Химия ж?не экология ?олданбалы курс ба?дарламасы


Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының
мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Химия және экология
(ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы, жоғары санатты химия-биология пәнінің мұғалімі В.Бакитованың іс-тәжірибесінен)
Орал - 2015
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №1 06.03.2015ж
Құрастырушы:В.Бакитова,
ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасының
жоғары санатты химия және биология пәнінің
мұғалімі
Пікір жазғандар: Б.Махимова
«Сәулет» лицейінің жоғары санатты химия-
биология пәнінің мұғалімі
Ж.Гумарова,
«Сәулет» лицейінің жоғары санатты химия-
биология пәнінің мұғалімі
Бұл ұсынылып отырған қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің химия пәні мұғалімдеріне бағдарлы сыныптарға көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Бұл әдістемелік құралда курстың бағдарламасы, сабақтарға қажетті дәрістер, тақырып бойынша есептер, сарамандық жұмыстар ұсынылды. Оқушының логикалық қабілеттерін дамытуда дәстүрден тыс есептерде қамтылған.
Мазмұны
І. 1.1. Түсінік хат......................................................................................................4
1.2.Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы......................................................6
1.3. «Химия және экология » курсының тақырыптық жоспары..........................7
1.4.Оқушыларға, мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі.................................9
ІІ. Қосымшалар:«Химия және экология » курсына арналған дәрістер
Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының
биосферадағы маңызы
1.1. Биосфера және экология туралы түсінік.......................................................10
1.2.Химиялық элементтердің табиғатта таралуы................................................13
1.3.Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, қызметі.............15
1.4.Сан есептер.......................................................................................................19
2. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі
2.1. Мария Кюри-Складовскаяның радиоактивті элементтерді
зерттеудегі еңбектері.............................................................................................21
2.2. Табиғи ортаның радиоактивті ластанудың себептері мен зардаптары......22
2.3. Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий ............24
3. Сутегі ..................................................................................................................26
3.1.Сутегі-болашақта таза жылу энергия көзі.....................................................26
4. Оттегі
4.1.Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы.Таза ауа..........................................27
4.2. Ауыны ластанудан сақтау..............................................................................29
4.3. Адам ағзасына оттегінің жетіспеушілігі.......................................................32
4.4. Сан есептер......................................................................................................34
5. СУ
5.1.Су. Судың сапасы.Тазарту әдістері................................................................37
5.2. Қазақстандағы теңіз, көлдер және өзендердің экологиялық жағдайы......40
5.3. Сан есептер......................................................................................................46
6. Қоршаған ортаны қорғау
6.1. Адам ағзасындағы қышқыл мен тұз: ағзаның қышқылдануы, тез қартаю......................................................................................................................48
6.2. Қышқылдық жауыңдар...................................................................................52
6.3 Табиғи судың тұздануы мен топырақтың сор болуын жою тәсілдері........57
6.4. Сан есептер......................................................................................................58
7. Бейорганикалық химия курсы бойынша қорытындылау
7.1. Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны..........................60
7.2. Дәстүрден тыс есептер...................................................................................60
ІІІ. Сарамандық жұмыстар
3.1. Топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігі..........................................62
3.2. Нұрлыбай сорының суы мен батпағының құрамы мен тұздылық
мөлшері.................................................................................................................62
«Химия және экология» қолданбалы курсы бойынша
түсіндірмелі-анықтамалық сөздік.........................................................................64
Қолданылғын әдебиеттер......................................................................................79
Түсінік хат
Курстың оқыту бағдарламасы 34 сағатқа жаратылыстану-математика-лық бағыттығы химия-экология бағдарындағы 10-сынып оқушыларына есептелген. Бағдарлама химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуде ең маңызды рөлді білім саласы атқарады. Жер бетінде өмір сүретін адам жас күнінен бастап қоршаған ортаға қамқорлықпен қарамау қандай зардабтарға әкелетінін білу керек; қоршаған ортаның ластану себебінен қандай арурулар пайда болатыны; генетикалық ауытқулар; өсімдіктермен жануарлырдың өлім-дері; жердің құнарлығының төмендеуі; ауыз су қорының азаюы т.б. Бұны тек біліп қоймай, сонымен қатар, бұл жағдайдағы өзініңде жауапкершілігін сезіну қажет. Бірақта, бүгінгі мектеп түлектерінің денсаулықты, адамзатты, биосфераны сақтау мәселелері бойынша білімдері тайыз және жалпы экологиялық мәселелер туралы білімдері төмен.
Химия пәнін экологияландырудың негізгі мақсаты -бүгінгі оқушыларды қоршаған ортаны ластану мәселерін шешуде белсендіктерін арттыру. Қазіргі заманда экологиялық мәселелерді шешуде жаңа бағдарламалар еңгізілуде. 2013-2014 оқу жылында химия пәнінің стандарты өзгеруі-бұл сонымен қатар, экологиялық бағыттағы есептер шығаруда сағат сандары бөлінгені.Ұсынылып отырған қолданбалы курста «Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы», «Оттегі», «Су. Ерітінділер», «Қоршаған ортаны қорғау» тараулары бойынша бейорганикалық және органикалық химиядан экологиялық бағыттағы есептер енгізілді. Есептер білімдері В,С деңгейдегі оқушыларға арналған.
Осы бағытта есептер шағыра отырып оқушыларымыз экологиялық бағытта дұрыс шешім қабылдап, тиімді экологиялық мәсілелерді шеше біледі.
Оқу үрдесінде бұл әдістерді пайдалану теориялық материалды дәлелдеп күнделікті өмірде тиімді пайдалануда ықпал тигізеді. Сұраққа жауап алуда оқушы міндетті түрде табиғатты қорғау мәселелермен байланысып осы алған білімді күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік алады.
Бұл бағдарлы курстың бағдарламасы табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білуді үйретеді.
Курс 34 сағатқа есептелген, оның ішінде 3 сағат сарамандық жұмысқа, 5 сағат есептер шығаруға есептелген.

Химия және экология
( қолданбалы курс бағдарламасы)
Бағыты: Жаратылыстану-математика.
Бейіні: Химия-биология
Курсытың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны ластану мәселерін шешуде белсендіктерін арттыру.
Міндеттері:
-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, әр түрлі заттардың күнделікті өмірде қолдануын тәжірибе жүзінде дәлелдеуі, ойды жинақтау-ды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;
-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;
-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдысын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Мамандыққа бағдарлау: химик-эколог
Пәнаралық байланыс: экология, география, биология, физика
Курсытың қорытындылау формасы: зерттеушілік конференция, семинар
Оқу үрдісін ұйымдастыру
Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:
Курсқа қызығушылықты арттыру;
Белсенді қатысу;
Еркіндік және диалогқа дайындық;
Өз ойына сеніммен қарау.
Әдістер:
Зерттеушілік – ізденіс;
Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;
Жұмыс түрлері:
Әңгіме, семинарлар, пікірталастар, сарамандық жұмыстар, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.
Бағалау барасы:
Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;
Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;
Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;
Дербес жауап;
Материалдық логика;
Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
2.Экологиялық жағдайаттарды шеше біледі.
3.Экологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.
4. Танымдық қабілеттері дамиды.
5. Экологиялық мазмұны бар есептерді шеше біледі
1.2. Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы
І тарау. «Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстары-ның биосферадағы маңызы» (6 сағат)
Экология, биосфера туралы түсінік. Экология ғылымының бағыттары. Биосфераның ластануы. Заттар – ластағыш және олардың шығу көзі.Озон ойықтары. Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы. Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі. Микро-, макро-, ультроэлементтер.«Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы» тарауы бойынша сан есептер.
ІІ тарау. «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі» (3 сағат)
Мария Кюри - Сколодовскаяның еңбектері. Табиғи ортаның радиок-тивті ластану мәселері: себебі, зардаптары, мүмкін болатын шешу жол-дары. Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий.
ІІІ тарау. «Сутегі» (2 сағат)
Сутегі – болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі болмақ. Металл гидриттері – автомобиль үшін сутекті жанғыш отын.
ІҮ тарау. «Оттегі» (4 сағат)
Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы. Таза ауа. Ауаның ластанудан сақтау. Автокөлік және адамдар. Жүргізушілерге қоршаған ортаны қорғауда кеңес. Жанудың пайда болуы және өрттің өшу жағдайлары. Бенгал оты. Эльма оты. Адам организмінде оттегінің жетіспеушілігі. Қорыл.
«Оттегі» тарауы бойынша сан есептер.
Ү тарау. «Су. Ерітінділер» (7 сағат)
Су. Судың құрамы. Ергіштік. Су сапасының мәселесі: судың қасиеттері, құрамы. Су сапасының стандарты. Су сапасын жақсартудағы әдістер. Судың маңыздылығы.Табиғаттағы су. Суды пайдалана білу.
Сарамандық жұмыс №1 « Судың кермектігін жою»
«Су. Ерітінділер» тарауы бойынша сан есептер.
ҮІ тарау «Қоршаған ортаны қорғау» ( 8 сағат)
Адам организмдегі қышқылдар мен тұздардың рөлі. Ағзаның қышқылдануы - тез және ертеден қартаюдың бір себебі. Қышқыл жаңбырлар: себебі, зардабы және ескерту.
Сарамандық жұмыс №2 «Мектеп үлескесіндегі топырақтың қышқыл-дық жаңбырға төзімділігін анықтау»
Топырақтың және судың тұздануы – табиғи ортаның бұзылуына әкелетін факторлардың бірі.
Сарамандық жұмыс №3 «Нұрлыбай сорының суы мен батпа-ғының құрамы мен тұздылық мөлшерін анықтау»
«Қорашаған ортаны қорғау» тарауы бойынша сан есептер.
ҮІІ тарау. «Бейорганикалық химия курсын қорытындылау» ( 4 сағат)
Бейорганикалық заттар – тұрмыста, өндірісте, медицинада Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны, оны болдырмау жолдары.
Экологиялық бағытта бейорганикалық химиядан дәстүрден тыс есептер.
1.3.«Химия және экология» курсының тақырыптық жоспары(34сағат)
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Дә-ріс-тер Практи-кум
І тарау. Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы 6 5 1
1 Экология, биосфера туралы түсінік 1 1 2 Табиғатты химиялық ластауш заттар. 1 1 3 Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы. 1 1 4 Химиялық элементтердің табиғатта айналымы 1 1 5 Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі. 1 1 6 Сан есептер шағыру 1 1
ІІ тарау. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі 3 3 1 Мария Кюри-Склодовскаяның радиоактивті элементерді зерттеудегі еңбектері. 1 1 2 Табиғи ортаның радиоактивті ластануы 1 1 3 Биогенді элементтер 1 1 ІІІ тарау. Сутегі 2 2 1 Сутегі – болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі. 1 1 2 Металл гидридтері – автомобиль үшін сутекті жанғыш отын. 1 1 ІҮ тарау. Оттегі 4 3 1
1 Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы. Таза ауа. 1 1 2 Ауаның ластану түрлері. Ауаның ластанудан сақтау 1 1 3 Адам организміндегі оттегінің жетіспеушілігі 1 1 4 Сан есептер шығару 1 1
Ү тарау. Ерітінділер. Су 7 5 2
1 Су. Судың сапасы. 1 1 2 Суды тазарту жолдары 1 1 3 Судың кермектігін жою 1 1
4 Судың маңыздылығы 1 1 5 Қазақстандағы теңіз, көлдердің және өзендердің экологиялық жағдайы. 1 1 6 Жергілікті көлдердің экологиялық жағдайы 1 1 7 Сан есептер шығару 1 1
ҮІ тарау. Қоршаған ортаны қорғау 8 5 3
1 Адам организміндегі қышқыл мен тұздың зияны. 1 1 2 Қышқыл мен тұздардың әсерінен адам ағзасының қышқылдынуы және тез қартаю 1 1 3 Қышқылдық жауындар 1 1 4 Қышқыл жауындардың адам ағзасымен қоршаған ортаға әсері 1 1 5 Топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігі 1 1
6 Табиғат суының тұздануы мен топырақтың сор болуын жою тәсілдері 1 1 7 Нұрлыбай сорының суы мен батпағы-ның құрамы мен тұздылық мөлшері 1 1
8 Сан есептер шығару 1 1
ҮІІ тарау. Бейорганикалық химия курсын қорытындылау 4 2 2
1 Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны 1 1 2 Бейорганикалық заттардан адам өмірін қорғау жолдары 1 1 3 Экологиялық бағытта бейорганикалық химиядан дәстүрден тыс есептерін шығару 1 1
4 Ғылыми-зерттеушілік конференция 1 1
25 9

1.4. Оқушыларға арналған әдебиеттер:
«Химия мектепте» №1 2008 ж. «Мұнай» тарауын қортындылау.23 бет
«Химия мектепте» №6 2005ж. «Табиғатты қорғайық» 40 бет
«Химия мектепте» №3 2005ж. «Таза ауа тапшы болмасын» 45 бет
«Химия мектепте» №3 2007ж. «Автокөлік және адамдар» 65 бет
«Химия мектепте» №6 2007ж. «Витагенді технология» 8 бет
«Химия мектепте» №6 2003ж. «Отын және оның қоршаған ортаға әсері» 42 бет
«Химия мектепте» №5 2008ж. «Ғаламшардың маңыздысы» 51 бет
«Судың тазартудың маңыздылығы»51 бет
«Жер шарының тынысы» 66 бет
«Бағдарлы курс. Көмір» 71 бет
«Химия мектепте» №3 2005ж. «суды пайдалана білу» 67бет
«Химия мектепте» №4 2007ж. «Оқушы-мамандар» 72 бет
«Химия мектепте» №1 2008ж. «Барлық дүниенің бастамасы» 58 бет
«Химия мектепте» №5 2008ж. «Мария Кюри - Склодовска» 73 бет
«Химия мектепте» №2 2007ж. «Биогнеді элементтер» 48 бет
«Химия мектепте» №2 2008ж. «Ауыр металдар» 31 бет
Мұғалімге арналған әдебиеттер:
«Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет
«Химия мектепте» №4 2005ж. «Баспасөз конференциясы» 77 бет
«Химия Қазақстан мектебінде» №1 2009ж. «Тұрмыс химиясы» 38 бет
«Химия Қазақстан мектебінде» №2 2008ж. «Экология-химия сабағында» 52 бет
«Химия мектепте» №1 2008ж. «Пәннің Тұрмыс химиясы» 67 бет
«Химия мектепте» №1 2009ж. «Ауаны ластанудан сақтайық» 39 бет
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан -2030. 1998ж
Л.Н.Бушман. Шөлімізді қандыра аламыз ба? Алматы.2002ж,20 бет
«Химия мектепте» №5 2006ж. «Судың сапалық көрсеткіштері» 3бет
«Химия мектепте» №2 2006ж. «Су таңғажайып зат» 6 бет
«Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет
«Химия мектепте» №3 2003ж. «Қышқылдық жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері» 9 бет
«Химия мектепте» №1 2007ж. «Кейбір заттардың адам ағзасына әсері» 23 бет
М.Н.Нұрахметов Химия 2006 жыл
Ю.Н.Кукушкин.Химия біздің айналамызды. 1992 жыл
ІІ. Курсқа арналған дәрістер
1. «Маңызды s-, p-, d- элеметтер және олардың қосылыстарының биосферадағы маңызы»
Экология және биосфера туралы түсінік
Егер біз байыптап қарасақ,адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Беретін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын(орман,су,топырақ,қазба байлықтар,т.б.) барынша игеруге тырысты. Елді мекендер өркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогрес қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушілігі, жер үшін күрес, т.б. әлеуметтік-экономикалық проблемалар туды.Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде Жердің «бет-бейнесін»-табиғатын мүлдем өзгертіпа жіберді.Осы жағдай-ларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгеруін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақты-лығын сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен мәліметтері және нені зерттейтіні айқындала бастады.
Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтаң салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Енді экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына тоқталайық.Олар:
-тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан өзгеру себептері;
-табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;
-тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші факторлар;
-антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;
-жергілікті және аймақтық экологиялық проблемалар;
-дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;
-қоршаған ортаның ластануы факторлары және оны болдырмау;
-адам – қоғам – табиғат арасындағы үйлесімділікті тұрақтандыру;
-қоршаған орта және адам денсаулығы, т.б. мәселелер.
Биосфера (гр.Биос-тіршілік, өмір, гр.сфера-шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.
Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2-3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
ТропосфераГидросфераЛитосфераНоосфера Биосфераның ластануы- адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыс-тардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетіс-тіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).
Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО2, 300 млн. т СО, 50 млн. т NO,150 млн. т SO2, 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуық мұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.
Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т. әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т.б.) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т.б.) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағаш және қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.
Табиғаттағы химиялық ластауыш заттар
Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді.
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жорғары елдерде соңғы екі-үш онжылдықта қолда-нылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиоактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр. Қазіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп айтады.
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерасты суларның;
4)  топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1)  қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2)  ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3)  ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4)  планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.

1.2. «Химиялық элементтердің табиғатта таралуы»
Химиялық элементтердің маңызды сипаттамаларының бірі – олардың табиғатта таралуы болып табылады. Элементтердің жер қыртысында (шартты түрде 16км-ге дейін тереңдікке кететін жердің қатты қыртысы) таралуының геохимиялық мәліметтері бойынша жер қыртысының 50% массасын – оттек, кремний - 25%-ін, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний, сутек және тағы басқалары – қалған бөліктерін құрайды. Жер қыртысында элементтер біркелкі таралмаған, олардың мөлшері ауытқып отырады. Жоғарыда аталған 9 элемент, ең көп таралған элементтерге жатады, олар жер қыртысының 99,62%-ін құрайды, қалған элементтердің массалық үлесі бар болғаны 0,21%. Д.И.Менделеев атап көрсеткендей, табиғатта ең көп таралған элементтердің атомдық салмағы (атомдық массасы) үлкен емес, ал адам организмінде, негізінен, ең жеңіл элементтер (Н, С, N, О) болады. Ғарышта аса жеңіл элементтер – сутек және гелий көп таралған.
Азот. Табиғатта таралуы. Табиғатта азот бос түрінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі. Ауада оның көлемдік үлесі 78,09%, массалық үлесі 75,6%. Азот қосылыстары аздаған мөлшерде топырақта бар. Азот нәруызды заттардың және көптеген табиғи органикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Нәруызда орташа есеппен 16% азот бар. Құрамында азот болатын маңызды табиғи қосылыстар – натрий селитрасы NаNО3, калий селитрасы КNО3 және кальций селитрасы Са(NО3)2. Жер қыртысында азоттың жалпы мөлшері 0,01-0,04%-ті құрайды.
Табиғаттағы айналысы. Жер атмосферасының 0,8 бөлігі (78%) бос азоттан құралады. Бірақ азоттың химиялық қосылыстарының атмосфера-дағы және жер қыртысындағы мөлшері онша емес.
Азоттың біраз мөлшері органикалық қосылыстар түрінде өсімдік және жануар текті қазба отындар құрамында болады, тағы біраз мөлшері топырақ қарашірігінде кездеседі. Неміс философы Ф. Энгельс: «Тіршілік дегеніміз – нәруызды дененің өмір сүру тәсілі», - деген екен. Ал нәруыз молекуласында міндетті түрде азот атомдары болады. Адам өзіне қажетті азотты өсімдік және жануар текті тағамдардан алады, ал өсімдіктер ауадағы бос азотты да, қара топырақтағы органикалық заттар азотын да сіңіре алмайды, олар азотты топырақтан тек аммоний ионы NН+ немесе нитрат иондары NО3- түрінде ғана алады. Ал мұндай иондардың топырақта түзілуіне топырақ бактериялары көмектеседі, егер ол жетіспесе, қолдан тыңайтқыштар түрінде беріледі.
Топырақ азоты найзағайлы жаңбыр, өсімдік, жануар қалдықтары шіруі әсерінен үнемі толығып отырады. Сөйтіп, байланысқан азотты өсімдік сіңірсе, өсімдікпен жануарлар, ал олармен адам қоректенеді. Адам мен жануарлар организміндегі нәруыздар несепнәрге (мочевина) дейін ыдырап, организмнен бөлініп шығып, топыраққа түседі. Осылайша табиғатта азот үнемі айналымда болады.
