Математикадан ?олданбалы курстын жоспары
Қолданбалы курс:
«Математикадан мәселе есептерді шешу».
Түсінік хат
Іс жүзінде мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу- оқушының математикалық , логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәселе есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәселе есептер өте алуан түрлі болып келеді , кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі. Орта мектеп математика курсы үшін ҰБТ оқушылардың есеп шығару біліктілігі мен дағдыларын қажет етеді. «Математикадан мәселе есептерді шешу» тандау курсы есеп шығару тәсілдерін тереңдете оқытуды , алгебралық (мәселе) есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдануды ,сонымен қатар орта мектеп математика бағдарламасынан тыс күрделірек, мазмұны комбинациялан ған есептерді шығару білімділік дағдысын жетілдіре түседі.
Математиканы оқыту процесінің мақсаты- жеке оқушының есеп шығаруын дамыту және математикалық ойлау қабілетін дамыту үшін жаратыластану-математика бағытындағы оқытуға сәйкес мектептегі білім сапасын арттыру болып табылады. Бейімдік оқытудың мақсаты-математика пәні мазмұны ғылым жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және де басқа ғылымдарды жәй ғана меңгерту емес,жеке тұлғаның интелектуальдық қорын ұлғайту. Математиканың ерекше орны басқа ғылымдарды меңгеруде негіз болатын ойлаудың сапалық та, сандық та дамуына әсер етуінен көрінеді.
Курстың оқыту мақсаты:
Есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін кенейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу, пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру, оқушылардың ой-өрісін кенейту ой, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру, оқушылардың реалды өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру, функционалды ойлау қабілеттерін дамыту.
Міндеттер:
есеп шығару әдіс тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту;
есеп типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру;
мәселе есептер шешу біліктіліктерін қалыптастыру;
жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде оқушыларды практикалық іскерлікке баулу
Курс алдын-ала бейінді даярлық жүргізетін жалпы орта білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушыларына арналған. Курс 34 сағатқа негізделген. Бағдарламаға енгізілген оқу материалдары оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады және қоғамдық- тәжірибелік бағытына орай әр топтағы оқушыларға қолданылады.
Курсты меңгеру талаптары.
Оқушылар білуі тиіс:
бөлшектер жне проценттер , процентке берілген негізгі есептер;
қатынас,шамалардың тура және кері пропорционалдығы ;
табиғатта кездесетін әр түрлі шамалар арасындағы қатынастар(масса мен көлем, тауар массасы мен құны ,жол мен уақыт және т.с.с. ) ;
негізгі типті есеп шығару алгоритмі .
Оқушылар орындай білуі тиіс:
-есептің сөздік мәтінін математиканың абстрактілі тіліне аудару;
- есептің математикалық моделін құру ( теңдеу немесе теңдеулер жүйесі) ;
- табылған шешімді зерттеу.
Оқушылардың білімін тексеру:
Оқушылардың білімін курстың әр тақырыбын өткен сайын бақылау немесе тест жұмыстары арқылы бағалау жөн. Бақылау және тест жұмыстарын оқушылардың білімінің мөлшерін тез де сапалы бағалауға мүмкіндік береді.
Мамандыққа бағдарлау:
Инженер,физик,механик, агроном.
Пәнаралық байланыс:
Физика, химия, тарих, математика, информатика, әдебиет.
Қолданбалы курсты ұйымдастыру формасы.
Тест,бақылау ,оқушылардың шығармашылық жұмысы, есеп шығару, семинар.
Курсты қорытынды формалары:
Рефераттар қорғау, ғылыми жоба.
