?МЖ, Органикалы? химияда?ы майлар
СыныбыПәні: химия пән мұғалімі: Ш.Т.Садвакасова
Тақырыбы Органикалық химиядағы майлар
Жалпы мақсаты Майлар, майлардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы және ағзадағы биологиялық ролі туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже 1)Майдың құрамын, жіктелуін біледі
2)Майлардың физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіре алады
3)Майлардың ағзадағы биологиялық ролі туралы айта алады
І.Сабақты қабылдауға дайындық 1.Майлар туралы не білеміз?
Майлар дегеніміз не?
Майлардың ағза үшін маңызы неде?
Май өндіретн зауыттар қайда орналасқан?
ІІ.Жаңа сабақ
1)Майдың құрамы, жіктелуі
2)Майлардың физикалық, химиялық қасиеттері Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері Липидтерге жатады.
Сұйық өсімдіктектес Күнбағыс, мақта, жүгері, зәйтүн балық майыНегізінен, қанықпаған
олеин, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9B%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%BB&action=edit&redlink=1" \o "Линол (мұндай бет жоқ)" линол, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9B%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Линолен (мұндай бет жоқ)" линолен
қышқылдары
С17Н33СООН, С17Н31СООН,
С17Н29СООН
Қатты жануартектесҚой, сиыр, шошқа, кит, түлен, кокос майыНегізінен, қаныққан
стеарин, пальмитин қышқылы
С15Н31СООН
С17Н35СООН
Майдың құрамын француз ғалымдары М. Шеврель мен М. Бертло анықтады. XIX ғасырдың басында Шеврель майға су қосып, сілті қатысында қыздыр-ғанда, глицерин жәнө карбон қышқылдары (стеарин және олеин) түзілетінін тапты. Ал Бертло кері реакция жүргізді (1854 ж.) Глицерин мен карбон қышқылдарының қоспасын қыздырып, майларға ұқсас зат алды.
Майдың құрамына кіретін көп таралған қышқыл қалдықтарында көміртек атомдарының саны 12-ден 18-ге дейін болады. Глицеридтер қарапайым және аралас болып бөлінеді. Қарапайым глицеридтердің радикалдары бірдей қышқыл қалдықтарынан, ал аралас глицеридтер әртүрлі қышқыл қалдықтарынан тұрады. Мысалы:
Кейбір майлардың құрамына төменгі қышқыл қалдықтары кіреді. Мысалы, сары майда май қышқылының (С4Н9СООН) қалдығы болады. Сиырдың сары майы құрамына май қышқылымен қатар пальмитин және олеин қышқылда-рының қалдықтары кіреді. Кейбір майлардың құрамында қаныққан және канықпаған қышқыл қалдықтары аралас болады.
Барлық майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BD%D0%B7%D0%B8%D0%BD" \o "Бензин" Бензинде, керосин мен бензолда ериді.
1)Майлардың гидролизденуі:
2)Майлардың гидрленуі:
Май — маңызды биологиялық отын, жан-жануар үшін энергия көзі, қажетті тағам, зат алмасу процесіне қатысатын маңызды қосылылыс. Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің негізгі құрамды бөліктерінің бірі.
Дүние жүзінде жылына ондаған миллион тонна май өндіріледі. Оның шамамен үштен екісі азық ретінде, ал қалғаны техникалық мақсатта қолданылады. Біздің елімізде HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B" \o "Алматы" Алматыда, Өскеменде, Шымкентте май өндіріп өңдейтін зауыттар бар. Жылдан-жылға майды қолданудың өсуіне байланыс-ты соңғы кезде табиғи майды пайдаланумен қатар мұнай өнімдерінен жасанды май алу ісі қолға алынудаІІІ.Бекіту: 1.Мына айналымды орында:
Үшолеат -------- үшстеарат ---------стеарин қышқылы
│
глицерин --------- мыс (ІІ) глицераты
2.Құрамында 5% қоспасы бар 100г глицерин мен 100г олеин қышқылы әректтескенде синтезделетін майдың массасын есепте.
3.Массасы 26,52г сұйық майды (глицерин үшолеатын) қатты майға айналдыру үшін өнеркәсіптік шығыны 10% болса, сутектің қандай көлемі (қ.ж.) жұмсалады? (2,24м3)
4.Құрамындағы стеарин қышқылы үшглицеридінің массалық үлесі 0,8-ге тең майдың 1,5 тоннасына натрий гидроксидімен әсер етіп, құрамында натрий стеаратының массалық үлесі 0,7-ге тең болатын сабынның неше тоннасын алуға болады? (1,77т)
ІҮ.Қорытындылау Тест:
1.Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл;
А) күкірт қышқылы В) құмырсқа қышқылы
С) сірке қышқылы Д) стеарин қышқылы
2.Бертло жүзеге асырған реакция:
А)майларды ыдыратып, глицерин мен карбон қышқылдарын алды
В)сұйық майларды гидрогендеп қатты майларды алды
С)жоғары карбон қышқылдары мен глицеринді әрекеттестіріп май тәрізді зат алды
Д) майларды сілтімен қыздыра отырып, сабын алды
3.Сұйық майларды қатты майларға айналдыратын реагент:
А) сутек В) бром С) натрий гидроксиді Д)күкірт қышқылы
4.Асқорыту кезінде тірі ағзаларда майлар тотыққанда түзілетін соңғы өнім:
А) көміртек диоксиді мен су В) құмырсқа қышқылы мен метан
С)сірке қышқылы мен аммиак Д) сірке қышқылы мен несепнәр
5.Өндірісте сұйық майларды қатты майларға ...... айналдырады.
