?аза? тілінен саба? жоспары Мектеп ?мірі (3 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Мектеп өміріМақсаты: Мектеп, білім, оқу сөздерінің мән- мағынысын ұғыну алған блімдерін сабақтастыра отырыпДамытушылық: Ұштастыру. Өз ойларын толық жеткізу, жүйелі сөйлеу дағдысын жолға қою.Білімділік: Дамыта білу. Сөздік қорын жинақтау, қазақ тіліне тән сөздерді айтып жаза білу.Тәрбиелік: Қызығушылықтарын ояту, белсенділіктерін артыру. Мектепті құрметтеуге білім алуға баулу.Түрі: Аралас.Әдісі: Мәнерлеп оқу, грамматикалық топтамалар, жаттау, диалог.Көрнектілік: Мектеп туралы мазмұнды суреттеу,әр тапсырмалар әртүрлі түсте, суреттер, мақалдар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру  -Cәлеметсіздер ме, балалар?
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Аптаның қай күні?Психологиялық кезеңҚұлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
III. Негізгі бөлім
Үй тапсырмасы арқылы сабақтың тақырыбың ашу1. Шығармашылық жазба жұмысы.Аударма жасау
Мектеп өмірі – школьная жизнь, әртүрлі – разные, үйірме – кружок, қатысады – участвует, әдемі мектеп – красивая школа.2. Шығармашылық жұмыс. Жазылым. 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар Әсем....шықты. Ринат.....су құйды. Мен.....оқыдым. Бірінші....аяқталды. Оқушы..... жазды. Иван....орындады. Арайлым....жаттады.Керекті сөздер: өлеңді, тақтаға, үй тапсырмасын, гүлге, кітап, дәптере, сабақ.
Сәйкестендір. 3-тапсырма.Көңілді кітапБиік оқушыларҚызық ғимарат
Мәтінмен жұмыс. 4-тапсырма.
Мектеп өмірі қызық. Мектепте әртүрлі үйірме бар. Айжан сурет үйірмесіне қатысады. Талғат пен Ернұр домбыра үйірмесіне барады. Ал Максим ән салуды жақсы көреді. Салтанат пен Әмір қабырға газетін шығарады. Мәриям би билейді. Асхат қағаздан кеме жасайды.
Сұрақтарға жауап бер.
Мектеп өмірі қандай?
Мектепте қандай үйірмелер бар?
Талғат пен Ернұр қандай үйірмеге барады?
Максим не жақсы көреді?
Сергіту сәті.
Сөйлесім. Сөйлесуді жалғастыр.
Сен қай мектепте оқисың?
...
Сен нешінші сыныпта оқисың?
...
Мектеп өмірі қандай?
...
Мектепте қандай үйірмелер бар?
...
Сен қандай үйірмеге қатысасың?
...
Сенің досың қандай үйірмеге барады?

IV. Бекіту: Берілген суреттер бойынша әңгіме құрау.V. Үйге тапсырма: Мектеп сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
VI. Бағалау