«Отпен ойнама ?ауіпті» ойын-сауы?


Тақырыбы: «Отпен ойнама қауіпті»
Мақсаты: Балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру, оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын өт өшіретін құралды пайдалануды, адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық–техникалық заттарды пайдалану кауіпсіздік ережелерін айтып үйрету. Балаларды өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Өрт сөндіру құралдары, суреттер
Барысы:
Балалар шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін орындайды.
Біз балдырған баламыз,
Біз әдепті боламыз.
Досымызды көргенде,
Біз қуанып қаламыз.
Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Сонымен от – өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі – өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.
Олай болса, бәріміз экранға назар аударайық.
Сахнада: Үй. Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ үйдің қасына келеді.Сайқымазақ: Көңілім түсіп тұрғаны. Не бүлдірсем екен (қолындағы сөмкесін сілкілейді де, сіріңкенің дауысын құлағы шалып қалады) О, о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын? (сіріңкені бір - бірден жаға бастайды) Осы кезде шуды естіп қоян үйден шығады.Қоян: Ой, сайқымазақ, сен мұнда не істеп жүрсің?Сайқымазақ: Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап. Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарғандай айқалайсың?Қоян: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда, бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді? "Ойыннан от шығар"деген мақалды естімеген бе едің?Сайқымазақ: Қойшы сен де, бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?Қоян:(Сіріңке қорабын қолына ұстап)Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!Өзі кішкентай болса да,Бойында алып күші бар.Сіріңкемен ойнасақ,Абайсызда өрт шығар,Соны есте сақтаңдар!Сайқымазақ: О, мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін.Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, сайқымазақ, қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды. Қоян дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек. Олай болса, сайқымазақ, қоян, балалар мен сендермен «Қателеспе» деген ойын ойңағым келеді.
Ойынның шарты: отта жанатын заттарды айтқанда қолды жоғары көтереміз, отта жанбайтын заттар айтылғанда қолымыз төменде болуы шарт.
Сөздер: қағаз, терезе, жапқыш, дәптер, киімдер, жиһаздар, шөптер, бензин, жапырақтар, ағаштар, кітаптар, шеге, әйнек, қасық, металл, мұз, қар, тас, су.
Тәрбиеші: Біздің бүгінгі қонағымыз: Гүлнара Рауельқызы сіздерді өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ақыл кеңесін береді. Сондықтан мұқият тыңдаймыз.(Келген қонақ, өрт қауіпсіздігі жайлы мағлұмат береді)
Тәрбиеші: Балалар сіздің ақыл кеңесіңізден нәтиже береді деген сенімдеміз. Келіп балалармен тамаша ой бөліскеніңізге көп - көп рахмет айтамыз. Келген қонағымызға балалар сау болыңыз айтайық!
Ойын: «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.
Өрт сөндіретін адамды қалай атайды? (өрт сөндіруші)
Өрт сөндірушінің адамдарға қандай көмегі бар? (олар үйдегі, ормандағы өрттерді сөндіреді)
Олардың жұмысы қандай? (адамдарға қажет, өте ауыр, қиын)
Өрт сөндірушілер қандай болу керек? (батыл, өжет, шапшаң, епті)
Олар неге батыл, шапшаң болу керек? (өйткені өрт кезінде адамдарды, құтқарады)
Өрт болған кезде қандай нөмерге телефон шалу керек? (101)
Өрт сөндірушіге телефон шалған кезде қандай мағлұматтар беру керек? (не болғанын, мекен – жайын айту).
Қимылды ойын: «От пен су»
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірі қызыл лентаны тағып, от болып қашады. Ал көк лента таққан балалар су болып қуалайды. Ойын 2-3 рет қайталанады.
Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау».