?аза? тілінен саба? жоспары Мектеп кітапханасында?ы іс-шаралар(6 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары
Пән қазақ тілі сынып - 6 Күн:
Тақырып Мектеп кітапханасындағы іс-шаралар.155 бет
Мақсаттары
Тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
Сөздік қорларын байыту, ауызша және жазбаша тілді дамыту, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
Өз заманымыздың озық ойлы,кең өрісті, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаздыру, ой қозғау, іздену.
Сабақтың түрі жаңа дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру-психолог-қ кезең: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру
сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау.
Өткенді қайталау
сұрақ-жауап 1.Мақал-мәтелдерді қайталау:
1)Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. 2)Кітап – алтын қазына.
3)Оқусыз білім жоқ, білімсыз күнің жоқ. 4).Бала тәрбиесі – бесіктен.
2.Сөздерді орыс тіліне аудару:
Тәртіп, кезекшілік, сақтау, қадағалау.
3.Етістік өткен шақ түрін анықтау:
Сақтады, сақтайтын, сақтаған. Қадағалаған, қадағалады, қадағалайтын.
Жаңа сабақ
Түзету
ойландыру 1.Сөздікпен жұмыс: Кроссворд.
2.Жазу: 155бет 2-тапсырма
ҰБТ-ға дайындық
іздену 1.Етістіктердің шақтарын анықтау:
Сақтау, қадағалау.
Ереже
Сөздік жұмыс іздену
Мәтінмен жұмыс:
ой қозғау
Грамматикалық тапсырма
жаздыру
Бекіту
ойландыру 1. «Өткен шақ етістік түрлері» ережені қайталау, сұрақтарды қою.
2.Сөздердің жасалу жолын анықтау, морфологиялық талдау:
Кітапхана - библиотека, көрме - выставка, іс-шара - мероприятие.
1. Диалогты түсініп оқу( 155бет 1-тапсырма):
2.Сұрақтарға жауап беру:
1)Кітапхана кімдерді тәрбиелеуге көмектеседі?
2)Кітапханада қандай іс-шара өтеді?
3.Мақал-мәтелдерді толықтыру, тыныс белгілерді қою:
Не алтын қазына? Кітап – алтын қазына.
Не білім бұлағы? Кітап – білім бұлағы.
Күш – білімде, білім неде? Күш - білімде, білім - кітапта.
1.Түсініп оқу(155бет 2- тапсырма).
2. Сұрақтарға жауап беру:
1)Сен кітапханаға барасың ба?2)Кітапханада іс-шаралар өтеді ме?3)Кітапхананың іс-шараларына қатысу керек пе?
3. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу:
Біздің мектеп кітапханасында кітап көрмелері жиі ұйымдастырылады.
4.Етістіктерді тауып, өткен шақ түрлерін жасау: ұйымдастырылады, болады, өткізіледі.
1.Сұрақтарға жауап беру:
Мектебімізде кітапхана бар ма?
Кітапхана қайда орналасқан? Кітапханада не бар? Сен кітапханаға барасың ба? Кітапхана қандай?
Кітапханашы кім? Кітапханада іс-шаралар өтеді ме?
Кітапты неге оқу керек? Кітапхананың іс-шараларына қатысу керек пе?
Не алтын қазына?
Үй тапсырмасы:
«Өткен шақ етістіктердің түрлері» ережені, жаңа сөздерді жаттау.
156бет 4-тапсырма (оқу, аудару)
Сабақтың қорытындысы 1.бағалау
2.үй тапсырманы түсіндіру
3.қоштасу.
Мұғалім- Кужаниязова Г.У. Оқу-ісінің меңгерушісі_______________