Ашы? с аба?:?аза?станны? ежелгі ?алалары
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 «Г» Күні: 01.03.2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары
Грамматикалық тақырыбы: Болжалды келер шақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың тарихи қалаларына,Түркістан, Отырар, Тараз қалаларына шолу жасау.А.Йассауидің кесенесі жайлы әңгімелесу.
Дамытушылық: Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп , сұрақтарға дұрыс жауап беруге, жаңа сөздерді меңгерту, сауатты жазуға төселдіру; өз беттерімен сөйлем құрай білуге, тілдік талдау жасай білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Қазақ тілін үйрету арқылы оқушылардың патриоттық сезімін арттыру, оларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІІ. Сабақты бастау.
Мұғалімнің сөзі:
- Құрметті оқушылар, бүгін біз қазақ елінің тарихи ежелгі қалаларына саяхат жасаймыз. Саяхатымыз жақсы болу үшін бізге сөзжұмбақтар көмектеседі. Мына сөзжұмбақта ежелгі қалалардың бірінің атауы жасырылған. Берілген тапсырманы орындап атауын шешеміз.
Сөзжұмбақ «Қазақстан картасы»
О
Т Ы
Р А Р
1. «Қазақстан картасындағы» күрішті қандай қала?(Қызылорда)
2. Қазақстанда мол мұнайлы қай қала?(Атырау)
3. Оңтүстіктегі мақталы қандай қала?(Шымкент)
4. Қара Ертістің саясында қандай қала?(Павлодар)
5. Ақ Жайықтың жағасында орналасқан қандай қала?(Орал)
6. Солтүстік орманда орналасқан қандай қала?(Петропавл)
І.
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Қазақстанның ежелгі қалалары» тақырыбымызды бастамас бұрын мына бейне көрініске назар аударалық. Слайд «Қазақстанның ежелгі қалалары»
Ең алдымен суреттерді сәйкестендіру тәсілімен оқушыларды екі топқа бөлемін
Тақырыпты екі топқа бөліп беріп тапсырмалар беремін.
1. Әр топтан бір оқушы мәтінді оқып, түсінігін айтады.
2. Бір оқушы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
3. Бір оқушы жаңа сөздерді табады.
4. Бір оқушы мәтіннен етістікті тауып, қай шақта тұрғанын айтады.
І-топ: ҮІ-ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалалар салынды. Сауда, қолөнер дамыды, жазу қалыптасты.
Оңтүстік Қазақстанда ең ірі қала Испиджаб деп саналды, ол кейін Сайрам деп аталды.
Арыс өзенінің төменгі ағысындағы Отырар қаласы ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жазба деректерде кездеседі. Ол Фараб деп те аталған.Фарабта үлкен кітапхана болғаны тарихи жазба деректерде баяндалған.
ІІ-топ: Жетісуда қалалардың өркендеуіне қолөнердің, егіншіліктің, құрылыстың дамуы әсер етті. Сол кезде Тараз қаласы әлемге әйгілі болды. Ол Жібек жолы бойындағы ең үлкен қала саналды. Мерке, Құлан, Талхиз(Талғар) сияқты қалалр да Жібек жолы бойында орналасып, сауда мен қолөнер орталықтарына айналды.
Тарихи деректерге қарағанда ,ҮІ-Х ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда барлық қалалар саны -33, Жетісуда -27 болған
ІІ.
Бүгінгі біздің грамматикалық тақырыбымыз «Болжалды келер шақ»
Болжалды келер шақ қимыл, іс-әрекеттің болу-болмауын анық көрсетпей,болжап қана білдіреді. Олар –ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың. Сіздер келме-с-сіздер.
4-тапсырма. Топқа бөліп орындаймыз. Алдымен болжалды келер шақтың жұрнағын жалғап, сөйлем құраймыз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
І-топ: Арала-р, таныс-ар, қалма-с, аш-ар
ІІ-топ: Жатыр-ар, тұрма-с, кел-ер, жаз-ар.
І. Мен аралармын І. Біз аралармыз
ІІ. Сен араларсың ІІ. Сендер араларсыңдар
Сіз араларсыз Сіздер араларсыздар
ІІІ. Ол аралар ІІІ. Олар аралар
Оқулытың 166 бетіндегі 6-тапсырма сөйлемді дұрыс құрастырып жазыңдар.
Сабақты қорытындылау: Екі топ бүгінгі сабаққа байланысты суреттерін салып, ондағы өздері бейнелеген қаланы қорғайды
Үйге тапсырма: Астана қаласы бойынша мәліметтер жинап келу.
Оқушылардың білімдерін бағалау: