Шыны?са? — шымыр боласы? сайысы


Спорттық ойын-сауық.
Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың » Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу. Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан. Барысы: Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде) Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. 1 ________________________
2________________________
3________________________
Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер» Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – «Таныстыру» 2 бөлім – «Жарыс түрлері» 3 бөлім – «Қимылды ойын» «Мергендер» Мерген, мерген, мергенбіз, Бәрін көздеп жеңгенбіз. «Жүйріктер» Топты бастап жүретін, Жүйріктерміз біз алды. Жеңісті қолдан бермейтін Жүйріктерміз біз мықты.
Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз» Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады. 2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру» 3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы» Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады. 4 ойын: «Орамал тастамақ» 5.«Жүйрік ат» Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді. 6.«Сиқырлы доптар» Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау. Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз Барлығымыз көңілді қайтамыз Балаларды шынықтырған, жаттықтырған Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!