Оттек.Табиғатта таралуы. Таза оттекті бірінші рет швед химигі К. Шелле 1772 ж. алған. Оттек - табиғатта ең көп таралған элемент. Жер қыртысындағы оттектің массалық үлесі 49,13%-ті құрайды. Табиғатта оттек бос күйінде де, байланысқан күйінде де кездеседі. Ол бос күйінде ауада (масса бойынша 23,2% немесе көлем бойынша 20,9%), байланысқан күйінде: судың, минералдардың, өсімдіктердің, жануарлардың құрамына кіреді.
Жер бетіндегі барлық бос оттек фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болады және сақталады:
хлорофилл, жарық
6СО2 + 6Н2О С6Н12О6 + 6О2
Тыныс алу, жану және шіру процестері атмосфералық оттекті байланыстырады. Жоғарыда көрсетілген реакция кері бағытта жылу бөле жүреді. Фотосинтез бен оттекті байланыстыру процестерінің үйлесімі табиғаттағы оттектің айналымын құрайды. Табиғатта оттектің үш тұрақты изотопы: 16О, 17О және 18О бар. Олардың молярлық үлестері сәкесінше 99,759%; 0,037% және 0,204%. Жай зат күйіндегі оттектің екі аллотропиялық түрөзгерісі кездеседі: О2 және О3 (озон).
Көміртек.Табиғатта таралуы. Көміртек табиғатта бос күйінде алмаз және графит түрінде кездеседі. Жер қыртысындағы көміртек мөлшері шамамен 0,1%. Көміртек, негізінен, кальций және магний корбонаттарынан тұратын ізбестас, бор, магнезит, доломит сияқты табиғи минералдардың құрамына кіреді. Ол органикалық заттардың негізгі құрамдық бөлігі болып табылады. Көмір, мұнай, шымтезек, ағаш және табиғи газ отын ретінде қолданылатын жанғыш материалдар қатарында қарастырылады. Бұл мақсатта олар жиі қолданылады, сонымен қатар органикалық қосылыстар синтезіне қажетті көміртекті алу көзі болып табылады. Табиғи көміртектің тұрақты екі изотопы бар: 12С (98,892%) және 13С (1,108%). Сонымен қатар оның жартылай ыдырау периоды 5570ж. болатын және органикалық тектес тарихи көне заттардың жасын анықтау үшін қолданылатын радиоактивті 14С изотопы бар.
Табиғаттағы айналымы. Көміртек – тірі табиғатта маңызы зор элемент. Басқа да химиялық элементтер сияқты, көміртек атомдары табиғатта үнемі бір ғана қосылыстың құрамында тұрмайды. Олар бір заттан екінші затқа ауысып отырады. Көмірқышқыл газының (СО2) табиғаттағы және тірі организмдегі айналымы:
Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қорек-тенеді және тыныс алу арқылы қайтадан атмосфераға шығарады. Егер ауада СО2 мөлшері көбейіп кетсе, күн сәулесінің жер бетіне шашырап түсуі нашарлайды. Соның нәтижесінде жер бетіне шоғырланып түскен күн сәулесі бір жерді қатты қыздырады да, екінші бір жердің температурасын төмендетеді. Көмірқышқыл газы күн сәулесін жер бетіне өткізгенімен, жер бетінен жоғары жібермейді, нәтижесінде «жылыжай әсері» деп аталатын құбылыс пайда болады. Бұл құбылыс жер бетінде өсімдіктердің біркелкі дамуына кері әсерін тигізіп, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары әрі қарай шіру процесінің нәтижесінде, жанғыш кенге, яғни таскөмір, мұнай және табиғи газға айналады. Оларды өндіріп, отын ретінде пайдаланып жаққанда түзілген көміртек (ІV) оксиді тағы да атмосфераға қайтады. Осылайша табиғатта көміртектің айналымы үздіксіз жүріп жатады.
1.3. «Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі»
Соңғы жылдары халықтың салауатты өмір сүруіне көп көңіл бөлінуде. Табиғаттағы өзгерістер және қоршаған ортаның әсері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  Топырақ, ауа, су - тіршілік  көзі екендігі белгілі.  Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер беті-не  таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар  өткен сайын  12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.
Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын  құрайтын элементтер - органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық  қосылыстарының тотығу және тотықсыздандыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі
Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын  құрайтын элементтер - органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық  қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиетте-рін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі :
1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, натрий және хлор);  ағзадағы мөлшері 10% - дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер - сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% - дан төмен.
Әр түрлі жасушалар мен ағзалардың түзілуі мен өмір сүруі үшін  қажетті элементтер биогенді элементтер болып табылады.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:
1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді : H, O, Ca, N, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
2.Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық  зерттелмеген.
3.Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.
Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды  түрінде де кездеседі. Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су-маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйық-тықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазма-сының, лимфаның 99,5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды. Ендеше су ресурстарының құрамын зерттеу, үнемі бақылау және мемлекет тарапынан қорғау іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.
Макроэлементтер – көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биоло-гиялық   белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6,5 - 7%, күкірт 0,3 - 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал, фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері - 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%- ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді ал табиғатта  кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид  түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады.
Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты  бойынша шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады : кальций – 1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мырыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шамамен 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін  минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер  ағзада биолиганд – амин-қышқылдармен, нәруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондар-мен, дәрумендермен және тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір  ионы комплекс түзуші ретінде- гемоглобин, кобальт-В 12 дәруменінің, магний- хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көпте-ген  биокомплекстері бар.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.  Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.  Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер - ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл– негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыз-дану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро - және микроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде  кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғары-лайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқтымикроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен  подагра пайда болады. Адам ағзасын-дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды   (химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар туады.
Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-тендік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ ол - күш-қуат көзі. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250-300 г NaCl  болады, тамақпен 10-15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады. Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс - денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамын-дағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға  дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тастар түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланысты екендігі түсінікті. Демек, облыс көлемінде халықтың денсаулығының төмен көрсеткіштері оларды қоршаған табиғат ортасына, экологиялық сипатына тікелей байланысты деуге болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий - 49,01 мг, бром - 0,821 мг, темір - 1,1-30 мг, йод - 0,2 мг, кобальт - 0,05-0,1 мг, марганец - 5-7 мг, мыс - 2-3 мг, молибден - 0,15-0,3 мг, никель - 0,63 мг, рубидий - 0,35-0,5 мг, фтор - 2-3 мг, мырыш - 10-15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.
Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда  П.Р.Загриценко, Ж.Қалекенов, Қ.Кенжеев,  Ж.Мамутов және    К.Сағатов, ал Ресейде Я.В.Пейве, М.Я.Школьник, П.А.Власюк, О.К.Кедров - Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.
Есептер
№1. Зертханада спирт шамы жанғанда көмірқышқыл газымен су бөлінеді. Зертханадағы бөлінген көмірқышқыл газының көлемін және көлемдік үлесін есептеңіз, егер зертхананың көлемі 288 м3 құрасы және 18 үстелде 18 спирт шамда 2,3 г спирт жанса.Бөлінген СО2 үлесі оқушының денсаулығына әсер береді ме? (ауадағы СО2 көлемдік үлесі 0,03 пайыз құрайды). Егер СО2 үлесі 4 пайыз болса адамның тыныс алу мүшелері зақымдалады, басы аурады, құлағында шу пайда болады.
№2. Өсімдік ашық күні 5г жуық көмірқышқыл газын өзінің жапырақ беткейінің әрбір шаршы метріне сіңіреді. Оның жапырақ беткейі 1,8 м2 болса, күнбағыс бір күнде жуықтап алғанда, неше грамм көміртегін жинайды?
Жауабы: 2,45 г көміртегі
№ 3.Бағалы тыңайтқыш – аммоний нитратын жабық 7000 м3 құрайтын бұл суқоймадағы балықтар тірі қала ма, егер мудағы аммоний нитратының қоймада емес, ашық алаңда сақтау салдары апатқа әкелді. Қатты жауын салдарынан 15 т NH4NO3 жаңбыр суымен еріп жақын жатқан суқоймамен шайылып кеткен. Сыйымдылығы токсиндік массалық үлесі 0,08% болса?
Жауабы: Балық тірі қалмайды, себебі судағы NH 4 NO3мөлшері 0,21% (улылық қалыптан жоғары) құрайды.
№4. Қарапайым противогаздар СО иісті газын тоқтата алмайды, сондықтан одан қорғану үшін қосымша гопколитті патрон қолданады, одан СО газын MnO2 марганец диоксидімен тотығады. Егер белгілі бір химиялық кәсіпорында СО қоспалары бар атмосферадағы жұмыстары кезінде, құрамында 261г MnO2 гипколитті патронның массасы әрбір тәулік өткен сайын орташа 4,2г артатын болса, патронның қолдану мерзімін анықтаңдар. Денсаулық үшін көміртегі (ІІ)оксиді қандай қауіп төндіреді.
Жауабы: 20 тәулік
№5.Өндіріс жағдайында 1 т нитратқа 2,5 кг аммиак, 7,5 кг азот қышқылы шығын болады деп есептесек, 1 т аммоний нитратын алу үшін неше тонна аммиак және неше тонна 45 пайыздық азот қышқылы қажет?
Жауабы: mHNO3=1,7 т., mNН3=0,215 т
№6. Бидайға арналған жердің 1 гектарына 50 кг азот, картопқа арналған жердің 1 гектарына 60 кг азот беру нормасы бойынша 15 га бидай егісі мен 10 га картоп егісіне құрамында 98 пайыз аммоний нитраты бар аммиак селитрасынан неше тонна керек болады?
Жауабы: Бидайға 2142 кг, картопқа 1714 кг
№7.«Жигули»автомобилінен шыққан газдар құрамында иісті СО газдың мөлшері көлемі бойынша 4,5% аспауы тиіс. Егер 25л шыққан газдарды (көлемі бойынша құрамында СО2 екі есе СО-дан артық)180,5мл 18% натрий гидроксиді ерітіндісінен (р=1,197г/см2)өткізу кезінде ерітінді толық қанықса, көрсетілген шамаға қозғауыштың жұмыс тәртібі сәйкес келе ме?
Жауабы: (СО) =13,2%; жұмыс тәртібі шамаға сәйкес емес.
№8.Ауыл шаруашылығында қолдануға арналған стандартты калий сульфатында 50+-2 % К2О болады. Бұл массасы бойынша (пайызбен) калий сульфатына шағып есептегенде қанша болады?
Жауабы: 92,6 %
№9. Гидролиз зауытында тәулігіне ағаш үгінділерінен 50т 96 %-ы этил спирті алынады. Атмосфера құрамындағы СО2 жоғарылауы неге әкеліп соғуы мүмкін?
№10. Ауа райы ашық күндері өсімдік жапырақтары тақтайшасының 1 м2 3,3 сағатта орта есеппен 5 г көміртек диоксидін сіңіретін болса, құрамында 95% метан, 4% этан және бутаннан тұратын табиғи газдың 1м3 жаққанда бөлінетін көміртек диоксидін жұту үшін өсімдік жапырақтары бетінің ауданы қандай болуы керек.
Жауабы: S=720,3 м3

2. «Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі»
2.1. «Мария Кюри-Склодовскаяның радиоактивті элементерді зерттеудегі еңбектері»
1910 жылы Андре Дибермен бірлесе отырып Мария Кюри таза металл күйіндегі радийді алды. Осымен Мария Кюри 12 жыл бұрын бастаған зерттеулер циклін аяқтады. Ол радий химиялық элемент екенін дәделдеді. Ол радиоактивті эманацияны өлшеудің тәлілін ойлап тапты. Ол радийдің таза металл күйі мен таза радий хлоридін алды. Мадам Кюри радиоактивті құлдырауды өлшеуде дәлдікке қол жеткізді. Кюри ханым радиоактивті ядро құлдырауының уақытын үлкен дәлдікпен есептеуге болады деп жорамалдады. Себебі ол уақыт ешқандай сыртқы күштердің әсерінен өзгермейді. 1903 жылдан бастап Кюри радиоакивті сағаты қолданылады.
1910 жылдың соңына қарай көпшіліктің талабымен Мария Кюридің кандидатурасы Француз ғылым академиясының ең жоғары деген лауазымына ұсынылды. Пьер Кюри бұл академияға қайтыс болуына дейін 1 жыл бұрын қабылданды. Француз ғылым академиясының тарихында Мария Кюри дейін әйел ол ұйымның мүшесі болмаған. Сондықтан болар Мария Кюридің кандидатурасы оның жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалға әкелді. Бірнеше айлардан кейін Мария Кюридің кандидатурасы бір ауыздан алынып тасталынды.
Бірнеше айдан кейін Мария Кюриға Швед корольдігінің ғылым академиясы Нобель сыйлығын тағайындады. Ол сыйлық Мари Кюридің «химия ғылымына қосқан үлесі үшін: радий мен полонийдің ашылуы, радийді бөліп алу мен оның қасиеттерін зерттеуі». Мария Кюри тарихта бірінші рет Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Жаңа Нобель сыйлығының иесін айта отыра, Э.В. Дальгрен «Радийді зерттеу, жаңа ғылымның пайда болуына әкелді, радиология. Ол ғылым өз институты мен журналдары бар ғылым».
Бірінші дүниежүзілік соғысқа таман Париж университеті мен Пастеров институты Радий инстиутының ашылуын жариялады. Онда радиоактивті-лікті зерттеді. Мария Кюри «радиоактивтілікті зерттеу мен оның медицинада қолданлу» бөлімінің бас меңгерушісі болып тағайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мария Кюри соғыс дәрігерлерін радиоактивтілікті медицинада қолданысын үйретті. Мысалы, Рентген сәулелері арқылы адам денесіндегі оқ-дәріні табу. Госпитальдерде ол радиологиялық қондырғыларды жасауға, жылжымалы рентген аппарат-тарымен жабдықтауға көмектесті. Ол өз білімін «Радиология және соғыс» атты еңбегінде баяндады.
Соғыстан кейін Мария Кюри Радиология институтына оралды. Өмірінің соңғы жылдары ол студенттердің жұмысын басқарып, радиологияның медицинадағы қолдануына жол ашты. Ол Пьер Кюридің биографиясын жазды. Оның бұл еңбегі 1923 жылы жарыққа шықты. Мария соғыс аяқталғаннан кейін егемендік алған өз отанына келіп тұрды. Ол Польшада зерттеушілерге көмек көрсетті. 1921 жылы Мария қыздарымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Мария зерттеулерін жалғастыруға сыйға берген 1 тонна радийді алды.
Біраз жылдар бойы радиймен жұмыс істеуі Марияның денсаулығына қатты әсер етті. Мария мен Пьер оның денсаулыққа қауіптілігін білген жоқ. Пьер әрқашан өзімен бірге радий хлоридінің пробиркасын ұстап жүріп. Радий ураннан милолион есе радиоактивті деп мақтанатын. Мария өз төсегінің жанында радий тұздарын қойып қоятын. Оған радийдің түнде жарқырауы ұнайтын. Олардың саусақтары күйіп кетті. Олар денсаулық-тарының нашарлауының себебі радий деп ойлап көрген де емес. Қорғасын табыттағы Мария Складовская-Кюридің денесі әлі күнге шейін 360 беккерель/м3 интенсивтілікпен радиоактивтілік шашып тұр.
2.2. «Табиғи ортаның радиоактивті ластанудың себептері мен зардаптары»
Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Елімізде дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ. Бәрімізге белгілі Қазақстан уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар. Еліміздің экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиоактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 255 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталған. Олардың жалпы радиоактивтік күні 57,6 мың км. Сонымен қатар түрлі жағдайларда пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиоактивті заттар өндіретін орын бар. Семей полигонының териториясында 5,8 млн тоннаға жететін радиоактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың км. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталған. Қазақстан территориясында сақталатын радиоактивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің азда болса мөлшері бар. Радиоактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы-жазы жауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға таралып жататыны сөзсіз. Қазақ даласында ерсілі-қарсылы соққан желдер де радиоактивті элементтер бар қалдықтарды ұшырып әкетіп жататыны да сөзсіз. Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар жер саулығына көп қауіп төндіреді. Оны есептеп шығу мүмкін емес. Қазақстан территориясында радиоактивті қалдықтардың картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске аса ма, жоқ болмаса қағаз түрінде қала ма, ол жағын болжап айту қиын. Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына зиян келтіреді. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау мәселесі осы кездегі кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін киімдерді тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалады, адам денелеріне сәулені дарытпайды.Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавтар космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес. Адамзат баласы Жер бетінде пайда болған кезден бастар, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарына тұратын халықтар әр мөл-шерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР/радиация қабылдайды.Бұл денсаулыққа қаншама зиян келтіреді.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе өнеркесіптерден шығарылған химиялық заттармен қатар, радиоактивті заттардың қалдығынан топырақ-тың ластануы деңгейі Бетпақдала, Балқаш, Мұғалжар, Ертіс, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы аймақтарында шектеулі рауалы мөлшерден жоғары.
Сонымен топырақтың ластануы сол аймақтарда егін шаруашылығы өнімдерімен жеміс-жидек, көкініс түсімін күрт азайтады. Ал алынған өнімдер құрамында ауыр метелдар, нитрит қалдықтары, т.б. улы заттар адам организіміне түсіп, түрлі аурулардың тууына себепші болады. Соңғы жылдары егін шаруашылығында игерілетін жердің көлемі 2 есеге азайды. Осыған байланысты жерді қайта түлету, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде иесіз жердің қараусыз қалатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан ауыл шаруашылығын, соның ішінде егін шаруашы-лығын көтеру мақсатымен жерді жеке меншікке беру мәселесі қарастырылуда. Бұл мәселе жақын арада шешімін табары анық.

2.3. «Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий»
Қорғасын және оның токсикалық қоспалары қоршаған ортаның қауіпті ластанушылары болып келеді. Қорғасынның зиянды әсеріне бейімдел-мегендіктен адам, әсіресе балалардың денсаулығына, бұл қосылыстардың әсері күрделі болғандықтан, мына себептерге байланысты мұны зерттеу қажет:
Қорғысын адамдардың тұрғылықты жерлеріне кең таралған;
Қорғасын қоршаған ортада өте төмен концентрацияда болған жағдай да балалар денсаулығы үшін зиянды әсер етеді;
Қорғасыннан адамның жүйке жүйесі зардап шегеді, ол өсіп келе жатқан ұрпақтың интеллектуалды дамуына кері әсер етеді;
Қорғасын және оның қосыластарымен қоршаған ортаның негізгі ластануы көздерінің пайда болу тегі антропогенді, осыған байланысты төмендетуді қоғамның күшімен реттеуге мүмкіндік туғызады.
Қорғасын және оның қосылыстары политропты уларға жатады (ағзаның әр түрлі мүшелеріне және жүйелеріне әсерлейді), негізнен жүйке және жүрек – тамырлары жүйесінің өзгеруін туғызады, соынмен қатар ферментативті реакцияларды, дәрумендер алмасуын бұзады, адамның иммундық – биологиялық белсенділігін төмендетеді.
Қорғасын және оның қосылыстарынан химиялық әрекетке ұшыраған көптеген балаларда субклиникалық көріністер байқалады, олар ауру түрінде білінбейді, бірақ ағза фунцияларына әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесі қорғасынның кішкене доғаларымен де улану балаларда жүру үйлесімділігін (соның ішінде қол – көз үйлесімділігі), естуді, ұйқыны бұзады, дене дамуын баялатады. Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымы басылымдарында қорғасынның ағза үшін химия – биологилық құндылығы жоқ екені туралы бірнеше рет көрсетіледі. Қорғасын және оның ұлы қосылыстарының әсерінен туған аурулар қоғамның жалпы дамуына бұрыс әсерін тигізеді, өйткені жоғары дарынды адамдар саны қысқарып, төмен интеллектуалды қасиеттері бар адамдар көлемі артады.
