Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуы.
Сыныбы;7Тақырыбы:Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Монғол мемлекетінің құрылуы , дамуы , мемлекеттің қоғамдық құрылысы , пайдаланған заңдары , Қазақстанды жаулап алуы , жаулаушылықтан келген зардаптары , ұлыстардың құрылуы туралы мағлұматтарды қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өқушыларды мейірімділікке , тәртіптілікке тәрбиелеу , тұлғалық дамудың басты негіздерін оқушы санасына құю, тақырыптағы деректер арқылы тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға күш салу.
Дамытушылық: тақырыпты оқушылардың өздеріне беру арқылы өз бетімен шығармашылықпен жумыс жасауын қалыптастыра отырып қортынды жасауға дағдыландыру .
Базалық ұғым: Моңғол мемлекеттілігі ,оның қазақ жеріндегі шапқыншылық зардаптарын ашып көрсету.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Әдісі:топпен жұмыс
Көрнекіліктер: Дүние жүзінің саяси картасы, ХІІІ ғасырдағы Қазақстан картасы.Суреттер «Шыңғыс хан», Т.Тілеужанов «Отырар шайқасы»,Жошы хан мазары».
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру сәті(1 минут)
2.Сабақ түсіндіру(18 минут)
3.Бекітіп қорыту(3 минут)
4.Сабақ сұрау(19 минут)
5.Бағалау(4 минут)
Оқушылар екі топқа бөлінген. І топта 8 оқушы,ІІ топта 9 оқушы бар.Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру сәтінде І топ жетекшісінің есебі тыңдалады.
І топ жетекшісі (Тілектес Бибінұр)
ІІ топ жетекшісі (Төленбек Жанерке)
І топ жетекшісі. «Моңғол империясының құрылуы» туралы баяндайды.(3 минут). Мұғалім Моңғол мемлекетінің орналасқан жерін картадан көрсетеді.
2- оқушы.Моңғол империясының қоғамдық құрылысы жөнінде түсінік береді(3 минут)
3- оқушы. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы туралы 4-оқушы.»Жаулап алу зардаптары» туралы түсінік береді(3минут).
5-оқушы «Ұлыстардың құрылуы»туралы түсінік береді.Мұғалім тақырыптағы «кешіктене»,»ноян» «құрылтай» «жасақ» «хажиб» «ұлыс» «этника» сөздерін дәптерлеріне жаздыртып,түсінік береді.Суреттерді көрсетеді. Күрделі ұғымдарды түсіндіреді.Сабақты бекітіп,қортады.Келесі кезекте 1топ арнайы дайындап әкелген карточкалық сұрақтар ІІтоп оқушыларына тартылып беріледі.Карточкаларда 10сұрақтан.Әр сұраққа 1,5минут беріледі. Сұрақтар алдыңғы өтілген «Ғылым мен білімнің дамуы»тақырыбынан қойылады.
Бағалау;Қалған 18миутта Ітоп оқушылары ІІтоптың жазған жауаптарын мұғаліммен бірге тексереді.Мұғалім жұмыс нәтижесі бойынша бірінші әуелі ІІбағалайды. Содан кейін Ітопты бағалайды. Содан кейін І топты бағалайды.
Үйге тапсырма;21-ші тақырыпты оқып келу.Екінші топқа келесі сабақ жоспарын таныстыру. Оқушыларға білімін тереңдету мақсатында қосымша әдебиет ретінде І.Есенберлиннің « Алтын Орда»трилогиясын оқуға ұсынылады.