?ЫЛЫМИ ЖОБА Т?ра?ты тіркестер (10 сынып)


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Алматы облысы , Райымбек ауданы , Сүмбе ауылы Абай атындағы орта мектеп Дарын
Ғылыми тәжірибелік жоба

Тақырыбы : Тұрақты тіркестер
Орындаған : 10 б сынып оқушысы Жеңісова Сабина
Секциясы : қазақ тілі

Сүмбе ауылы
Тұрақты сөз тіркесі фразеологиялық тіркес - екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып , бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы .
Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге , басқа сөзбен ауыстыруға келмейді . Мысалы : ит өлген жер – алыс , тайға таңба басқандай – анық , тілді үйіреді – тәтті , көз шырымын алу – ұйықтау . Ағама жеңгем сай , апама жездем сай – мінез – қылығы үйлес . Ағынан жарылды – ештеңені жасырмай , бар шындығын айтты . Ажал оғы атылды – мерт болды .
Сонымен қоса : Ажары кірді – көріктенді ;
Ауызы алты қарыс – қаһарлы ;
Аузын айға білеген – батыл ;
Айдар тақты – әйгілі қылды ;
Айдарынан жел еседі – рахат өмір ;
Айды аспанға бір шығарды – аты шықты ;
Айдың күні аманда – аман – есенде ;
Аймандай қылды – әшкреленді , ұятқа қалды ;
Айна қатесі жоқ ( айна қатесіз ) – дәл , тура ;
Айтаққа ерді – өсекке ерді ;
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді – естімейді , ұқпайды ;
Айы оңынан туды – жолы болды ;
Айызы қанды – көңілі жай тапты ;
Ақ ауыз қылды – алдап соқты ;
Айылын жимау – жасқанбау , сескенбеу ;
Ақ жарқын – ашық көңіл ;
Ақиық – айрықша асыл ;
Ақ киізге көтерді – хан сайлады ;
Ақ саусақ - еріншек ;
Ақыл ( ой ) таразысына салды – дұрыстап ойланды ;
Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу , біреудің еңбегін пайдаланды ;
Алаауыз – бірлік жоқ ;
Ала болды – араздасты ;
Ала көзімен атты – жек көрді ;
Алақанға қарады – дәмеленіп тұр ;
Алақанның аясындай – тар ;
Алақанына түкірді – дайын , әзір тұр ;
Ал–дал болды – көңілі жай таппады , т . б . , - тұрақты сөз тіркестерін тұрмыс жағдайында жиі–жиі қолданады .
« Екі иығына екі кісі мінгендей » - деген тұрақты сөз тіркесі – денелі , тұлғалы , иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе , « аяғы – аяғына жұқпады » - тұрақты тіркесі – шапшаң , тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр .
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады . Бір – біріне антоним болатын сөз тіркестер :
Антоним дегеніміз – мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер .
Бетінен оты шықты ( ұялды ) – Беті бүлк етпеді ( ұялмады ) .
Зәресі ұшты ( қорықты ) – Қуанышы қойнына сыймады ( қуанды ) .
Еңбегін сауды ( адал күн кешті ) – Жер қаптыру ( алдау ) .
Қолы – қолына жұқпады ( тез қимылдады ) – Саусағының ұшын қимылдатпады ( қозғалмады , еш нәрсе істемеді ) , т . б .
Бір – біріне синоним болатын сөз тіркестер :
Синоним дегеніміз – мағыналары жағынан бір – біріне ұқсас сөздер .
Үріп ауызға салғандай , Қыздың жиған жүгіндей – сұлу , әдемі , көрікті , келбетті , әсем , т . б .
Ит өлген жер , ит арқасы қиянда , жер аяғы қиянда , жер түбі – алыс , қашық , шалғай .
Ит терісін басына қаптады , жерден алып , жерге салды – ұрысты , сөкті , балағаттады .
Екі көзі шарасынан шығу , жаны зәр түбіне жету – қорқу , қатты шошыну .
Мақал – мәтелдер де тұрақталған , қалыптасқан сөздер тобы болып табылады . Мақал – мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді . Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір – бірінен ерекшелігі , айырмашылығы болады .
Мақал–мәтелдер – халық даналығының , көрегендігінің айнасы , тіл байлығының алтын қазынасы . Олардың көбі өмір шындығының қорытындысы .
Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті , өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат мұра .
Мақал дегеніміз – өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір , тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні .
Мәтел дегеніміз – белгілі бір ойға , ұғымға ишара жасайтын , астарлап , жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы .
