Конспект по математике на тему Тікт?ртб?рыш, ромб, квадрат ж?не оларды? ?асиеттері мен белгілері (8 класс)


« Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылы
13.10.15 Геометрия
8-сынып Сабақтың
тақырыбы: Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері мен белгілері. Қайталау
Жалпы мақсаттары: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, шыңдай түсу. Оқушылардың бойынан сұрақтарға нақты жауап беруге, алған білімін практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға машықтандыру
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
«Геометрия» оқыту әдістемесі. /Ә.Н.Шыныбеков/
8-сыныпқа арналған «Геометрия» оқулығы
/ авторлары Ә.Н.Шыныбеков/
Оқу нәтижесі: Төртбұрыштар туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді.
Негізгі идеялар: Оқушылардың жас және психолого-физиологиялық ерекшеліктеріне сай білім беру.Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру.
Сабақта қолданылатын материалдар: 8-сыныптарға арналған төртбұрыштар жиынтығы.
Төртбұрыштар /плакат/
Проектор
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері
СТО, ОүБ, Блум таксономиясы
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс.
Сыныппен жұмыс.
Дерек көздері: Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар.
Тапсырмалар:
«Геометрия» оқулығы бойынша берілген 42-47 есептер
Логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, толықтыру тесті, сөзжұмбақ шешу.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Психологиялық ахуал /2 мин/
- Кәне, сабағымызды бір-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарынды ұстандар.
Қолдарыңды кеуделеріне қойындар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріндер: дүрс-дүрс. Жүректеріңнің орнына мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.
Блум таксономиясы бойынша:
Ойлау деңгейі Мұғалім тапсырмалары Оқушы іс-әрекеті
Білу
/7 мин/ 6196330249047000585470024022050090297056769000Әр түрлі геометриялық фигуралар бейнеленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлу
467995222250013652544450012560302667000( , , , )
2) Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды
Топ мүшелері тапсырманы қорғайды
Түсіну
/5 мин/ Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға толықтыру тесті беріледі
1) Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады.2) Параллелограмның қарама-қарсы…тең болады.3) Тік төртбұрыштың …тең.4) Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.5) Барлық қабырғалары тең…квадрат деп аталады.6) Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады. Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді.
Қолдану
/5 мин/ Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.
№1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см.
№2 Тіктөртбұрыштың қабырғалары 13 см, 18 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар. Жауабы: 62 см№3. Ромбының бір бұрышы 50 0 –қа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.Жауабы: 500, 1300, 1300 Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді
Сергіту сәті
/3 мин/ Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.
Үшбұрыштардан өз топтарына қатысты фигура шығарады. Барлық топ мүшелері бірігіп орындайды
Талдау
/5 мин/ №1. Квадраттың периметрі 3,2 см. Қабырғасын тап№2. Трапецияның орта сызығы 7 см. Табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табанын табыңдар.№3. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 15 м. Екінші қабырғасы 2,5 м қысқа. Қабырғаларын тап. Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді.
Жинақтау
/7 мин/ І топ. «Параллелограмм»Төртбұрыштар туралы өлең шығаруІІ топ. «Ромб»Төртбұрышты фигураларды пайдаланып сурет салу.ІІІ топ. «Трапеция»Сөзжұмбақ құрастыру.
IV топ «Квадрат»
«Сиқырлы шаршы» Квадраттың қабырғасы 12 см. Осы квадратты 3 см неше квадратқа бөлуге болады.
Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді.
Бағалау
/5 мин/ 1. + (иә) және – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек. Жиынтық бағалау. Топ басшылары өз топтарын үй тапсырмасы,тест, топтық, зерттеушілік жұмыстары бойынша өзі бағалайды.
Қасиеттері Қарама-қарсы бұрыштары тең Қарама-қарсы қабырғалары тең Қарама-қарсы қабырғалары паралель Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді Диагональдары тік бұрыш жасай қиылысады Барлық бұрыштары тік Диагональдары биссектриса болады Диагональдары тең Барлық қабырғалары тең Барлық бұрыштарының қосындысы 3600
Фигуралардың атауы Тіктөртбұрыштар Параллелограмм + + + +           +
Тіктөртбұрыш + + + +   +   +   +
Ромб + + + + +   +   + +
Квадрат + + + + + + + + + +
Бағалау парағы
Оқушының аты Үй тапсырмасы Тест тапсырмалары Есеп шығару Шығармашылық жұмыс Жалпы ұпай саны
Кері байланыс Не білдім? Нені білгім келеді? Не үйрендім? Сабақтан алған әсерлері бойынша тақтаға стикерлерді жабыстырды