Ашы? саба? «?аза?станны? ірі ?алалары»


Сабақтың құрылымы
Мерзімі: 10. 03. 14.
Уақыты: 12.20.-13.05. 6-сабақ
Сыныбы: 8 «А»
Кабинеті: 28
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ірі қалалары
Грамматикалық тақырып: сын есім, септіктерді қайталау
Сабақтың мақсаты: Қазақстан ірі қалалары туралы танымдық білімдерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
- тілді жаттықтыру, сөздік қорларын байыту;
- грамматикалық дағдылары мен икемдерін қалыптастыру;
- өз жерін, елін, байлығын мақтан етуге тәрбиелеу
Модульдің атауы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау, Оқытудағы АКТ пайдалану,
Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрекеттер: «Ой қозғау», «Сәйкестігін тап», «Галереяға ойшарлау», «Семантикалық карта»
Уақыт
өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім
іс-әрекеті Оқушы
іс-әрекеті Ресурстар
5 мин Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме?
-ауызекі сөйлесу: кезекшімен, топпен.
-оқушыларды психологиялық дайындау (эмоциялық). «Ыстык алақан» тренингісін жүргізу.
-оқушыларды топқа бөлу. Балалар, бүгінгі сбағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз үш топқа бөлініп, үш қала бойынша зерттеу жұмысын жүргіземіз. -Оқушылар сәлемдеседі.
-мұғаліммен диолог орнатады.
- мұғалімге
бір-біріне жағымды сөздер, жақсы тілектер айтады.
-үш қаланың суреті (эмблемасы) /Алматы, Астана, Қарағанды/ бейнеленген қиықшаларды таңдау арқылы бөлініп, сабақтың келесі кезеңіне көшеді. қиынды қағаздар, қала суреттері
5 мин
5 мин Қызығушылық
-ты ояту сатысы
-жаңа сабақ бойынша қызығушылықтарын оятамын. Қазақстан қалалары туралы әңгімелесе отырып, түрткі сұрақтар қою арқылы ой қозғаймын. «Ой қозғау» стратегиясын қолдану.
-тақырыптың мақсатын айтамын.
-жақсы балалар. Біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Қазақстанның қалалары» туралы ой қозғадық. Ендеше, қай қала ерекше даңықты екенін білгіміз келсе, ол үшін үстелдің үстінде жатқан парақшаларды талдайық.
«Сәйкестігін тап» стратегиясын қолданамын. -мұғалім-оқушы диалогтік іс-әрекеті жүзеге асады.
-оқушылар мақсатқа өз идеяларын қосады.
-бірінші қатарында қала аттары жазылған, екінші қатарда – несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер арқылы сол қалалардың сәйкестігін табады. -таратпалар
5 мин
5 мин Мағынаны тану сатысы
1.Қазақстан картасымен жұмыс
2. Деңгейлік жұмыс
-тақтаға картаны аралатып, Қазақстанның ірі қалаларын анықтаймыз.
« Галереяға ойшарлау» стратегиясын қолдану. Қалалардың географиялық орналасуы, көлемі, мәдени орындары, тарихи ескерткіштері, қала не өндіреді? деген тақырыптарды талқылаймыз.
-деңгейлік тапсырмаларды оқушыларға таратады. Бұл жұмыста талантты және дарынды оқушыларды
анықталады. -тақтадағы картадан Қазақстанның ірі қалаларын анықтайды. Қалалардың географиялық орналасуы, көлемі, мәдени орындары, тарихи ескерткіштері, қала не өндіреді? деген тақырыптарды талқылап, сабаққа қатысты өз білімдерін дамыта түседі.
- әрқайсына берілген деңгейлік тапсырманы дәптерлерінен орындап, оқып, талдап береді. оқулық, әдістемелік құрал «Қазақстан энциклопедиясы»,
Қазақстан картасы
деңгейлік тапсырмалары бар таратпа.
10 мин Ой толғаныс сатысы
Зерттеу жұмысының жоспары -ой толғау кезеңінде оқушыларды үш қала бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Зерттейтін қалалар- Алматы, Астана, Қарағанды қалалары.
Оқушыларға қайта бағыттау сұрағын қоямын.
- Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсыңдар?
-бұл жұмыста мен «Семантикалық карта» стратегиясын пайдаланамын.
Мұғалімнің әрекеті:
- Топтарды басқару;
- Оқушылардың зерттеу жұмысын дұрыс орындауға көмектесу. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Көшбасшыны анықтау.
-екі-үш оқушының жауабы тыңдалады.
-оқушылардың топтық әрекеті:
1. «Қарағанды» тобы- сөздерді септейді.
2. «Алматы» тобы-географиялық орналасуы мен
қалалардың көлемін анықтайды.
3. «Астана» тобы-мәдени орындары,тарихи ескерткіштері мен
Қала не өндіреді? тақырыбында алған білімдерін өрбітеді. зерттеу парағы-«Семантикалық карта»
5мин Тұжырымдау -оқушыларға бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында білімді бағалау парағын таратамын. -оқушылар білімді бағалау парағын толтыра отырып, сұрақтардың жауабын «дұрыс», «бұрыс» еркін жазу әдісін қолданады. Өз алған білімдерін қорытындылайды. интер-ті тақта Білімді бағалау парағы
4мин Бағалау -смайликтер арқылы оқушыларды бағалаймын, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтаймын.Оқыту үшін бағалау жүзеге асады. -әр топ оқушылары бағалау критерийлерін ескере отырып, сабаққа қойылған бағаға өз ойларын білдіреді. бағалау критерийлері
1мин Үйге тапсырма «Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбына диолог құрастыруларын айтамын. оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп алады. күнделік, қалам