Т?рбие са?аты Та?ырыбы: Ер есімі — ел есінде (7 сынып)


Ер есімі – ел есіндеСабақтың мақсаты:1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.Көрініс «Бейбіт өмір».(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.Радиодан дауыс естіледі.)Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.1 - келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?2 - келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?Жылап - сықтау басталады.1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!1 - азамат: Ат басына күн туса,Ауыздықпен су ішер.Ер басына күн туса,Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!Барлығы: Отан үшін аттанайық.Ұлы Отан соғыс туралы кино көрсетіледі.Сахнаға екі жүргізуші шығады:1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты. Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.2 - жүргізуші: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.1 - оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,Болса дағы ғасырдың, қай жылы.Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.2 - оқушы: Аңыздардан тере жүріп мақсатыРас, рас көзімізден жасақты,Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдарБәрімізден бір - бір батыр жасапты.1 - жүргізуші: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.3 - оқушы: Бауыржан Момышұлы 1910 - жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Көлбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес жазушысы 1942 - жылдан бері КПСС мүшесі. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.Бауыржан Момышұлы - қара басы,Халқымыздың болған адам садағасы.Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,Ғаламат ұлы сөздің баламасы.Халқындай ол да бағлан, ол да батырХалқындай ол да кеніш, ол да тақыл.Қайыспас қара емендей қайран ерді,Халқына теңеу мәні сонда жатыр.
Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:
4 - оқушы:
«Майданға хат» (үзінді):
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.
Суретіңе қарасам,
Емшегім иіп, сүт тамад.
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман-сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ-қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.
Қайырмайды тілімді,
Жібектей майда жамылған.
Көңілімде алаң жоқ,
Жаны сүйген жарынан.
Уһілеп кейде демалып,
Шығады түтін жалыннан.
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!
5 - оқушы:
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
6 - оқушы: Даламыздың даңқысың,Балауса гүл Әлия!Шоқ жұлдыздай жарқырап,Ағып түскен Әлия!Мәңгі жасап жерде енді,Биіксің сен Әлия!Саған деген еліңнің,Көңілі шексіз дария.
2 – жүргізуші: Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні қорымен орындалады:
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,Оқ даусы мәңгілік жойылсын.Бомбаның орнын тегістеген,Күректер музейге қойылсын.
Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.Көтеріп жаңғырық!Данасын дала, баласын ана,Жоқтамасын мәңгілік!
Көктесін жас ағаш одан әрі,Өткен күн қайтадан жанбайды.Сұлудың кестелі орамалы,Сүртсін, тек тершіген маңдайды.
Қайырмасы:
Қайғыны білмесін ана жаны,Қазіргі адамда арман сол.Әлемнің бар сәби балалары,Оянсын ұйқысы қанған соң.
Қайырмасы.
7-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
8-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.
Рақымжан Қошқарбаев туралы бейнематериал көрсетіледі:
9 - оқушы:
Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
10 - оқушы: Қыр қызы орындады берген антын,Халқына адал болу ердің салты.Ел үшін қасық қанын аямаған,Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпекЖеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысында біздің де жерлестеріміз қатысты. Олар: Мәлік Ғабдуллин, Баян Жангалов, Шестаков Александр Иванович және т. б Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Ғабдуллин Мәлік Ғабдоллаұлы 1915 жылы қарашаның 15 - жұлдызында Көкшетау облысы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді.Алтын бесік Отанын кеудесімен қорғаған, ата мұрасын жадына тоқып ерен қызмет жасаған М. Ғабдуллиннің өнегелі туған халқына кеңінен мәлім.2 - жүргізуші: 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. М. Ғабдуллин майданда қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”, “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Москваны қорғағаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Венаны алғаны үшін” медальдарымен марапатталды. Неміс - фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен М. Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені қатар берілді. М. Ғабдуллин 1973 жылдың 2 қаңтарында қайтыс болды. М. Ғабдуллин атына Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көшелердің аты берілді. Өзі тұрған және жұмыс істеген үйлерге мемориалдық тақталар қойылды. Көкшетау қаласында мұражай ашылды.1 - жүргізуші: Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 - мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.2 - жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс күні.1 - жүргізуші: Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеді. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.1 - оқушы: 71 - жыл бейбіт көктем таң атқалы,71 - жыл шуақты күн таратты әнін.Есімде содан бері 71 ретАшылды Жеңіс күннің парақтары.2 - оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды,Талай бақ әлеміне қайта оранды.Соғыста өлгендер тек оралмайды,Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.3 - оқушы: 71 жыл - үзілмеді құстар әніКетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі71 жыл - жауымыздың ажал оғыБіздің ел үстіменен ұшпағалы.Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.