«Ойын технологиялары ар?ылы балаларды? танымды?-тілдік ??зыреттілігін дамыту»


«Ойын технологиялары арқылы балалардың танымдық-тілдік құзыреттілігін
дамыту»
Макина Данагүл Сакенқызы makina_danagul@mail.ru
Павлодар қаласы МҚКК «№11 сәбилер бақшасы»
Мектепке дейiнгi дидактикада түрлi дамыту материалдары қолданылады. Бiрақ мектепке дейiнгi оқытуда ойлауды дамытудың маңызды кешенiн қалыптастыру мүмкiндiгi берiлмеген. Әлемнің көптеген елінде балалардың ойлау қабілетін дамыту мақсатымен венгер психологі және математигі, профессор, «Жаңа математика» авторлық әдістемені құрастырушы – Золтон Дьеныштың «Логикалық блок» дидактикалық материалын табысты қолданады. Логикалық блоктармен жұмыс үстiнде балалар жалпы зияткерлік дамуын қалыптастыратын ойлау iскерлiгiн игередi. Оның қатарына талдау, нақтылау, салыстыру, жiктеу, жалпылау, кодтау-кодты ашу, сондай-ак «емес», «және», «немесе» логика амалдары жатады. Арнайы сабақ үлгiлерiндегi ойындар мен жаттығуларда балалардың ойлауды реттеу мәдениетi дамып, ойша орындауға кабiлеттенедi. Логикалық блоктар көмегiмен балалар назарды, естi, кабылдауды жаттықтырады және балаларға заттардың формасы мен геометриялық фигураларды таныстырудың жақсы кұралы болып табылады.
Мектепке дейінгі балалардың ойын дамыту, жаналықтарды жылдам игеру қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру - жеткiншектердi тәрбиелеудегi маңызды мiндеттердiң бiрi. Соңғы онжылдықта осы дидактикалық материалға сүйене отырып, Дьеныштың логикалық блоктарымен құрастырылған ойын жүйелері мен ойын жаттығулары жарыққа шықты. Олар: А.А. Столяровтың редакциясымен шығарылған «Кел ойнайық» (М, 1991ж., 1996 ж.) және З.А.Михайлованың редакциясымен шығарылған «Мектепке дейінгі балаларға арналған логика және математика» (СПб, 1996ж., 2000ж.) Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеу барысында:
балаларды геометриалық фигура, пішін, мөлшер өлшемдерімен таныстыруда;
ойлау дағдыларын дамытуда, салыстыру, талдау жасау, топтастыру, қорытынды жасауды, ақпаратты кодтауды, қайта кодпен ашуды үйренуде;
алгоритмдік ойлау мәдениет дағдыларының элементтерін меңгеруде;
шығармашылық қабілеттерін дамытуда;
танымдық процестері ес, қиал, зейінді дамытуда логикалық блоктарды ойын материалы негізінде қолданудың әсерлілігі байқалды.
Дьеныш блоктары өзара төрт қасиетпен ажыратылатын 48 элементтен тұрады:
Жуандығы – жіңішке және жуан
Түсі – сары, қызыл, көк
Пішіні – дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, шаршы
Мөлшері – кішкентай және үлкен
Логикалық пішіндер 9 жинақтан тұрады.
Әр жинақта 24 пішін : 6 шаршы, 6 тікбұрыш, 6 үшбұрыш, 6 шеңбер ;
Бұл логикалық пішіндер жинағын оқу үрдісінде кеңінен қолдануға болады:
пішін эталонымен таныстыруда;
әрекет эталонына үйретуде;
еске сақтау, қабылдау, зейін, қиялды дамытуда;
логикалық операцияға қабілеттерін дамытуда т.б.
Балаларды осы символды карточкалармен таныстыру, ең маңызды қадам болып табылады. Мұнда 5 кубикті ( әр бетіне символ бейнеленген) логикалық кубиктерді қолдану ұсыналады.Бұл кубиктің арқасында бала әр түрлі ойындарды ойлап таба алады, сонымен қатар кодтауға және қайта кодпен ашу дағдыларын меңгеруде септігін тигізеді.
Қазіргі мектепте нақты білімді ғана емес баланың ойланып шешім табуы талап етіледі. Баланы бір нәрсеге үйрету ғана маңызды емес, оның өзінің күшіне деген сенімділігін күшейту, өз идеясына, өз шешімін сақтап қалу табандылығын жетілдіру керек. «Таным» білім беру саласының міндеттеріне:
үлкендермен және құрбыларымен өзара әрекеттестікте белсенді тәжірибесін қалыптастыру;
танымдық және тұлғалық іскерлік дағдыларын және белсенді іскерлігін дамыту;
құрбыларын түсініп, олардың көзқарастарымен санасу;
өзінің ойын, идеясын сақтау іскерлігі, өз білімін басқалармен бөлісу.
Қойылған мақсаттар мен міндеттеріне жетудің құралы ретінде логикалық ойлауды дамытушы ойындарды таңдап алдым. Оларды былайша бөлдім:
Заттық: дидактикалық – түсін, пішінін, түрін, табуға бағытталған, дамытушылық – (бірнеше деңгейлі күрделілік):
Сөздік: жұмбақтар, елестету, қиялдарын дамытатын ойындар.
Саусақ ойындар: бұл мидың белсенділігін арттырады, ойлауды дамытады, қолдың ұсақ сезгіштігін дамытады.
Өзімнің педагогикалық қызметімді жоспарлай отырып, мен келесі жоспар-схеманы іске қосамын, ол бірлескен және өз бетінше ойын ойнауды ұйымдастыру. Қорыта келгенде, Дьеныштың блоктары және логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында балалар әртүрлі ойлау қабілеттеріне ие болады, олар математика алдындағы дайындық ретінде өте маңызды болып келеді.