А)глицерин алу үшін В) сабын алу үшін
С) сырмай алу үшін Д)маргарин алу үшін
5.Сабындану реакциясының бастапқы өнімі:
А) сұйық май және сутек В) табиғи май және сутек
С) глицерин және карбон қышқылы Д) май және сілті
6.Қатты сабынның негізгі құрам бөлігі:
А)натрий стеараты В)натрий ацетаты
С) кальций стеараты Д) калий стеараты
7)Нәтижесінде сабын түзілмейтін реакция:
А)май + NaOH = В) май + H2O =
C)C17H35COOH + KOH = Д) C15H31COOH + Na2CO3 =
8)Кермек суда сабынның көпірмейтін себебі:
А)сабын құрамына кіретін карбон қышқылы ерімейді
В)кермек судағы кальций катиондары сабын құрамына кіретін карбон қышқылмен әрекеттесіп ерімейтін тұз түзеді
С)кермек суда болатын кальций катионы глицеринмен әрекеттесіп ерімейтін тұз түзеді
Д)карбон қышқылының натрий тұзы аз еритін қосылыс
9)сұйық сабынның құрамына кіретін катион:
А) натрий В)калий С) кальций Д)магний катионы
10.Майдың жалпы формуласы:
А)CnH2n+1COOH B)CnH2n+1(OH)n C) C3H5(OCO)3R3 D)C6H10(OH)n
Ү. Рефлексия - бүгінгі сабақтан алған әсерім....
- мынаны түсіндім....
- маған мынау қиын болды......
- келесі сабаққа ұсынамын....
Стикерге сабақтан алған әсерін жазып тақтада көрсетілген екі түрлі кейіптегі смайлик тұсына жапсырады
Тест: Майлар
1.Қалдығы табиғи майлардың құрамына кіретін қышқыл;
А) күкірт қышқылы В) құмырсқа қышқылы С) сірке қышқылы Д) стеарин қышқылы
2.Бертло жүзеге асырған реакция:
А)майларды ыдыратып, глицерин мен карбон қышқылдарын алды
В)сұйық майларды гидрогендеп қатты майларды алды
С)жоғары карбон қышқылдары мен глицеринді әрекеттестіріп май тәрізді зат алды
Д) майларды сілтімен қыздыра отырып, сабын алды
3.Сұйық майларды қатты майларға айналдыратын реагент:
А) сутек В) бром С) натрий гидроксиді Д)күкірт қышқылы
4.Асқорыту кезінде тірі ағзаларда майлар тотыққанда түзілетін соңғы өнім:
А) көміртек диоксиді мен су В) құмырсқа қышқылы мен метан
С)сірке қышқылы мен аммиак Д) сірке қышқылы мен несепнәр
5.Өндірісте сұйық майларды қатты майларға ...... айналдырады.
А)глицерин алу үшін В) сабын алу үшін С) сырмай алу үшін Д)маргарин алу үшін
5.Сабындану реакциясының бастапқы өнімі:
А) сұйық май және сутек В) табиғи май және сутек
С) глицерин және карбон қышқылы Д) май және сілті
6.Қатты сабынның негізгі құрам бөлігі:
А)натрий стеараты В)натрий ацетаты С) кальций стеараты Д) калий стеараты
7)Нәтижесінде сабын түзілмейтін реакция:
А)май + NaOH = В) май + H2O =
C)C17H35COOH + KOH = Д) C15H31COOH + Na2CO3 =
8)Кермек суда сабынның көпірмейтін себебі:
А)сабын құрамына кіретін карбон қышқылы ерімейді
В)кермек судағы кальций катиондары сабын құрамына кіретін карбон қышқылмен әрекеттесіп ерімейтін тұз түзеді
С)кермек суда болатын кальций катионы глицеринмен әрекеттесіп ерімейтін тұз түзеді
Д)карбон қышқылының натрий тұзы аз еритін қосылыс
9)сұйық сабынның құрамына кіретін катион:
А) натрий В)калий С) кальций Д)магний катионы
10.Майдың жалпы формуласы:
А)CnH2n+1COOH B)CnH2n+1(OH)n C) C3H5(OCO)3R3 D)C6H10(OH)n
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------1.Мына айналымды орында: