«Бояулар ?лемінде» Бейнелеу ?нері п?нінен элективті курсты? ба?дарламасы 2-4 сыныптар.


«Бояулар әлемінде»
Бейнелеу өнері пәнінен элективті курсының бағдарламасы
2-4 сыныптар
Құрастырған бейнелеу өнері және сызу
пәнінің мұғалімі Аманбаева Ж.О.
І санат
Қазіргі кезде мектептердің 12 жылдық білім беруге ауысуына байланысты, мұғалімдерді жаңа формация талабына сай дайындалып жатқаны барлығына мәлім. Осыған орай балаларды тәрбиелеуде дәстүрлі сабақтардан бас тартып, жаңаша әдіс-тәсілдермен тәрбиелеуді көздеудеміз. «Егерде елімізде бейнелеу өнері пәніне басқа пәндердге қарағанда көбірек көңіл бөлінсе, болашақта еліміз ең мәдени дамыған ел болар еді!» деп Жапон ойшылдары айтқандай, болашақта еліміздің мәдени дамуы үшін өнерге көбірек көңіл бөлген жөн дегенмен келісемін. Бағдарламаларда берілген бір сағат бейнелеу өнерінің барлық кереметтерін танып білу үшін жеткіліксіз. Сондықтан қосымша бейнелеу өнері пәні сабақтарының еңгізілуі қажет болып отыр. «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың білімдерін белсенді іске асыруларына бағытталады. Сонымен қатар бағдарламамен жұмыс жасау оқушылардың бейнелеу өнері туралы толыққанды білімдерін қалыптастырады. Пәнді тереңірек оқып білуге мүмкіндік береді.
Оқу жәрдем:
Бағдарлама: Бағдарлама 2012 жылдын 23 тамызындағы №1080 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес дайындалған бағдарламаға негізделгенн.
Оқулық: 1-4 сынып оқулықтары К. Жеделов, С.Шапкина, Н.Королькова 2013. Алматыкітап.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған «Бейнелеу өнері» оқулығы 6 сынып, Әлмұхамбетов Б.А., Айдарова З.Ш, Дирксен Л. Г. Алматы «Атамұра» 2001,
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған «Бейнелеу өнері» оқулығы Қ. Болатбаев, Ұ. Ибрагимов, Алматы «Атамұра» 2001
Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.
Әдістемелік құрал: Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту». 2011 жыл №3 13-бет. «2010-2011 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін орта мектептің «Сырлы бояу» оқушы-компонентіне аптасына бөлінген сағаттар».
Курс міндеттері (мақсаттары)
2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталалы.
3. Оқыту мақсаттары:
1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу
2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту
3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу
4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту
5) қолдарының моторикасын, икемділігін дамыту.
4. Оқыту міндеттері:
1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту
2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру
3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету
4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру
5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру)
6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.)
7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету
8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.
9) өнердің бейнелеу құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы өмір швындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
10) Өмір шындығы көріністерін, таиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту;
5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
1) көркемдік іс-әрекет түрлері
2) көркемдік сауат негіздері
3) қоршаған әлемді тану
4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.
6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады
екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді
үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды
төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады: «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиет», «Музыка», «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Өзін-өзі тану», «Математика», «Еңбекке баулу», «Дене шынықтыру».
Оқу материалы 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып 5 сынып Жалпы
Өнер туындыларын қабылдау 1 1 1 1 1 5
Кескіндеме 6 6 6 4 4 26
Графика 2 2 2 4 2 12
Мүсін 2 2 2 2 2 10
Қолданбалы сәндік өнері 2 2 2 2 2 10
Сәулет өнері 2 2 2 2 2 10
Композиция 2 2 2 2 4 12
Барлығы (жыл бойы) 17 17 17 17 17 85
Элективті курстың бағдарламасы.