Мектеп жасына дейінгі балалар қанның құрамындағы қорғасынның 1 мкг/дл-на жоғарылауы баланың интеллектуалды даму коэффициенті 0,25-0,50 балға төмендеуі анықталған. Бұдан басқасы, қорғасыннан уланудың салдары бірнеше жылдан кейін көрінуі мүмкін. Мысалы, қанның құрамында қорғасынның көп мөлшері анықталған 2 жасар балалар тобын тексеру нәтижелері он жылдан кейін олардың жүйке жүйесін жұмысында ауытқулар болатыны дәлелденді. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың қорғасынмен улану мөлшерінің шегі олардың қан құрамын-дағы мөлшері 10 мкг/дл-на тең деп саналады.
Қоршаған ортаның қорғасынмен негізгі ластану көздері өндіріс кәсіпорындарының қалдықтары, этиленген бинзин және құрылыста, ыдыс, ойыншықтар, соынмен біргі басқа да тұрмыстық обьектілерді өндіргенде қолданылатын, құрамында қорғасын бар бояу және әйнектер болып табылады. Басқа көздері де кездеседі – мысалы, аюрведикалық дәрі – дәрмектер, дәстүрлі ұлттық косметикалық бояулар және т.б., бірақ олар әлемнің жеке елдерінде қолданылады.
Ұзақ мерзімді зерттеулер балалардың қорғасынмен улану ең басында орталық жүйке жүйесі әрекетінің бұзылуына әкелетіні мен бала ағзасына ауыз қуысына лас қолдары арқылы түсетін шаңның құрамындағы қорғасын мөлшері арасындағы тікелей себеп-салдар байланысты болатыны дәлел-денді. Балаларда бұрыс әсерлердің пайда болуына бояулардың ұсақ бөлшектері, ластанған топырақтың элементтері және т.с.с. шаңға араласуы жекткілікті. Осының әсерінен ағзада болатын өзгерістердің алдын - алу үшін гегиналық шаралардың мәні өте зор. Себебі, дәрілік терапевтік емдерді қолдану аз нәтижелі, өйткені олар қанның құрамындағы қорғасын деңгейін уақытша төмендетеді, бірақ оны сүйек ұлпаларынан шығара алмайды.
Қазақстан Республикасы үшін қоршаған ортаның қорғасынмен ластану мәселесі ерекше маңызды. Елімізде қорғасын кендерін өңдірумен қатар ірі металлургиялық кәсіпорындар жұмыс істейді (Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, «Южполиметалл» АҚ және т.б.). бірақ қазіргі уақытқа дейін Қазақстан балалар денсаулығына қорғасын әсерін жоюдың біртұтас бағдарламасы жасалмаған.
Бала қанының құрамында қорғасын шоғырлануының 1 мкг/дл-ге жоғарлауы АҚШ-та шамамен 1 200$ бағаланды.
Қазақстанда қоршаған ортаның қорғасын және оның улы қосындылары-мен ластанудың негізгі көздері өндіріс кәсіпорындары, этилденген бензин, құрамында қорғасын бар бояулар болып табылады.
Құрамында қорғасын бар бояулар
Қазақстанның көптеген аймақтарында жеке балалардың қанында қорға-сын деңгейінің жоғарылауы байқалады. Көбінесе бұл:
Ойыншықтарды өндіру кезінде (әсіресе Қытай өндірісі) қорғасын бояуларын қолдану;
Ғимараттарды және аула бұйымдарын безендіруге кейбір еден сырларын және эмальді (көбінесе қоңыр, сары және жасыл түстерін) қолдану;
Ыдыс өндіру кезінде қорғасын әшекейін (негізінен Қытай, Ресей және Қазақстан керамикасы) қолдануға байланысты;
Балалар денсаулығына қорғасынның мұндай әсерін құрылыс материалдардың және тұрмыстық заттардың сапасын бақылау күшейтілсе (ең бірінші, өнімді міндетті сертификаттау кезінде СЭС-тің ролін жоғар-латты, сонымен қатар арнайы жабдықталған лабораториялар құрастыру), жеке гигиенаны сақтау, мектепке дейінгі балалар мекмелері қызметкер-лерінің, медициналық жұмыскерлердің, ата-аналардың арнайы дайынды-ғын жоғалтқан жағдайда алдын алуға болады. 1996-2001 жылдарда Қазақстанда жүрзілген зерттеулер нәтижесінде кепілдемелер шығарылған, олар Павлодар қаласына қолданылды. Нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелер барған балалардың қынындағы қорарғасынның орташа деңгейі екі есе төмендетуге мүмкіндік берді.
Кадмийдің ағзаға әсері
Кадмийдің де ағзаға әсер етуі сынапқа ұқсас, бірақ ол организмде ұзағырақ сақталуының нәтижесінде организмнен кальцийді шығарып алып, ферменттер құрамына цинкті орналастырады. Кадмий темірдің сіңірілуіне әсер етіп, темір тапшылықты анемияның дамуына себеп болады және гемопоэзді бұзып, иммундық жүйенің қызметіне кері әсер етеді [Капитонова Т.М., 1998, Сидоров Н.Ф., 1995]. Ауыр металл тұздарымен (қорғасын мен кадмийдің) тұрақты уланудың иммундық жүйеге әсері туралы зерттеулер көп, бірақ олардың инфекциялық аурулардың ағымына патологиялық әсері бұрын толық зерттелмеген.
«Сутегі»
3.1. «Сутегі -болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі.
Металл гидридтері – автомобиль үшін сутек жанғыш отын»
Сутекті алғаш Г.Кавендиш зерттеп, оны «жанғыш ауа» деп атаған (1766). А.Лавуазье сутектің қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосыпты (1787). «Сутек» терминін орыс химигі М.Ф.Соловьев ұсынды (өз тілінде, 1824).Сутекті алғаш рет мырышпентұз және күкірт қышқылын әрекеттестіру аркылы 1776 жылы Г. Кавендиш алған. Ол оған «жанғыш ауа» деген ат берген, себебі ол жай заттардың арасындағы өте жанғыш газ. Ал 1783 жылы А. Лавуазье мен Ж. Менье суды термиялық айырып, ол оттек және сутек элементтерінен тұратынын анықтаған, казіргі колданылып жүрген атауын (Hydrogenium- су тудырушы) француз ғалымы А. Штон де Морво берген (1787 жылы). Оның орысша да, қазақша да аттары осы мағынаны береді.
Дүние жүзінде жылына шамамен 350*109 тонна сутек өндіріледі. Сутек, аммиак, тұз қышқылы, жасанды сұйық отын алуда, майларды гидрогенезациялауда, металдарды сутек-оттек жалынында кесуде, мұнай фракцияларын гидротазалау мен гидрокрекингісінде, тағыда басқа қолданылады. Атом энергетикасында изотоптары маңызды орын алады. Сутекті экологиялық таза орын ретінде қолданудын болашағы зор ().
Сутегінің алынуыСутектің жерде кездесетін ең мол көзі - су, сондықтан оны өндірісте суды тұракты электр тогының көмеимен айыру арқылы алады: 2Н2O = 2Н2↑ +02 ↑ бұл реакцияны алғаш рет А. Лавузье мен Ж. Менье қыздыру арқылы іске асырған (жоғары бағытталған бағдарша заттың үшқыштығын көрсетеді).Сутегіні алу үшін өте белсенді металдар қолданылмайды, ол экономика-лық жағынан тиімсіз. Металдың белсенділігі өте жоғары болғанда (К, Na, Са) олар сутекті судың құрамынан да ығыстыра алады: 2Na + 2HOH = 2 NaOH + Н2 ↑
Бұл реакция ете шабытты жүреді, бөлінген сутегінің өсерінен металдың түйіршігі су бетінде айнала қозғалып («жүгіріп») жүреді. Дәл осындай реакция кальцийді алғанда да байқалады. Са+ 2НОН = Са (ОН)2+ Н2↑
Сутегі өте белсенді металдармен әрекеттескенде гидридтер деп аталатын тұз төрізді қатты заттар түзіледі:H2+2Na=2NaH натрий гидриді
Н2+Са=СаН2кальций гидриді
4. «Оттегі»
4.1«Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы. Таза ауа.»
Ауа және оның құрамы
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығызд. 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы; аздап басқа инертті газдардың, сутектің, азот оксидтерінің, көміртек оксидтерінің, аммиактың, метанның, күкіртті газдың және тағы да басқалары мөлшері бар. Жердің ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін барады, Ауа массасының 4/5-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады.
Ауаның құрамы
Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған. Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық. Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар, цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың жануына жұмсалды ( сурет)
Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 % бекзат газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22% + 28 • 78% ≈ 29.
Ауадағы оттегінің мөлшері техногендік факторлардың әсерінен азайып отырады, ол механикалық және химиялық жолмен жүреді.
Механикалық әсерлер: газ, шаң күйіндегі химиялық заттар. Химиялық өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда (Өскемен, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Хромтау, Текелі, Павлодар, т.б.) экологиялық мәселелер ушығып отыр, ал үлкен қалаларда бұл мәселе автокөліктер әсерінен шиеленісуде. Жергілікті жерлерде өндірістік әсерлердің, әр түрлі болғандығынан ластаушы газдардың құрамы әр түрлі болады (жылу электр стансалары (ЖЭС), зауыттардың, автокөліктердің газдары). Олардың шамасы біразға дейін қоршаған ортаға зиян тигізе қоймайды, заттардың осы мөлшері зиянсыз шамасының шегі (ЗШШ) деп аталады.
Таза ауа
Қазіргі таңда ауаның күйі толғандырады. Қазақстанда ауа құрамын жақсарту мақсатында көліктерден шығатын газ құрамын анықтау және бағалау жүйесінің жобасын жүзеге асыруда.
ҚазККА профессоры Ануар Ақшөриннің ойынша – жобаның авторының бірі, атмосфера ауасының ластануы негізінен көліктің техникалық пайдалануда және экологиялық көрсеткіші төмен болуынан, көліктерде жүйелі бақылау жүргізілудің жоқтығынан, сонымен қатар, пайдаланған газдан шығатын жанармайдың сапасының қанағаттандыр-майтынынан.
Сараптама нәтижесі дәлелдегендей олардың құрамында 200-ге дейін әр түрлі химиялық зиян заттар кездеседі, ең бастылары көміртегі оксиді, көміртегі, азот оксидтері, саж, формалдегид және т.б. болып табылады. - Оңтүстік астанамызда көлік парктерінің көбеюі жағдайды одан ары қиындатуда, - дейді, А.Ақшөрин.
Егер де көлік-транспорт станцияларының экологиялық жағдайын жақсарт-сақ және көлік жанармайларын пайдаланғаннан кейін шығатын қалдықтар мен токсиндер төмендесе, көліктердің қоршаған ортаға кері ықпалы тиюі күрт төмендер еді. Сол себептен, мәселені толыққанды және жан-жақты шешу мақсатында, біз АҚШ, Жапон, Ресей, Еуроодақ секілді дамыған мемлекеттердің атмосфера ауасының ластануын азайтуда қолданылатын ең үздік тәжірибелерін зерттедік және енгіздік. Мысалы, американдық Калифорния штатында 1963 жылы-ақ көліктердің көбею мәселесі туындаған. Сол кезде, таза ауа федералдық заңы қабылданды, кейіннен көліктердің қоршаған ортаға экологиялық әсерін шектейтін қатаң заңды тараулармен толықтырылды. Қалыпқа және стандарттарға сәйкес болуын қадағалайтын қатаң бақылау, Калифорнияны ластанғаннан ең экологиялық таза Американың штатына айналдырды.
Балама ТЖО-ның, диагностика орталығы жұмысының жаңашылдығы, сараптама орталығы көлікті тексерген кезде жүргізушімен ешқандай байланыста болмайды. Және де, сараптаманың нәтижесін жалған жасауға немесе қайта өңдеу мүмкін емес. Осының арқасында, көліктерден бөлінген газдағы токсинді тексеру механизмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сиппатта болады. Осы сияқты тәуелсіз тексеру елімізге экологиялық таза емес көліктерді кіргізбеуге және ескі көліктерді біртіндеп алып тастауға мүмкіндік береді. Жүйені жүзеге асыру Қазақстанның алғаш озық оймен және нәтижелі әлемдік стандартқа біртіндеп енуіне жол ашады. Бұл, қаламыздың тазалығын сақтап қана қоймай, ТМД елдерінің ЕВРО-1-ЕВРО-4 стандартын қалыптастырудың бастамасы болмақ. Осы жылдың сәуір айында қала әкімшілігі, қалаға келетін жанармай туралы мониторинг өткеннен кейін, ҚР Үкіметіне мұнай өнімдерінің ерекше түрлерін мемлекеттік басқару туралы Заңына толықтырулар ендіруге ұсыныс хаттар жіберді. Хаттардың мазмұны, көлік моторларына арналған жанармайлар-дың жасалуынан пайдалануына дейін қатаң бақылауға алынуы жайлы болды. Токсинді көп бөлетін көліктерді Қазақстанға ендірмеу туралы Әкімшілік кодекске өзгерту енгізуді ұсынды.
4.2 «Ауаның ластанудан сақтау»
Атмосфераның сапасы ретінде физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың адамға әсер ету дәрежесін анықтайтын қасиеттерін түсінеді. Өсімдік және жануар әлемі, сонымен бірге материал-дар, құрастырылымдар және бүтіндей қоршаған орта. Атмосфераның сапасы оның ластануына байланысты. Ластану көздері табиғи және антропогенді болуы мүмкін.
Атмосфераның ластануы деп оның құрамына табиғи ауаның құрамында болмайтын немесе ауаның табиғи құрамының ингредиенттері арасындағы қатынасты өзгертетін қоспалардың әкелінуін түсінеді. Атмосфераның жер қабатындағы ауаның газдық құрамы біртекті және келесі компоненттерді қамтиды: ауа - 20,9 %, азот – 78,1 %, инертті газдармен – 1 %, көмірқышқыл газбен – 0,03 %. Ауаның құрамы сонымен бірге климаттық жағдайларға: желге, жер үсті рельефіне, ауа райы мен климатқа, келетін қоспаларға байланысты. Атмосфераға қоспалар газдар, булар, сұйық және қатты бөлшектер түрінде түседі. Атмосфераны ластайтын негізгі химиялық қоспалар көмір оксиді, көмір диоксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азон, көмірсутек, қорғасын, өнеркәсіп шаңдары, фреондар болып табылады.
Атмосфераның ластануын қадағалаустационарлы, маршрутты және қозғалысты (факель асты) постарда жүргізіледі. Стационарлы постар жүйелік қадағалауларды жүргізу үшін қызмет атқарады. Олар ауаның кескінің талдау үшін қажетті құрал-жабдықпен қамтылған арнайы павильондармен және метеорологиялық параметрлер үшін құрылғылармен жабдықталған.
Ауаның ластану жағдайы бақылау жерлерінің стационарлы орында-рынан алынған ауа пробаларын өңдеуді талдаудың нәтижелері бойынша бағаланады. Сапаның негізгі критерийлері болып рұқсат етілген шекті концентрация (РШК) табылады. Атмосфераның ластану деңгейі РШК-ға ең үлкен мөлшерленген мәндері бар бес түрлі заттар арқылы есептелетін атмосфера ластануының кешенді индексінің шамасы бойынша бағаланады.
Ластанудың ең үлкен деңгейі Балхаш, Теміртау, Лениногорск, Өскемен, Алматы, Шымкент байқалады. Басты ластаушы заттар болып шаң, күкірт диоксиді, азот және көмертегі, көмірсутектер табылады. Ең үлкен ластаушыларға жылу энергетикасы өнеркәсіптері жатады. Мысалы: қазіргі заманғы 2,4 млн. кВт қуатты ЖЭО тәулігіне 20 мың тонна көмір жағып атмосфераға 680 тонна күкіртті газдарды, 200 тонна азот оксидтері мен 120 тоннадан аса қатты шаң түріндегі бөлшектерді тастайды. Сонымен қатар атмосфераны ластаушы көздердің бірі болып көлік-жол транспорт-тары табылады. Мысалы, Алматыда барлық тастаулардың (200 мың тонна жылына) 93 % көлік транспорттарына келеді.
Автокөлік және адамдар
Дүниежүзінде көлік санының көбеуіне байланысты екі экологиялық проблема туады: бұл көлік жанар-жағар майының алынуы және биосфераны көліктен шыққан газдармен ластануы.
Жалпыға бірдей автомобильдеу биосфераның әр компонентіне қолай-сыз әсер береді, соның ішінде адамға да. И.Ильф пен Е.Петровтың «көлік – байлық емес, ол жылжымалы әдістердің бірі» деген ойы ескерген және бүгінгі талапқа сай емес. Бүгінгі экологиялық жағынан жеке көлік – бұл байлық, оның жөндеуіне көлік иесі көп деген шығым шығарады. Қазақстанда көлік транспортының шығымы жылына шамамен 22 млн т құрайды. Көлік қоршаған ортаның ластаушысыболып келеді. Су объекті-лерінің ластануында да транспорттың рөлі мәнді. Табиғат ортасының ластануының ең басты себепкері - бұл көлік - жол комплексі. 35 млн т зиянды заттан 89%-ы автомобильды транспорттан келеді. Қаладағы шудың да негізгі көзі транспорт және жылылық ортаны қорғауға едәуір үлесі бар.Қоршаған ортаны ластаудың (улау деп оқысаңыз да болады) басым бөлігі автотранспорттың үлесінде. Егер метеорологиялық жағдайдың қолайсыз күндері кәсіпорындар ауаға шығаратын қалдықты 10-20 пайызға төмендетсе, автокөліктен тарайтын улы газдарды азайту реттелмеген. Желсіз күндері ауада қарақошқыл түтін тұтасып тұрады. Оның құрамында көміртегінің оксиді, көмір-сутектері, азоттың диоксиді, бензапирен барын біреу білсе, біреу білмейді. Бұлар ауада қышқылдану арқылы аса қауіпті заттар құрайды. Қала көшелерінде қалықтап тұратын осы улы газдар тымық күндері ауаға сейіле қоймайды. Ол тыныс жолдары арқылы адам ағзасына сіңеді.
Мысалы, Орал қаласында қолайсыз экономикалық жағдай, қалада көлік санының өсуіне байланысты. Соңғы жылдары жеңіл көлік тұрақтарының саны 5 есе өсті, сонымен қатар қалаға келетін аудан, ауыл жағынан көлік саны аз емес.
Қоршаған ортаны ойлайтын жүргізушілерге жеті кеңес:
1.Егер ауа райы аса салқын болмаса, көлігіңізді қозғалыссыз тұрғанда қыздырмаңыз. Қозғалтқыш көлік жүрген кезде тезірек қызады әрі бұл жағдайда атмосфераға бөлінетін зиянды газдардың көлемі де азаяды.
2.Мүмкіндігінше тежегішті сирек басуға тырысыңыз. Әсіресе, бағдаршамы көп қалалық жерде өте жоғары жылдамдықпен жүрудің қажеті жоқ…
3.Қала ішінде жүргенде мүмкіндігінше бағдаршамы аз көшелермен жүруге мән беріңіз. Өйткені жиі тоқтап, қайта жүргенде көлік қозғалтқышы әрі көбірек жанармай жейді, әрі экологияға да көбірек зиян келтіреді.
4.Бағдаршамсыз, бос көше болса, 1 және 2 жылдамдықпен қозғалып, дереу 4-жылдамдыққа көшкен пайдалырақ. Жанармай да шығын болмайды, жасыл желектің «өкпесіне» де қалмайсыз.
5.Көлігіңізде бүкіл затыңызды тасудың қажеті жоқ. Артық салмақ – көлікке артық күш те түсіреді. Тиісінше, артық зиянды газдар ауаға бөлінеді.
6.Көлік дөңгелегіндегі қысымды да жиі тексеріп тұрған жөн. Төменгі қысым да көлік жүрісініе артық күш түсіреді. Ар жағы белгілі.
7.Көлікті орнына қозғаған кезде жылдамдықты бар күшіңізбен басудың қажеті жоқ. Бұдан атмосфераны көбірек ластауыңызбен бірге қозғалтқыш жұмысын да нашарлатасыз.
Жану және баяу тотығу
Кейбір заттар оттегімен баяу әрекеттеседі, реакция барысында жарық бөлінбейді, жылу біртіндеп бөлінеді. Мұндай үдеріс баяу тотығу деп аталады. Мысалы, қордаланған көңнің шіруі, темір бұйымның, тоттануы, қоймадағы астық өнімдерінің қызуы, т.б. Жану үдерістері халық, шаруашылығында жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.