Бағдарламаның мазмұны
Сынып - 11
Аптасына сағат саны - 1
Жылына сағат саны - 34
№ сағат саны Тақырыбы Мазмұны Өтілу
мерзімі
1-5 5 Қозғалыс. Түзу сызықты қозғалыс: жүрілген жолдың уақытқа қатынасы, қозғалыс жылдамдығы мен уақыттың т әуелділігі.Қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалыстар. Қуып жету және қалып қалу қозғалыстары.Өзен бойымен қозғалыс. 6-8 3 Жұмыс,бірлескен жұмыс. Жұмыс көлемі: жұмысты орындау үшін бір уақытта істелінген жұмыс пен уақыт арасындағы қатынас. Бассейнге және бірлескен жұмысқа арналған есептер типі. 9-11 3 Бөлшектер мен проценттер Бөлшек ұғымы, процент. Бөлшек пен процентке байланысты есептер : бөлігі бойынша санды табу ,санның процентін табу, проценті бойынша санды табу, екі шаманың проценттік қатынасын табу. 12-15 4 Курделі проценттер Шығыс проценті, кіріс проценті. Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалды тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі. 16-19 4 Коспалар мен қорытпалар. Концентрация ұғымы( ерітінді концентрациясы, қоспа массасы мен ерітілетін заттар массасының арасындағы функционалды тәуелділік). Есеп шығаруда қолданылатын Пирсон квадраты немесе крест ережесі.Қорытпа(таза металл массасы мен қорытпа массасының арасындағы функционалды тәуелділік).) 20-24 5 Геометриялық есептер. Геометриялық есептер. 25-27 3 Логикалық есептер. Логикалық есептер. 28-31 4 Координаталық әдіс Координаталық әдіс 32-33 2 Векторлық алгебра элементтері. Векторлық алгебра элементтері. 34 1 Қорытынды сабақ тест 11-сынып(34сағат)
№ № Тақырыптар Сағат саны мерзімі
Қозғалыс.-5
1 1 Түзу сызықты қозғалыс: жүрілген жолдың уақытқа қатынасы, қозғалыс жылдамдығы мен уақыттың т әуелділігі. 1 2 2 Қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалыстар 1 3 3 Қуып жету және қалып қалу қозғалыстары.. 1 4 4 Өзен бойымен қозғалыс. 1 5 5 Өзен бойымен қозғалыс. 1 2.Жұмыс,бірлескен жұмыс. -3
6 1 Жұмыс көлемі: жұмысты орындау үшін бір уақытта істелінген жұмыс пен уақыт арасындағы қатынас. 1 7 2 Жұмыс көлемі: жұмысты орындау үшін бір уақытта істелінген жұмыс пен уақыт арасындағы қатынас. 1 8 3 Бассейнге және бірлескен жұмысқа арналған есептер типі. 1 3. Бөлшектер мен проценттер 3
9 1 Бөлшек ұғымы, процент. 1 10 2 Бөлшек пен процентке байланысты есептер : бөлігі бойынша санды табу ,санның процентін табу, проценті бойынша санды табу, екі шаманың проценттік қатынасын табу. 1 11 3 Бөлшек пен процентке байланысты есептер : бөлігі бойынша санды табу ,санның процентін табу, проценті бойынша санды табу, екі шаманың проценттік қатынасын табу. 1 4. Курделі проценттер- 4
12 1 Шығыс проценті, кіріс проценті. 1 13 2 Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалды тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі. 1 14 3 Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалды тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі. 15 4 Берілген және ізделінді шамалар арасындағы функционалды тәуелділікті ескере отырып есеп шығарудың жалпы алгоритмі. 1 5. Коспалар мен қорытпалар. 4
16 1 Концентрация ұғымы( ерітінді концентрациясы, қоспа массасы мен ерітілетін заттар массасының арасындағы функционалды тәуелділік). 1 17 2 Есеп шығаруда қолданылатын Пирсон квадраты немесе крест ережесі. 1 18 3 Қорытпа(таза металл массасы мен қорытпа массасының арасындағы функционалды тәуелділік).) 1 19 4 Қорытпа(таза металл массасы мен қорытпа массасының арасындағы функционалды тәуелділік).) 1 Геометриялық есептер. 5
20 1 Геометриялық есептер. 1 21 2 Геометриялық есептер. 1 22 3 Геометриялық есептер. 1 23 4 Геометриялық есептер. 1 24 5 Геометриялық есептер. 1 Логикалық есептер. 3
25 1 Логикалық есептер. 2 26 2 Логикалық есептер. 1 27 3 Логикалық есептер. 1 Координаталық әдіс 4
28 1 Координаталық әдіс 1 29 2 Координаталық әдіс 1 30 3 Координаталық әдіс 1 31 4 Координаталық әдіс 1 Векторлық алгебра элементтері. 2
32 1 Векторлық алгебра элементтері. 11 33 2 Векторлық алгебра элементтері. 1 34 1 Қорытынды сабақ 1 Пайдаланған әдебиеттер:
1.Әбілқасымова А.Е.,Бекбоев И.Б., Абдиев А.А.,Жұмағулова З.Ә. «Алгебра және анализ бастамалары» .Алматы «Мектеп»баспасы ,2015.
2. «Математика және физика» журналы .2012-2013ж.
3.Математика.Мырзахан Қабасұлы.Алматы ,2010.
4.Рустюмова И.П.,Рустюмова С.Т.Пособие для подготовки ЕНТ Алматы ,2010 .
5.Сұрақ кітапшалары.
« Қаралды» «Келісілді» «Бекітемін»
бірлестік отырысында Директордың оқу-ісі жөніндегі Айнаколь орта мектебінің директоры
Хаттама № орынбасары--------- ___________АКЖылкыбаева
«01_»09 2015г.
Математикадан қолданбалы курс:
«Математикадан мәселе есептерді шешу».
Орындаған : Абдыкаримова А .А.
Айнаколь орта мектебі 2015-2016 ж.