Блум таксономиясы бойынша саба? жоспары. Та?ырыбы: Жасушаларды? тіршілік ?рекеті 6 сынып


23.09.2016 Биология 6 «а», «б»
Сабақтың тақырыбы § 7. Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі.
№4 зертханалық жұмыс.
Элодея жапырағын, жапырақ өңін мысалға алып өсімдік жасушасының құрылысын зерттеп білу.
Сабақтың мақсаты,міндеті Жасуша құрылысы мен қызметі туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқыту нәтижелері Шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
Қоғам мен биология ғылымының дамуында ғылыми жаңалықтардың маңызы арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу;
Сілтеме Биология оқулығы 6 сынып, слайд
Негізгі идеясы Жасушаның маңызын біледі.Тіршілік ұғымын толығырақ түсінеді.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Жеке, топпен жұмыс, оқу мен оқудағы жаңа тәсілдер диалог
СТО, бағалау, дарынды баламен жұмыс
Ресурстар Интерактивті тақтамен жұмыс, сызба-кестелер, суреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(шартты белгілерді таңдау арқылы), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу: 1-3 ке дейін санау арқылы топқа бөлу Оқушылар шартты белгілерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді
Білу Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы, кесте толтырту арқылы сұрау
1. Жасуша дегеніміз не?
1. Цитоплазманың қасиеті және оны неге тірі зат дейді?
Вакуоль қандай қызмет атқарады?
2. Жасушаның құрылысы (бөліктері) Атқаратын қызметі
1. Жасушада жүретін барлық тіршілік әрекеттеріне қатысады
2. Жасушаны қоректендіреді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді.
3. Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске бояйды
4. Көбеюге қатысады
5. Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды
Жауаптары: 1-цитоплазма,2-вакуоль,
3-пластид, 4- ядро, 5-жасуша қабықшасы
3. Төмендегі берілген жасуша құрылысының органоидтарының аттарын жаз
Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы
мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну Жаңа сабақ түсіндіру.
Әр топқа тапсырма.
1. Жасушаның қоректенуі
2. Өсімдіктердің тыныс алуы
3. Жасушалардың бөлінуі мен өсуі
Топтар талдап түсіндіреді. Постер қорғайды
Қолдану Биологиялық диктант.
1. Жасушадағы зат алмасу процесстері ......... арқылы жүзеге асатындықтан ұдайы қозғалыста болады. (цитоплазма)
2. Қоректік заттарды өсімдік ерітінді күйінде ........ арқылы сорады. (тамыры)
3. Өсімдіктер тыныс алу кезінде ....... бойына сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. (оттегін)
4. Әрбір тірі жасуша тыныс алады, ......... , өседі, көбейеді. (қоректенеді)
Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады
Талдау Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді
Салыстырады, сараптайды
Жинақтау Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?
Тақырыптағы тірек сөздерді дәптерлеріңе мағынасын ашып, жазып алыңдар. (оқушылар осы терминдерге толық анықтама береді)
Цитоплазма- қоймалжын сұйықтық
Вакуоль- шырынға толы қуыс
Пластидтер- түс береді (жасыл, қызыл, қоңыр, сары және т.б.)
Ядро- көбеюге қатысады
Целлюлоза- өсімдікке беріктік қасиет береді
Хлорофилл- жасыл түсті пигмент
Жасуша қабықшасы- қорғаныш, зат алмасу
Саңылау- су, ауа, газ өтеді
Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.
Критерийлер бойынша бағалайды Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.
Нені үйрендің?
Не қиын болды?
Енді нені үйренгің келеді?
Үйге: § 7. Жасушалардың тіршілік әрекеттері оқып келуСабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.




\