегім қайырымды, т. б.- Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық./алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу/ Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
Геометриялық фигураларды таңдата отырып, үш топқа бөледі. Оқушылар парақ алып, фигуралар бойынша үш топқа бөлінеді
Үй тапсырмасын қайталау мақсатында «ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алуҚайталау сұрақтары
І топ «Призма»
Призма дегеніміз қандай фигура?
Бүйір жағы
Биіктігі
Көлбеу, тік призма
Дұрыс призма
ІІ топ «Параллелепипед»
Параллелепипед дегеніміз қандай фигура?
Тік параллелепипед
Тік параллелепипедтің бүйір жағы
Тікбұрышты параллелепипед
Барлық жақтары шаршы қандай фигура?
ІІІ топ «Пирамида»
Пирамида дегеніміз қандай фигура?
Төбесі
Биіктігі
Бүйір жағы
АпофемасыОқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап бередіТоптық жұмыс тапсырмаларын береді де, әр топтың жұмыстарын бақылайды.
Фигуралар беріледі солардан өз тобына сай көпбұрыш құрастыру. Жылдамдыққа тапсырманы орындайдыФормулаларды таба білуі. Байқампаздыққа, еске түсіру қабілетін көрсетеді.
Топқа есептер беріледі.
Өздері жасаған әр топ модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын табындар.
Призма тобы:
Үшбұрышты тік призманың бүйір қыры 4 см, ал табанының қабырғалары 3 см, 5 см, 6 см. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Дұрыс төртбұрышты призманың толық бетінің ауданы 80дм2, бүйір бетінің ауданы 64дм2. Призманың биіктігін табыңдар.
Параллелепипед тобы:
Ағаш тақтайдың ұзындығы 6 см, ені 24 см, қалыңдығы 3 см. Оның толық бетінің ауданын есептеңдер.
Егер кубтың қыры см болса, оның бүйір бетінің және толық бетінің аудандары неге тең?
Пирамида тобы:
Дұрыс пирамиданың табанының ауданы 36см2. Бүйір қыры 5 см. Пирамиданың апофемасын және бүйір бетінің ауданын табыңдар.
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың толық бетінің ауданы 84дм2, ал табанының ауданы 36 дм2. Пирамиданың апофемасын табыңыз. Формулаларды қолданып есептер шығарады.
Тест сұрақтары беріледі
1. Параллелепипед жақтарын қандай фигура құрайды?А) үшбұрыш В) параллелограмм С) ромб Д) барлығы да
2. Алтыбұрышты призма неше қырдан, неше төбеден, неше жақтан тұрады?А) қыры 18, төбесі 12, жағы 8 В) қыры 12, төбесі 18, жағы 8 C) қыры 24, төбесі 18, жағы 12 Д) қыры 18, төбесі 8, жағы 6
3. Текшенің жақтары қандай фигура?А) ромб Б) төртбұрыш С) үшбұрыш Д) шаршы4. Барлық жақтары теңқабырғалы үшбұрыш болса, мұндай пирамида қалай аталады?А) текше Б) тетраэдр С) октаэдр Д) икосаэдр
5. Додекаэдр неше жақтан тұрады?А) 4 Б) 8 С) 12см 3 Д) 20 Тест сұрақтарына жауап береді.
IV. Үйге тапсырма.Үлкен пирамида — Хеопс пирамидасының — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған, қазіргі кезде пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан оның осы кездегі биіктігі 137 м.Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.
Қорытындылау
Бағалау
Топтардың бағасын талдап, қорытынды бағаны шығарады Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
Рефлексия
Кері байланысКішкене саусақ – бүгін қандай білім алдымАты жоқ саусақ – бүгін не істей алдымОртаңғы саусақ – бүгінгі көңіл күйім қандай болдыСұқ саусақ – басқаларға қандай көмегім тидіБас бармақ – бүгінгі сабақта мен үшін не маңызды болды. Оқушылар А4 қағазға саусақтарын салып, қияды да, әр саусақтың тұсына берілген талаптар бойынша толтырадыҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі
«Бекітемін»
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
_____________ Рупс Л.Р.
«___»___________20___ж.
«Келісілді»
ҒПО әдіскері
__________ Башпакова А.А.
«___»___________20___ж.
Тақырыбы: «Көпжақтар»
Өткізген:
математика пәні оқытушысы
Шманова Р.Р.
Орал-2015 ж.