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің дербес мағыналарынан ажырап жеке – дара сөздерге балама ретінде , жұмсалады , олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді , ( көре алмау – қызғану , іші күю – өкіну , т . б . ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі : идиомалық тіркестер немесе идиома ( қабырғаңмен кеңес , ешкімнің ала жібін аттама ) өзегі талмас ) . ; мақал – мәтел ( ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар ; өнерлінің озегі талмас )
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып , бастапқы мағынасын сақтай отырып , бір ұғымды білдіретін тіркестер де кіреді . Мысалы : қол қою , көз салу , қол ұшын беру , т . б .
Екі қолынан демін алу – болып , жетісіп отыру .
Еңсесі құру – сағыну .
Ер қаруы – бес қару – қылыш , найза , садақ , шоқпар , сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар .
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға асыну .
Ернін шығарды – мазақтады .
Ернінің емеурінін табу – көңілін табу .
Есек құрты мұрнына түсу – баю .
Етек – жеңін жию – есін жию .
Етектен алу – кедергі жасау .
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау .
Жағадан алу – қылғындыру .
Жағасын ұстау – таңдану .
Жағы сембеді ( тынбады ) – көп сөйледі .
Жағына пышақ жанығандай – арық .
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті , мықты .
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру .
Жанары кетті – көзінің нұры кетті .
Жанды жегідей жеу – қиналу .
Жаны сіріден жасалған екен – мықты .
Жанын қоярға жер таппау – әлек болу .
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру .
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыныш таппау .
Жауырынан жел өту – азап шегу .
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру .
Желкесін қасу – қысылу , сасу .
Жеме – жемге келгенде – шешуші сәтте .
Жер астынан жік шықты , қос құлағы тік шықты – табан астынан бөле шықты .
Жер болу – ұялу .
Жер жұту – жоқ болу .
Жер қабу – өлу .
Жетім қыздың тойындай – елеусіз .
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу .
Тисе – терекке , тимесе – бұтаққа . Болса болар , болмаса қояр немесе келсін – келмесін әрекет қыла берсе , әйтеуір біреуі нәтиже берер деген мағынаны білдіреді . Тіпті , үміткерлер арасына жұмыссыздар да жоғары білімі жоқ азаматтар да кездеседі . « Тисе – терекке , тимесе – бұтаққа » дей ме , әйтеуір , билікке көңілі толмайтын топтың да көңіл – күйі алабөтен . (« Жас Алаш » ) . Оғын тарс та , тұрс та төгіп келеді . Тисе – терекке , тимесе бұтаққаның кеі келуде ( Қ . Тұрсынқұлов , Шығ . ) .
Көзбен шолды - жаппай шолып қарап , бағдарлады .
Көзбен шолып егін орған алаңын ,
Әбіш пенен тұр басқарма қара мұрт . ( Т . Жароков , өлеңд . ) .
Көз болды – ие болды , бас – көз болды , басы – қасында жүрді , қорыды . Біз көз болып отырмасақ , апам картопты қазанға қабығымен салып жіберуге бар . ( Б . Соқпақбаев , Бастан кеш . ) . Халқыңа көз бол , адам бол , Құрдасым , Балта аман»бол . ( Манас ) . Біздің малға көз болатын кісіміз жоқ деген сайын тақаты қалмайды ( М . Әуезов , Таңд . шығ . )
Көз бояу – алдау , шындықты жасыру . Марал халықтың көзін бояу үшін екінші бір жол тұтты . ( « Айқап » ) . Ол – бұлардың қазіргі тек көз бояу екенін түсінді . ( І . Есенберлин , Қатерлі . ) Біреуден көшіріп көз бояудың керегі не еді ? (М . Иманжанов , Менің махабб. ) .
Көз бұқасын көрсетті – жақтырмай қарады , ала көзімен атты , Зорька бұрыштағы қара саулыққа да көз бұқасын көрсеткен . ( х . Есенжанов , Ақ жайық ).
Көз ашып , жүрек жуды – көңілді оятты , жүректі тазартты .
Ойлану ескек жылы жел ,
Көңілдің алтын жүрегі .
Көз ашады , жүрек жуады ,
Бұлт қуа , тұман түреді . ( І . Жансүгіров , Поэм . ).
Көзден жасы бұршақтады - егіліп жылады , көзінен жасы парлады – деген мағынаны білдіреді . Көзді ашып – жұмғанша . Лезде , қас пен көздің аасында , әп - сәтте . Мысалы : Өнер білім бар жұрттар ,
Тастан сарай салғызды .
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып – жұмғанша ,
Жылдам хабар алғызды . ( Ы . Алтынсарин , Шығ . ) .




