Соревнование на тему Шыны?са?,шымыр боласы? (8 класс)


«Шынықсаң,шымыр боласың!»
Сабақтың тақырыбы:Салауатты өмір салтын қалыптастыру,бүлдіршіндердің денсаулығын дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың,дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып,топтық сайысқа,төзімділікке,күштіліке,жылдамдыққа баулы.
Көрнекілігі: үлкен,кіші доптар,әр түстегі шарлар,сықырғыш,велосипед,гимнастикалық орындықтар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті қонақтар, бүгінгі «Гүлдәурен» тобының қатысуымен өткізілгелі отырған «Шынықсаң, шымыр боласың» атты эстафеталық ойынға қош келдіңіздер!
Шынықсаң,шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боларсың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға.
Болмасаңда,ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Сайысқа қатысуға ортаға :
«Жасұлан», «Жасқыран»топтарын шақырамыз.
Құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Ойыннын шартымен таныс болайық:
I кезең. «кедергілер арасынан өту».
Шарты: Бірінші ойыншы велосипедпен белгіленген жерден айналып,екінші ойыншыға әкеліп береді.
II кезең. «мықты тақым»
Шарты: Ойыншы допты аяқтың арасына қысып,кедергілер арасынан өтіп келеді.
III кезең. «Жорға».
Шарты:Үлкен хоп резеңке доптың үстіне отырып белгіленген жерге секіріп келу.
IV кезең. «Шығыршықтан өт».
Шарты: Гимнастикалыө орындық үстімен сырғып өтіп,жердегі шеңбрді үстінен кигізіп жерге қою, қайтара тура жүгіріп бару.
V кезең. «допты бастан асыра беру және аяқ арасынан өткізу».
Шарты: бірінші ойыншы допты басынан береді,соңғы ойыншыға жеткенде кері аяқ астынан жібереді.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділқазылар алқасына сөз берейік.Балаларды бағалап,жеңімпаздарды дипломмен марапаттайды.

2017 жыл,Орал