Жану басталу үшін мынадай жағдайлар жасау керек:
Жанатын затты тұтану температурасына дейін қыздыру.
Оттегінің ағысы үнемі келіп тұруы.
Ал жанудың аяқталу шарттары бұған керісінше:
От алу температурасын төмендету, яғни салқындату (су бүрку, топырақ немесе құм шашу).
Оттегінің ағынын тоқтату. Жанып жатқан отты ауыр заттармен жабу. Өз бетімен басқаруға көнбей жүретін жану өрт деп аталады. Оның орманға тигізетін зияны өте үлкен, экономикалық зияны да бар.
Өртті өшіру жағдайлары
Отпен жұмыс істегенде абай болуға;
Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;
Автокөліктен шыққан жалынға;
Күн күркірегендегі найзағайларға;
Майланған материалдың үйкелісіне;
Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді
Бенгал оты-бертолле тұзы, қант,с тронций тұзы қоспасы. Ашық жалынмен, түрлі түске боялып жанады. Түсті стронций тұзы (қызыл), барий не мыс тұзы (жасыл), литий тұзы (қызыл) қосылса өздеріне тән түске боялады.
Эльма оты-заттың ұшында пайда болатын электр заряды. Ол найзағай ойнағанда пайда болады.А тауы Италияның Эльма қаласындағы шіркеуде пайда болуына байланысты қойылған.
4.З. «Адам ағзасына оттегінің жетіспеушілігі»
Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады.  Мұның  бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты    температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
В15 витаминінің биомедициналық маңызы толық зерттелмеген. Пангам қышқылы организмді оттегінің жетіспеушілігінен (аноксия) сақтайды, ұлпалардағы тотығу процесінін энергетикалық мүмкіншілігін арттырады. Витамин құрамындағы глюконат қалдығы бұлшық ет пен бауырдағы гликоген синтезіне ықпал етеді, ал метил топтары оның метил топтарын тасымалдауға қатысатынын байқатады. Пангам қышқылы гуанидилсірке қышқылының метилденуіне, одан креатин мен холиннің пайда болуына әсер етеді. Бұл витаминді организмге енгізгенде креатин мен креатинфосфаттың мөлшері бұлшық етте көбейеді, бауырда холинфосфатидтердің синтезі жеделдейді. Пангам қышқылы майлардың алмасуына ықпал жасап, олардың бауырда жиналуына кедергі келтіреді (липотроптық қасиеті). Қазіргі кезде В15 витамині клиникалық, авиациялық, спорттық медицинада қолданылып жүр. Кальций пангаматы инфаркттың алдын алу және инфаркттан кейінгі емдеу кезінде қолданылады. Пангам қышқылы организмге шамадан тыс функциялық ауыртпалық түскен кезде, жүректің бұлшық еттерінде креатин мен креатинфосфаттың азаюына кедергі келтіреді.
В12 витамині (цианкобаламин)
Адам организмінде коферменттік қызмет атқаратын В12 витаминінің екі түрі бар, олар: метилкобаламин - цитоплазмада, дезоксиаденозил-кобаламин – митохондрияда шоғырланған. Американдық ғалымдар Джордж Мино мен Уильям Мэрфи 1926 жылы шала піскен бауырды ас құрамына енгізгенде қатерлі анемияны жазатындығын анықтаған. 1948 жылы Эдвард Рикс пен Ролкерс кристалды түрде В12 витаминін жас бауырдан бөліп шығарды. Тек 1955 жылы Ходжкин химиялық құрылымын және кеңістіктегі конфигурациясын физикалық әдіспен (рентгенострук-туралық зерттеу) анықтады. Ал қолдан 1961-1971 жылдары Р.Б. Вудворд синтездейді. В12 витамині суда, спиртте, төменгі органикалық қышқылдарда, фенолдарда жақсы ериді, ал бензолда, хлороформда, ацетонда ерімейді. Жоғары температура әсеріне тұрақты, кристалдары t≈210-220°С қараяды, t≈300°С жұмсарады.
С витаминінің ең басты биологиялық ролі оның организмде тотығу-тотықсыздану процесіне қатысатындығында. Аскорбин қышқылының организмге әсер ету механизмінде, оның биологиялық активті белоктар және жалпы белоктардың әрекетшіл HS - тобын тотығудан сақтау мүмкіншілігіне өте үлкен мән беріледі. Бұл функцияны аскорбин қышқылының тотыққан түрі атқарады. С витамині коллаген синтезінде пролин мен лизиннің, бүйрек үсті безінің гормондары кортикостероид-тардың, триптофанның және басқа да көптеген заттардың гидроксилдену реакцияларына қатысады. Аскорбин қышқылының ұлпаларда тирозин мен гемоглобиннің тотыға ыдырауына, қанның қызыл түйіршіктері мен гемоглобин синтезіне үлкен әсер ететіндігі белгілі. С – витамині белоктар, көмірсулар, нуклеин қышқылдарының алмасуына қатысады. Сонымен қатар, аскорбин қышқылы дәнекер ұлпаның коллаген мен хондромукоид белоктарының, бауырдағы гликогеннің түзілуіне, қарын шырынының бөлінуіне әсері бар. Норадреналин мен серотонин нерв импульстерін өткізуге қатынасады, ал аскорбин қышқылы норадреналиннің дофаминнен синтезделуіне қатысып, біріншіні тотығудан сақтайды.
Қорыл - созылмалы ауру
Көбіне қорыл обструкциялық апноэ ұйқы синдромының себепшісі болып табылады: ұйқыда тыныстың тоқтауы және жиі тістерін қайрауы. Мұндай кідірістің ұзақтығы бір түнде 4 сағатқа дейін немесе одан ұзаққа созылуы мүмкін. Нәтижесінде - оттегінің жетіспеушілігі, ұйқышылдық ауру, жиі болатын бас ауруы, ашушаңдық, шашыраңқылық. Ауыр жағдайда - жүрек аритмиясының әр түрлі формасы, инфаркт, миокард, инсульт және ұйықтап жатып, кенеттен өлу. Бірақ, бұл туралы ойламаған жөн.
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мининстрлігінің сомнологиялық орталығының  директоры Яков Левин, адам ұйқысына қарап, қаншалықты ұзақ өмір сүретінін аныұтауға болатынын айтады: неғұрлым аз ұйықталса, соғұрлым өмір қысқарады, себебі организм қалпына келіп үлгермейді.
Сондай-ақ, қорыл әсерінен дене салмағы артуы мүмкін. Сондықтан, жақсы нұсқаушылар жаттығу кезінде дұрыс  тыныс алуға ерекше көңіл бөледі. Организмге  оттегі жетіспеушілігі тиісінше май қабаттарының жиналуына себепші болады. Егер сәл анатомияға тереңдесек,  қорыл процесі тарылған жұтқыншақ қабырғаларының  дірілдеуі кезінде пайда болады. Жұтқыншақ қабырғаларын өз тонусында ұстап тұратын таңдай мен тіл бұлшық еттері босаңсып, жұтқыншақ тарылады.  Кейбір адамға бұл дем алуға кедергі болады. Қазір сергек кезіңізде, өз қорылыңызды өзіңіз жасап көріңіз. Дем алудың қиынға соққанын сезіп тұрсыз ба? Ауа тіпті дерлік жетпейді. Және осы күйде адамдар тәулігіне 7-8 сағаттан  болады.
Қорыл көбінесе белсенді ғұмыр кешпейтін  жасы үлкен адамдарда болады: табиғи қартаю кезінде бұлшық еттер әлсізденіп,  ұйқы кезінде тыныс жолдарын ұстап тұра алмайды.
Қорыл айтып кеткендей, қашанда дерлік жас шамасына байланысты емес, артық  салмақты адамдарда  болады. Мойын тұсын бүркейтін, май, тыныс жолдарына қосымша салмақ түсіреді.
Қорылдың себебі тумысынан болған кемшіліктер болуы мүмкін: мұрын жолдары мен жұтқыншақтың  тарлығы, мұрын түймешегі мен көмей бездерінің ісуі, жөнді тістемеу де. Басқаша айтқанда, созылмалы қорыл болса, бір нәрсенің  дұрыс болмауы деген сөз.
Есептер
№1.1,6л күкіртсутек қоспасы бар ауа 100г 1,27% йодтың сулы ерітіндісі әрекеті кезінде қарапайым күкіртке дейін тотығады. Ауа құрамындағы күкіртсутектің көлемді пайызын есепте.
Жауабы:7%
№2.10л күкірт(ҮІ) оксидін күкірт қышқылына айналдыру үшін ауаның қандай көлемін және судың қандай массасын алу қажет? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі-20,95% массалық үлесі 23,1 % -н құрайды.
Жауабы: Vауа =23,9 m(Н2О)=8,0г
№3. Құрамында көлемдік үлесі 95 пайызы бар табиғи газдың 1 м3 жағу үшін оттектің қандай көлемі қажет болатынын есептеңіз.
Жауабы: көлемі-1900л немесе 1,9 м3№4.Құрамында көлемі бойынша: метан-84 пайыз, этан-7 пайыз, пропан-5 пайыз, бутан-3 пайыз, азот-0,5 пайыз және көмірқышқыл газы 0,5 пайызы бар, 2 м3 табиғи газды жағуға ауаның қандай көлемі жұмсалады? Ауадағы оттектің көлемдік үлесі-0,21.
Жауабы: ауа көлемі-22,6 м3№ 5. Атырау жері табиғи газының құрамында (көлем бойынша)97,7% метан, 0,2%этан, 0,1% пропан және 2% күкіртсутегі бар. Егер оттегі ауаның 1/5 көлемін алатынын ескерсе, 1 л осындай газды толық жандыру үшін ауаның қандай көлемі қажет?
Жауабы:х1+х2х3+х4=1,996л.
№ 6. Қрамында көлемі бойынша: метан-94 пайыз, этан-2 пайыз, пропан-2 пайыз, бутан-1 пайыз, азот-0,5 пайыз және көмірқышқыл газы 0,5 пайызы бар, 3 м3 табиғи газды жағуға ауаның қандай көлемі жұмсалады? Ауадағы оттектің көлемдік үлесі-0,2.
Жауабы: ауа көлемі-31,725 м3
№7. «Жигули» автомашинасы 4 350 кг О2 пайдаланады және атмосфераға 3250кг СО2 ,520кг СО, 93кг көмірсутек және 27кг азот оксидін бөліп шығарады.Осы мәндерді талдап, бірнеше есептер құрастырыңдар(адам тәулігіне 500л оттегін пайдаланады)
№ 8. 20 жасар терек өзінің вегетативті уақытында (шамамен 5 ай) орта есеппен 40 кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Фотосинтез реакциясы мына теңдеу бойынша жүреді деп есептеп:
6СО2+6Н2О=С6Н12О6+6О2
Бөлінген оттектің 10 % -і ағаштың өзінің қажеттілігіне жұмсалған жағдайда, егер «Жигули» автокөлігінде жылына 3500 л бензин жағылатын болса (тығыздығы 0,69 г/см3) және бинзиннің құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85 пайыз болса, атмосферадағы оттектің балансын қамтамасыз ету үшін қанша ағаш қажет болатынын есептеңіз.
Жауабы: 209 ағаш
№9. Егер жеңіл автокөліктің моторы бір қалыпты оталып тұрғанда ауаға әр минут сайын күшті улану туғызатын 0,08 л (қ.ж) көміртегінің монооксидін – «тұншықтырғыш газ» бөледі. Ең қауіптісі CO газының ұзақ уақыт жабық жерлерде, мысалы, машиналарды жөндейтін гараждар мен бокстерде бөлінуі. Мотор жұмысының бірқалыпты оталуынан 10 минуттан соң, ауданы 10м2 биіктігі 2,5 м гараждағы көміртегі монооксидінің ауадағы массалық және көлемдік үлесін, молярлық концентрациясын есептеңдер. Алынған нәтижелерді өндіріс орындарындағы СО (мг/м3) және темекі түтініндегі (көлем бойынша 5*10- -5%) тиісті мөлшерлік концентрация-сының санитарлық нормасымен салыстырыңдар.
Жауабы: 1,4*10-3 моль/ м3, өндіріс орындағы санитарлық нормадан және темекі түтінінен 8 есе жоғары.
№10. Автомобиль 100 км жол жүргенде 20 м3 пропан газын жағады. Автомобиль 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем/ қ.ж./ көмірқышқыл газын шығарады? Мұндай жағдайда қанша көлем ауа /қ.ж./ жұмсалады?
Жауабы: V CO2=60 м3, ауа көлемі-500 м3№11.Бензиннің құрамында көміртектің массалық үлесі шамамен 85% , сутектің массалық үлесі 15% болады. «Жигули» автокөлігі қозғалтқышына құйылған көлемі 40 л бензинді (тығыздығы 0,69 г/см3) толық жағу үшін ауаның қандай көлемі жұмсалады?
Жауабы: V ауа=334,9 м3
№12.Алдыңғы есептердегі мәліметтерді пайдаланып «Жигули» автокөлігі қозғалтқышындағы 40 л бензин толық жанғанда қоршаған ортаға көміртек диоксидінің қандай көлемі тарайтынын табыңдар.
Жауабы: V CO2=43,79 м3
№13 . НСНО формальдегиді ағаш-үгінді тақта, бояу, жасанды талшық, дәрлік құралдар, оргшыны, т.б. жасауға болады. Ол күшті жіне өткір иісті және жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне қауіпті әсер тигізеді. Ең зияндысы созылмалы тыныс жолдары ауырумен ауратын балалар мен адамдарға формальдегидтің ауада таралуы. Формальдегидтің иісін ауа құрамынан 0,2 мг/м3 тең болғанда сезуге болады, ал санитарлық норманың талабы бойынша формальдегидтің ауа құрамындағы қоспасы 0,003 мг/м3 жоғары болмауы тиіс. Формальдегидтің массалық үлесі мен молярлық концентрациясын есептеңдер; а) ауадағы санитарлық нормаға толық сай келетін; б) формальдегидтің- иісін білінген кезде.
Жауабы: 1,0*10-7 моль/м3 және 1,7*10-6 моль/м3 формальдегид.

5. Су. Ерітінділер
5.1 «Су. Судың сапасы.Тазарту әдістері»
Ағылшын химигі Генри Кавендиш 1766 жылы сутекті ашып, қасиеттерін зерттегенде оның жанатынын, қопарылыс беретінін анықтады. Бірақ жанғанда не түзілетінін, қандай затқа айналатынын зерттемеген. Оны достарымен ермек үшін жасаған бір кездейсоқ тәжірибелерінде, сутек пен ауаның қоспасы қопарылыс беретінін, қопарылыс болған ыдыстың ішінде ылғал, дым пайда болатынын Джозеф Пристли байқаған.
Д.Пристлидің тәжірибелерін естігеннен кейін Генри Кавендиш 1782 жылы бұрынғы тәжірибелеріне қайта оралып, қопарылыс нәтижесінде таза су түзілетінін анықтаған. (Бірақ ол өз жұмысын 1784 жылы жариялаған). Осы тәжірибелердің нәтижесін естіген француз ғалымы Антуан Лоран Лавуазье бұған күмәнданып, өзі тексермек болды. 1783 жылы А.Л.Лавуазье сутек пен оттекті араластырып жағып, таза судың түзілетіндігіне көз жеткізеді. Міне, осы 1783 жылдан бастап су жай зат емес, күрделі зат деп есептеледі.
А.Л.Лавуазье бұл синтезбен тоқтап қаламады, ол судың анлизін жасады. Бұл жұмысты бастауға сол кезде жасалған әуе шарларын толтыруға қажетті сутекті көп мөлшерде алудың арзан тәсілін табу себеп болды. А.Л.Лавуазье, Меньемен екеуі 1783 жылы суды қызған темірдің үстімен өткізіп айырған.
Суды алғаш айыру.
Ретортада қайнаған су буы, қызған темірдің үстімен жүреді. Реакцияласпай қалған су буы суытқышта конденсацияланып ыдысқа жиналады, сутек жинағышта жиналады. Судың дәл синтезін 1843 жылы Дюма жасаған.
Су - сутек оксиді, Н2О – қалыпты жағдайда сутек пен оттек 1:8 көлемдік қатынаста болатын тұрақты қарапайым химия қосылыс. Табиғатта ең көп таралған, бүкіл гидросфераСудан тұрады, Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Аристотель өз еңбектерінде (біздің заманымыздан IV ғасыр) Суды төрт құбылыстың (от, ауа, топырақ, су) біріне жатқызса, ғалымдар XVIII ғасырдың аяғына дейін Суды жеке элемент ретінде қарастырды.
Судың құрамында массасы бойынша 11,19% сутек, 88,81% оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом оттектен тұрады, молек. м. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н (дейтрий) бар Су - ауыр су(D2O) деп аталады. Ауыр Судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0С-та қатып, 100С-та қайнайды.
20 °С-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,
0 °С-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).
Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан Суда қалқып өзендер мен көлдердің түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2Na+2H2O=2NaOH+H2↑). Су әр түрлі жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (HCl, HClO, HPO3, HF, HBr) және оксид (СО) түзеді.
Атмосферада Су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Суоттек, сутек, азот қышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т.б. аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор.
Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен.
Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай.
Ерігіштік- берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л ).
Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады.
Сумен қамтамассыздандыру адам өмірінің, халық қоныстанған жердің және өнеркәсіптің даму деңгейін жоғарылатуға бағытталған халық шаруашылығының бір саласы. Халықты таза сумен қажет мөлшерде қамсыздандыру маңызды санитарлы – гигиеналық мәнге, адамдарды сумен байланысты барлық мүмкін аурулардан сақтайтын қасиетке ие.
Су қамтамассыздандыру жүйесі суды табиғи көздерден алу үшін, оның сапасын жақсарту мен қолдану орындарына жеткізу үшін тағайындалған инженерлік үймереттердің кешенін білдіреді. Халықты ауыз сумен қамтамассыз ету келесі сұлба бойынша жүзеге асырылады
Суды алу
Суды дайындау
Қолданушыда суды алдын ала тазарту
Қолданушыға суды жеткізу


Сумен қамсыздандыруда қолданылатын табиғи көздер екі негізгі топқа бөлінуі мүмкін:
а) жер бетіндегі көздер – өзендер, тұщы су көлдері мен су қоймалары;
б) жер асты көздері – артезиандық сулар, бұлақтар.
Қаладағы суды тұтынудың қосындысы халықтың шаруашылық – ауыз су қажеттіліктеріне, көшелер мен жасыл өсімдіктерді суаруға, кәсіпорындар үшін шаруашылық ауыз су мақсаттарына, кәсіпорындардың технология-лық қажеттіліктері мен өртті сөндіруге кететін шығындардан тұрады. Қалалардың сумен қамтамассыз ету жүйесін суды тұтынушылар туралы мәліметтер негізінде таңдайды. Судың шығыны жылдың маусымына қарай өзгереді және келесі формула бойынша анықталады
Q max = Q max сут. * N (8)
мұнда Q – бір тұрғынға келетін су мөлшері;
N – тұрғындардың есептелген саны.
Қаланы сумен қамтамссыз етуде су көздерінен алынатын және тұтынушыларға жеткізілетін су сапасының мәні зор.
Суда кездесетін зиянды қоспалар әдетте үш категорияға бөлінеді. Біріншісіне бейорганикалық заттар, екінші топқа суда ерітілмелі күйде бола алатын және канцерогенді қасиеттері бар органикалық химиялық қосылыстар жатады. Үшінші топқа микроорганизмдер жатады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ауыз судың сапасы МемлСт 2874-82 тәртіптеледі. Стандарттың құрамына 30 көрсеткіш кіреді. Судың сапаға сай болуы үшін оны тазартуға жібереді.
Суды тазартудың негізгі тәсілдері болып:
- мыс сульфатын ендіру және жағымсыз дәм мен иісті жою үшін келесі ретті аэрациялау;
- ауру туғызатын микроорганизмдерді жою үшін озондау немесе алғашқы хлорлау;
- микроорганизмдердің жойылуын аяқтау үшін қорытынды хлорлау.