Тезис
Алматы облысы Райымбек ауданы
Абай атындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен комуналдық
мемлекеттік мекемесінің 10 б сынып
оқушысы
Жеңісова Сабина
Жетекшісі : қазақ тілі пәні мұғалімі
Манабаев Дәурен

Тақырыбы : Тұрақты тіркестер
Мақсаты : Мен жұмысымда күнделікті өмірде кездесетін тұрақты тіркестердің мағыналарын зерттей отырып , антонимдік , синонимдік және мақал-мәтелдерде кездесетін тұрақты тіркестердің сырын ашу . Егер барлығы күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді қолдана отырып сөйлесе , онда осы тұрақты тіркестердің - біздің сөздік қорымыз жетіліп , тіл байлығымыздың кеңеюіне өз ықпалын тигізері сөзсіз деп ойлаймын .
Міндеті : Зерттеу жұмысымның мақсатына сай міндеттерін төмендегідей етіп тұжырымдаймын :
Тұрақты тіркестер ;
Антонимдік тұрақты тіркестер ;
Синонимдік тұрақты тіркестер ;
Мақал–мәтелдік тұрақты тіркестер ;
Нәтижеге жету жолдары : Тұрақты тіркестердің толық мағынасын ашу , үлгі – өнеге ету . Күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді өз орнымен пайдалансақ – біздің сөзіміз сұлу , тіліміз көркем , ойымыз ұшқыр шығатыны сөзсіз . Бүгінгі жаһандану дәуірде адамды тілі бай көркемдікке , шешендікке , даналыққа баулитын халқымыздың осындай асыл қазынасын өмірде жарату . Сонда жалаң сөйлеу , таяз ойланудан аулақ болып , сыры терең сиқырлы сөздерден жүрегіне қуат алып , тілін сүйетін жаныңа жақын ұрпақтар өсіп жетілмек .

Кіріспе
Тілдің рухани мәдениетке де , заттық мәдениетке де қатысы бар . Өйткені тіл – ойлаудың , танымның және өнердің құралы , сондай – ақ ақиқат өмірдегі зат пен құбылыстардың таңбасы , оларды танып – білудің құралы . Ол – таным – білімді сақтаудың , ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің құралы . Аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда : « Тіл – құрал » .
Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде « фразеология » деген термин арқылы таныс . Фразеология деген термин гректің фразис ( сөйлемше ) , логос ( ілім ) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған . Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы « тұрақты сөз тіркесі » деген ұғымды білдіреді .
Тілімізде еркін сөз тіркестері және тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар .
Еркін сөз тіркестері – тіркестегі сөздер еркін , орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер . Мысалы : жасыл қала – әдемі қала , жасыл кітап – қызыл кітап .
Тұрақты сөз тіркестері – тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп , бір ғана мағына беретін сөздер . Мысалы : ит тұмсығы өтпес ( қалың , ну ) , қоян жүрек ( қорқақ ) , т . б .
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап жеке – дара сөздерге балама ретінде жұмсалады , олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді ( көре алмау – қызғану ; іші күю – өкіну , т . б . ) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі : идиомалық тіркестер немесе идиома ( қабырғаңмен кеңес , ешкімнің ала жібін аттама ) ; мақал – мәтел ( Ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар ; Өнерлінің өзегі талмас ) .
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып , бастапқы мағынасын сақтай отырып , бір ұғымды білдіретін тіркестер ( лексикалық тіркестер ) де кіреді . Мысалы , қол қою , көз салу, қол ұшын беру , т . б .
Тұрақты сөз тіркестері ұрпақтан – ұрпаққа , ғасырдан – ғасырға өтпек , жалғаса бермек . Олай болса сөздік қорымызды жоғалтып алмай , сөз қолданысының қадірін білейік !