«Пішінді тап» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: Кубикті лақтыру арқылы пішінді табады. Берілген кубиктің бетінде арнайы белгісі болады. Немесе сол кубикті лақтыру арқылы пішінді жасыруға болады т.с.с жас ерекшелігі мен дағдысын ескере отырып күрделендіруге болады.






?
Кодталған (Кодирование) карточкалардың үлгілері:



?



Көк, үлкен, дөңгелек
Сары кішкентай үшбұрыш
Қызыл, үлкен, шаршы
Қайта кодпен ашу(Декодирование)карточкаларының үлгілері:

?

?
1.Үшбұрыш емес, дөңгелек емес, шаршы емес, қызыл емес – бұл қандай пішін?
(Көк тікбұрыш)
2.Дөңгелек емес, тікбұрыш емес, шаршы емес, көк емес, қызыл емес - бұл қандай пішін ? (Сары үшбұрыш)
( Күрделендіру үшін үлкен емес немесе кішкентай емес деген белгілерді қосуға болады.)
«Емес» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: Арнайы карточкалар арқылы берілген пішінді көрсету талап етіледі. Мысалы: қызыл емес, дөңгелек емес, үлкен емес;



Мұнда жасырылған пішіндерден жол жасауға болады, тізбектеуге, құрастыруға т.б
Техналогиялық карта
Білім беру саласы:«Таным»
Білім беру бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Математика ханшайымының еліне саяхат»
Мақсаты: Кодты дұрыс оқуға үйрету, командамен жұмыс істеу дағдыларын, логикалық әрекетке және операциаларға деген қабілетін дамыту, ақыл-ой тәрбиесін беру
Әдіс-тәсіл:кодтау, қайта кодтау,
Көрнекілік: сурет, сызба, кеспе әріп, логикалық блок
Сөздік жұмыс: санамақ, жұмбақ
Ұйымдастыру түрі: шағын топпен, жеке жұмыс
Әрекет түрі Тәрбиеші әрекеті Бала әрекеті
Мотивациялық –қызығушылық «Шаттық шеңбері»
Тілеймін мен бар әлемге тыныштық!
Тілеймін мен бар адамға денсаулық!
Сәлем , досым! Сәлем , досым!
с/ж: «Санамақ» Шеңбер бойымен тұрып , қимылмен көрсетіп сөздерді айтады
Санамақты еске түсіреді
Ізденіс –ұйымдастырушылық Біз бүгін «Математика ханшайымының еліне» саяхатқа барамыз! Баратын көлікті таңдау үшін, мына жұмбақты шешу керек
Жауабы ұшақ, дұрыс бірақ ұшақпен

ұшу үшін, біз оны құрастыруымыз қажет, мына конвертте жасалу сұлбасы (3 топқа тарату)

1 4 1
1.
2. (қанаты)

1 1 1
3.(қанаты)

1 1 1
Жақсы ал енді ұшуымызға болады
(музыкалық әуенмен ұшу имитациясын жасайды)
Алдымызда 3 жол тұр, әр топ жол таңдап сол жолмен «Ханшайым» сарайына жетеді
«Емес» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: қайта кодталған арнайы карточкалар арқылы берілген пішінді көрсету талап етіледі. (топпен жұмыс)
Топ: «Достық» жолы:

?
Топ: «Қуаныш» жолы
?
Топ: «Денсаулық» жолы



?
«Достық», «Қуаныш», «Денсаулық» - бұл «Ханщайымның достары» шынымен де, бізде оларсыз жүре алмаймыз, ендеше кәне олармен «Көңілді жаттығуды» жасалық
Сергіту сәті:
1,2,3 ал кәнеки ұш,
4,5,6,7 мынау ауыл шеті
8, 9,10 ал кәнеки қон,
Асықпа, саспа, ал кәнеки баста
Міне «ханшайым сарайына да» жеттік, бізге арнап дастарқан жайылыпты, кәне санап шығайықшы, үстелде не бар?
1-топ: бокал санап, бояп қанша екенін жазады
2-топ: тарелка санап, , бояп қанша екенін жазады
3-топ: печенье санап, , бояп қанша екенін жазады Тыңдайды
Жұмбақты шешеді (ұшақ)
топқа бөлінеді, конверттегі сұлбаға қарап ұшақты құрастыру
Тыңдайды
қайта кодталған арнайы карточкалар арқылы берілген пішінді табады
Тыңдайды
Сергіту сәтін орындайды
Тыңдайды
Тапсырманы жеке-жеке орындайды
Рефлексивті - коррекциялау «Біз не білдік?!» шеңбері
Біз қайда бардық?
Ұшақты қандай пішіндерден жасадық?
Қандай жолдармен бардық?
Жолды қандай пішіндерден құрдық?
Қандай тапсырманы орындағанда қиналдындар?
Дастарханда не болды?
«Ханшайым» мақтайды, мадақтайды, «білгіштер» медальін сыйлайды Шеңберге жиналады қорытындылайды
Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Кодты дұрыс ажырата білу
Тапсырманы дұрыс орындауға үйрену
Логикалық блогтың шарты туралы түсінік болу
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. А.А. Столяровтың редакциясымен шығарылған «Кел ойнайық» (М, 1991ж., 1996 ж.)
2. А.Михайлованың редакциясымен шығарылған «Мектепке дейінгі балаларға арналған логика және математика» (СПб, 1996ж., 2000ж.)
3. М.Фидлер «Математика балабақшада» 1977 жыл
4. Құрастырушы-автор З.А.Ефанова «Ойлауды дамыту» ИТД Корифей,2010
5. «Қарлығаш бағдарламасы» Нүсіпбекова М.И. Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2008 жыл