Суды тұтыну мен сапаны бақылауды келесі ұйымдар жүргізеді: Қалалық сумен қамтамассыздандыру Басқармасының су көздерін пайдалану бөлімі және диспетчерлік пункт, ҚР табиғат министрлігінің территориалды органдары, санэпидемиологиялық қадағалау органы, сонымен қатар ғылыми – зерттеу ұйымдары.
Қалалық су каналдары жүйесіндегі су объектілері мониторингісінің негізгі тапсырмалары:
- су объектілері жағдайлары көрсеткіштерінің деңгейін орнату;
- судың ластану мен өздігінен тазалану үрдісінің заңнамаларын шығару;
- суды жеткізу трактері бойынша су сапасын бақылау және есептеулер мен су сапасын болжауды жүргізу;
- суды тұтынушылар арасындағы қарым – қатынасты реттеу;
- дерілгендер банкін құру, басқару шешімдерін қабылдауда ақпараттық қамтамассыздандыру.
Жоғарыда айтылғандар негізінде студенттерге Павлодар қаласының суды тұтыну мониторингісі бағдарламасын өңдеу ұсынылады. Ол үшін:
1) суды тұтынушылардың саның анықтау қажет (қала халқы мен кәсіпорындар саны);
2) сумен қамсыздандыру көздерін анықтау және оларға анықтама беру;
3) сумен қамсыздандыру көздеріне әсер ететін ластау көздері;
4) қаланың сумен қамсыздандыру сұлбасын және су қоршауларының санын таңдау;
5) сумен қамсыздандыру жүйесінің жұмысын бақылау әдістерін анықтау;
6) ауыз суға тағайындалған суды жеткізу сапасын бағалауды жүргізу;
7) басқару шешімдерін қабылдау үшін берілгендер базасының ақпараттық жүйесін ұсыну.
Су сапасының алғашқы бағалауды оның органолептикалық сипаттамасын анықтау арқылы жүргізеді. Судың бұл сипаттамалары көру (лайлылығы, түстілігі) мен иіс сезу (иістілігі) органдары арқылы анықталады. Қанағатсыз органолептикалық сипаттамалар судың ластанғандығын көрсететді. Алынған анализ нәтижелерінің дұрыстылығына суды алу пробаларының тәсілі мен оны сақтау шарттары әсер етеді. Су пробасы көлемі 0,5 л-дан кем емес таза шыны немесе пластмассты ыдысқа (ыдыста 5-10 мл көп емес ауа қалуы тиіс) алынуы қажет, пробаларды бірнеше сағаттар бойы талдау және тоңазытқышта сақтау қажет. Әртүрлі жерлерден: орманнан, өрістен, жол бойындағы газоннан, өнеркәсіптік кәсіпорын маңынан және т.б. алынған еріген қар (мұз) пробасын алуға және талдауға болады
5.2. «Қазақстандағы теңіз, көлдердің және өзендердің экологиялық жағдайы»
Су ресурстарының Қазақстан территориясында бөлінуі мүлдем біркелкі емес, ал жер үсті сулары аймақтар мен экономика салаларын тұрақсыз сумен қамтамассыздандыруға әкеп соқтыратын, жылдар мен маусымдар бойынша мәнді өзгерістерге ұшырайды. Жер үсті суларының сапасын бақылау жүйесіне әрекет етуші гидрометеорологиялық қызметтің нидропостары кіреді. Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі критерийлері болып балық шаруашылық су қоймалары, шаруашылық және коммуналды – тұрмыстық суды қолдану үшін ластаушы заттардың РШК мәндері табылады (В қосымшасы).
Жер үсті суларының ластану деңгейі су сапасының өзгеру динамикасын салыстыру мен анықтау үшін қолданылатын су ластануының кешенді индекс (СЛИ) шамасы бойынша бағаланады (1 - кесте).
1 кесте – Жер үсті суы сапасының өзгеру сипаттамасы
Сапа класы Жер үсті суы сапасының
сипаттамасы СЛИ шамасы
1 Өте таза СЛИ<0,3
2 Таза 0,3 <СЛИ< 1
3 Азды – көп ластанған 1,0 <СЛИ< 2,5
4 Ластанған 2,5 <СЛИ<4,0
5 Лас 4,0 <СЛИ< 6,0
6 Өте лас 6,0 <СЛИ< 10
7 Төтенше ластанған СЛИ> 10
Қазақстанның дерлік барлық өзендері ластанған, ал шекаралас территорияларда қалыптасатын Орал, Ертіс, Сырдария сынды өзендер ластанған болып түседі. Суды ластаушылардың құрамына өнеркәсіптік, тау кен өңдеуші және қайта өңдеу кәсіпорындарынан басқа жануарлар фермалары, суармалы жер өрістері, тұңдырғыштар мен қалдықтарды сақтау қоймалары кіреді.
Екiншi Шежiн өзенi облыстың батысында Жалпы Сырттың оңтүстiгiн-дегi Көкше тауының беткейiнен басталып Атамбек, Бiрқазан көлдерiне құяды. Жазға қарай көлдерге 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары жоғарғы ағысында құмайт, төменгi ағысында сазды болып келедi. р суы және еспе сумен қоректенедi. Өзеннiң ұзындығы 76 км. Су жинайтын алабы 1300 км2. Әрқайсысының ұзындығы 10 км- ден аспайтын 5 саласы бар. Олар Ақбұлақ, Нариман, Қамысөзек, Шапр және Құмдыөзек өзендерi. Жаз кездерiнде бұл өзен салаларының көпшiлiк жерi түбiне дейiн кеуiп құрғап қалады. Өзен суы желтоқсанның басында қатып, сәуiрдiң бас кезiнде мұзы түседi. 2003 жылы Шежiн өзенi қарқынды тасыды. Судың ең жоғарғы деңгейi 9 сәуiр күнi түнде болды. Өзен суы арнасынан 3,7 метрге дейiн көтерiлдi.
Шежiн өзенi өзiнiң суын жайылмаға апарып құйып Атамбек, Бiрқазан көлдерiнiң және оның айналасындағы қопалардың көлтабандарын түзген.
Шежiн жайылмасы Каспий маңы ойпатының солтүстiгiндегi ойыс жер Шығысында Дүре, оңтүстiгiнде Балықты жайылмасына ұласады. Аумағы шамамен 2000 км2 жуық. Жер бедерi тегiс саз балшықты теңiз шөгiндiлерiнен түзiлген. Шежiн өзенi арқылы Жалпы Сырттан келетiн су жайылып, маусым айының басында ғана тартылады. Бидайықты, еркекшөптi, ақмамықты шалғындар өседi.
Q = F * V м3/сек
(F м2) - өзеннің көлденең қимасы
(V м/с) – ағыс жылдамдығы
Өзеннің көлденең қимасының көлемі төмендегідей жолмен анықталады: егер өзеннің ені 30 м болса, онда әрбір 3 м-ден кейін тереңдік өлшенеді. Нәтижесі арнаулы кестеге түсіріледі.
Тереңдік 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3
Көрші мүшелер-дің жарты қосын-дысы 00 2.0 2.4 2.8 3.1 2.9 2.3 1.8 1.3 00
1.0 2.2 2.6 2.95 3 2.6 2.05 1.65 0.65
Ғ 3 6.6 7.8 8.85 9 7.8 6.15 4.65 1.95
Қиманың жалпы көлемі тең: 3+6.6+7.8+8.85+9+7.8+6.15+4.65+1.95=55.8
Судың беткі қабатындағы ағыстың жылдамдығы мен төменгі қабатындағы ағыстың жылдамдығының айырмашылығына түзету енгізі-леді. (коэф. 0.7)
1 минутта қалтқы 2,3 м қашықтықты жүзіп өтсе V=2,3:60=0,038 көбейтеміз түзету коэффицентіне = 0,038 0,7 = 0,0096 м/с = 0,01
Q = 55,8 х 0,01 = 0,558 м3/с
Соңғы жылдары өлкеміздегі өзен суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластанып жүр.
Өзендегі судың тартылуы, сол аймақтың жалпы табиғатына, оның өсімдіктері мен жануарларына да зиянды әсер етеді. Ауылымызды сумен қамтамасыз етіп, жерін суландырып,өңірімізге нәр беріп тұрған Шежін өзені тіршіліктің қайнар көзі. Оны ластанудан, суының азаюына қорғау үшін жас экологтармен мектеп оқушыларымен ғана емес, жаппай экологиялық салауаттылыққа үлкен мән беріп ауыл тұрғындары
арасында да табиғатты қамқорлыққа алу жұмыстарын жүргізу. Туған жер өзенін қамқорлыққа алып жағасындағы бұлақ көздерін ашу, тек бүгінгі күн емес, болашақ ұрпақ үшін де ұлағатты.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. 1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салала-ры барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: -жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау; - табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеу-меттік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашы-лығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдар-дың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропи-калық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі - бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі. Соның ішінде Балқаш көліне тоқталып кетсек:
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленіс-тіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент. Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері: 1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Есептер
№1.Егер топырақта азот жеткіліксіз болса алма ағаштың жапырағы бозғылт-жасылдан ерте түсіп қалады, сабағының өсуі әлсіз болады. Батпақты топырақтағы нормасы 45-55 г/м2 тең бұл тыңайтқышты ауданы 150 м2 болатын алма бағын қоректендіру үшін 2% аммоний нитратының ерітіндісін (ерітіндінің тығыздығы 1006 г/л) қандай көлемін пайдалану керек? Фосфор мүлдем аз болған жағдайда мерзімінен бұрын сабағының төменгі жағынан жапырақтар түсе бастайды. Фосфорға ашыққан алма ағашының гүлдеуі кешеуілдеп, жемісі қышқыл болады. Бақтың ауданы 800 м2 болатын топыраққа қос суперфофатты Ca (H2PO4)2 енгізу нормасы 30г/м2. Осы нормадағы топыраққа енгізілген барлық Ca (H2PO4)2 5% ерітіндісін дайындау үшін судың қандай көлемі қажет.
Жауабы: 335-410 л№2. Ағынды сулардағы аммиактың шекті құрамы 5 мл/л.Осындай ерітіндіде аммоний гидроксидінің пайыздық концентрациясын есепте.
Жауабы:х=0,001г, немесе 0,001%
№3. Химия комбинатынан ағып шығатын сулар толығымен азот қышқылды (30мг/л) құрамы бойынша санитарлық нормаға толығымен жауап береді. Осы сулардағы (тығыздығы шамамен 1 г/мл тең) HNO3 молярлық концентрациясы мен массалық үлесін есептеңдер. Егер өндірістік сулардың көлемі күнделікті 75 м3 құрайтын болса, комбинаттан канализацияға қанша азот қышқылы шығады.
Жауабы: 3,0*10-3% (4,8*10-4 моль/л) HNO3 ; 2,25 кг HNO3
№4. Егер ауыз судың құрамындағы пестицидтер (улы химикаттар, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғайды) 1 мг/м3 жеткенде, егер судағы пестицидтердің санитарлық нормасы массасы бойынша 5*10-4% тең болса адам үшін зиянды бола ма?
Жауабы: Су зиянсыз, себебі пестицидтер тиістісанитарлықнормадағыдан төмен.
№5. Егер топыраққа фосфор жетіспесе, онда алма ағашының жапырақтары ұсақ, көгілдір, қара-жасыл, кейде сұрғылт немесе көкшілдеп кетеді. Солған жапырақтар сұрланып тіпті қарайып та кетеді. Ал фосфор өте жетіспесе ағаштардың төменгі жағындағы жапырақтары ертерек түсе бастайды. Фосфорсыз алма ағаштың гүлденуі кешеуілдейді, ал жемістері қышқыл болады. Топыраққа екі суперфосфатты Ca (H2PO4)2 себу мөлшері 30 г/м2. Ал бақ көлемі 800 м2 болатын бақтың топырағына осындай мөлшерде 5%-ды Ca (H2PO4)2 дайындау үшін барлығы қанша көлем су қажет?
Жауабы: 456 л су
№6. Ауыз суды дезинфекциялауда қолданылатын хлор, натрий хлоридінің балқымасы электролизденгенде алынады.Газ тәрізді хлордан басқа натрий хлоридінің электролизі кезінде сұйық металды натрий пайда болады.
А)335г газ тәрізді хлор алу үшін натрий хлоридінің қанша грамы қажет?
Б)Қ.ж бұл газ мөлшері қандай көлемді алады?
Жауабы:m(NaCl)=585г,V(Cl2)=112л
№7.Судың анализдегенде оның ішінде 554,4 мг Ca (НСO3)2, 224 мг СаСІ2, 192 мг натрий хлориді тұздары бар екендігі анықталған. Анализденген судың көлемі 2 л. Осы су үлгісінің жалпы кермектігін Кж, карбонаттық кермектігін Кк, карбонаттық емес кермектігін Ке.ж., тұздылығын, рН көрсеткішін есептеңіз.
Жауабы: Кж-5,5 моль*экв/л
№8. Егер жылыжайдағы өсімдіктер (мысалы, қызанақ) фитофторозбен зықымдалса, онда астықтың жинап алғаннан кейін сабақ жапырақтарынан арылтқан соң жерді 1,5 пайыздық ( сусыз тұз есебінен) мыс сульфатының ерітіндісімен өңдеу керек. Құрамы СuSO4*5H2O(кр) кристаллогидрат болатын 100 л осындай ерітінді дайындау үшін қандай масса керек? 1,5 % СuSO4 ерітнідісінің тығыздығы 1014 г/л.
Жауабы: 2,376 кг СuSO4*5H2O
№ 9.Қияр тұздау үшін 7% ас тұзының сулы ерітіндісін пайдаланады. Қажетті мөлшердегі тура осындай ерітінді ауыру туғызушы микроағзалар мен зең саңырауқұлақтарының тіршілігін жойғанмен сүтқышқылды ашу үрдісіне ешқандай әсер етпейді. Тығыздығы 1048 г/л тең 5 л 7 % -дық натрий хлоридінің ерітіндісін дайындауға қажет судың көлемі мен тұздың массасын есептеңдер. Осы ерітіндідегі натрий хлоридінің молярлық концентрациясын анықтаңдар.
Жауабы: 366,8 г натрий хлориді, және 4873 мл су; 1,25 моль/л
№10.Денсаулық үшін зиянсыз сүтті ішуге бола ма, егер құрамы: а) 0,04 мг қорғасын (ІІ) катионы; б) 0,6 мг мыс (ІІ) катионы; в) 4,5 мг мырыш (ІІ) катионы болса? Сүт үшін бұл иондардың болуының санитарлық нормасы 2,4*10-7 моль/л Pb2+;1,6*10-5 моль/л Cu2+ ; 7,7*10-5 моль/л Zn2+ тең.
Жауабы: Болады, себебі Fe2+ , Cu2+,
Zn2+ тиісті санитарлық нормадағыдан төмен.
№11.Органикалық заттары бар ағынды суларды ашыту әдісімен тазарту кезінде, құрамында 75% көміртегі, 25% сутегі бар және су тазарту станцияларында жанғыш отын ретінде қолданылатын, оттегі бойынша тығыздығы 0,5газ бөлінеді.Бұл қандай газ? Оның формуласын көрсетіңдер
Жауабы: метан СН4
№12.Су қолданатын аумақта фенолдың концентрациясының мүмкін шегі 0,001 мг/л құрайды. Неше есе фенодың КМШ артады, егер ауданы 104 м3 су қоймасына кокс шығаратын химиялық завод 47 кг фенол шығарылса.
№13 .Ауыз су құрамында жалпы токсикологиялық және наркологиялық әсер беретін улы заттар табылған. Сандық және сапалық талдау барысында бұл фенолдың өкілі болып табылған. Құрамы: 55 пайыз С, 4,0 пайыз Н , 14,0 пайыз О, 27 пайыз СІ. Бұл заттың МФ , алу реакциясын жазыңыз және бұл зат қандай себебтермен ортаға түсуі мүмкіндігі бар екенін дәлеледеңдер
6.Қоршаған ортаны қоғау
6.1. «Адам организміндегі қышқыл мен тұз: организмнің қышқылдануы және тез қартаю»
Адам организміндегі клеткалардың құрамында  көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұзда-ры  жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты  болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс  және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті "құры-лыс  материалдары" денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.
Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі. Азықтың ең құнды  бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін   б е локтікминимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында  4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.
Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтынқышқылдар дейді. Бұларға аргинин, трип-тофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенила-ланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл - гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтар-лықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру  қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында  белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды  - альбумин, гамма-глобулин, т. б. - белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс  өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар  тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.
Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп шкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресе сүйекте жеткілікті болуы тиіс. Тұзсыз нервтің, еттің қозу белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45 % калыдий, 1,58 % фосфор, 0,65 % калий, 0,45 % хлор, 0,1% магний болады. Бұларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микро-элементтер бар. Олар қан өндіруге, гормондардың түзілуіне қатысады. Тұздар денедегі осмостық қысымды реттейді, қанның сілтілі-қышқылды реакциясын бір қалыпта сақтауға қатысады, катализаторлық қызмет атқарады, сүйек, шеміршек т. б. ұлпалардың құрамына кіріп, олардың беріктілігін қамтамасыз етеді.
Балалар мен ересек адамның минерал заттарына мұқтаждығы әртүрлі. Минерал заттарының тамақта жеткіліксіз болуы бала организміндегі зат алмасуын бүзады, олай болса баланың өсуі мен дамуы кешігеді. 1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет, бұл кезде оның қажет мөлшері 2 жастағыдан 8 есе артық. Кальций мен фосфор тұздары ның ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1. 8-10 жаста 1:1,5 жас өспірімдер мен жоғарғы сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп, жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалар-дың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет. Организмге қажетті тұздар көбінесе жеткілікті мөлшерде тамақтың құрамында болады.
Гликолиз және аэробты тотығуы кезінде, яғни қуатқа бай фосфорлы заттар түзілген кезде сутегінің атомдары және құрамында азоты бар заттар да босайды. Олар амин қышқылдарының синтезінде пайдаланылады, сондықтан балалардың қуат алмасуы ересек кісілерден анағүрлым жогары болады. Адам толық тыныштықта болғанның өзінде белгілі мөлшерде қуат жұмсайды. Денедегі физиологиялық қызметтерге тынымсыз үнемі қуат жүмсалып жатады. Қалыпты жағдайда адам организміндегі ең төменгі деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жүмсалуын негізгі зат алмасуы дейді. Негізгі зат алмасуы кезіндегі қуат тыныштық жағдайдағы тіршілікті сақтайтын жүрек-қан тамырлар, бүйрек, бауыр сияқты мүшелердің үздіксіз қызметі үшін, клеткалардағы зат алмасуын қамтамасыз етуі үшін жұмсалады. Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді. Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек. Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.
Тез және ерте қартаю себептері
Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндері-нің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секрециябездерінде, иммундық, жүрек-қантамырларжүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсызрефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездіңгормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналукөлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырлары-ның жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынанөлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катарак-та), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.
6.2 «Қышқылдық жауындар»
Қышқылдық жауын-шашынға анықтама берудің алдымен сулы ерітінді-лердің қышқылдығы мен сілтілігін қарастырайық. Ерітіндінің қышқылы мен сілтілігін сутек ионының молярлық концентрациясы әлде гидроксид- ион арқылы білдіреді.
Теріс иондық логарифм Н+-сутекті көрсеткіш / рН/, ал теріс ондық lg ОН - иондарының концентрациясын- /р ОН/ гидроксиль көрсеткіші деп атайды.
Сулы ерітіндінің реакциясын көрсету үшінрНшкаласын колданады:
рН-0-2 күшті қышқылданған
рН-2-4,5 жай қышқылданған
рН-4,5-7 қышқылдығы төмен
рН-7-бейтарап
рН-7-9,5 сілтілігі төмен
рН-9,5-11 жай сілті
рН-11,5 күшті сілтіленген
рН- дәрежелі көрсеткіш
Табиғи сулар мен атмосфералық жауын-шашындағы қышқылдық әр-түрлі, егер рН 5,6 нормалық шама болып белгіленсе. Су бетінде әдетте рН 6,5-8,5 – ке тең.