Қорытынды
Өзіміз білетіндей , біз күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді пайдаланып жатқанымызды байқамай қалып жатамыз . Тұрақты тіркестер сөйлеу тұрғысында ерекше орын атқарады .
Міне , осындай тұрақты тіркестердің өзінің терең мағынасымен ойымызды дұрыс жеткізуге өз септігін тигізетінін дәлелдедім .
Қорыта келгенде , тұрақты тіркестерді әрдайым есте сақтап , жаңғыртып отырсақ , ол біздің тіл мәселесінің ұтымды жолы болары сөзсіз !
О , туған тіл !
О,туған тіл! Дүниеде
Сен болмасаң не етер ем ? –
Аңмен бірге аң болып ,
Шаңмен бірге шаң болып ,
Ұстағанның қолында ,
Тістегеннің ауызында
Олжа болып кетер ем .
Сені берген атамнан ,
Сені үйреткен әжемнен ,
Қалай айналмаспын мен !
Сенен алған намыспен
Қырқып түсер қылыштай
Қалай қайырылмаспын мен !
Ерлігімді мұқалтпай ,
Елдігімді жұқартпай ,
Еңсемді еркін ұстауды
Қалай ойланбаспын мен !
Өз тілімдей тіл қайда еркін басар ?!
Тілім барда еркіме кім таласар .
Туған тілім күрмеліп әлсіресе ,
Ыстық қаным суынып , сиқым қашар .


Пайдаланылған әдебиеттер :
1 . Қазақ тілі энцклопедиясы 6 – том Алматы 2003 жыл
2 . Қазақ тілі энцклопедиясы 8 – том Алматы 2003 жыл
3 . Интернет желісі Уикипедия сайты
4 . Шың кітабы Алматы 2012 жыл
5 . Қазақ тілі Н . Оралбаева Алматы 1993 жыл
6 . Қазақ тілі С . Исаев Алматы 2007 жыл
Қазақстан Республикасы , Алматы облысы Райымбек ауданы « Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 б сынып оқушысы Жеңісова Сабинаның « Тұрақты тіркестер » ғылыми- практикалық жоба жарысына жазған зерттеу жұмысына ғылыми жетекшісінің
ПІКІРІ
Оқушы өзінің зерттеу жұмысында тұрақты тіркестердің мағыналарының көркемдігін саралауда ойын анық жеткізе алған . Тұрақты тіркестердің антонимдік , синонимдік , мақал – мәтелдік тұрақты тіркестерді пайдалана отырып , кең тоқталған . Әр түрлі тұрақты тіркестердің бір - бірінен айырмашылығын табуы да өз орнымен . Оқушы тілі жетік , көркем , әрі бай . Тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін тіл анықтамасына сүйене отырып ашық та айқын көрсете білген . Бұл – оқушы ізденісінің жемісі .
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі :
Сауданбекова Гүлназ
Антонимдік тұрақты тіркестер
Бетінен оты шықты ( ұялды ) – Беті бүлк етпеді ( ұялмады ) .
Зәресі ұшты ( қорықты ) – Қуанышы қойнына сыймады ( қуанды ) .
Еңбегін сауды ( адал күн кешті ) – Жер қаптыру ( алдау ) .
Қолы – қолына жұқпады ( тез қимылдады ) – Саусағының ұшын қимылдатпады ( қозғалмады , еш нәрсе істемеді ) , т . б .

Синонимдік тұрақты тіркестер
Үріп ауызға салғандай , Қыздың жиған жүгіндей – сұлу , әдемі , көрікті , келбетті , әсем , т . б .
Ит өлген жер , ит арқасы қиянда , жер аяғы қиянда , жер түбі – алыс , қашық , шалғай .
Ит терісін басына қаптады , жерден алып , жерге салды – ұрысты , сөкті , балағаттады .
Екі көзі шарасынан шығу , жаны зәр түбіне жету – қорқу , қатты шошыну .
мақал – мәтелдік тұрақты тіркестер :
Ел үмітін ер ақтар , ер атағын ел сақтар
Өнерлінің өзегі талмас .