Поурочный план по самопознанию на тему Дос болайы?, б?ріміз (3 класс)


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі.
Күні:22.12.2016№: 15
Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: қамқорлық, достық, татулық
Мұғалім: Ерзакова Акмарал Беляловна Сыныбы: 3Оқушылар саны: 7
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дос болу, достық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға қамқорлық туралы түсінік беру;
2. Достыққа баулу; 3. Татулыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.
5Т ережесін еске түсіру. Тыныштық сәті "Нұрға бөлену". (Хрустальная грусть мелодиясы). Сабақ барысын талқылау:
2. Үй тапсырмасын тексеру. 70-беттегі, №15 сабақтың Ө.Тұрманжановтың "Күштісің енді сен", - деді" өлеңін оқып келуді тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
1. "Бірлесе көтерген жүк жеңіл" деген мақалды қалай түсінесіңдер?
2. Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар? 3. Жағымды ой-пікір (Дәйексөз).
"Татулық - достық кепілі." Халық мақалы
Дәйексөздің мәнін ашу, топпен айту, дәптерге жазу. 4. Оқиға айту (әңгіме).
Адал дос
Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатады. Оның біреуі - Абзал, екіншісі - Аслан. Асланның денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. Аслан:
- Абзал, қаш, әне ит келіп қалды, - деп қатты қорқып, айғайлап жіберді. Абзал жерден бір шыбықты алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абзалдың шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абзалды құтқарып алды. Аслан Абзалдың жанына келіп;
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кеткенімізде, шалбарыңды ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр.
- Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. сені иттен қорғайып деп, әдейі қалып қойдым,- деді Абзал.
- Достар деген осындай болар, - деді олардыі сөзін естіген үлкендер сүйсініп.
Сұрақтар:
1. Абзалдың әрекеті дұрыс па? Неліктен?
2. Досыңа жақсылық жасау дегенде қалай түсінесіңдер?
3. Осындай жағдайда сен қалай әрекет етер едің? Әңгімелеп бер. Өзін-өзі тану.kz.
№7 (79) шілде
2016.
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
Оқушыларды екі топқа бөлу.
1-тапсырма. Жағдаяттарды шешу.
2-тапсырма. Мақалды аяқтау. Мағынасын түсіндіру.
І топ.
1-тапсырма. Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды.
Сұрақ: Санжар мен Айдостың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2-тапсырма. Досы көпті ........ алмайды.
Ақылы көпті ....... алмайды.
ІІ топ.
1-тапсырма. Демалыс күндері достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.
- Сен нег дастарқан басына жақындамай тұрсың? - деді Қайрат.
- Дайындап қойған тамағымды ұмытып кетіппін.
- Қиын болған екен, - деді Досан, нанын аузына қомағайлана тығып жатты.
- Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.
Сұрақ: Досан мен Қайраттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
2-тапсырма. Аққуды атпа, ..................................... 6. Топпен ән айту.
«Дос болайық бәріміз» әні
Сөзі: С. Талғаров
Әні: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа
Жұлдыздарға, ғарышқа
Бойда күш тасыған 7. Үй тапсырмасы. 72-беттегі, №16 сабақтың Е.Козлованың "Сазды хикая"ертегісін оқып келу. 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған білімдерінді, қамқорлық, достық, татулық қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар! Келісілді: ОІМ: Сартулеева А.А
І топ.
1-тапсырма. Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды.
Сұрақ: Санжар мен Айдостың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2-тапсырма. Досы көпті ........ алмайды.
Ақылы көпті ....... алмайды.
ІІ топ.
1-тапсырма. Демалыс күндері достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.
- Сен нег дастарқан басына жақындамай тұрсың? - деді Қайрат.
- Дайындап қойған тамағымды ұмытып кетіппін.
- Қиын болған екен, - деді Досан, нанын аузына қомағайлана тығып жатты.
- Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.
Сұрақ: Досан мен Қайраттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
2-тапсырма. Аққуды атпа, .....................................