Сынып: 1
Құрастырған: Аманбаева Жулдыз Отелбаевна
ІІ жартыжылдыққа бөлінген сағат саны: 17
І аптаға бөлінген сағат саны: 1
№ Негізгі тақырыптар Сағат саны Түрі
1 Бейнелеу өнерінің негізгі және құрама түстерінің, жылы және суық реңктердің үйлесімділігіне көрсетуге арналған композициялық жаттығулар жасау 1 Әңгіме
Пішім мен көлем туралы не білеміз 2 Графика
Бұлтты күн1 Кескіндеме
Гризайль – бір түспен жұмыс. Натюрморт 1 Кескіндеме
Сәндік қолданбалы өнер2 ҚСӨ
Менің үйім. Сәулет өнері 2 Сәулет өнері
Жануарларды мүсіндейік 2 Мүсін
Өрнекті танып білейік 1 Композиция
Жылы түстер арқылы орындалатын натюрморт 1 Кескіндеме
Анималистік жанр – хайуанаттар әлемін бейнелеу1 Кескіндеме
Әуе және сызықтық преспективасы1 Композиция
Кескіндемеші Ә.Қастеевтің көркем шығармаларын көріп қабылдау 1 Кескіндеме
Табиғат аясында бейнелеу. Пленэр 1 Кескіндеме
Сынып: 2
Құрастырған: Аманбаева Жулдыз Отелбаевна
ІІ жартыжылдыққа бөлінген сағат саны: 17
І аптаға бөлінген сағат саны: 1
№ Негізгі тақырыптар Сағат саны Уақыты
1 Бейнелеу өнерінің түрлері: сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері туралы түсінік 1 Әңгіме
2 Сиқырлы сырмақ 1 Кескіндеме
3 Хайуанаттарды мүсіндейік 1 Мүсін
4 Ертегідегі жануарлар суретін саламыз 1 Графика
5 Қар қиыршықтары. 1 ҚСӨ
6 Перспектива туралы не білеміз 1 Графика
7 «Сиқырлы орман» коллажы 1 Композиция
8 Біздің көше 1 Сәулет өнері
9 Натюрмортты мүсіндейміз. Бедер 1 Мүсін
10 Портрет саламыз 1 Кескіндеме
11 Астана 1 Сәулет өнері
12 Ыдыс-аяқтарды безендіреміз 1 ҚСӨ
13 Алғашқы гүлдерді саламыз 1 Кескіндеме
14 Күннің батуы 1 Кескіндеме
15 Монотипия 1 Кескіндеме
16 Көктемгі табиғат 1 Кескіндеме
17 Пленэр 1 Композиция
Сынып: 3
Құрастырған: Аманбаева Жулдыз Отелбаевна
ІІ жартыжылдыққа бөлінген сағат саны: 17
І аптаға бөлінген сағат саны: 1
№ Негізгі тақырыптар Сағат саны Уақыты
1 Бейнелеу өнерінің жанрлары: натюрморт, портрет, пейзаж, анималисттік жанр 1 Әңгіме
2 Түстік шеңбер, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), реңк, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі 1 Кескіндеме
3 Геометриялық денелерден құралған қарапайым натюрморт 1 Графика
4 Менің қалам 1 Сәулет өнері
5 Теңіз жағалауы 1 Кескіндеме
6 Ағаштар 1 Кескіндеме
7 Мүсін түрлері, геометриялық денелер, ермексаз, бедер. 1 Мүсін
8 Сүйікті ертегі 1 Кескіндеме
9 Ою-өрнектерді салайық 1 Композиция
10 Астана құрылыстары 1 Сәулет
11 Қазақ халқының қолданбалы өнері, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері 1 ҚСӨ
12 Қағаз пластикасы, оригами 1 ҚСӨ
13 Ою-өрнектерден композиция құрастырайық 1 Композиция
14 Құстард біздің досымыз 1 Мүсін
15 Граттаж жасап үйренейік 1 Графика
16 Монотипиямен жумыс жасайық 1 Кескіндеме
17 Пленэр 1 Кескіндеме
Сынып: 4
Құрастырған: Аманбаева Жулдыз Отелбаевна
ІІ жартыжылдыққа бөлінген сағат саны: 17
І аптаға бөлінген сағат саны: 1
№ Негізгі тақырыптар Сағат саны Уақыты
1 Бейнелеу өнерінің жанрларын талдайық 1 Әңгіме
2 Киіз үй композициясы 1 ҚСӨ
3 Ою-өрнек. 1 Кескіндеме
4 Қаріп өнері 1 Графика
5 Қаріп өнері 1 Графика
6 Натюрморт салайық 1 Кескіндеме
7 Пейзаж салайық 1 ҚСӨ
8 Портрет салайық 1 Графика
9 Бедер жасап үйренейік 1 Мүсін
10 Сәндік натюрморт салайық 1 Кескіндеме
11 Жануарлардың нобайларын салу 1 Композиция
12 Менің сыныбым. Коллаж 1 Композиция
13 Граттаж жасайық 1 Графика
14 Сиқырлы орман 1 Мүсін
15 Сәулет суреттемелері 1 Сәулет өнері
16 Қала көрінісі 1 Сәулет өнері
17 Пленэр 1 Кескіндеме