Саба? жоспары Сауат ашу негіздері. Ж дыбысы ж?не ?ріпі


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Тәрбиеші:Галиева Э.М.Мерзімі:26.01.2016.Білім беру салалары: ҚатынасБөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздеріТақырыбы: Ж дыбысы және әріпіМақсаты:Ж дыбысымен танысу.Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен ажырата білуге,сөзге дыбыстық талдау жасауға,сөздерді буынға дұрыс бөлуге үйрету.Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.Сөздік жұмыс:жылқы,көжек,морж,жұлдыз,жапалақ Қолданылатын көрнекіліктер:суреттер,жазылған сөздер,текшелер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру,сезімді ояту.
1.Ұйымдастыру кезеңі.-Балалар,мен бүгін сабақты «Кім тапқыр?» ойынымен бастаймын.Мен дыбыстарды жеке-жеке атаймын,сендер дауысты ма, дауыссызба қолдарыңдағы текше мен көрсетіп отырасыңдар. Балалар «Кім тапқыр?» ойынын ойнау арқылы дыбыстарды ажыратады.
Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу
2.Жаңа сабақ.Ойын: «Ойлан тап»ойыны арқылы жұмбақ шешу.1.Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады.
2.Ішіне тамақ,салынған, Есігі тастай жабылған.3.Ағайынды бәрі. Шықса жасыл, Түссе сары. -Осы шешіп тапқан сөздер,қай
дыбыстан басталып айтылып тұр?Қане,қайталап айтып, байқап көрейікші.Ж дыбысы дауыссыз дыбыс екенін айту.4. Жұмбақ жасыру:Гүлдерге қонады,Шырынын сорады.Түр – түсі сары ала Бұл не? (Ара)Дұрыс, ара. Ара қандай дыбыс шығарады? Ара, ара, аралар,Орманның бәрін аралар.Гүлдерден сорып бал алар.(Тақтада гүлдердің суреттері)Ара қай гүлге қонады, сол гүлде араның тапсырмасы болады.Араның тапсырмалары:1. Әріптер арасына жасырынған - Ж - әрпін тауып сызыңдар. (сурет)2. Жолбарыс Жылан ЖапырақОсы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.3.Ойын: «Кім жылдам?»ойынынойнау арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату.Буынға бөлу. Суреттер:жылқы,жапалақ,жұл-дыз,көжек,морж.- Балалар, біз араның барлық тапсырмаларын орындадық.5.Сергіту сәті.Қарлығаш боп ұшамыз,Лақ болып қашамыз.Аю болып қорбаңдап,Орнымызды табамыз.6.Дәптермен жұмыс. Жж әріпін жазу. Ойын ойнау арқылы жұмбақты шешіп,бүгінгі өтетін әріппен танысады.Шешуі: (жұлдыз)
(Жұмыртқа)
(Жапырақ)
Ж дыбысынан басталып тұр.
(Ара)
- ж - ж - ж - ж - ж - ж
Әріптер арасынан Ж әрпін тауып сызады.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрайды.
Ойын ойнау арқылы суреттегі заттардың атын атап,буынға бөледі.
Қимыл-қозғалыспен жасайды.

Дәптерге Ж әріпін жазады.
Қорытындылау,бағалау.
7.Жаңа сабақты пысықтау.. - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?- Ж - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілген нәтиже.Білуі керек: Ж әріпін танып,сөздерді буынға бөле білуі керек.Түсінігі: Ойын ойнау арқылы Ж дыбысы туралы түсінік алу.Істей білуі керек:Ж әріпін жазып,сөздерге дыбыстық талдау жасап істей білуі керек.