Жалпы химия негіздері ?олданбалы курс ба?дарламасы
Атырау облысы
Индер ауданы
Жарсуат ауылы
Махамбет атындағы орта мектеп
Жалпы химия негіздері
(11 бағдарлы сыныпқа арналған қолданбалы курс жоба бағдарламасы)
Дайындаған: Шалекенова З
химия пәні мұғалімі
2015 ж
Жалпы химия негіздері
Бағдарлы сыныптарға арналған қолданбалы курс бағдарламасы.
Түсінік хат
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып қалыптасу процесі жүріп жатыр. Білім беруді дамыту оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен шектелмейді, сонымен қатар олардың мәдениетін, қабілетін, шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін максимальды дамытуды, бала денсаулығын сақтап, нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Педагогикалық процестің маңызды құрам бөлігі – мұғалім мен оқушы арасындағы жеке адамға бағытталған өзара қарым-қатынас. Бұл ретте оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, бейіндік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттік мәнділігін арттыру, білімнің практикалық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады.
«Жалпы химия негіздері» курсы бейорганикалық және органикалық химия курстарында алған химия ғылымының заңдары мен теорияларына , химиялық процестер мен өндірістерге жүйеленген, қорытындыланған және тереңдетілген түрде жалпы шолу береді.Бүкіл материалды жоғары деңгейде қарастырып, жүйеге келтірілген көрнекі сызбанұсқалар мен кестелер құрастырылады және пайдалануға беріледі.Бұрын оқылған материалдарға салыстырмалы талдау жүргізу және олар жайындағы қорытынды мағлұматтар алуда көмек береді.
Курстың мақсаты мен міндеттері
Қолданбалы курстың мақсаты – жоғары сынып оқушыларының химиядан алған білімдерін кеңейту және тереңдету, оқу материалын жоғары деңгейде қарастырып, жүйеге келтіру.
оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;
білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйрету, химиялық ұғымдарды заңдылықтарды пайдалана білу;
оқушылардың үздіксіз білім алуға үйрету;
өздіктерімен қорытындылап, жүйеге келтіре білуге көмек беру;
алған білімді өздігінен талдап , баға бере білуге тәрбиелеу
оқушылардың мамандық таңдауына ықпал ету.
Курсты өткізу әдістемесі
Курсты оқыту формасы дәріс-семинар жүйесі түрінде жүргізіледі. Оқыудың дәріс – семинар жүйесі оқу процесінде дәстүрлі емес оқыту формаларын кеңірек қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларының оқу процесіне саналы түрде белсенділікпен қатысуына, олардың өз іс-әрекеттерін өздері жоспарлауына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде жоғары сынып оқушыларының өзіне қажетті мәліметтерді іздестіру және жинастыру, қажеттісін алып өңдеу, оны пайдалану (ақпараттық) , жазбаша қарым-қатынас , елдің алдында сөйлей алу, топпен жұмыс жасау , т,б, іс-әрекеттерді (коммуникативтік) , іс-әрекетті жоспарлау, талдау жасау, бағалау (шешім қабылдай алу), түзету, оқу мақсаттарын айқындау, оқу тапсырмаларын қоя білу, зерттеу жүргізе алу біліктіліктері қалыптасады.
Әдістеме жаңа білім технологияларын кеңінен қолдануды қарастырады (проблемалық оқыту,дамыта оқыту,интерактвті әдіс,жобалау,сын тұрғысынан ойлау,біліктілікті зерттеу т.с.с.)
Негізгі идеялары: мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс істеуі, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар. Оқушылардың жеке тұлға ретінде алған біліміне баға бере білу және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес саналы білім алады;.
Пәнге қызығушылығы артады;
Болашақ мамандық таңдауына жол ашылады;
Түпкі нәтиже білім сапасын арттыру болып табылады;
Пәнаралық байланыс: биология , география, математика, физика, экология.
Бағдарланған мамандықтар:
Биолог, химик, агрохимик, эколог, гидрохимик, ауыл шаруашылығы маманы, медицина маманы, технолог зертханашы т.б.
