3-сыныптар?а арнал?ан т?рбие са?аты: Тазалы?


Тақырыбы: Дені саудың-жаны сауМақсаты:Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Көрнекілік: Мақал – мәтелдер,суреттерСабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Кіріспе.Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Дені саудың – жаны сау» деп аталады. І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.» Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың -жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау. Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Аяжан:Тазалықты сүйеміз,Таза болып жүреміз.Біз баламыз шыныққан,Денсаулығы мықты жан.
Аружан:Тазаланып тұру керекЕрте мен кеш жас бала.Кір-кір болу елден ерек,Мүлдем ұят масқара!
Әрине, Денсаулық.Денсаулық- ол не? (Оқушылар жауап береді. )Денсаулық -адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.Денсаулық -дұрыс тамақтану.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.Денсаулық- таза ауада көбірек жүру.Денсаулық -тазалық сақтау.Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу. Көрініс.Қоян.Ой, тісім қақсап барадыЖанымды қоярға жер жоқМұғалім.Балалар, қараңыз мына бір сұмдықтыҚоянға не болған?Қоян жылама, жылама.Қасқыр.Не болды жасырма, айтшы өзіңНеліктен ісінген бас – көзіңҚоян.Енді не істеймінТісімнің ауырғаны қоймай тұр.Қасқыр.Онда дәрігер шақырайықДәрігер дәрімен емдейдіАуырса адамды, аңды да емдейдіКәдімгі мейірімді дәрігерШақырсақ қалай келмейді.Дәрігер.Кәне аузыңды аш көрейінКәмпит жесең көбірекТісің жүрер мазалапНе жесең де күнінеЕкі рет жу тазалапҚоянға ұқсап тістерің ауырмас үшінТістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.ІІ – бөлім. Денені шынықтыру
Мұғалім.- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек. Мұғалім. Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.
Тақтаға денсаулықтың достары және денсаулықтың қастары деген сөздер ілінеді.Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)Жұлдыз-Ай:Шығу үшін шымыр боп Шынығамыз шаршамайБұлшық еттер шымыр бопАламыз сосын тыныс жайНұржан:Жалқаулықты тастаймызЖаттығуды бастаймызҚиынсынып қашпаймызШынығамыз жастай бізМейіржан:Спортпен айналысСұлулық сыйлағанСол саған пайдалы ісСауық пен киноданСергіту сәті.Сағаттың тіліндейИіліп оңға бірСағаттыңтіліндейИіліп солға бірСағатқа қарап апЖаттығу оңай ақҚақпаға туралапТеп допты оң аяқТеп допты сол аяқЖаттығу, сол аяқЖаттыға оңай – ақАл балалар, бір ауықӘріп сырын ұғайықА дегенде отырыпБ дегенде тұрайықА - Б, А – Б, А – Б. Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайдыІІІ – бөлім. «Ас адамның арқауы»Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)Сұрақтар.1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)Ұлдана:Тойып ішсең қаншамаАуырасың соншамаАсқазанды бүлдірсеңЖазылмай күнде жүресің.Жанель:Денсаулықтың дауасыДаланың ауасы.Көк өзен, күмбез тау.Ну орман ағашы.
Мұғалім: Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Тазалық денсаулық кепіліШынықсаң - шымыр боласынАл енді балалар, жұмбақтар шешейік.1. Одан кір қорқадыСудан бұл қорқады. (сабын)2. Дәміде жоқ, түсіде жоқПайдаланбас кісі жоқ. (су)3. Жуынып болғандаЖүреді қолында. (орамал)4. Түйістіреді көзіңді көзіңеЖолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)5. Қалтамда жатырТістері бар батыр. (тарақ)Бәтеңкесін, полтосынӨзі кие білмейдіБұл баланы кім дейді? (жалқау)6.Көзінен жас кетпейдіБалалардан шетпейдіБұл баланы кім дейді? (жылауық)7.Шықпай жатып көшегеҮсті басы кірлейдіБұл баланы кім дейді? (салақ)Қорытынды1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)2. Адам не үшін жуынады?3. Тазалықтың достары мен қастарын ата? Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.