?аза? хандары, билері, батырлары.
Сабақтың тақырып: Қазақ хандары, билері, батырлары.
Сабақ мақсаты: Қазақ хандары, билері, батырлары туралы білім беру.
Міндеттері: -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру,
- Қазақ хандары, билері, батырлары туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;
- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;
- Қазақ хандары, билері, батырлары тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогқа түсуге,
ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сынып : 5
Мерзімі:
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: «Серпілген сауал», «Тұлғаны танып біл », « Сыйқырлы сандық», «Ретімен орналастыр», «Жадыны дамыту», «Тест».
Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.
Көрнекілігі : компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,
Сілтеме : 5сынып Қазақстан тарихынан әңгімелер Ж. Артықбаев, А. Сабданбекова
Күтілетін нәтиже : - Қазақ хандары, билері, батырлары туралы біледі.
Ойлау деңгейі Сабақтың барысы Уақыты Мұғалімнің
іс –әрекеті Оқушының
іс – әрекеті
Білу Ұйымдастыру кезеңі
СТОү
ТжДБО
ОБжК
4 м
Сыныпты қызыл, жасыл, көк түске боялған қоржынға салынған асықтар арқылы үш топқа бөлдім.
1) Қазақ хандары ( қызыл түс)
2) Қазақ билері (жасыл түс)
3) Қазақ батырлары (көк түс)
«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын тексердім.
Оқушылар берілген суреттерді құрастырып үш топқа бөлініп отырады.
Сыныптасының атын атап допты лақтырады және сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы қойылған сұраққа жауап береді .Егер жауап бере аламаса сұрақты келесі оқушыға қайталап қояды.
Монғол мемлекеті қашан, қалай құрылды?
«Отырар шайқасы» туралы не білесің?
«Басбармақ» арқылы бағалайды.
Түсіну СТОү
ОмОЖТ
ОүБжОБ
ОЖЕСО
ТжДБО
ОБжК 15 м «Тұлғаны танып біл» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
Әрбір оқушы берілген тақырыпты жұбымен оқиды талдайды, тұлғалыр туралы постер жасайды.
Мен оқушыларға бағыт-бағдар бердім.
«Тұлғаны танып біл » әдістемесі
Оқушылар мәтінмен танысады.
Оқушы қадамдары :
Оқиды,
жұппен талдайды
постерге түсіреді.
«Бағдаршам » арқылы бағалау
Талдау СТОү
ОүБжОБ
7 м «Сыйқырлы сандық»
Сыйқырлы сандық әртүрлі сұрақтармен толтырылады.Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып дауыстап оқып,жауап береді де , 5,4,3 балдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады. Алған бағалырын есептеп ойын соңында 1,2,3 орындарды анықтайды. Ойын барлық оқушылардың тапқырлығы бойынша алған білімін анықтайды.
Сергіту жаттығуы «Сыйқырлы сандық»
1.Тарихта қазақ елінің хандары қандай қызмет атқарды?
2.Хандарға ел басқаруда ,маңызды мәселелерді шешуде кімдер көмектесті?
3.Неліктен Тәуке хан билік еткен заманды
«Алтын ғасыр» деп атады?
4.Жоңғар мемлекеті қалай құрылды?
345
Қолдану СТОү
ОүБжОБ
ОЖЕСО
5 м
«Хандарды билік ету ретімен орналастыр»
Хақназар
Керей мен Жәнібек
Қасым
Тәуекел
Абылай
Жәңгір
«Қолпаштау»
Жинақтау СТОү
ОЖЕСО
8 м «Жадыны дамыту» арналған әдіс – тәсіл
Монархия , хан, сұлтан, төлеңгіт,батыр,тархан,
Оларды жаттау үшін, сендерде 2 минут бар.
«Жадыны дамыту» арналған әдіс – тәсіл
Монархия –әкеден балаға мұра ретінде қалдырылып отыратын мемкеттік билік. Хан –орта ғасырлардағы Қазақ мелекетінің билеушісі
Сұлтан –ханның мұрагері
Төлеңгіт- ханның малын бағатын адам батыр –жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаҺарман адам
Тархан – әскер басы, елші азаматтарға берілген.
«Қолпаштау»
Бағалау СТОү
ТжДБО
ОЖЕСО
6 м «Тест »
1.Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі
А. Жошы в. Керей с. Әбілқайыр д. Жәнібек
2.Ханның мұрагерін қалай атаған
А. Жауынгер в. Төлеңгіт с. Сұлтан д.би
3.Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң
А.Төре бітігі в.«Жеті Жарғы»с. Қылмыстық заң д.Жарғы
4.Төмендегі батырлардың қайсысы М. Жұмабаевтың кейіпкері
А. Бөгенбай в. Наурызбай с. Батыр Баян д. Қабанбай
5.Қазақ хандығының аумағын кеңейтіп,хандықты іргелі мемлекетке айналдырған:
А.Хақназар в.Тәуекел с. Есім д. Қасым
6.Абылай хан өмір сүрген кезең.
А.1711-1781 в.1718-1788 с.1711 – 1791 д.1701-1781
7.Дарабоз атанған батыр.
А. Бөгенбай в.Наурызбай с.Баян батыр д.Қабанбай
8.Қазақ хандығы құрылған жыл.
А. 1227 ж в.1466 ж с. 1659 ж д. 1778 ж
9. Жаугершілік заманда 50 жылдан астам қазақ қолын бастаған батыр.
А.Қабанбай в.Наурызбай с. Бөгенбай д.Жәнібек
10. Тәуке хан билік еткен жылдар
А.1680-1718 в. 1982 – 1766 с. 1663- 1756 д.1711 -1781 Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Топпен дәптер алмастыру арқылы бір – бірлерін тексереді.
Стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Екі жұлдыз ,бір тілек » арқылы жазады.