?аза? тілінен саба? жоспары Мектеп кітапханасы(5 сынып)
\s
Мектеп директоры кім?
Мектеп қандай көшеде орналасқан?
Қазақ тілі кабинеті қандай қабатта орналасқан?
Бірінші қабатта не бар?
Мектепте неше сынып бар?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Мектеп кітапханасы нешінші қабатта орналасқан?
Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Кәне кім шешімін табады екен?
Қабат-қабат қапталған
Асыл сөзбен ақталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін.
Оқушылар: КІТАП.
ІІІ. Сабақтың тақырыбын , мақсатын анықтау.
Компьютерде кітап , кітапхана суреттері көрсетіледі. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай ойлайсыздар қандай?
Оқушылар : Мектеп кітапханасы.
Қалай ойлайсыздар, Мектеп кітапхана тақырыбы не үшін керек?
Оқушылар: 1. Жаңа сөздерді үйрену үшін
2. Кітапхана туралы әңгіме құрастыру үшін
3.Кітап туралы сұхбат құрастыру үшін.
Мұғалім: Балалардың алдында маршрут парағы, өзін бағалау парағы жатыр.
-Бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазайық.
-Бағалау парағы толтыру жолын түсіндіріп өтемін.
-Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылым жұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!! дегендей
Степунина Ксения мектеп кітапханасында қонақта болыпты. Ол бізге не айтады екен?
Степунина Ксения : Қазір балалар компьютермен жақсы жұмыс істейді. Өздеріне керекті материалды интернеттен алады деп ойлаймын. Ал кітапханаға балалар бармайды деп ойлаймын. Сол себепті мен мектеп кітапханасы бардым. Онда мен мынаны білдім:
Слайд №1
-Мектеп кітапханасында қазақ тіліндегі әдебиеттердің жалпы қоры 1667(бір мың алты жүз алпыс жеті) дана екен.
Слайд№2
-Мектеп бойынша ең оқырман сынып, бұл 1 сынып оқушылары . Барлығы-156 рет қатысқан.
Слайд№3
-5 сынып мектеп бойынша 5 орында . барлығы-107 рет қатысқан.
Слайд№4
-Бірінші жарты жылдықта қазақ тілінде 583 дана кітап оқылған.
Слайд№5
-5 сынып оқушылары қаңтар, ақпан айында 52 рет қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде ұлдар -6 %(пайыз), қыздар -3%(пайыз) кітаптарды алып оқыған. Осыдан мен мынадай қорытындыға келдім:
Менің ойлағаным дұрыс болмады. Кітапханаға балалар келеді. Олар қазақ тілінде де кітаптар алып оқиды. Кітапханашы Светлана Владимировнаның көмегімен мұнда реферат, презентация жасауға болады. Керекті әдебиеттерді табуға болады.
Жақсы рахмет, Ксения.
ІҮ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын, әуелі жаңа сөздермен танысайық.
Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу:
Негізгі кілт-основной ключ
Инабатты-вежливая
Өз ісін-свои дела
Келіп тұру-приходить
Жүйелі-системная
Пайдалануға -пользоваться
Керекті-нужные.
Кор-фонд.
«Есте сақтау» Жаңа сөздер тізбегін дауыстай отыра, балалар жоғалған сөзді есте сақтау үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды.
Мәтінмен жұмыс. Мектеп кітапханасы.
Біздің кітапхана екінші қабатта орналасқан. Іші өте таза, жарық. Кітапханада орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде кітаптар бар. Онда газет-журналдар да көп. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.
Кітапханашы –Боргер Светлана Владимировна. Ол мейірімді, инабатты , өз ісін жақсы біледі. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады. Кітапханада жүйелі алфавитік каталог бар. Ол-кітапхана қорының негізгі кілті.
Мен оқимын.
Тізбектеп оқиды
Жаңа сөздердің астын сызады.
ҮІ. Сергіту кезеңі.
Балалар би билеп, денелерін сергітіп алады.
Ү.Топтық жұмыс.
Әр топ абзац бойынша аударады.
Әр топтан аударманы бір оқушы оқиды. Дұрыс болған жағдайда топтағы оқушылар житон алады. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бағалау парақтарын толтырып отырады.
Мәтін бойынша екі сұрақтан дайындау.
Сұрақты оқып, екінші топ жауап береді.Дұрыс болған жағдайда, оқушылар житон алады.
Семантикалық картаны толтыру. (Септіктер бойынша)
Қосымша тапсырмалар:
Кім көрме құруда өз үлесін қосты, сол оқушы өзіне житон алады.
ҮІ. Бағалау.
Сөйтіп ұпайларын санайды, белгіленген бағалау критерий бойынша өздерін бағалайды.
«5» деген баға 5 ұпай жинаса
«4» деген баға 3-4 ұпай жинаса
«3»деген баға 2 ұпай жинаса қойылады.
Оқушылар :Не себептен «5», «4» баға алғандарын өздері түсіндіреді.
ҮІІ. Үйге тапсырма.
Жаңа сөздерді жаттау.
«Кітап-біздің досымыз» тақырыбына эссе жазу.
ҮІІІ. Рефлексия. Мұғалімнің қорытынды сөзі : артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге деп Абай атамыз айтқандай ілім-білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр-сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден-бір жолдың ордасы – кітапхана.Балалар ,сендерге сабақ ұнады ма? Не ұнады? Кітап сен үшін қандай рөл атқарады?
Оқушылар алдарында жатқан стикерлерге өз ойларын жазып , дауыстай айтып тақтаға іледі.
Маған сабақ ұнады. Кітап оқу арқылы адам көп нәрсені үйренеді.
Мұғалім сабақты қорытады: сендер де балалар кітапханаға барып кітап алып оқисыңдар. 5 сыныпта ең белсенді оқырмандар бар. Олар Ксения, Динара, Анастасия. Бұл оқушылар дипломмен марапатталады. Құттықтаймыз!
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!