География п?нінен саба? жоспары ?аза?станны? отын — энергетика кешені, кен орындары.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның отын – энергетика кешені, кен орындары.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушыларға Қазақстанның отын – энергетика кешені,
кен орындары туралы білім беру.
2.Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетінше ізденімпаз шығармашылық
тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты,
нақты жеткізу қаблеттерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Жан –жақтылыққа, ізденімпаздылыққа баулу, тыңдау,
сөйлеу мәдениеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның отын – энергетика кешені картасы,
атлас.кескін карта, презентация, кесте, сызба.
Сабақтың әдісі: Жаңа білім беру, сұрақ – жауап, сызбамен, кестемен жұмыс.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу, /топқа бөлу, бір – біріне тілек тілеу/,
оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
А) кескін картаны тексеру.
Ә) тест тексеру./топтар бірін- бірі тексереді/.
Б) үлестірмелі карта/сұрақ –жауап/.
В) екі топ өткен тақырып бойынша сұраққа жауап беру арқылы өз білімдерін тексере отырып, бағалайды.
III.Жаңа сабақ.
1.Әңгіме дәріс.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоя отырып, әңгімелесуден бастаймын.
Сұрақ. Еліміздегі салааралық кешендердің қайсысы жетекші рөл атқаратынын есімізге түсірейік.Оның негізгі міндеті қандай?/ Екі топтың оқушылары өз ойларын ортаға салып,пікір алысады/.
2.Тірек сызбамен жұмыс.
Оқулықтың 150 бетіндегі, 70 суреттегі сызбанұсқа арқылы оқушыларға отын – энергетика кешенінің құрамын түсіндіру.
Мұнай, газ құбыры
Электр қуаты
Отын –энергетикалық кешені
Отын өнеркәсібінің салалары
Мұнай,өңдеу
Газ жылу электр стансалары/ЖЭС/
Көмір су электр стансалары /СЭС/
атом электр стансалары/АЭС/
3.Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Қазақстанның отын өнеркәсібін түсіндіру.
Отын өнеркәсіп
салалары Кен орындары Алынатын өнімдер
Мұнай Доссор, Мақат, Ембі, Қашаған, Құрманғазы, Ақтоқты, Қайраң, Қаламқас, Қаражамбас, Құмкөл. Бензин, дизель майы, керосин, химиялық өнімдер, мазут, гудрон.
Газ Теңге, Үстірт, Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен, Амангелді. Мұнайды өңдеу барысында пайда болған газ қалдықтарынан синтетикалық талшық, каучук, спирт тағы басқа заттар алынады.
Көмір Қарағанды, Екібастұз, Обаған, т.б. Көмір
4.Атлас және кескін картамен жұмыс./Кестедегі кен орындарды атластан тауып, кескін картаға белгілеу./
5.Оқулықпен жұмыс. / Джигсо әдісін қолдану, Екі топ «Қарағанды және Екібастұз көмір алабын топта оқып, талдап,келесі топқа түсіндіреді»./
IV.Сабақты бекіту. 156 беттегі 2,3 тапсырманы өз жауаптарымен дәлелдейді.
V.Қорытынды. оқулық пен дәптермен жұмыс.
Тақырыптың соңындағы шағын тесті оқушылар өздері жеке – жеке орындайды.
VI. Бағалау.
VII.Үйге: Отын – энергетика кешенінің негізгі ерекшеліктері тақырыбына шағын эссе жазу.