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі-қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардыңбірі болу керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары-күкірт диоксиді және азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-тен төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп жүр.
Қышқыл жаңбыр деген түсінік, осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл сөзді алғаш рет 1872 ж Британ зерттеушісі Роберт Смит ендіріпті.
Өкінішке орай біздің республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Сондықтан басқа мемлекеттерде алынған мәліметтерді қарастыруға тура келді.
ХХІ. бас кезінен бастап көптеген елдерде (алғашқыда Скандинавияда, одан соң АҚШ, Канада, Солтүстік Еуропа, Жапония, және т.б.) жауған жаңбырларды? құрамында көп мөлшерде қышқылдар бар екені байқалған.
Күкірт пен азот оксидтері металлургия өндірісінде және көмір, мұнай және әр түрлі газдар жанған кезде түзіліп, атмосфера құрамына енеді. Күкірт оксидінің ең көп мөлшері жылу электр станцияларынан бөлінеді, ал азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанған кезде түзіледі.
Кейінгі мәліметтерге сүйенсек, жылу электростанцияларында 1 тонна отын жанғанда орташа есеппен 150кг, автомобиль моторында 1кг бензин жанғанда 270г ластағыш заттар бөлінеді.
Атмосфераны антропогенді ластайтын екі газдың (кукірт диоксиді және азот оксидтері) 1994жылғы атмосфераға түскен жалпы мөлшері-225млн. тонна болыпты.
Атмосфераға күкірт диоксидының енуінін негізгі химиялық реакциясы -күкіртсутектің ауа оттегі әлде озон арқылы тотығуы:
2H2S+3O2=2H2O+2SO2
H2S+O3=H2O+SO2
Көмірдіжәнемұнайдыжаққанкездетүзілгенкүкіртдиоксидігазыатмосферадакүкірттриоксидінедейінтотығады. Түзілгеноксидауадағысубуыменәсерлесіп, күкіртқышқылытүзіледі.
2SO2+O2=2SO3
SO3+H2O=H2SO4
Күкіртқышқылыауақұрамындааэрозольжәнеөтемайдатамшытүріндеболады. Желтүзілгенқышқылдардыжүздегеншақырымғашашырататаратады.
Азотоксидідеауадағыылғалменәрекеттесіп, азотқышқылынтүзеді:
2NO+O2=2NO2
4NO2+2H2O+O2=4HNO3
Фотодиссоциациянегізіндеазоттыңқостотығыазоттотығынадейінөтеалады.
NO2+hv=NO+O
Негізінен, күкіртжәнеазотқышқылдарыныңтүзілуі, қышқылжаңбыржаууынамүмкіндіктуғызады. Әдеттеластанбағантабиғижауын-шашынныңөзідеаздапқышқылдауболадыекен (pH-5,6). Себебі, атмосферақұрамындаболатынкөмірдиоксидіменжаңбырсуыәрекеттесіп, әлсізкөмірқышқылытүзіліпотырады:
CO2+H2O=H2CO3
Қышқыл жаңбырлар биосферада жүріп жатқан көптеген үрдістерге әсерін тигізеді. Қышқылдар топырақ құрамындағы өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың (қорғасын, кадмий, алюминий және т.б) еруіне мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде түзілген улы заттар өсімдіктердің және топырақтағы ағзалардың бойына еніп, келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л жетуі балықтар үшін өте қауыпты. Фитопланктондардың өсіп жетілуі құрт нашарлайды, себебі бұл үрдісті белсендіретін фосфаттар, алюминиймен қиын еритін-алюминий фосфаты қосылысын түзіп,ағза бойына сіңірілуі қиындайды. Алюминий ағаштардың өсуін тежейді, ал улы ауыр металдардың зиянды әсері алюминийден де аса жоғары.
Сулы экожүйе үшін рН-тің мәні өте қажет, себебі бүкіл ферменттердің өмірімен тірі ағзаның дамуы мен өсуіне байланысты.
Қышқылдығы көп жауын-шашынның жауы топырақты көптеген өзгеріс-терге ұшыратады. Біріншіден, ауыр металдар мен алюминийдің сілтіленуі- яғни, байланыс күйінен бос ионды күйіне ауысуы. Осы түрде бұлар тірі ағзаға еңіп, жиналады.Екіншіден, сутек иондарының концентрациясының жоғарлауы-биогендерді ығыстырады. Егер топырақта биогендер саны аз болса өсімдіктердің өсуі нашарлап, ауа райдың қолайсыздығынан табиғи жаулардан қорғану деңгейіде төмендейді.
Буфердегі заттар алғашқыда жауын-шашынды бейтараптап , ерітіндідегі топырақтың рН-ші аз ғана өзгеріске ұшырайды. Топырақтың буферлік мүмкіндігі біте келгенде рН мәні жылдам төмендейді.
Қышқылды жаңбырдың әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды. Қышқыл жаңбырлар көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Норвегия және Финлян-дияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады. 1975ж мәліметтер бойынша АҚШ-тан 56% көлдің рН=5, ал осы өзендердің 90%-ында балық жоқ. Судағы балықтың құрып кетуі олармен тамақтанатын басқа жануарлардың жойылуына әкеледі.
Әлемдегі көлдердің қышқылдануы
/ 1992 жылғы мәліметтер бойынша/
Мемлекеттер Көлдердің жағдайы
Канада 14 мыңнан аса көлдер қышқылданған: әрбір жетінші көлге биологиялық залал келтірілген
Норвегия 13 мың кв. км. аумақтағы суларда балықтар жоғалған және 20 мың кв. км. залалданған.
Швеция 14 мың көлде қышқылдыққа сезімтал ағзалар жоғалған; 2200 көлде тірі ағзалар түгел қырылған.
Финляндия Көлдердің 8 пайызы қышқылдықты бейтараптау қабілетінен айырылған.
АҚШ 1 мың қышқылданған және 3 мың қышқылдау көлдер бар, 1984 ж. мәліметтер бойынша 522 көлдің қышқылдығы өте жоғары және 964 көлдің жағдайы осыларға жақын
Қышқыл жаңбырлар құрылыс материалдарына да әсерін тигізеді, темір-ден және басқа металдардан жасалған құрылыс конструкцияларының коррозияға ұшырауын күшейтеді. Өте құнды статуялар, тарихи ғимараттар күкірт қышқылының әсерінен мүжіліп, бүлініп жатыр. Греция, Италия елдерінде мыңдаған жылдар өзгеріссіз тұрған тарихи ескерткіштердің ауаның кейінгі жылдардағы ластануына байланысты бүлінуінің қарқындап бара жатқандығы мәлім болып отыр.
Соңғы уақытта қышқылдық жаңбырлардың адамға әсері өте қауіпті екені мәлім. Мысалы, Ресей мемлекетінің Черновцы қаласындағы қышқылдық жаңбыр мен балар арасындағы арудың байланысы бар екені дәлелденді. 1988 жылдың тамыз айында емханаға кішкентай балалардың ата-аналары «Баламыздың басындағы шашатары түсуде»-деп тіркелген. Шаш түсуге жалғасқан-бронхоспазм, ұйықызысдық,жүйкенін көп мөлшерде қозуы. 1-3 күннен соң шаштары сары 2-4 жастағы балалардың шашы ақырын түскен. Аурулардың саны 113 дейін барған. Микроанализдік зерттеу барысында дәлелденді, сол жердің төбеден аққан суларының, топырағының құра-мында улы металдар бар екендігі, әсірісе Та мен АІ. Та металы сонымен бірге шашы түскен балалардың шашы мен түкіріктерінде, АІ-шашатарын-да табылған. Та металы негізінде қышқылдық жаңбырдың жауғанынан пайда болған.
Адамның денсаулығына байсалды әсерді-күкіртті газда береді.Күкіртті газ-ең зиянды газ. Бұл газ, әсіресе зиянын жылдам тигізеді, тыныс алу мүшелері ауратын адамдарға. Ауадағы күкіртті газдың мөлшерін анықтау арқылы бронхит ауруымен ауратын адамдардың санын да есептеуге болады.
y=14,5x-13,3
бұл жерде у-бронхит ауруымен ауырғандардың пайызы, х-ауадағы күкіртті газдың концентрациясы, мг/м3.Сонымен, егер ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,5мг/м3 болса, 6% адамға, ал концентрациясы ал 6,8мг/м3 болса әрбір адамға қауіп төнеді екен. Бұл болжау, Германия және басқа да елдерде жүргізілген зерттеу жұмыстарымен сай келеді.
Жаңбыр тамшыларына еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына мүмкіндік туғызады.
Күкірт және азот қосылыстары табиғи түрде де түзіліп, ауа құрамына ене алады. Анаэробты (ауа қатысынсыз) үрдістердің әсерінен микроағзаларда-ғы әр түрлі органикалық заттардан газ түріндегі күкірт қосылыстары түзіледі. Бұған қоса кейбір анаэробты бактериялар табиғи құрамындағы сульфат иондарын ыдыратып, күкіртсутегі және күкірттің басқа да қосылыстары түзіледі.
Негізінен, бұл газдардың батпақты жерлердегі және теңіздердегі балдырлар қатысында түзілетіні анықталып отыр. Бір есептер бойынша биологиялық жолмен түзілетін күкірт қосылыстарының орташа мөлшері жылына 2млн. тоннадай.
Теңіздегі су түйіршіктерімен бірге ондағы әр түрлі тұздар атмосфераға көтеріліп, су тамшылары кеуіп кетеді де, тұздар ауа құрамында қалып қояды.Теңізден су тамшыларымен жылына 50-200млн. тонна күкірт қосылыстары атмосфераға қосылады. Атмосферадағы тұз түйіршіктерінің негізі бөлігінің мөлшері үлкендеу болғандықтан өз салмақтарымен жерге түсіп, қалғандары ауа құрамында қалады.
Табиғатта топырақтағы бактериялар әсерінен нитраттар азот оксидіне айналып отырады. Кейінгі мәліметтер бойынша жылына 8млн. тонна азот оксиді түзіледі екен.
Найзағай зарядтары кезінде азот пен оттегі қосылып, азот оксиді түзіледі. Биомассалардың жануы кезінде де (ормандағы өрттер) ауаға жылына 12млн. тонна азот оксиді (азотқа есептегенде) енеді.
Қышқыл жаңбырлардың бейтараптануында азот қосылысы-аммиак өте үлкен рөл атқарады:
2NH3+H2SO4=(NH4)2SO4
NH3+HNO3=NH4NO3
Осы реакциялар негізінде қышқыл жаңбырлар бейтараптанып, нәтиже-сінде сульфат және нитрат аммонийлері түзіледі.
Табиғатта аммиактың негізгі түзілетін көзі-топырақ. Топырақтың құрамындағы органикалық заттар белгілі бактериялардың әсерінен аммиакқа айналады. Аммиактың түзілуі топырақтың температурасына және ылғалдылығына байланысты. Қыс айларында топырақтан бөлінетін аммиактың мөлшері мардымсыз, сондықтан қышқыл жаңбырлардың бейтараптануы аз мөлшерде жүреді.
Үй жануарларының зәрлері ыдыраған кезде өте көп мөлшерде аммиак тұзіледі, кейінгі қосылыстың соңғы реакциямен түзілуі аммиактың топырақтағы түзілетін мөлшерінен әлдеқайда көп көрінеді.
Атмосфераны әр түрлі газ түріндегі қосылыстармен ластау-био-сферадағы тепе-теңдіктің бұзылуының негізгі көздерінің бірі. Қоршаған ортаның тазалығын, ағзалар тіршілігін, адам денсаулығын сақтаймыз десек, өндіріс орындарынан шығып жатқан зиянды газдарды атмосфераға жібермей, залалсыздандырып, мүмкіндігінше олардан халық шаруашылы-ғына қажетті заттарды бөліп алу қажет. Швеция және АҚШ-та көлдердегі суға ізбест қосу арқылы судың қышқылдылығын төмендету әдістері кеңінен қолданылып жүр:
CaCO3+H2SO4=CaSO4+H2O+CO2
Мысалы, қышқыл судың рН-ын 4,5-тен 6,5-ке көтеру үшін 1м3 қышқылданған суға ізбест қосу қажет.
Қышқыл жаңбырды болдырмаудың негізгі тәсілі-техникалық қондыр-ғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу. Бұл газдар туралы шаралар халықаралық тұрғыда іске асырылуы керек және бұндай келісімдер 1997ж Жапонияның Киото қаласында жасалды, енді осылардың орындалуын талап ету керек. Қазақстандағы жауын-шашынның құрамындағы қышқылдардың, әр түрлі элементтердің, олардың қосылыстарының ағзаға, өсімдік-жануарға, адам денсаулығына әсерін жан-жақты зерттеу, биосфераның ластануына мүмкіндік бермеу-бүгінгі күннің кезек күттірмей шешімін табуы қажет негізгі мәселелерінің бірі.
Тіршілік үшін қажетті ауаны ластаудан сақтау-көпшіліктің қолға алар ісі, оған бүгінгі ұрпақтың да қосар үлесі мол. Қоршаған ортаға, көзге көрінбейтін, бірақ адамзаттың тіршілік құны-демалатын ауаның таза-лығына атүсті қарамағанымыз абзал.
Адам қоғамының қазіргі кездегі жедел дамуы оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері-дүниежүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану.
6.3. «Табиғи судың тұздануы мен топырақтың сор болуын
жою тәсілдері»
Нұрлыбай сорын зерттеу
Нұрлыбай соры Шежін аулынан онтүстік шығысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Ауыл тұрғындары Нұрлыбайға маусым, шілде айларында сордың батпағына түсіп емделу үшін жиі барады. Сордың батпағының шипалық қасиеті айналадағы ауыл тұрғындарына ертеден белгілі. Шежін ауылы емханасының байырғы бас дәрігері марқұм Марат Ниетқалиұлы Жумагалиев Нұрлыбай сорының балшығының емдік қасиетін анықтау мақсатында Совет үкіметі жылдары Орал қаласына сордың суы мен батпағын сараптамаға апарған. Сарапшылардың анықтамасында батпақтың құрамы мен емдік қасиеті Орал қаласына сырқаттарды емдеуге Атырау қаласынан әкелетін шипалы батпақтың құрамынан кем емес екендігі айтылған. Сәуір айында сор еріген қар суына толып үлкен көлге айналады. Мамырдың аяғында суы кеуіп аққардай қабыршақ тұз басқан сордың табаны көрінеді. Кейбір ойпаң жерлерде концентрациялы тұз ерітіндісі ұзақ сақталады. Беткі қабыршақ тұз қабатының астын жаздың аптап ыстығында да кеппейтін адам аяғы тобықтан кіріп кететін қоймалжың батпақ алып жатады. Батпақтың беткі қабатының түсі сұр, ал астыңғы қабаты қара немесе қара-көк түсті. Астыңғы қабаттан өзіне тән күкіртті сутек иісі шығып тұрады. Емделушілер астыңғы қабатқа дейін шұңқыр қазып батпағына шыланады. Сордың батысында қоға мен қалың қамыс өскен қопа орналасқан. Қопаның түбін күзге дейін құрғамайтын жайлыма су алып жатыр. Сор көлдің басқа жағалауларына бетегелі жусанды жазық дала тараған. Жақын маңда елді мекен жоқ. Ең жақын деген Талдыбұлақ ауылы көлден тоғыз шақырым жерде.Көл суы мөлдір сияқты көрінгенмен жел шайқаған судың құрамында көл түбінің жыныстарына тән лай бар.Суалған көл суында көп мөлшерде тұз қалдығының қалуы,көл суының тұз ерітіндісіне қаныққан концентрациялы екенін көрсетеді.Күн қақтаған көл суы суалғанда сордың бетінде қабыршақ тұздың қалыптасуы сондықтан.Сор батпағының 9 см беткі қабатының өзіне тән сор иісі бар,түсінің бозғылт сұр екенін анықтадық.Ал батпақтың екінші төменгі қабатының түсі қара,қоймал-жың,майлы екенін білдік.Бұл қабаттан күкіртті сутек иісі шығады. Ежелден халықтың сорға келіп ем алуы,емнің буын аурулары мен құздама (ревмотизм) ауруларынан сауығып кетуге себеп болуы сордың батпағының шипалы екендігін дәлелдейді.
Суалту арқылы алынған тұз мөлшері
Тұздың судың мөлшері Қайнату ұзақтығы Кеппей тұрған кездегі тұз мөлшері Кепкеннен кейінгі тұз мөлшері
1 литр20 минут 300 грамм250 граммСоңғы жылдарда байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі егіс алқаптары сапасының төмендеуіне,топырақтың құнарсыздануына және тұздануына себепші болады. Осыған орай топырақтың қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді арамшөптерге қарсы қолдану жыл сайын ұйымдастырылып отыр. 1996 жылы егістіктерге тыңайту мақсатымен 1 млн т минералды және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, 1998 жылы бұл көрсеткіш артудың орнына16 мың т-ға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша, еліміздегі құнарлы топырақ қарашіріндісінің 19-22 % -ын жоғалтқан.
Сан есептер
№ 1.Жергілікті тұрғындар мекендейтін орындардағы ауа құрамында қауіпті және зиянды коспалардың санитарлық нормаға сай болуы- бұл болуға тиісті орташа күндік концентрациясы (ПДК) болып табылады. Олардың маңызды құрамы: 0,085 мг/м3 азот диоксиді, 0,05 мг/м3 күкірт диоксиді, 0,008 мг/м3 күкіртсутек, 0,03 мг/м3 хлордан тұрады Ауадағы әрбір зиянды қоспаның массалық және көлемдік үлесі мен олардың молярлық концентрацияларын есептеңдер.
Жауабы: 1,8*10-6 моль/м3 азот диокиді; 7,8*10-7 моль/м3 күкірт диоксиді; 2,3*10-7 моль/м3 күкіртсутек; 4,2*10-7 моль/м3 хлор
№2. Нигерияда нөсер кезінде жаңбыр суындағы сутек ионының концентрациясы 0,001 моль/л-ге жеткен. Мынадай тапсырмаларды орындаңдар:
а/жаңбыр суындағы сутек ионының пайда болуын түсіндіріп, соған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
б/ массасы 1*10 5 т. Жаңбыр суындағы қышқыл массасын есептеңдер.
в/карбонаттық жыныстарға қышқыл жаңбыр әсер еткенде түзілетін СО2 массасын есептеңдер.
№3. Күкірт диоксиді негізінен жылу электрстанцияларында қатты отынды жағу нәтижесінде түзіледі. Ол өткір иісті түссіз газ, ол көздің шырынды қабығы мен тыныс жолдарын қатты тітіркендіреді. Күкірт диоксидінің атмосферада болуы «қышқылдық жаңбырлардың» пайда болуына әкеледі, су мен ауадағы оттегінің әсерінен күкірт диоксиді күкірт қышқылын түзеді. Дегенмен барлық өндіріс орны жетілгенгаз тазартатын құрылғымен жабдықталмаған. Көбінесе шығарылған қалдықтарды таза ауамен араластыру болмаса үлкен биіктіктегі түтін шығаратын трубалар арқылы ауа ортасына тарату. Анықталғандай өндіріс орнынан 2 км қашықтықтағы биіктігі 100 м трубадан таралған ауадағы SO2 2,75 мг/м3.Тиісті санитарлық норма көрсеткіші 7,8*10-6 моль/м3 тең болса бұл көрсеткіш мағынасы неше есеге жоғарлайды?
Жауабы: 5,5 есе
№4.Жылу электростанциясы тәулігіне 320т тас көмір тұтынады. Көміртегі күкірттің орташа құрамы-0,5%. ЖЭС бір тәулік жұмысы нәтижесінде жаңбырмен бірге түсетін күкіртті қышқылдың максималды мүмкін болатын массасын анықтаңдар. Күкіртті қышқылдың максималды мүмкін болатын массасын анықтаңдар.Күкіртті газды жою қалай жүргізіледі?