Курсты ұйымдастыру формалары:
Лекция, семинар, практикалық, топтық, жұптық оқыту, деңгейлік тапсырмаларды орындау сияқты ойната оқыту әдістерін пайдалану.
Курсты оқытуды аяқтау формасы.
Зерттеу жұмысы
Рефераттар даярлау
Баяндама жазу
Жоба қорғау.
«Жалпы химия негіздері» қолданбалы курсының жоспары
І тарау . Атомдардың құрылыс теориясы негізінде химиялық элементтердің
Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы және периодтық жүйесі (6сағ)
ІІ тарау. Заттардың құрылысы (7сағат)
ІІІ тарау. Химиялық реакциялар (6 сағат)
ІV тарау. Бейметалдар (4 сағат)
V тарау. Металдар (11 сағат)
Оқу материалы тақырыптарын жоспарлау
(жалпы 34 сағат, аптасына 1сағат)
№ Тараулар.Тақырыптар Сағат саны Күні
І тарау. Атомдардың құрылыс теориясы негізінде химиялық элементтердің
Д.И.Менделеев жасаған пеиодтық заңы және периодтық жүйесі (6сағ)
1/1 Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы. Атомдағы электрондар күйі. 1 2/2 s-, p-, d- электрондар және олардың энергетикалық деңгей және деңгейшелер бойынша таралып орналасуы 1 3/3 Сутегі,лантаноидтар,актиноидтар және жасанды алынатын элементтердің периодтық жүйедегі орны 1 4/4 Валенттілік.Атомдардың валенттілік мүмкіндігі 1 5/5 Ғылым дамуындағы периодтық заңның маңызы 1 6/6 Жаттығулар және есептер шығару 1 ІІ тарау. Заттардың құрылысы (7сағат)
7/1 Химиялық байланыстың негізгі түрлері 1 8/2 Химиялық байланыс жөніндегі жалпы мәлімет 1 9/3 Кристалл торының түрлері және заттардың қасиеттері.Тұрақты және ауыспалы құрамы бар заттар. 1 10/4 Комплекс қосылыстар 1 11/5 Дисперсті жүйелер 1 12/6 Сарамандық жұмыс 1 13/7 Жаттығулар және есептер шығару 1 ІІІ тарау. Химиялық реакциялар (6 сағат)
14/1 Зат массасының сақталу заңы 1 15/2 Химиялық реакцияларды жіктеу 1 16/3 Химиялық реакциялардың жылдамдығы.Катализ. 1 17/4 Қайтымды химиялық реакциялар.Тұздар гидролизі 1 18/5 Химиялық тепе- теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы жөніндегі ұғым 1 19/6 Жаттығулар және есептер шығару 1 ІV тарау. Бейметалдар (4 сағат)
20/1 Бейметалдарға жалпы сипаттама 1 21/2 Бейметалдардың сутекті қосылыстары 1 22/3 Бейметалдар оксидтері және оттекті қышқылдар 1 23/4 Жаттығулар және есептер шығару 1 V тарау. Металдар (11сағат)
24/1 Металдарды алудың жалпы әдістері 1 25/2 Негізгі топшадағы металдардың қасиеттеріне шолу. 1 26/3 Қосымша топшалардағы металдарға жалпы шолу 1 27/4 Мыс 1 28/5 Мырыш 1 29/6 Титан 1 30/7 Хром 1 31/8 Темір , металдар құймалары 1 32/9 Металл оксидтері және гидроксидтері 1 33/10 Жаттығулар және есептер шығару 1 34/11 Қорытындылау 1 Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін:
Хомченко Г.П. Химия
Бірімжанов Б.А. Жалпы химия
Фельдман Ф.Г. ; Рудзитис Г.Е.
Жалпы химия негіздері
Химия мектепте Ғылыми –педагогикалық журнал
Глинка Общая химия
Қ.Бекішев .Химия есептері
Химия анықтамалығы
Тест кітаптары
Оқушылар үшін:
Химия 8-11 сынып
Жұмыс дәптері 8-11 сынып
Элементтер химия көзі А.Мырзабаев
Оқушы анықтамасы 8-11 сыныптар
Олимпиада есептерін шығару Қ.Бекішев
Химия есептерін шығару 8-11сынып Ф.Темірболатова.
Тест кітаптары