Блум таксономиясы бойынша саба? жоспары. Та?ырыбы: М?дени ж?не жабайы, біржылды? ж?не к?пжылды?, д?рілік ж?не ?семдік ?сімдіктер 6 сынып


07.09.2016 Биология 6
Сабақтың тақырыбы І бөлім. Өсімдіктер дүниесіне жалпы сипаттама.
§ 2.Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты,міндеті Мәдени және жабайы өсімдіктердің құрылысымен танысу,өсімдік формаларын зертей білуге үйрету.Оқушыларға өсімдіктер жөнінде ұғым бере отырып, ой - өрісін, іздену қабілетін дамыту. Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі 
Сілтеме Биология оқулығы 6 сынып, слайд
Негізгі идеясы Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктермен танысу.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.
Ресурстар Интерактивті тақтамен жұмыс, сызба-кестелер, суреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(1-4 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Оқушыларды психологиялық дайындау.
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу: Оқушыларды 1-3 дейін санау арқылы 3 топқа бөледі Топтарға бөлінеді
Білу Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. Сәйкесін тап кестесі арқылы үй тапсырмасын еске түсіру.
1.Биология А) Табиғатта өздігінен өсетін өсімдіктер
2. Ботаника Ә) Құрылысы, қоректенуі және тіршіліктері ұқсас тірі ағзалардың өте үлкен тобы
3. Мәдени өсімдіктер Б) Тірі табиғаттағы өзгерістердің жиынтығын зерттейді
4. Жабайы өсімдіктер В) Өсімдіктер туралы ғылымдардың жиынтығы, биологияның бір саласы.
5) Тірі табиғат дүниелері Г) Адамдардың өз қажеттіліктері үшін қолмен өсірілетін өсімдіктер
Жауабы: 1- Б 2-В 3-Г 4-А 5-Ә Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.
I-топ. Өсімдіктер дүниесінің саналуандығы
II-топ. Өсімдіктердің тіршілік формалары
III-топ. Өсімдіктердің маңызы
Топтар талдап түсіндіреді
Қолдану Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді
Миға шабуыл
1. Мәдени өсімдіктерге нелер жатады?
2. Бидай неге «негізгі азық түлік өнімі» деп аталады?
3. Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер олардың пайдасы қандай?
Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
Талдау Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра.
Шаға...........................................( Ағаш)
Табұ..............................................(Бұта)
Шекшебәй..........................(Бәйшешек)Даққызғал...........................(Қызғалдақ)Қаб қаб ....................................(Бақ бақ)Шықбұта................................(Бұташық)
Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді? Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.