Жауабы:m=(H2SO3)=4.1т
№5. Тұрмыстық газ плитасында сағатында 250 л /қ.ж/ газ жағылады. Газ құрамындағы пропанның көлемдік үлесі 96% , ол 3 % бутаннан және жанбайтын қоспалардан тұрады. (Көміртек диоксидінің денсаулыққа қауіпті мөлшері жеткенге дейінгі шегі- концентрациясының мүмкін шегі (КМШ) 30г/м3)
1) Егер бөлме желдетілмесе, көлемі 3,5х2,3х2,9 болатын ас үйден газ плитасында ауадағы оттек таусылғанша газдың қандай көлемін үздіксіз жағуға болатының есептеңіз.
2) Газ үздіксіз жағылған жағдайда өздеріңнің ас үйлеріңді қандай уақытта желдетіп тұру керек екенін табыңдар.
Жауабы: V =118,85 л
№ 6. Ауыл шаруашылығында астық қоймасын заласыздандыру үшін дихлорэтан қолданылады. Егер әрбір м3-ке осы заттың 300 грамы жұмсалса, көлемі 500 м3бөлмені заласыздандыру үшін қанша моль дихлорэтан қажет екенін есептеңіз.
Жауабы: 1515 моль
7. Бейорганикалық химия курсын қорытындылау
7.1. «Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны»
Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы жайындағы мәліметтерді сот – медициналық сараптама жасау істеріне пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б. элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді, ал, бүйректе азаяды. Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе темірі бар фермент-тердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар.
7.2. Дәстүрден тыс есептер
№1.
Адамның денсаулығына байсалды әсерді-күкіртті газда береді.Күкіртті газ-ең зиянды газ. Бұл газ, әсіресе зиянын жылдам тигізеді, тыныс алу мүшелері ауратын адамдарға. Ауадағы күкіртті газдың мөлшерін анықтау арқылы бронхит ауруымен ауратын адамдардың санын да есептеуге болады:
y=14,5x-13,3
бұл жерде у-бронхит ауруымен ауырғандардың пайызы, х-ауадағы күкіртті газдың концентрациясы, мг/м3.Сонымен, егер ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,5мг/м3 болса, 6% адамға, ал концентрациясы ал 6,8мг/м3 болса әрбір адамға қауіп төнеді екен. Бұл болжау, Германия және басқа да елдерде жүргізілген зерттеу жұмыстарымен сай келеді.
№2
Мәрмәр үшін өндіріс газдары мен қышқыл жаңбырларынан қатерлі жау жоқ. Мәрмәрдан жасалған архитектуралық және мүсіндік ескерткіштерді сақтау үшін қандай шаралар қолдану керек.
№3
Ауылда күні бүгін бензинмен жүретін жүз отыздай автокөлік және дизельді 56 автокөлік бар. Осы жүз отыз автокөлік ауылдан бір рет жолға шыққанда күніне қанша көміртек моноксидін бөліп шығаратынын есептеңіз.
СО бөлінуіне байланысты формула мынадай:
МСО = qCO қызу * t қызу + qCO,L+ qCO,x.x * t x.x
Мұнда:
qCO қызу – автокөлікқозғалтқышын қыздыру кезінде 3В меншікті бөлінуі, г/мин;
qCO,L – аймақты бойлап қозғалғандағы 3В меншікті бөлінуі, г/шқ;
qCO,x.x – қозғалтқыш бос айналған кездегі 3В меншікті бөлінуі, г/мин;
t қызу – қозғалтқыштың қызу уақыты, мин;
L – жолға шығу күнінде аймақты бойлап жүру, шқ;
t x.x – қозғалтқыштың бос айналу кезіндегі жұмыс уақыты, мин.
МСО = 3(qCO қызу * t қызу + qCO,L+ qCO,x.x * t x.x) = 3(9,1 *10 + 21,3 * 0,3 +4,5 *1) = 305,67 г СО
Жауабы:(Бензинмен: МСО = 305,67 / 3 * 130 =13245,7 г= 13,2457 т СО
Дизельді: МСО = 305,67 / 3 * 56 = 5705,84 г= 5,70584 т СО)

ІІІ. Сарамандық жұмыстар
Тақырыбы: Топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігі
Мақсаты:Мектеп учаскесіндегі топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігін анықтау.
Қолданылған құрал-жабдықтар: мектеп учаскесінен алынған топырақ, қышқыл ерітінді, индикатор қағазы, құйғы, фильтр, өлшегіш стакан.
Жұмыс барысы:
Мектеп участкесінен 0,5кг топырақ алынады. Екі фильтрымен стаканға құйғы дайындалады. Алған топырақың жартысын бірінші құйғыға салып үстіне 200мл дисциленген су құйып, ерітіндінің рН анықталады. Содан соң, сол топыраққа 200мл қышқылдық ерітіндіні құйю керек, ерітіндінің рН анықта. Алынғын ерітіндінің рН анықтаған кезде, рН сол 6-ға тең болса, бұл топырақтың қышқылдық жауынды бейтараптауға мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді. Егер алынған ерітіндіде pH=4 болса бұнда топырақтың қышқылдық жаңбырды бейтараптауға қабілеті жоқ деп есептейді.Топырақтың екінші бөлігімен де осындай тәжірибе жасауға болады, бірақ бұған алдымен ізбест қосу керек. Алынған ерітіндідегі рН өзгеруі бойынша қортындыға келуге болады: ізбест қышқылдық ертінділерді бейтараптайды.
Тақырыбы:Нұрлыбай сорының суы мен батпағының құрамы мен тұздылық мөлшері
Жұмыстың мақсаты: Сор суымен батпағының шипалық қасиетін білу.
Жұмыстың орындалу барысы:
Тұндыру: Сордың суын 15-20 минут тұндырамыз. Бұдан ыдыстың түбіне құм мен саз түйіршіктерінің шөккенің байқаймыз
Қорытынды: Көл суы мөлдір сияқты көрінгенімен жел шайқаған судың құрамында көл түбінің жыныстарына тән лай бар.
Сүзу: Тұндырған суды сүзгіден өткіземіз.
Бізге тұз ерітіндісінің сүзгіде қалмайтындығы белгілі.
Суалту: Сүзгіден өткен тұз ерітіндісін отқа төзімді шыны табақшаға құйып спирт шам арқылы суалтамыз. Су әбден буланғаннан кейін табақшада көп мөлшерде тұз қалдығы қалады.
Қорытынды:Бұл тәжірибеден біз көл суының тұз ерітіндісіне қаныққан концентрациялы екенін білеміз. Күн қақтаған көл суы суалғанда сордың бетінде қабыршақ тұздың қалыптасуы сондықтан.
Батпақтың түсін анықтау: Сордың қабыршақты тұз қабатының астындағы батпақтың беткі жағынан бір шөкім алып, ыдысқа салып таяқшамен араластырдық. Батпақтың түсі бозғылт сұр. Қоймалжың, майлы Бұл қабаттың қалыңдығы 7-9см
Иісін анықтау: Өзіне тән сор иісі бар
Екінші қабаттың түсін анықтау: Бозғылт сұр қабаттың астында қара немесе қара-көк түсті қабат бар.
Осы қабаттан бір уыс алып шыны ыдысқа салып таяқшамен араластырдық.
Бұл қабаттың майлылығы үстіңгі қабаттан да жоғары. Әрі қоймалжың,қою қаймақ сияқты.
Иісін анықтау: Бұл қабаттан күкіртті сутектің иісі шығады.
Қорытынды: Ежелден халықтың сорға келіп ем алуы, емнің буын аурулары мен құздама (ревмотизм) ауруларынан сауығып кетуге себеп болуы сордың батпағының шипалы екендігінің куәсы.
Суалту арқылы алынған тұз мөлшері
Тұздың судың мөлшері Қайнату ұзақтығы Кеппей тұрған кездегі тұз мөлшері Кепкеннен кейінгі тұз мөлшері
1 литр20 минут 300 грамм250 грамм
«Химия және экология» қолданбалы курсы бойынша
түсіндірмелі-анықтамалық сөздік
А
Ауыз сумен қамтамасыз ету- тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз ету, су көздері мен сумен қамтамасыз ету құрылыстарын қорғау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, салу, пайдалалану, пайдалану орындарына ауызсуды  жеткізу, сақтау, дайындау бағытындағы қызмет.
Автокөлікпен ластануы (Загрязнение автотранспортом) - жер бетімен рельссіз жүретін жүк машиналарының, жеңіл машиналардың, автобус-тардың, тіркеуіштердің және т.б. жүк пен жүргіншілерді тасымалдау кезінде экожүйеге әр алуан қоқыс шығаруының салдары. Тек бір ғана жеңіл машина жыл сайын атмосфераға 600-800 кг көміртек оксидін, 200 кг-ға жуық жанып үлгермеген көмірсулар және 40 кг-ға жуық азот оксидін шығаратьшы есептелген. Автокөліктердің пайдаланылған газында 300-ге жуық зиянды құрауыштар болады. Бұлардың кейбіреулерінің канцероген-дік (қауіпті ісік туғызатын) зардаптары болады. Осы мысалдардан автокөліктердің қоршаған ортаны ластайтын негізгі себепкері екені білінеді. Франция, АҚШ, Германия тәрізді бірқатар шетелдерде атмосфераның ластануының 50-60 пайызы автокөліктің үлесіне келеді.
Азот-кәдімгі жағдайда түссіз, иіссіз газ. Суда оттектен қарағанда нашар ериді. Аудан аздап жеңіл. Топырақта нитраттар түріндеаздаған мөлшерде кездеседі.ауа қрамында 78 пайыз азот бар.
Алебастр (күйдірілген ғаныш). Құрылыс материалы. Ғанышты CaSO4*H2 O 1700 C-дейін қыздыру арқылы алады.Алебастрды сумен араластырғанда тез қатып, ғанышқа айналады.Құрылыста, медицинада қолданылады.
Асфальт. Битум мен минералды қосылыстардың қоспасы.Табиғатта кездеседі. Жол жасауда және электртехникада изоляция материалы ретінде пайданылады.
Атмосфераның жерге жақын қабаты- жердің бетінен бірнеше он метр биіктіктегі атмосфераның шектік қабатының бөлігі.
Ә
Әктас. Кальций оксиді мен гидроксидінің негізінде алынатын қосылыстар. Сөндірілген және сөндірілмеген хлорды әктастар болады. Құрылыс материалдарында, тері илеу өндірісінде суды тазалау үшін қолданылады
Б
Балшық (глина). Сазды минералдан тұратын және қышқылға төзімді материалдар. Керамика өндірісінде қолданылады. Химиялық құрамы жағынан гидроалюмосиликаттар басым келеді. Геологтардың анықтауы бойынша табиғатта 60-қа жуық түрі бар. Балшықтың ең негізгі қасиеттері-икемділігі (пластичность), жұмсақтылығы, одан түрлі формалар жасауға болатындығы.
Бензин. Қайнау температурасы 30-205°С аралығында, құрамы көбіне С4 –С12 аралығында болатын, құрылысы әр түрлі көмірсутектердің қоспасы.Техниканың жағармайы ретінде қолданылады. Құрамында қаныққан, қанықпаған ароматты, нафтенді көмірсутектермен бірге күкірт-ті, азотты, оттекті қосылыстар болады.Негізінен мұнайдан алынады.
Бетон. Құрылыс материалы. Қазіргі заманғы құрылысты бетонсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бетон табиғаттағы тастың орнын алмастырады. Бетон-жабысқақ заттардың қиыршық тас,күлмен қоспасы, құрамында 10-15% цемент кездеседі. Бетонның арасында темір (арматура)қосса, темір-бетон шығады.
Биосфера (гр.биос—тіршілік, өмір, гр.сфера-шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера - тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10-15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2-3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И.Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан - 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.
Биосфераның бөлімдері:
1.Тропосфера 2.Гидросфера 3.Литосфера 4.Ноосфера Биосфераның ластануы- адамның іс-әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі).
Биосфераның радиоактивтік ластануы (Радиоактивное загрязнение биосферы) - қоршаған табиғи ортадағы радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден асып кетуі. Бұл табиғи және антропогеңдік факторлардан болады.
Биосфераның радиоактивтік ластануыныңтабиғи факторларынағарыштық сәулелену, литосфераның радиоактивті элементтері; антропо-гендік факторларына радиоактивтік кендерді өндеу, радионуклидтерді шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолдану, АЭС-тегі және косіпорьшдардағы апаттар, ядролық-техникалық қондырғылар, бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыстар, ядролық қаружарақты сынау және т.б. жатады. Мысалы, АЭС-те апат кезінде ортаның радионуклидтермен (стронций-90, цезий-137, церий-141, йод-131, рутений-106, т.б.) ластануы бірден артады.
Бұзылусыз даму (Развитие без разрушения) -БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасына (ЮНЕП) сәйкес 1970 жылдардың ортасында ұсынған тұжырымдамасы. Оның орнына экодаму тұжырымдамасы келді, содан соң, әсіресе, Рио-де-Жанейро қаласында 1992 жылдың маусым айында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта жөне оны дамытуға байланысты конференңиясынан кейін қабылданған тұрақты даму тұжырымдамасы кең қолдау тапты
Г
Геронтология- қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім.
Гериатрия- жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім.
Д
Дизеляция-автокөлік құрылысындағы маңызды магистральдың бағыты.
Детонация-бұл қопарылыс тәрізді отынның тез жануы. Бензин мен ауа қоспасының қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді.
Детонациялық беріктілік-бұл бензиннің детонацияға қарсы тұратын жанғыш қоспалар түзу қабілеттілігі.
1 кг бензиннің толық жануы үшін 15 кг ауа қажет (нақты 14,7).Ауаның бұл мөлшерін теориялық қажетті ауа деп,ал құрамында ауаның осындай мөлшері бар қоспаны-қалыпты қоспа деп санайды.
Егер қоспада 1кг жанармайға,15кг артық,бірақ 17кг аспайтын ауа болса,оны кедейленген,ал 17кг артық ауа болса-кедей қоспа деп атайды.
Егер қоспада 1кг жанармайға 15 кг кем,бірақ 12 кг кем болмайтын ауа болса,оны байытылған,ал 12 кем болса-бай қоспа деп атайды.
Е
Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі.
Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.
Ерекше қауіпті өндіріс–  қауіптілігі ықтимал заттарды бір уақытта пайдаланатын, өндіретін, қайта өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын бөлім, қондырғы, цех, сақтау орны, қойма, бекет немесе басқа да өндіріс.
Ж
Жер асты суының ластануы- адам әрекеттерінен ластанған жер беті суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда (артезиан сулары). Ластаушы заттектердің жер асты суларына қалай түсетіні әлі толық анықталмаған.
Жерді қалпына келтіру- қоршаған ортаны және бұзылған жерлердің құнарлылығы мен халықтық-шаруашылықтық құндылығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар кешені.
Жер асты сулардың ластануы- 1) сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектер-дің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды. Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап (сәл) ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи (фондық) мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан (ШРШ) төмен; 2) ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан бірнеше есе артық; 3) өте ластанған су сапасының көрсеткіштері ШРШ-дан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық. Жер асты суларының ластану көздері ластағыш заттектердің түрлері мен пайда болуы, сулы горизонтқа ластағыш заттектердің ену жағдайлары, ластану ауқымының белгілері бойынша жіктеледі. Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Павлодар, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.
З
Заласыздандыру – дезактивациялау, газсыздандыру және демеркуризациялау арқылы аумақтардың, объектілердің, судың, азық-түліктің, тағам шикізаты мен жем-шөптің радиобелсенді және қауіпті химиялық заттармен, сондай-ақ дезинфекциялау мен уытсызданды-ру  арқылы қауіпті биологиялық заттармен  ластануын және зақымдануын жол берілетін шекті нормаларына дейін кеміту.
Зең саңырауқұлақтары - аскомицет, гифомицет, фикомицет тобына бірігетін жетілмеген саңырауқұлақтар қатарына жататын төменгі сатыдағы өсімдіктер.
К
Кадмий-ПЖ 5-периодтың ІІ топтың элементі.Ақ түсті металл.
Көмір-жер қыртысында миллиондаған жылдар нәтижесінде пайда болатын көміртек элементінің түр өзгерісі.Көмірдің тіршілік барысындағы ең маңызды қасиеті-жанатындығы,жанған кезде жылу бөлетіндігі.
Адамзат баласы осы жылудың нәтижесінде қазірге дейін тіршілік етіп келеді.Химия ғылымында «түссіз көмір», «сары көмір», «жасыл көмір», «көк көмір», «көгілдір көмір», «қызыл көмір» деген түсініктер бар.
Түссіз көмір-газ,сары көмір-күн энергиясы,жасыл көмір-өсімдік тектес отындар,көкө көмір-теңіздің көтерілуі және қайтуы кезіндегі энергия,көгілдір көмір-желдіңкүші,қызыл көмір-жанартау энергиясы. Көмірдің тағы біртүрі-антрацит көмірі, тығыздығы жоғары, жылтыр көмір, құрамында 95% көміртек бар, отын ретінде қолданылады.
Көміртек- ПЖ ІІ периодта, ІҮ топтың негізгі топшасында орналасқан элемент, бейметалл.Ол табиғатта бос күйінде де, қосылыстар түрінде де кездеседі.
Көміртек (ІІ) оксиді-түссіз, иіссіз, улы газ. Суда нашар ериді, басқа заттармен реакцияға түспейді. Оны иіс газы деп те атайды. Отын шала жанғанда бөлінген иіс газымен дем алса, адам уланады. Өйткені иіс газы ағзада гемоглобиннің оттекті тасмалдауына мүмкіндік бермейді.
Көміртек (ІҮ) оксиді- иіссіз, түссіз газ, тыныс алғанда, органикалық заттар шірігенде, жану кезінде түзіледі. Ауадағы мөлшері 0,03 пайыздан аспау керек. Көмірқышқыл газының мөлшері одан асып кетсе, адамның тыныс алуы қиындайды.
Кермектік (Жесткость)-ерітіндідегі белгілі бір қоспалар концентра-циясының сипаттамасы.
Концентрация-жүйенің құрамын көрсету түрі;сандық мәні заттың саны мен (молекула саны,берілген құраушының массасы немесе моль саны) жүйенің барлық көлемінің өлшемдік қатынасына тең.
Күкірт (ІҮ) оксиді ( күкіртті газ деп те атайды)- түссіз, өткір иісті газ. Көп мөлшері (ауада 0,03 пайыз болса) адамды уландырады. Суда өте жақсы ериді.
Қ
Қағаз-алдын-ала ұсақталған өсімдік талшықтарының (целлюлоза) ретсіз араласып, өзара байланысу күштері арқылы түзіледі.
Ғылым мен техниканың өсуіне байланысты қазіргі кезде қағаздың көптеген түрлері жасалынды; жылтыр (мелованная) қағаз, пергамент, желімді, желімсіз, фотографиялық,
синтетикалық, фильтрлі, индикатор қағаздары бар.
Қауіпті зат – өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе уытты қасиеттерінің салдарынан  адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерге қауіп төндіреді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар− қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыс.
  Қауіпті заттың рұқсат етілген шектегі концентрациясы – суда, топырақта, ауада, азық-түлікте, тамақ және азық-түлік шикізатында болатын қауіпті заттың ең жоғары мөлшері, көлем немесе салмақ бірлігімен өлшенеді және адаммен ұдайы жанасқанда немесе оған белгілі уақыт аралығында әсер еткенде, адамдар өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян әкелмейді және қолайсыз салдар тудырмайды.
Қауіпті биологиялық зат –  табиғи немесе жасанды биологиялық зат, онымен жанасқан жағдайда адамдарға,ауылшаруашы-лық    жануарларына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға жағымсыз әсер етеді.
Қалдықтар – шикізаттың, материалдардың, сапасыз және қосалқы өнімдердің, пайдаланылған және өзінің бастапқы тұтынушылық сапасын жоғалтқан даяр өнімдердің қалдықтары, олар белгіленген тәртіп бойынша белгіленген жерлерде орналастырылады, кейін пайдаланады, қайта өңделеді, жойылады; пайда болу көзіне байланысты тұтыну қалдықтары мен өндіріс қалдықтары болады. Бұдан басқа, қауіпті қалдықтар – технологиялық қызмет қалдықтары, пайдалануға келмейтін химиялық өнімдер және  адамға және экологиялық жүйеге зиян келтіретін және тағы басқалар, сондай-ақ уытты қалдықтар – құрамында қалдықтармен жанасу процесінде де, сондай-ақ осы қазіргі және кейінгі ұрпақ өмірінің кейінгі жылдары білінетін адам ағзасына тигенде денсаулығына ауытқулар тудыруы ықтимал заттары бар қалдықтар.
