1-маусым балалар к?ніне сыныптан тыс шара: «Балалар- болаша? тірегі»


Тақырыбы: «Балалар- болашақ тірегі»
Мақсаты: 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні туралы түсінік беру, концерттік бағдарлама өткізу арқылы оқушылардың, ата-аналардың, ұстаздардың көңіл-күйін көтеріп, оқушыларды әсемдікті, музыканы қадірлеп, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Фото -стенд, шарлар, гүлдер
Барысы
Тәлімгер: Мектеп түзел, тік тұр!
Директор мырза : Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне, мектеп жанынан ашылғалы отырған «Достық» жазғы демалыс лагерінің салтанатты жиынына тұрғызылды. Рапорт тапсырылды.
Рапорт тапсырушы: Тәлімгер: Тебилова Балзия Жолдыбайқызы
Лагерь басшысы: Еркін тұр!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және бүлдіршіндер! Лагердің ашылу салтанатымен тұспа-тұс келген балалар күнімен барлық бүлдіршіндерді құттықтаймыз.Алдағы уақытта жақсы дем алып, бойларыңызға күш-қуат жинап, рухани және дене күштеріңізді нығайтып, шымыр да мықты болуларыңызға тілектеспіз. Жақсы демалады деп ойлаймыз. «Балалар- болашақ тірегі» атты 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Көк байрағы бүгінгі ұрпақ жалауы
Бұл белгіміз бар халықтың қалауы
Жер жүзінде желбіресін қашанда
Шарықтасын Қазақстан жалауы. – дей келе Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын шарықтата көтеруге 5- сынып оқушылары, мектебіміздің оқу озаттары: Паритханов Сәтжан Әділбекұлы мен Оразғалиева Светлана Бекболатқызы, 6 сынып оқушысы : Қуандықова Аида Қайратқызын ортаға шақырамыз
Әнұраны елімнің.
Шақырады бірлікке,
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын! (Әнұран орындалады)
1-жүргізуші:
Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып зер салайық, ей халайық,
Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн қуаныш, шаттық күні
Шалқысын балалықтың балғын үні
Айтылған сөз ағылған ән мен жырдан
Өрнектелсін ауылымның жарқын күні – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Арыстанов Ерлан Умбеткалиевичке беріледі.
1-жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз сайраңдап,
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап
Ән: «Жаз келеді балақай» орындайтын 1 сынып оқушысы Темірбаев Ермекті ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші: Мереке ел мерейлі
Мерейлі күн көбейді
Шаңыраққа құт болып
Керегеміз кеңейді.-дей келе келесі құттықтау сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, лагерь басшысы: Муфтугалиева Марзия Ам ангельдиевнаға беріледі.
1-жүргізуші: Жадырасын бойымыз
Өркен деген ойымыз
Би бейлейік келіңдер
Қызсын жарыс тойымыз кезегімізді тамаша биге берейік.
«Гүлдер» бимен ортаға 3 сыныптын қыздарын шақырамыз.
2-жүргізуші: Ән – махаббат, ән – сағыныш
Ән – жұбаныш, ән – қуаныш.
Сырлы сазды әнмен бірге,
Тербеледі кең даламыз.
Ән: «Туған ел» орындайтын 3 сынып оқушысы Сапарғали Шұғыла Әбілқайыр Жанерке
1-жүргізуші: Би деген адамға көрік берер,
Тамашалап халықтың сәні кірер.
Мың бұралып билесе бишілерің,
Әрбір жанға шымырлап шабыт келер ортаға « Радуга» биімен мектеп алды даярық сыныбының қыздарын шақырамыз.
2-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі ата-аналар атынан Жангереева Гулнар Ғайниқызына беріледі.
1-жүргізуші: Мың бұралып аруымыз аңдап басып,
Келді міне ортаға шалқып тасып.
«Манго » биімен тамсандырған,
Қошеметтеп қыздарымызды шақырайық.
Ортаға 5 сынып қыздарын шақырамыз.
2-жүргізуші: Қабыл алшы өнерлерін баланың, Тілектері орындалсын ананың. Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп, Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба? Көрсін аға апалар Көрсін папа,мамамызда Ырза болсын балалар
Ән: «Жас Ұлан» орындайтын: 5 сынып оқушысы Мұстахимұлы Жасқыранды ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: Әнші болғым келеді бұлбұлдайын Әміредей болуды армандаймын Қанатымды қондырып ұшқан кезде Арманыма жақындап қалғандаймын.
Ән: «Дос болайық бәріміз » орындайтын 8-сынып оқушысы Чапаев Бағдаулет
2- жүргізуші: Ән айтайық қосылып, Сәбилердің бұл күні Мақтап кетсін осы жұрты Балалар деп үлгілі -дей келе ортаға мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін ортаға шақырып өнерлерін тамашалайық. (Шағын орталық топтарын ортаға шақырайық)
1-жүргізуші: Достарымыз бар қуанып, Тамашалар кештерде Талшыбықтай бұралып, Биші боламыз өскенде.дей келе ортаға 6 сынып қыздарды флэшмоб биімен ортаға шақырамыз.2-жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осыменен ән кешіміз аяқталды.
1-жүргізуші: Қымбатты бүлдіршіндер, балдырғандар бүгінгі мерекелеріңіз тағы да құттықтаймыз. Жүздеріңнен күлкі кетпесін Еліміздің туын биікке желбіретер азамат пен азаматшалар болыңыздар. Мерекелік кешті қорытындылаймыз.
Қорытынды:
- Мерекелік дастархан
- «Біз бақытты баламыз» асфальтқа сурет салу.
- «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» ұранымен ауаға шар ұшыру.
- Спорттық ойындар