Тема урока ?нермен к?кке жетеміз


Сабақтың тақырыбы: « Өнермен көкке жетеміз өлеңдер сайысы
Сабақтың мақсаты: 1. Өнерпаздарды жан-жақты бақылап, әнді
көпшілік
алдында қысылмай еркін орындауға үйрету.
2.Кәсіптік шеберлеген шыңдау, музыкалық
сауаттылығын дамыту.
3. Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін
оқушылардың дарындылығы мен қабілетінің
артуына жол ашып,білімді де өнерлі ұл-қызын
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Сабақтың түрі: ойын
Сабақтың көрнекілігі: зал мерекеге сай безендіру, нақыл сөздер,гүлдер, шарлар,музыка ДВД диск,сырнай аспабы.
Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимні орындалады.
Жүргізуші. Армысың мектебімнің қауымдары,
Жайнасын көңілдерің жасыл бағы.
Ән-шашу,әсем-әуен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар және оқушылар! «Өнермен көкке жетеміз! атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Қуанып жасымызда, кәрімізде
Анамызды саламыз шаттық әнге
Алғашқы ән кезегін Мерует пен Айымның орындауында Қ.Жүсіптың «Сенің анаң алтын» әні орындалады.
Тамсандырып ән салам,
Естіген жан тамсанған.
Жүректерге жетсінші деп,
Айту үшін жан салам.
Ән Ғ.Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» орындайтындар Фатима мен Динара
Жүргізуші. « Қозғалыссыз өмір жоқ,би сүймейтін бала жоқ» деп ақын жырлағандай ортаға өз өнерлерімен биші қыздарымызды шақырамыз.
Әуенді,қимыл-қозғалыс. Барлық балалар шығып билейді.
Жүргізуші. Арайланып әрбір таңымыз,
Арайланып ән мен сәніміз.
Туған жердің төсінде тұрып,
Шырқайық қане бәріміз.
«Достар» әні орындайтындар Әли мен Бекарысты шақырамыз .
Жеке ән. «Домбыра» Ерке қызды шақырамыз.
Жүргізуші. Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
«Ағайынбыз бәріміз» әнімен ортаға Әмина мен Інжуді қарсы алыңыздар!
Өмірде ең қымбат ,асыл жан анамыз,анамызға бас иеміз.
Анамызды әрқашан да сыйлайық.
Айналайын мама қуанышыңмен!
Мен тілеймін сізге ұзақ өмірді!
«Туған күніңмен» әні орындаушылар Ержан мен Диас
«Қара жорға» биімен өнерлі ұландарымызды шақырамыз.
Ойын . Ырғақты әуен ойналады. «Гүл теру» ойыны ойналады.
Жүргізуші. Біз билейміз талмаймыз
Әнімізді арнаймыз
Өнерпаздар алға шығып,
Биікке қанат қағайық.
Бұл мереке,бұл тойда.
Әннен шашу шашайық.
Ән орындайтын Мәдина қабыл алыңыздар!
Жүргізуші. Қызықтырып өнерге,
Жетелейік баланы.
Ұлттық өнер емеспе,
Дамытатын сананы.
Әнші, биші баланы.
Адам етіп бағалы.
Өнерпаз қыз баулысам.
Өнер отын жағады.
Сахнаға жас өнерпаздарды шақырамыз. «Балғындар маршы» әні хормен орындалып,өнерпаздар сахнаға шығады.
Мұғалім. Демеңіздер біз өнерді аяғы қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен ән кешіміз аяқталды.
Сау болыңыздар.
Алматы облысы. Сарқан ауданы, Екіаша ауылы . Ш.Б Мукышева Екіаша орта мектебі мектепалды даярлық тобы, музыка жетекшісі .