?аза? батырлары, хандары, билері.


Қазақстан тарихы пәні
09. 12. 2014 ж Астана қаласы №54 мектеп – лицейінің ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі Серикбаева Индира Аманкелдиевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Сілтеме: Әбдіғұлова Б. Қ 5 – сынып оқулығы 92 – 97 б. Тақырыпқа байланысты слайдтар
Жалпы мақсаты: Қазақ хандарының, батырларының, билерінің өмірі мен қоғамда алатын ролі туралы өз беттерінше мәлімет алуға жетелеу.
Оқу нәтижесі: Оқушылар топқа бөліну арқылы мәтінді өз беттерінше оқып, топ ішінде талдайды.
Мұғалім сабақ барысында берген білімді оқушы өзі жетістікке жететіндей бағыт алады.
Түйінді идеялар: Қазақ хандығының мемелекеттік – әкімшілік құрылымына тоқталып, түйінді пікірлерін дәлелдеу. Қазақ хандығының билердің, батырлардың мемелекеттік – әкімшілік құрылымының ерекшелігін талдау.
Тапсырма көздері: 1. Топпен жұмыс.
2. Жеке жұмыс.
Шығармашылық жұмыс. Интернет желісінен алынған ақпараттармен жұмыс жасау.
Жаттығулар: 1. Интерактивті тақтадағы тапсырмалар бойынша жұмыс жасау. 2. Шығармашылық жұмыс істеу.
3. Топтық жұмыс орындау.
Оқуға арналған тапсырмалар: Шығармашылық жұмыс.
http://www.Google сайтын қараңыз. « Қазақ хандары, билері, батырлары» туралы мағлұмат жинау.
САБАҚ ЖҮРІСІ
1 – тапсырма Сергіту сәті «Қызыл өрік» (5 минут)
2 – тапсырма Оқушыларды топқа бөлу мақсатында тренингін өткізу.
І топ. Қазақ хандары.
ІІ топ. Қазақ билері.
ІІІ топ. Қазақ батырлары
3 топқа бөлініп отырады. (2 минут)
3 – тапсырма
Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде «Қазақ хандығы » туралы видеофильм көрсету. (5 минут)
4 – тапсырма Топтық жұмысты қорғау «ЖИГСО» әдісі бойынша
І топ. Қазақ хандары.
ІІ топ. Қазақ билері.
ІІІ топ. Қазақ батырлары
(20 минут)
5 – тапсырма. Жеке жұмыс.. «Дискуссиялық өрнек» жеке тапсырма. (3 минут)
1.тобына: . Қазақ хандары.
Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
1 Хан халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз етуге міндетті. + 2 Ханның уәзірі болған жоқ +
3 Хан Шыңғыс ұрпағынан болуға тиіс + 4 Хандық билік мұрагерлік жолмен берілген жоқ +
.2. Қазақ билері тобына:
Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
1 Би – әділ, шешен, ақыл – кеңес бере алатын адам + 2 Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті емес +
3 Би – бірнеше рудан құралған арысты басқарады + 4 Би – жазалау құқығына ие болған жоқ +
3. Қазақ батырлары тобына:
Р/с Мазмұны Келісемін Келіспеймін
1 Батырлар – халық жасағын басқарды + 2 Батырлар арасында ханға берген антын бұзғандар жоқ +
3 Батырлар – феодалдар тобына жатты + 4 Батырлар хан алдында жауапты емес +
6 – тапсырма. Сергіту сәті. «Кім жүйрік?» математикалық ойын. (5 минут)
Математикалық есептерді шешіп, тарихи датаны тауып, сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.
728 * 2 + 226 = 1682 (Әйтеке би дүниеге келді)
415 * 4 + 104 = 1764 (Қазыбек би қайтыс болған жыл)
560 * 3 + 76 = 1756 (Төле би қайтыс болған жыл)
680 + 3000 / 3 = 1680 (Қанжығалы Бөгенбай дүниеге келді)
860 * 3 – 953 = 1627 (Есім хан ойрат қалмақтарын жеңді.)
920 * 2 – 130 = 1710 (Қарақұмда қазақ жүздері бас қосты)
7 – тапсырма. Рефлексия (1 минут)
8 – тапсырма. Бағалау. 10 балдық жүйе бойынша.
(3 минут)
9 – тапсырма. Үйге тапсырма беру. (1 минут)
Шығармашылық жұмыс.
http://www.Google сайтын қараңыз. «Хандар, билер, батырлар» туралы ақпарат жинау.
Бағалау парағы
____________________________________
Оқушының аты-жөні
№ Бағалау критериі Оқушының ұпайы
(1-10) Мұғалімнің ұпайы
(1-10)
1
І. Топтық жұмыс
2
ІІ. Топтық жұмыс көрініс
3
ІІІ. «Дискуссиялық өрнек» Жеке жұмыс
4 ІV«Кім жүйрік?» математикалық ойын.