Қалдық шаруашылығы – қалдықтардың қауіпсіз қапталуын қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстар кешені.
Қорғасын- ПЖ ІҮ топтың ҮІ периодында орналасқан. Қорғасынның барлық қосылыстары улы.
Қоршаған орта – адамзат өмір сүретін қоғамдық-өндірістік қызмет ететін орта, оған қоршаған табиғи орта және өзі құрған жасанды (техногендік) орта да қосылады, яғни адамның еңбегі мен еркі арқылы табиғи заттардан құрылған және жаратылған табиғатта ұқсасы жоқ (ғимараттар, құрылыстар және т.б.) орта элементтерінің жиынтығы.
Қоршаған ортаның ластануы[ – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропо-гендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Қож (Шлак)-шикізатты отпен өңдеген соң қалған сұйық қалдықтар қатайғанда түзілетін заттар.
Қышқылдар- құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.Мысалы, H2SO4-күкірт қышықылы, HNO3- азот қышқылы т.б.
Л
Ластағыштар (Загрязнители) - қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттер, химиялық заттектер немесе биологиялык түрлер (негізінен микроорганизмдер). Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік ластану көздерінен тікелей және екінші реттік (бірінші реттік химиялық реакция кезінде түзілетін) болып бөлінеді. Сондай- ақ қөректік тізбекте жинақталатын түрақты (ыдырамайтын) Ластағыштарды бөліп көрсетеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, полихлордифенилдер, пластмассалар) табиғи жайдайда өте баяу ыдырайды, ал улы қосылыстар (сынап, қорғасын) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштар-дың табиғи ортаға түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады: өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіреді (ормандар мен мәдени өсімдіктердің өнімділігі азаяды, жануарлар қырылады және т.б.); табиғи биогеоценоздың түрақтылығы бүзылады; металдар коррозияға ұшырайды, соулет имаратгары бүлінеді; адам денсаулығына зиян келеді жоне т.б. 1940 жылдары табиғи өнімдер (мақта, жібек, жүн, сабын, қоспасыз азық-түлік, көксағыз) басым болса, қазіргі кезде олар өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде қоршаған ортаны ластайтын, қиын синтетикалық өнімдермен алмастырылған. Олар -синтетикалық талшықтар, жуғыш түрлі заттектер, ағартқыштар, жасанды азық- түлік, минерал тыңайтқыштар, синтетикалық көксағыз және т.б. Әсіресе қазба отынды энергия алу мақсатында пайдаланғанда қоршаған ортаға көп ластағыштар түседі. Өндіріс қалдықтары мен атмосфераны ластағыштар (көміртек оксидтері, азот оксидтері, көмірсутектер, қатты бөлшектер және т.б.) көміртектің табиғи айналымын бүзады. Соның салдарынан көшетхана эффектісі, фотохимиялық у түтін пайда болады. Өнеркәсіптің түрлі салаларыластағыштар көзі болып табылады. Әсіресе дүние жүзіндегі металлур-гиялық кәсіпорындар атмосфераға жыл сайын 150 мың т-дан астам мыс., шамамен 120 мың т мырыш, 90 мың т никель, кобальт, сынап және т.б. ластағыштарды шығарады. Олардан шығатын зиянды қалдықтар өсімдіктер мен тірі организмдердің қырылуына .
Ластану- адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактерия-лық, вирусты) және механикалық Ластану (агенттердің өз арасындағы Ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфера-лық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды. Ірі қалаларда негізгі Ластану көзі -автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар (көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 -10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның Ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады; қара Қоршаған ортаның ластануы.
М
МолярлықКонцентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3)
Мыссульфаты(ІІ) гидротация кезінде көк түсті мыс купорасы кристалына айналып, CuSO4∙5H2O, фунгицид түрінде қолданылады.. Және де тұрақсыз мыссульфаты(І) кездеседі.
Мыс- белсенділігі төмен металл. Микроэлемент.Тірі организм-дердегі тіршілік үшін маңызды процестерге қатысады.
Мұнай гақ кешендері кәсіпорындарының өндіріс қалдықтары – технологиялық жабдықтарды жөндеу және тазарту барысында жинақ-талған тұзды түзілімдер мен шламдар, технологиялық жабдықтар мен құрылғылардың әрі қарай қолдануға жатпайтын элементтері, кәсіпорынның аумағындағы МГК-нің өндірістік жұмысы барысында табиғи радионуклидтер жинақталуы мүмкін жер қабаты мен топырақ.
Н
Нитраттар-азот қышқылының тұздары. Суда жақсы ериді. Күшті тотықтырғыштар. Калий, натрий, аммоний және кальций нитраттарын селитра деп атайды. Олар өсімдікті қосымша қоректендіретін минералдық тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Норматив − экологиялық құрамалар мен тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға адамзаттың қолайсыз шаруашылық әрекеті әсерінің рұқсат етілген дәрежесін анықтайтын көрсеткіш.
О
Озондау– арнайы жабдық – озонатордың көмегімен суды озонмен залалсыздандыру әдісі.
Октандық саны-бұл зерттелетін бензиннің жануы сияқты,эталондық отындағы изооктанның мөлшерінің пайызы.Октандық сан бензиннің детонациялық бекемдігін сипаттайды.
От. Жану үрдісін адамзат баласы ерте кезден пайдаланады.Осы реакцияның нәтижесінде тіршілік етіп,осы кезге дейін оттың жануы мән-мағынасын жойған жоқ. Оттың жануының арқасында адамзат баласы жылынды, жарық көзі ретінде қолданды, тамағын пісіріп жеп, түрлі қасиеттерін пайдаланды. Отқа байланысты химия ғылымында көптеген түсініктер бар. Олар:
Оттық-сіріңкені жасамай тұрып алғашқы адамдар от алу үшін пайдаланған шақпақ тас (кремний қосылысы).Шақпақ тасты бір-біріне ұрып не үйкеген кездегі ұшқыннан тез жанғыш затты жандырып алу арқылы от алу үрдісі;
«Доберейлер» оты (химиялық)-бертоле тұзының күкіртпен қоспасына күкірт қышқылын (концентратын) қосқанда шығатын зат;
«Грек оты»-селитра, көмір, күкірттің қоспасы,т ез тұтанады. Ертедегі гректер осы қоспа арқылы қалаларын қорғады;
«Батпақ оты» (кезеген от)-батпақта не бейіттерде кездесетін органикалық заттардың шіруі нәтижесінде жаңғыш газдардың (силан,фосфин) жануы;
Отты пышақ-темір, алюминий ұнтағының үлкен қысымда оттек қатысумен жануы. Қызуы 3500°С жетеді, нәтижесінде пышақ тәрізді темірді не бетонды кеседі.
Бенгал оты-бертолле тұзы, қант,с тронций тұзы қоспасы. Ашық жалынмен, түрлі түске боялып жанады. Түсті стронций тұзы (қызыл), барий не мыс тұзы (жасыл), литий тұзы (қызыл) қосылса өздеріне тән түске боялады.
Эльма оты-заттың ұшында пайда болатын электр заряды. Ол найзағай ойнағанда пайда болады.А тауы Италияның Эльма қаласындағы шіркеуде пайда болуына байланысты қойылған.
Органикалық тыңайтқыштар-жануар текті / мал қиы, құс саңғырығы/ және өсімдік текті заттар.
Ө
Өртке қауіпті заттар– Цельсия 61°С-қа дейінгі температурада жанудың сыртқы көздерінен оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар.
П
Пайдалы қазбалар (Полезные ископаемые)-шаруашылық салаларына қажетті,экономикалық жағынан аса тиімді табиғи минералдық заттар.
Пестицидтер (латын сөздерінен pesis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар.
Р
Рұқсат етілген шектегі қашыртқы– суқоймасы мен оның сапасына теріс әсер етпейтін, ағынды сулардың су объектілеріне түсетін зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейдегі мөлшері.
С
Суды хлорлау− залалсыздандыру мақсатында ауызсуды немесе ағынды суды хлор ерітіндісімен өңдеу.
Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі – тұтынатын орындар мен жалпы пайдаланатын ашық жерлерге ауызсу беруге, жинауға, дайындауға, сақтауға арналған қондырғылар, ғимараттар мен құбыр кешені
Сүт қышқылы, ɑ-оксипропион қышқылы, СН3СН(ОН)СООН – бір негізді оксикарбон қышқылы. Сүт қышқылы жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердегізат алмасу нәтижесінде түзілетін маңызды аралық өнім. Сүт қышқылы суда, спиртте, глицеринде, эфирде жақсы еритін түссіз кристалдар. Оның тұздары және эфирлері лактаттар деп аталады. Сүт қышқылын дегидраттағанда акрил қышқылына, ал сұйытылған минералды қышқылдармен қыздырғанда құмырсқа қышқылына айналады. Сүт қышқылы жануарлардың бұлшық еттеріндегі гликолиз процесінің соңғы өнімі болып саналады. Бұлшық еттің шаршауы ондағы гликогеннің азайып, сүт қышқылының көбеюіне байланысты. Егер оттек жеткілікті болса, сүт қышқылы СО2 мен Н2О-ға дейін тотығады, нәтижесінде қалған сүт қышқылының гликогенге айналуына керекті энергия бөлінеді. Сүт қышқылы және оның тұздары тоқыма, тері илеу өнеркәсібінде, медицинада, т.б. қолданылады.
Судағы заттардың болжалды рұқсат етілген деңгейі − заттардың уыттылық деңгейін шамалау арқылы есептеп, құрылысы жобаланған және жүріп жатқан кәсіпорынның тазалағыш қондырғыларынан шығатын уытты заттардың алдын алу үшін санитарлық қадағалау барысында қолданы-латын судағы заттардың рұқсат етілген деңгейі.
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Су-әлсіз электролит, ол өте аз мөлшерде ыдырайды:Н2О- Н+ + ОН- Кез келген бейорганикалық қосылыстардың су ерітіндісінде Н+ және ОН- иондары болады. судың диссоциациялық константасы мынадай:
                             [H+]*[OH-]                     Кд =     H2O               не Кд*(Н2О)=[H+] [OH-]   Кд-1,8*10-16 судың 22ºС   [H2O]= 1000г/л    1000г/л/18г/л=55,56моль/л   Онда [H+] [OH-]=1.8*10-16*55.56=10-14 моль/л  Суда және кез келген су ерітіндісіне Н, ОН иондары концентрациясының көбейтіндісі- тұрақты шама, оны судың иондық көбейтіндісі деп атайды және Кс  және КШ деп белгілейді. Теріс дәрежелі көрсеткіштер санын қолдану өте қолайсыз. Сондықтан сутек иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш арқылы бейнелейді және оны рН деп белгілейді. Сутектік көрсеткіш(рН) су ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын көрсетеді. Ол сандық түрінде моль/л өлшенетін сутек иондары (Н) концентрациясының теріс ондық логарифмне тең:(рН=lg[H]  не pH=-lgc(H)). Бейтарап ерітіндіде рН-7, қышқылда рн<7, сілтіде рН>7.
Суқақ (Накипь)-кермек суды қайнатқанда және буландырғанда ыдыстың ішіндегі қабырғаларына,түбіне жабысып,қатып қалатын тұз шөгіндісі.
Т
Тат – еттің ішіне енбеген, тері бетінде майдың тотығуы – сыртының сарғаюы, ащы дәм, зәйтүннің ашқылтым иісі –балықты сақтау талаптарының және мерзімінің бұзылуы.
Табиғи радионуклеотидтер– уран − 238, торий − 232 және калий – 40 қатарындағы радиобелсенді элементтер.
Табиғаттағы қорғау іс шаралары-жерасты гидросферасын және қалдық қоймалары орналасқан жерүсті ауданын және қоршаған аумақты қоймада сақталатын қалдықтардың жағымсыз әсерінен қорғауға арналған шаралар:        - жерасты гидросферасына әсерді азайтуға арналған құрылыс кешендері (әртүрлі экрандар, дренаждар, шымылдықтар және т.б.)             -   қоймадағы заттардың эрозиялық тұрақтылығын және қоршаған ортаға беретін әсерін болдырмайтын қолданыс кезінде қолданылатын қорғаныс тәсілдері және технологиялық әдістер.
Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр метал-дардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақтадизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2-3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.
Топырақтың химиялық ластануы-топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялықзаттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8-10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардантопырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкенмөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді -топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді
Токсификация- топырақтың әртүрлі бөгде зиянды заттармен залалдануы (тұздану, пестицидтердің көбеюі, т.б.)
Факторлардың бәрі топырақтың физикалық, химиялық және биоорга-никалық құрамын өзгертіп, оның жарамсыздануына себепші болады. Мұны біз сөзбентопырақтың тозуы дейміз.
Таттану (Ржавление)-бетінде тат түзе жүретін жемірілу.
Тыңайтқыштар (Удобрения)-өсімдіктің қоректенуі үшін және топырақтың сапасын жақсартуға қолданылатын химиялық қосылыстар мен заттардың қоспасы.
У
Улы заттарды қолдану– Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын, қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында улы заттарды сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру мен жою талаптары.
Уландырғыш заттар- өте улы химиялық қоспалар. Химиялық оқ-дәріні жарақтандыруға қолданылады. УЗ зақымдайтын күші олардың соғысатын жай-күйімен айқындалады және тыныс алу органдары (ингаляция), асқазан-ішек жолы (пероральдік), тері жабыны (резорбтивтік) және оқ-дәрі жарақаттары (микстік зақымданулар) арқылы жүзеге асырылады.
Ф
Фунгидцидтер- ауылшаруашылық өсімдіктердің ауру қоздырғыш-тарын жоюға арналған химиялық дәрі-дәрмектер. Фунгицидтерді топыраққа араластырады, тұқымдарға құяды, өсімдіктерді тозаңдандырады және бүркеді.
Фосфор-ПЖ ІІІ периодта, Ү топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. Бейметалл. Макроэлементтер қатарына жатады.Фосфор нәруыздың, нуклеин қышқылдарының, нуклеотидтер мен басқа биологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді.
Х
Химиялық ластану-қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиет-терінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада.
Ш
Шыны-көптеген силикатты қосылыстардың SiO2 мен мөлдір аморфты қоспасы. Шыны алу үшін құм, сода, әктас қажет. Осы заттардың қоспасын арнаулы пештерде генератор газымен қыздырғанда алынады.
Химиялық құрамына байланысты шыныларды бірнеше түрге бөледі: терезе шынысы, кварц шыны, оптикалық, органикалық, сұйық , хрусталь т.б.
Ц
Цемент. Латынша «қиыршық тас» деген мағына береді. Цемент-бейорганикалық жабысқақ ұнтақ заттар түрінен сумен қосқанда қатайып,қатты формаға айналатын зат.Оны химиялық құрамы жағынан кальций силикаты мен алюминаты немесе құрамында SiO2 көп құмға әктас және шлакты қосып 1450°С қыздыру арқылы алады.
Э
Экологиялық тұрғыдан таза өндіріс – өзіне бекітілген экологиялық нормалар мен ережелердің барлығын іс жүзінде шынайы сақтайтын кәсіпорын, онда қоршаған ортаға әсерді реттеудің құралдары мен амалдары бар және қоршаған ортаға әсер етуді тиімді басқару жүзеге асырылады.
Экологиялық жағынан қолайсыз аудан – авариялар салдарынан, шаруашылық немесе адамның басқа да түрлі әрекеттері нәтижесінде қоршаған ортаның түрлі факторларының адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін елді мекен, өңір, аймақ; аталған жағдайлар табиғи тұрақтылықты бұзады, экологиялық табиғи жүйелер бұзылады, топырақ пен фауналарды нашарлатады.
Экологиялық авария- қолданыстағы технологиялық реттемелер мен ережелерде көзделмеген өндірістік немесе көлік авариясы, ол қоршаған ортаға айтарлықтай күшті әсер етеді.
  Экологиялық қауіпсіздік- антропогендік және табиғи әсер нәтижесінде туындайтын қауіптен, қоршаған табиғи ортаны, қоғамды, тұлғалардың өмірлік маңызды мүдделерін қорғайтын жағдай.
  Экологиялық апат- 1) табиғи ауытқу (ұзақ қуаңшылық, малдардың жаппай қырылуы және т.б.), зиянды экологиялық зардаптарға немесе тіпті белгілі өңірдегі адамдар өліміне әкелетін табиғи процестерге адамның шаруашылық қызметінің тікелей немесе жанама әсері нәтижесінде жиі туындайды; 2) табиғи ортада шұғыл қолайсыз өзгеріс тудыратын, әдетте тірі организмдердің жаппай өлуіне әкелетін, техникалық қондырғылардың (атом электр станциясы, танкер т.б.) аварияға ұшырауы
Экологиялық қауіп-қатер- антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде қоршаған ортаға, қоғамға, адамдардың өмірлік маңызды мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай.
  Экологиялық жүйе- бірыңғай күрделі табиғи кешен, онда зат пен қуаттың өзара алмасуына байланысты тірі организмдер мен өлі материя бірлікте тұрақты тұтастық қалыптастырады.
  Экологиялық қадағалау- ҚР экологиялық заңнамасы бұзылуының алдын алу мен оны болдырмауға бағытталған қоршаған ортаны қорғаудың өкілетті органдарының арнайы қызметі, аталған орган табиғи ортаның жағдайын қадағалауды, табиғи биоценоздар үшін қауіпті экологиялық жағдайын, адамдардың өмірі мен денсаулығындағы өзгерістерді болжауды жүзеге асырады.
Экология- организмдер жайлы және олардың өзара және қоршаған ортамен арасындағы түзілетін қауымдастық туралы ғылым.


Қолданылғын әдебиеттер:
1.Әділбекова Х. Танымдық есептер. «Химик анықтамалығы» Республика-лық ғылыми-танымдық педагогикалық журнал №6-2011, 27 бет
2.Бақытова В. Мамандыққа ғылымның әсері.«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №2-2008, 71 бет
3. Бекішев К. Аудандық білім жарысының тапсырмаларын орындау.«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №2-2008, 13 бет
4. Бейсенова Ә.С., Шілденбаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З.Экология.Алматы.,2001 жыл
5. Власова Т.И. Химия және қоршаған орта. Қолданбалы курс. Көкшетау «Келешек-2030» ЖШС, 2008, 70-73 бет
6.Иманғалиева Б. Өндірістік мазмұны бар есептері .«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №4-2008, 25 бет
7.Өтебекова Д. Минералды тыңайтқыштар тарауына байланысты есеп шығару.«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №6-2006, 60 бет
8.Қоржынбаева Қ., Қ.Бекішев. Оқулық есептері Алкиндер, көмірсутектердің галогентуындылары, табиғи және мұнайға серік газдар. «Химик анықтамалығы» Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журнал №-2021, 20 бет9.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
10.Қазақ Энциклопедиясы
11.Қожағулова Ж. Атмосфераның химиялық экологиясының аспектілері. «Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №6-2008, 4-5 бет
12.А.Қ.Құсайынов. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау. Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет
13.Новиков Ю.В.Охрана окружающей среды. 1987г.
14.Нұрахметов Н.,Г.Ысқақова.Химиялық-экологиялық білім берудің негізгі аспектілері.«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №1-2004, 26 бет
15.Сақариянова Қ., Шакирова А. Органикалық химияны оқыту барысында экологиялық мәселелерді қамту жолдары. .«Химия мектепте» ғылыми-педагогикалық журнал. №6-2004, 27 бет, №1-2005, 34 бет, №2-2005, 28 бет.
16.Темірболатова Ә. Химия. Тапсырмалар жинағы.11-сынып. Алматы. Мектеп. 2007 141 бет
17.Чернобельская Г.М. «Учебный научный комплекс в профессиональнометодической подготовке учителя химии»// «Химия в школе» №3 1991 год
18. Ғаламтор желісі
151447539370 «ШұғылаПринт» баспасы
Орал қаласы