Баяндама Н?тижеге ба?ыттал?ан о?у ?рекеті – жа?а форматта о?ыту ??ндылы?ы, жа?ашыл к?з?арас
Нәтижеге бағытталған оқу әрекеті – жаңа форматта оқыту құндылығы, жаңашыл көзқарас
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғары деңгейде сапалы білім беру мәселесі – ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын – мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл туралы Елбасымыз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік деңгейіне көтерілуі тиіс» - деп сеніммен атап өтті.
Қарқынды өзгеріп жатқан саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екінші – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
Білім беру саласында қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Конфуций: «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал өзім істесем үйреніп аламын» дегендей оқушының жаңа тақырыпты өз бетімен игеруге мүмкіндік туғызуға мен өзімді ұшталған қарындаш ретінде санаймын.Өйткені мен «білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз етуде» қазағымыздың көшбасшысы Д.Қонаевтың: «Өмірдің екі тірегі бар: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген құнды пікірі мұғалімдерге ХХІ ғасырда ұран боларлық қазына деп білемін.
Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің монологымен, рұқсатымен жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогымен, өзін- өзі немесе бірін- бірі бағалаумен, ойларын еркін жеткізумен жалғаспақ.Үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімсіз, ұялшақ оқушылар топта бірлесе оқу іс-әрекеті арқылы диалогқа түсіп өзгерді. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Біз қолданатын өзара байланысты жеті модуль аясында мен мыналарға қол жеткіздім:
жаңа әдіс-тәсілдер.;
оқушылар топтық жұмыстарға бейімделе бастады;
сабақтың мақсаты оқушыға бағытталған;
мұғалім мен оқушылар белсенді қарым-қатынаста болады;
оқушылар өз бетінше шешім қабылдай алады;
оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болады;
мұғалім бағыттайды, оқушы өздігінен білім игереді;
Мен өзімнің таңдаған мамандығыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Себебі, мен әр сабағымда оқушымен қарым-қатынасты, олармен сөйлесу мәнерін, сабақты ашып түсіндіруді, оқушы бойына қызығушылық туғызып, оқушының жан-жақты болуына үлкен көзқараспен, сенімділікпен қараймын. Сонымен қатар оқушылардың ойын жинақтай отырып, еркін, қысылмай сөйлеуіне жете көңіл бөлемін. «Баланы өте жақсы оқыту мұғалім үшін күнделікті қажеттілікке айналуы керек»,- деп білемін.
Саналы, бәсекеге қабілетті білім беруде табысты мұғалімге тән белгілер мұғалімнің үш көмекшісі, олар:
бас – кәсіби түсінік;
қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары:
жүрек – кәсіби-адамгершілік тұтастық.
Сонымен қатар, Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коучинг пен тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларын ұсынады.
Коучинг - тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл-әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі.
Тәлімгерлік - ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі
Әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыру мақсатында мұғалімдерге көмек ретінде бірнеше коучингтер өткіздім.
Деңгейлік бағдарламаның негізгі мазмұны өзара байланысты жеті жеке модульдерін қолданған жағдайда белсенді сынып қалыптасады да, мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап, өзін-өзі ынталандыра алатын және осыған орай, оқушыларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болуына септігін тигізеді.
Сөзімді «Біле бер қанша білсең тағы тіле, жетерсің мақсатыңа біле -біле» деген Жүсіп Баласағұнидың сөзімен қорытындылай келе, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті мектептің көрсеткіші – білім сапасы деп білемін.